Д. Т. Курманова, З. А


оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы



бет25/53
Дата05.09.2020
өлшемі1,28 Mb.
#77328
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
1849338815321 Курманова

оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

  • оқытудағы құрылымдық салалар

  • оқыту әдісі

  • оқыту құралдары

  • оқытудың тәрбиелеу формасы

    1. Оқу материалын алғашқы ұғыну және қабылдау; негізгі түсініктерді, зандылықтарды есте қалдырудағы сабақ типі:




    1. жаңа сабақты меңгеру;




    1. іскерлікті жетілдіру;




    1. қайталау;




    1. бақылау;




    1. қорытынды




    1. Келесі анықтама қайсы ұғымға сәйкес келеді: Берілген жағдайға қажеттіні таңдап әрі қолдана отырып, оқушының еңбек әрекеттерін саналы түрде дұрыс орындауға дайындығы.

    А) Білім;


    В) Дағды;
    С) Іскерлік;


    1. Оқыту тәсілі;

    Е) Дұрыс жауабы жоқ



    1. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ


    6.1 Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама
    Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталлады.
    Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді.
    Оқыту әдістері туралы әртүрлі анықтамаларға тоқталып өтейік:
    Оқыту әдістері дегеніміз – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
    Оқыту әдістері дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті /Г.И.Шукина/.
    Оқыту әдістері дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттерінің барысында білім алу жолдары /И.Д.Зверев/.
    Оқыту әдістері дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру. Дегенмен, осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама-қайшылық жоқ /Ю.К.Бабанский/.
    Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді.
    Оқу әдісі білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -әрекеттік қимыл - тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып- үйрену әрекеттерінің өзара байланыстылығы және анайылығы осы оқу әдісінен көрінеді.
    Дидактикада кең қолданым тауып жүрген және бір түсініктер легі –бұл “оқу тәсілі” және “оқу ережелері”.
    Оқу тәсілдері- оқу әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “әдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда әдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе және бір ықшам оқу-тәрбие мәселесіне орай- тәсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша әдіспен (түсіндіру, әңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тәсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде

    оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - әдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-әрекеттерінің бәрі тәсіл болып есептеледі.


    Сонымен, әдіс көптеген тәсілдерден құралады, бірақ олардың жәй жиынтығын білдірмейді. Тәсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-әрекеттеріне даралық сипат береді.
    Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай және қайтіп әрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс.
    Ереже әрқандай тәсілдің сипаттамасы, норматив моделі есебінде қолданылады. Нақты міндет шешіміне пайдаланатын ережелер жүйесі - әдістің норматив-сипаттама моделін құрайды.
    Оқу әдістері – тарихи категория. Өндіріс күштерінің деңгейі мен өндірістік қатынастар сипаты педагогикалық процестің мақсаттарына, мазмұнына, құрал жабдықтарына өз ықпалын тигізеді. Олардың ауысуымен оқу әдістері де өзгеріске келеді.
    Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде өскелең әулетке тәжірибе өткізу ересектер мен балалардың бірлікті іс-әркеттік процесінде орындалып жатты. Бұл дәуірлердегі басты оқу әдісі еліктіру, еліктеу жолымен іске асты. Ересектер қалай әрекетке келсе, балалар соны қайталап, қорек табу, от жағу, киім-кешек дайындау ж.т.б. үйренді. Негізгі оқуды өзгертпей, қайта жасау (репроедуктив), (“мендей етіп істе”) әдісі алынды. Кейінгі замандардағы барша әдістер осы қайталай жасау әдісінен өз бастауларын алды.
    Мектептердің ресми формаларының ұйымдастырылуы заманынан оқудың сөздік (ауызша) әдістері пайда болды. Мұғалім дайын ақпаратты сөзбен жеткізіп отырды, оқушылар оны есіте отырып, игерумен болады. Қоғамға жазудың келуі, кітап баспасының өркендеуі, білімді жария етуде, жинақтауда және әулеттен әулетке жеткізуде (код) таңбаны пайдалануға мүмкіндік берді. Енді сөз негізгі ақпарат ұсыну құралына айналып, ал кітап бойынша оқыту мұғалім мен оқушының ең көп тараған өзара ықпал жасау әдісі болды.
    Кітап әрқилы қолданылды. Ортағасыр мектебінде оқушылар негізінен діни мазмұндағы мәтіндерді қарадүрсін жаттаумен шектелді. Осыдан жалаң, жаттанды оқу (догматикалық) әдісі үрдіске айналды. Бұл әдістің сәл жетілген түрі сұрақ қою, дайын жауаптар берумен (софистика) байланыстырылды.
    Ұлы жаңалықтар ашу және ойлап табу дәуірінде бұрын оқытудың жалғыз- ақ жолы болған сөздік әдіс өз маңызын жоғалта бастады. Өркендеудегі қоғам қажетіне орай оқу процесіне бақылау, эксперимент, өзіндік жұмыс, жаттығу, яғни оқушыда белсенділік, саналылық, ынталылық оятуға бағытталған әдістер ене бастады. Көрнекі оқу әдісі де кең тарады.
    XІХ-ХХ ғ.ғ. шектерінде сөздік әдіске балама ретінде бала қажеттері мен қызығуларын біршама толық ескеретін, оның өзіндік әрекеттерінің дамуына жол ашатын эвристикалық (шығармашылдық) әдіс маңызды орын иелей бастады. “Кітаби” әдістердің орнына “табиғи ” әдістер келді. Яғни оқу шынайы болмыс, қоршаған дүниемен байланыстырылатын болды. Ұстаз бен оқушыны енді оқудың практикалық әдістерін қажет ететін “іс-әрекет арқылы оқып- үйрену” әдісі

    қызықтыра бастады. Мұндай оқуда қол еңбегіне, еңбекпен байланысты іс-әрекеттерге, сонымен бірге оқушылардың кітаппен жұмыс істеуіне көп мән беріліп, балалардың өз тәжірибесі негізінде дербестік қабілетін дамыту басты назарға алынды. Шамалап ізденіс, зерттеу әдістері қалыптасты. Дегенмен, білім дамуының әр кезеңдерінде қолданымға келген әдістердің қай-қайсысы да өз бетінше жеке қажетті педагогикалық нәтижені қамтамасыз ете алмайды. Оқу әдістерінің әрбірі өз алдына әмбебап қызмет атқармайды. Оқу барысында әрқилы әдістерді өзара байланыстыра қолдану, пайдалану ғана тиімді өнімін береді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет