Д. Т. Курманова, З. А


Оқу процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік



бет6/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

2.1 Оқу процесінің мәні және дидактика жөнінде түсінік

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.


Ежелгі және ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-әрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де , мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде,

кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, нәтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе және оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.


Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика және болжастыру);


  1. практикалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау).

Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс-әрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пәні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін нәтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады. Әр оқу пәні өз әдістемесіне ие.


Дидактикалық процесс мәнін түсіну үшін «оқу» және «оқу процесі» түсініктерінің мән-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт және кеңістікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды.
Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі әр текті және табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да «оқу процесі» түсінігіне толық және жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «оқу процесі – бұл барысында білім беру, игеру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -әрекет».
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі әрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-әрекеттері және оқып үйрену – білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-әрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік – бірлікті іс-әрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны.

Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері болып есептелетін, әрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білімдер, ептіліктер және дағдылар жатады.


Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – сеп-түрткілер (мотивтер). Қандай да оқу әрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, әрі сан қилы. Олардың әрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой әрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы ғылыми мазмұн және педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді де дербес таным қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет