Дабыл түймесін қалай орнатамыз


Бірінші топқа жататын білім және ғылым объектілері



бет3/3
Дата04.02.2023
өлшемі24,75 Kb.
#167405
1   2   3
Байланысты:
Дабыл түймесін қалай орнатамыз

Бірінші топқа жататын білім және ғылым объектілері 

Қызметкерінің саны 100-ден 500 адамға дейінгі ғылым объектілері 

Екінші топқа жататын білім және ғылым объектілері 

Ауылда және ауылдық елді мекендерде орналасқан бала мен қызметкердің нақты саны 100-ден 500-ге дейінгі білім беру объектілері (білім беру объектілерінің толымдылығына қарамастан), сондай-ақ қызметкерінің саны 500-ден 1000 адамға дейінгі ғылым объектілері 

Үшінші топқа жататын білім және ғылым объектілері 

Бала мен қызметкердің нақты саны 500-ден асатын не республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан білім беру объектілері (білім беру объектілерінің толымдылығына қарамастан), сондай-ақ қызметкерінің саны 1000 адамнан асатын ғылым объектілері 

Бұл ретте бірінші топ объектілері телевизиялық күзет жүйесімен және хабарлау жүйесімен міндетті түрде жарақтандырылады.
Екінші топ объектілері дабыл беру құралымен (дабыл түймесімен) қосымша жарақтандырылады.
Үшінші топ объектілері бақылау және кіруді басқару жүйелерімен, техникалық тексеру құралдарымен қосымша жарақтандырылады.
Сонымен, барлық БҰ дабыл түймесімен жарақтандырылуы тиіс, ал басшы дабыл сигнализациясының жұмысын үнемі тексеріп тұруы тиіс. Тексеру барысында басшы жауапты жұмыскердің жоспарлы іс-шараларды жүзеге асырғанын бағалап, қауіпсіздіктің паспортының қайда жатқанын және физикалық күзет үшін кіммен шарт жасалғанын тексеруі керек. Сондай-ақ жұмыскерлердің қорғаныс шараларын үйренгеніне, ал ұйымдағы дабыл мен күзет сигнализациясының істеп тұрғанына көз жеткізу керек. 
Оқу орнына дабыл түймелерін орнату – шарт жасалған күзет ұйымының міндеті. Егер әкімшілік күзетші немесе жеке күзет жалдаса, онда дабыл түймесін орнату БҰ басшысының міндетіне жатады. 
Әр оқу орнында қауіпсіздік паспорты болуы керек және БҰ-ны қорғау шараларына белгілі талаптар қойылады. Күзетке жауапты тұлғалар аумаққа бөтен адамдарды кіргізбеуі керек. Аумақтағы бөтен адамдарды уақтылы анықтап, қылмыстық әрекеттің алдын алу үшін бейнебақылауды талдау мен жасырын бақылау олардың міндетіне кіреді.
БҰ-да осал жерлер, жерасты коммуникациялары, тұрақтар мерзім сайын тексеріліп, терроризмге қарсы жаттығулар өткізіліп, қауіпсіздікке жауапты органдармен тұрақты байланыста болу керек. 
БҰ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұйымдастыруға кешенді тұрғыдан келуі керек, ал әр оқу орны қауіпсіздік жүйесі мен күзетпен жарақтандырылуы тиіс.
Дабыл түймесінің жұмысын ұйымдастыруға қажет құжаттар:

«Дабыл түймесін қалай орнатамыз»
© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование».
Подробнее: https://vip-edu.mcfr.kz/#/document/16/209751/bssPhr2/?of=copy-c89c8cf797

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет