Д. Т. Курманова, З. А



бет26/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

6.2 Оқу әдістерін топтастыру
Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл оқу әдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мәнділік пен кездейсоқтықты анықтауға жәрдемдеседі, оларды мақсатқа орай әрі тиімді пайдалануға себін тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған.

  1. Оқу әдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.

Мұндай топтастыруға байланысты әдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген әдістер тобына енетіндер:







  • білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) әдістері. 2. Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру.

Тәжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-


әрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік әдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) және іс-әрекеттік әдістер (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады).
Оқу әдістері жүйесінде басты орын сөздік әдістерге беріледі. Олар-әңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дәрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс.
Әңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу.
Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мәнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дәлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың диалогтық әдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді.
Дәрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дәрісбаянның басқа сөздік әдістерден өзгешелігі – қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мәнін ашу жүйелікке негізделеді.
Дәрісбаян ғылыми-көпшілік және академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дәрісбаяндары қолданылады.

Қазіргі кезеңде дәрісбаян әдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тәсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр.


Оқу сөз-жарысы (дискуссия) әдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми – теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі – шәкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру.
Сөз жарыс жәрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді.
Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік әдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады.

Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар:




  • конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды;




  • тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау;




  • реферат құрастыру тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру;



1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет