Д. Т. Курманова, З. А


Өндірістік оқыту формалары



бет16/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

4.1 Өндірістік оқыту формалары

Өндірістік оқытудың формасы деп сабақ барысында оқыту шеберімен (оқытушымен) оқушылардың өзара қарым-қатынасын айтады, сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастыру жолы болып табылады, және оған өндірістік оқыту режимі мен өткізілетін жерін жатқызуға болады.


Сондықтан да оқыту формалары мынандай құбылыстарды қамтиды:


  • сабақтың дидактикалық мақсатын;




  • сабақтың өтетін жерін, оның режимін және оқушылардың құрамын;




  • сабақтың құрылымын былайша айтқанда оның өту кезеңдерін;




  • оқушылардың өзіндік жұмысы деңгейін.

Кәсіптік мектепте өндірістік оқытудың мынадай формалары бар екенін ескертіп өту қажет;




  • шеберханада өткізілетін сабақтар;




  • оқу шаруашылығында немесе өндірісте өткізілетін сабақ;




  • өндірістік практика (өндірістегі жұмыс орнында ұйымдастырылған);




  • диплом алды практикасы.

Өндірістік оқытуды жалпы үш топқа бөлуге болады:




  • белгілі бір операцияның немесе тәсілдің алғашқы дағдыларын үйрететін

сабақ;



  • сол алғашқы дағдыларды жетілдіруге арналған сабақ;




  • кешенді жұмыстарды үйретуге арналған сабақ.

Өндірістік оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстарының ерекше орын алатынын ескере отырып оның мынадай түрлері: кіріспе, нұсқау, негізгі нұсқау (негізгі бөлім), қорытынды нұсқау.


Кесте 1 Өндірістік оқыту сабағын ұйымдастыру барысында нұсқау жұмыстары

Сабақтың

Оқыту шеберінің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




құрылымы































Кіріспе нұсқау

Оқушылардың еңбек ететін

Өндірістік

шебердің

нұсқауын




іс-әрекетін бағдарлау

қабылдау арқылы іс-әрекетінің










мазмұнын түсіну. Технологиялық










іс-әрекетті өз бетінше жасауға










дағдылану және орындау.



















Негізгі бөлім

Оқушылардың

жұмысына

Өндірістік

жұмысты

өздігінше

(нұсқау)

басшылық жасау, олардың

орындау.

Өзіндік

бақылауды




іс-әрекетінің

дұрыстығын

ұйымдастыру







бақылау және дұрыстау






















Қорытынды

Сабақты қорытындылау

Сабақтың

қорытындысын

нұсқау







өздігінше талдау.





































Өндірістік оқытудың сабақтан тыс формалары


Өндірістік оқыту процесі негізінде оқу шеберханалары мен өнеркәсіптің оқу учаскелері, цехтарында жүргізіледі де, шебер барлық топтармен бір мезгілде жұмыс атқарады. Мұнда сабақтан тыс өндірістік оқытудың мына түрлері жүзеге асырылады:

  • Оқушыларды оқу бригадалары құрамында жасақтап оқыту;




  • Оқушыларды білікті жұмысшылар бригадасы құрамында жасақтап оқыту,




  • Білікті жұмысшыларға оқушыларды жекелеп, даралап бекіту,




  • Өндірістік экскурсия,




  • Үй тапсырмасын орындау.

Өндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары
Мұнда мәселенің басын ашып айтатын 2 нәрсе бар: өндірістік оқытудың оқу процесі екендігі және оқу-өндірістік қызметті атқаруда шебердің оқыту әдістері мен тәсілдерімен оқушылар ұжымына оқу-өндірістік қызметті ұйымдастыру тәсілдері екендігі.
Енді өндірістік оқытуды ұйымдастырудың мына негізгі формаларына тоқталайық:
Топтық –фронтальды - шебер бір мезгілде барлық оқушылармен жұмыс істейді, барлық топтарда сабақ мақсаты бірдей.

Бригадалық оқыту түрі - шебер не білікті жұмысшы бір мезгілде жекелеген оқушылар бригадасымен жұмыс істейді, әрбір бригада өз алдына ерекшелігі бар оқу-өндірістік мақсат қояды


Даралап оқыту - әрбір оқу оқушымен жеке жүргізіледі.
Өндірістік оқыту формалары мен оны ұйымдастыру формаларының өзара үйлесімділігін мына кестедегі талдаудан байқауға болады:
Кесте 2 Өндірістік оқыту формалары мен оны ұйымдастыру формаларының өзара үйлесімділігі


Өндірістік

оқытудың

Өндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары

формалары










Фронтальды

Бригадалық

Жеке













топтық



















Сабақ түрінде

+

+

+
















Оқушылар

бригадасы




+

+

құрамында

























Білікті

жұмысшылар




+

+

бригадасы құрамында






















Жеке даралап бекіту







+
















Топтық

өндірістік

+

+




экскурсия

























Үй тапсырмасы




+

+















Қорыта келе, білікті жұмысшыларды дайындауда кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік оқытудың негізгі формасы – сабақ болып қала береді.




4.2 Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формалары

Оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік тарихи жолы бар. Орта ғасыр кезінде

мектепте мұғалім сабақты оқушылар санының аздығына байланысты жеке-жеке жүргізетін. Оқудың бұл түрі балалардың құрамын көбірек қамтып оқытуға мүмкіндік бермейтін және оқу талай жылдар бойы ұзаққа созылса да жеміссіз болып отырды.
Сондықтан XVI-XVII ғғ. Алдыңғы қатардағы адамдар оқудың бұл түрін сынға алып, оқудың жаңа түріне көшуді ойластыра бастады. Осы жолда чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский оқудың жаңа түрін теория жүзінде көрсетіп қана қоймай, оны іс жүзінде де асырды.
Коменский мектепті тұрақты кластарға бөліп, оқу жылын, оқу аптасы мен оқу күнін нақтылы түрде ұйымдастыру арқылы, мұғалім бір мезгілде көп баланы оқыта алатынын көрсетті. Сөйтіп 6-12 жас арасындағы ер балалар мен қыз балаларды бірдей қамтып оқыту үшін ана тілі мектебін ұсынды.
Негізінде Я.А.Коменский ұсынған оқытудың класс-сабақ жүйесін ресейде К.Д.Ушинский және т.б. қолдады. Осы уақыттарға дейін жетілдіріліп, мектеп тәжірибесінен орын алып келеді.
Дегенмен, оқыту ісін ұйымдастырудың басқа да формаларын ізденістірушілер аз болмады.


  1. ғ. Бірінші жартысында АҚШ әр оқушыны жеке оқыту мақсаты көзделініп, оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлері шыға бастады. Бұлардың арасында әсіресе Елена Парккерст ұсынған дальтон-план кеңінен тарады. Мұңдағы жаңалық – әр пәнге сәйкес өз алдына кабинет-лаборатория ұйымдастырылып, мұғалімнің жасаған тапсырмасы бойынша әрбір оқушы сол кабинет-лабораторияда негізгі жұмысты өз бетімен жеке орындайтын болады.

Совет мектебінің алғашқы жылдарында Дальтон-жоспардың балалардың дербес жұмыс істеуіне әуестеніп, кейбір педагогтар тәжірибеде тексеріп сыннан өткізбестен қолдану жолына түсті. Бұлардың дальтон-жоспарға кіргізген өзгерістері мынадай: лабораториялық тапсырманы оқушылар жекеленбей бірігіп бригада түрінде орындайтын болады. Оқушылар арасынан бригадалар құрылып, совет мектебінде оқу жұмысын ұйымдастырудың бұл түрі «лаборатория-бригадалық» әдіс деп аталды.


Алайда, кластың тұрақты тобының сақталмауы, уақыттың дұрыс пайдаланылмауы салдарынан мектептегі оқу жұмысында иесіздік, өзбетімен кетушілік орын ала бастайды. Сонымен оқыту процесін бұл жолмен ұйымдастыру ашықтан-ашық мектепке зиян келтіргендігі БК/б/П Орталық Комитетінің 1932 жылы 25 августағы «Бастауыш, орта мектепте оқу программалары және оқудың тәртібі туралы» қаулысында сыналды. Бұл қаулыда совет мектебінде оқу жұмысын ұыймдастырудың негізгі түрі сабақ болуы көрсетілді.

Сабақ дегеніміз – жастары бірдей, тұрақты құрамды, қатаң кесте бойынша және барлығына ортақ оқыту бағдарламасы бойынша жүргізілетін оқытуды ұйымдастыру түрі. Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінде оқу-тәрбие процесінің


барлық компоненттері келтірілген: мақсаты, мазмұны, құралдары, тәсілдері,ұйымдастыру және басқару бойынша әрекеттержәне оның барлық дидактикалық элементтері.
Сабақ оқушылардың жалпы кластық, топтық және жекеленген жұмысын қамтиды, оқытудың әрсалалы әдістерін қолдануды талап етеді. Барлық сабақтар оқу жылының ішінде белгіленген уақыт мөлшерінде /I-класс 30-35 минут, басқа кластар – 45 минут/ өткізіледі.
Сабақ проблемасын педагог-психолог ғалымдар Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Ф.Ф.Королев, М.Н.Скаткин, В.В.Давыдов, И.Я.Лернер, Г.И.Шукина, Ю.К.Баранский т.б. арнайы зерттеді.
Ал, Қазақстанда 50-жылдары сабақ теориясымен профессор Р.Г.Лемберг шұғылданды. Сонымен қатар соңғы жылдары көптеген педагогтер-методистер оқыту процесі мәселелеріне бағалы үлес қосты. Олар: Х.Қ.Арғынов, Т.Қ.Ақолақов, М.Б.Балақаев, С.К.Кеңесбаев, И.Н.Нұғманов, Ш.Ш.Сарыбаев, С.С.Сабиров, Д.С.Сейдалиев т.б.
Сабаққа қойылатын талаптар:
Қазіргі заманғы педагогикалық процеске қойылатын бірінші талап – әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары және сабақтың құрылысы алдын-ала белгілі болуы тиіс. Осыған сәйкес мұғалім өзінің және оқушылардың сабақтағы жұмысын ұйымдастырады. Сабақ мұғалім мен оқушы арасындағы іс-әрекет екені ескеріледі.
Сабақта оқылатын материалдардың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне сәйкес болуы керек.
Екінші талап оқыту процесінің негізгі мақсаты білім беру, тәрбие беру және дамушылықтың бірлікте болуы ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы қажет.

Үшінші талап сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай, проблемалық ситуацияларды туғызу. Танымдық процестің логикасын сақтап, оқу процесінің дамытушылық сипаты қажет ететін пікірімен ой қорытындыларын жасауға үйрету.
Төртінші талап әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын-ала ойластырылуы керек.
Бесінші талап оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру, танып – білу қажеттілігін

қалыптастыру. Сабақтың өн бойында жағымды эмоциялық жағдай болуына назар аудару.


Алтыншы талап оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен оқу материалының қиындық және жеңіл дәрежесін дұрыс айқындау, оқытуды дифференциациялау және даралау.
Жетінші талап оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оларға шамадан тыс күш түсірмеу, жағдайын есептеу.
Сегізінші талап қазіргі қоғамның үздіксіз білім беру бағытана сай жас ұрпақты ғылым негіздерімен қаруландыру ғана емес, оларды білімді өздігінен меңгерудің әдіс-тәсілдеріне қажетті іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

Тоғызыншы талап қазіргі сабаққа білімнің қоғамдағы дәрежесін көтеру үшін дарынды балаларды анықтау, әр оқушының бейімділігін, қабілетін дамытуға жағдай жасау талабы қойылып отыр. Бұл талап әрбір оқушы мұғалімнің назарында болуды, бірізді зерттеуді және барлық мүмкіндіктерді пайдаланып педагогикалық-психологиялық диагностика жүргізуді көздейді.

Оныншы талап бүгінгі таңда әрбір сабақты білім берудің гуманистік мақсатымен педагогикалық ынтымақтастық негізінде өткізу және жоғарыда аталған сабаққа қойылатын талаптарды бірлікте жүзеге асыру, барлық мұғалімдердің басты борышы болып есептеледі.
Шебер еңбегін ұйымдастырудың дәстүрлі формасы – шеберді оқу тобына бекіту (немесе оқу тобын шеберге) – шебер-оқу тобы. Мұнда шебер оқу тобындағы оқушыларды оқудың барлық кезеңінде алып жүреді. Ол мамандыққа оқытушы, оқушылардың тәрбиешісі, оқу ұжымы өмірін ұйымдастырушысы.
Жұмысшы мамандарды кең профильді мамандыққа дайындауды кеңейтуге байланысты кәсіптік оқыту шеберінің жұмысын ұйымдастырудың басқа түрлерін қолдануды талап етіледі. Бастапқы кәсіптік оқыту барлық мамандықтар бойынша 12-15 адамнан тұратын топтарда жүргізіледі, ал күрделі қондырғыларға қызмет ету, қауіпті жұмыстар орындаумен байланысты мамандықтарда топта 8-10 адам болуы шарт.
Шебер-шеберхана. Шебер еңбегін ұйымдастырудың бұл түрі – мамандық бойынша кәсіптік оқыту мазмұны және еңбекті ұйымдастыру бойынша, оқу-материалдық және дидактикалық жарақталуы бойынша бір-бірінен ерекшеленетін мамандықтар түрлі оқу шеберханаларында жүргізіледі. Мысалы, химик-аппаратшыларды дайындау оқушыларды төмендегідей төрт оқу шеберханасы мен зертханаларда оқытуды қарастырады: процестер мен аппараттар; слесарь бөлмесі; химиялық талдау зертханасы; КИП және автоматика. Осы оқу шеберханаларына, зертханаларға кәсіптік оқыту шебері тағайындалады, олар осы мамандандырылу

бойынша оқу орнының барлық оқушыларына, кесте бойынша бағдарлама бөлімдері бойынша сабақтар жүргізеді.


Шеберлер жұмысын ұйымдастырудың бригадалық түрі кәсіптік оқыту ұйымдастырудың «ірі кезеңді» түрін қолданатын оқу орындарында тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша жұмысты ұйымдастырудың мәнісі – кәсіптік оқыту теориямен күндер бойынша емес, уақыттың кезеңдермен алмасып отыруында. Бұл оқушыларға шебердің басшылығымен жұмыстың күрделі бөлігін орындауға мүмкіндік береді. Әдетте оқу процесін ұйымдастырдың бұл түрі 2-3 курстарда жүргізіледі. Ол құрылыс мамандықтарына, басқа да объекке тікелей шығу қажеттілігі бар мамандықтарға оқытуда тиімді.
Топқа екі шебер бекітіле жұмысты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол шеберлердің бірі – жетекші, жүргізуші, ол жалпы топқа сабақта кіріспе нұсқау жүргізеді, ал екіншісі оған көмектеседі.
Кәсіптік оқыту шеберінің педагогтық еңбегінің прогрессивті түрі - ол шебердің де, оқытушының да функцияларын атқара алуы, шебер-оқытушы. Мұнда екі нұсқа болуы мүмкін:


  1. топқа немесе оқу шеберханасына бекітілген шебер, кесте бойынша арнайы пәндер сабақтарын жүргізеді. Бұл жағдайда теория мен практиканың байланыс деңгейі жоғарылайды;




  1. шебер өз бетінше, жалғыз өзі кәсіптік оқытудың барлық біріктірілген, интеграцияланған сабақтарын және арнайы пәндерді оқытады. Мамандарды әзірлеудің осындай технологиясының болашағы зор және көп көңіл бөлуді, ғылыми және практика тұрғысынан жақсартуды қажет етеді. Оқушыларда білім мен іскерліктің бір-бірімен тығыз байланысты жүйесі, оқытуда саналылық және белсенділік қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет