Д. Т. Курманова, З. А
1849338815321 Курманова
оқушының бастапқы деңгейіне байланысты өзгеруі мүмкін) Сабақ құрылымы – сабақтың ретті кезеңдері, белгілі бір мазмұны, міндеттері, өткізілу орны мен уақыты, сол секілді осы міндеттерді жүзеге асыру тәсілдері бар, оның аяқталған бөлімдері. Сабақтың құрылымы қойылған мақсаттарға, оқылатын материал мазмұнына, сабақта қолданылатын оқытудың әдістері мен әдістемелік жолдарына, оқушылардың дайындық және даму деңгейіне, оқу процесіндегі сабақтың алатын орнына байланысты. Сабақтың негізгі құрылымдық элементтеріне (әсіресе, арнайы пәндер сабағының): ұйымдасыру бөлімі; педагогтың оқу материалын хабарлауы; оқушылардың жаңа білім мен іскерлікті өз бетінше меңгеруі; алғашқы бекіту және сабақ материалын ағымдық қайталау; бекіту, жүйелеу, оқылған бөлім материалы, оқу бағдарламасының тақырыбы бойынша білім мен іскерлікті қолдану мақсатында оқушылардың жаттығулары, өз бетінше жұмыстары; білім, іскерлік және дағдыны бақылау және бағалау; оқушыларға үй тапсырмасы жатады. Білім мен іскерлікті жетілдіру сабақтарының құрылымы: ұйымдасыру моменті; алда тұрған жұмыс мақсатын хабарлау; ұсынылған тапсырмаларды орындау үшін қажетті білім, іскерлік және дағдыны оқушылардың жаңғыртуы; оқушылардың түрлі тапсырмалар, есептер, жаттығулар орындауы; орындалған жұмыстарды тексеру; жіберілген қателіктерді талдау жән олардың корреляциясы; сабақ қорытындысын жасау; үйге тапсырма. Іскерлік пен дағды қалыптастыру сабағының құрылымы: ұйымдасыру моменті; сабақ мақсатын қою; тірек болатын қалыптасқан білім мен іскерлікті қайталау; тексеру жаттығуларын жүргізу; жаңа іскерліктермен танысу, типтік есептер орындалу алгоритмін көрсету; оларды игеруге жаттығулар; оларды бекіту жаттығулары; үлгі, алгоритм, нұсқама бойынша жаттығулар; ұқсас ситуацияға өту жаттығулары; шығармашылық сипаттағы жаттығулар; сабақ қорытындысы; үйге тапсырма. Білім, іскерлік пен дағды қолдану сабақтарының құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастаыру (оқушыларды психологиялық әзірлеу); сабақ тақырыбы мен міндеттерін хабарлау; іскерлік қалыптастыруға қажетті жаңа білімдірді оқу; алғашқы іскерлікті құру, бекіту және оларды ұқсастығына байланысты стандартты ситуацияларда қолдану; білім мен шеберлікті өзгерген ситуацияларда қолдану жаттығулары; білім мен іскерлікті шығармашылық тұрғыда қолдану; дағдыларды қалыптастыру бойынша жаттығулар; үй тапсырмасы; оқушылар атқарған жұмыстарын бағалай отырып, сабақ қорытындысын жасау. Білімді жалпылау және жүйелеу сабақтарының құрылымы: қайталау сабағы: сабақ басталуын ұйымдастыру; білім беру, тәрбиелік, дамыту міндеттерінің қойылуы; негізгі түсініктер, тұжырымдар, негіз қалаушы білім, іскерлік, іс-қимыл әдістерін қайталауға бағытталған үй тапсырмасының тексерілуі. Алдыңғы сабақта қайталау болатындығын ескере келе сәйкес үй тапсырмасын таңдау; қайталау қорытындысын шығару, сабақтағы оқу жұмысының нәтижелерін тексеру; үй тапсырмасы. Қайталаушы – жалпылаушы сабақ: ұйымдастыру кезеңі; оқылған тақырыптағы материалдың маңыздылығы атап көрсетілетін оқытушының кіріспе сөзі, сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау; жалпылаушы және жүйелеуші сипаттағы ауызша және жазбаша тапсырмаларды оқушылардың жеке және ұжыммен орындауы; орындалған жұмыстарды тексеру, қажет болған жағдайда түзету; оқылған материал бойынша қорытндылар жасау; сабақ нәтижесін бағалау;
үйге тапсырма. Біріктірілген сабақ: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын қою; оқушыларды жаңа материал қабылдауға әзірлеу; жаңа материалды оқу, түсіндіру; осы сабақта оқылған материалды және оған дейін өткен, осы тақырыппен байланысты материалдарды бекіту; білім мен іскерлікті жалпылау және жүйелеу, жаңа алынған материал мен оған дейін алынған, қалыптасқан білммен байланысы; сабақ қорытындысы мен нәтижесін шығару; үйге тапсырма; жаңа тақырыпты оқуға әзірлік. 5.4 Кәсіптік оқытудың типтік сабақтары Кәсіптік оқыту сабақтарын олардың типтік мазмұнына қарай топтау тиімді. Осылайша әрбір сабақтың жетекші дидактикалық мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Кәсіптік оқытудың типтік сабақтары: кіріспе; еңбек амалдары мен операцияларын оқу мен пысықтауға арналған; қарапайым кешенді жұмыстарды орындау бойынша; күрделі кешенді жұмыстарды орындау бойынша; бақылау - тексеру. Кәсіптік оқыту сабақтарының негізгі типтерінің сипаттамалары мен мақсаттары кестеде келтірілген. Кесте Кәсіптік оқыту сабақтарының негізгі типтері
Соңғы кезде кәсіптік оқыту сабағының жаңа типі – бірлескен, интеграцияланған түрі кеңінен қолданылуда (оны бинарлы деп те атайды). Оның мәнісі арнайы пән мен кәсіптік оқытудың бір-бірімен байланысты материалын бірлестіруде. Сабақтың бұл түрін арнайы пән оқытушысы және өндірістік оқыту мастері бірлесіп жүргізе алады, немесе тек өндірістік оқыту мастері жүргізе алады. Сабақтың құрылымы дегеніміз - мастер немесе оқушылардың сабақтың оқу-өндірістік міндеттерін орындауға бағытталған іс-әрекетінің қадамдары, процесс этаптарының реті. КО сабақтарының құрылымын қарастырғанда мынаны білген жөн: КО сабағы құрылымында төмендегілерді ерекшелеген жөн: кірспе инструктаж; негізгі бөлім – оқушылардың жаттығулары (өз бетінше жұмыс) және мастердің ағымдық инструктажы; оқушылардың қорытынды инструктажы; оқушылар білімі мен тәжірибесін маңызды ету (актуальдандыру); оқушы әрекетінің бағытты негізін құру; әрекеттің жаңа тәсілдерін құру; меңгерілген әрекет тәсілдерін қолдану (бекіту, дамыту, тереңдету); қорытынды жасау; ұйымдастыру және дидактикалық құрылымдар бір-бірімен тығыз байланысты; сабақтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымының әрбір элементін мастер әрекеті тұрғысынан да, оқушы әрекеті тұрғысынан да қарастыру қажет; сабақтың ұйымдастыру құрылымы әдетте, тұрақты; сабақтың дидактикалық құрылымы әртүрлі, оқу процесіндегі сабақтың мазмұны мен орнына байланысты оның элементтерінің реті мен толықтығ сан алуан. КО сабақтан тыс формалары Оқушыларды өндірісте оқытудағы формалары: оқушыларды оқу бригадалары құрамында оқыту; оқушыларды квалификациялы жұмысшылар бригадалары құрамында оқыту; оқушыларды квалификациялы жұмысшыларға жеке-жеке бекіту. Кәсіптік оқытуда осы аталған формалардан басқа ондірістік топсеруендер (экскурсиялар) қолданылады. КО үшін оқушылардың үй тапсырмасын орындауы секілді формасы да тән, олардың негізгі түрлері: келесі сабақта практикада қолдануға қажетті оқу материалын оқулық бойынша қайталау; өз бетінше бақылау материалдарын жүйелеу; өндірістік-техникалық міндеттерді шешу; инструкциялық және технологиялық карталарды оқу; сабақта орындалатын жұмыстарға өз бетінше технологиялық процестер құру; жаңа жұмыс орнында қондырғыға қызмет көрсету үшін схемалар мен инструкцияларды оқу және т.б. Оқушылардың оқу-өндірістік еңбегін ұйымдастыру формалары КО оқушылардың оқу-өндірістік еңбегін ұйымдастырудың үш негізгі түрі қолданылады: фронталь-топтық; жеке; бригадалық(звенолық). - Фронталь-топтық форма бойынша оқушылар біртекті тапсырма орындайды. Соның арқасында мастер топ жұмысын біруақытта басқара алады, жіберілетін қателіктерді топ болып талдайды және т.б. - Оқушы еңбегін жеке ұйымдастыру формасы бойынша оқушылар мазмұны және мақсаты бойынша әртүрлі тапсырма орындайды. Жеке ұйымдастыру формасы «мықты», «әлсіз» оқушылармен жеке жұмыс жүргізу үшін қолданылады.
Бригадалық (звенолық) форма бойынша оқу тобы сипаты бойынша әртүрлі оқу-өндірістік тапсырмалар орындайтын бригадаларға бөлінеді. жүктеу/скачать 1,28 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |