Сол кезде қыз төсегінің бас жағында, жерде жатқан кітапқа назарым ауды. Оның мұқабасында «Жас Вертердің азабы» деген жазу көзіме оттай басылды. Бұл менің соғыстан қайтарда сонау Германияда жүріп оқыған соңғы кітабым болатын.Тегі Меңтай мұны түні бойы оқып, тауысып, талып ба-рып ұйықтаған-ау. Бітірген соң, бас жағына тастай салған кітабы жерге түсіп қалған болды ғой деп ойладым да, ақырын еңкейіп, жердегі кітапты сыбдырлатпай алып, ептеп қана Меңтайдың жастығының жанына қойдым. Содан соң, қыздың мынау ғажап, тәтті ұйқысын бұзбайын деп, аяғымның ұшы-мен бір басып, екі басып, есікке қарай шегіндім.
Шығар алдында ұйықтап жатқан қыз келбетіне тағы да бір бұрылып қарадым. Маған Меңтай «Ұйқыдағы Венера» картинасынан да сұлу боп көрінді. Шіркін-ай, мен ұлы суретші болсам, соғыстан келген студент- солдаттың ұйықтап жатқан жартылай жаланаш сұлу қызға ыстық іңкәрлікпен, сонымен бірге мол мейір, қадір-құрмет таныта қадалып қалған сол бір сәтін ұрпақтан ұрпаққа жетер мәңгілік мұра етіп қалдырған болар едім деп ойлап, бөлмеден шықтым да, ептей тартып, есікті жаптым.
Қайтадан көшеге шықсам, айнала бағанағыдан да жарықтанып, төңіректің бәрі жайнап, жадырап кетіпті. Бағанағы жатақханаға кірердегідей емес, менің де аяғым қаздаң-қаздаң етеді. Жатақхананың дәл жанынан өтетін Ұйғыр көшесіне түсіп алып, Алатаудың алыстан көрінген ақ бас шыңын бетке ұстап, лағып, гарта бердім. Ол кезде Алматыда үш этаждан биік үйлер болмайтын. Олардың өздері де орталық көшелердін әр жерінен бір бой көрсетіп, қаланың өзге тұстарын бір қабат жатаған ағаш үйлер кернейтін. Әсіресе, Ұйғыр көшесі сияқты сырт аймақтарда ұзын-ұзын барақ, жеке-жеке оңаша жай ағаш үйлер тіпті көп болатын. Солардың ара-арасымен өтіп келе жатқан маған жатаған сол бір жаман үйлер алтын сарайдан кем көрінбей, сол сәтте өзімнің ғажайып бір бөтен патшалықтың ішін аралап, кезіп жүргендей жайым барын бұлдыр сезінемін. Аяқ астымдағы ақ қардың шетін кейде әлдебір қызыл нұр бүркеп, қымтап жауып қалған жай елестейді. «Ә, бұл Меңтайдың аппақ қар-дай денесін бүркеп жасырып жатқан жаңағы қызыл көрпе елесі болар» деп ойлаймын да, өз-өзімнен тамсана жымиямын. Ендіғі ойым алпыс екінші бөлмеғе ауысып, жаңағы картина тұтастай көз алдыма өралды. «Әттең, шіркін-ай, Меңтайдың ақ денесін қаусыра құшып жатқан жаңағы қызыл керпе кандай ғажап! - деп ойлаймын ішімнен. Мен сол кызыл көрпе болар ма едім. Әй, ол менің қолыма тимейтін, кесек бақыт қой. Одан да сол керпенің астары болсам да жарар еді-ау. Жок, ол да менің маң-дайыма сыймас, ең жоқ деғенде, сол көрпе астарының бір са-бақ жібі болсам да жетер еді...»
Осындай қиялмен келе жатқан менің ойыма әлдекайдан келіп: «Ақ етіне қызыл көрпе басылып» деғен сөздер өрала кетті. Алғашында оған онша мән бермедім де, орамы жеңілдеу сияқты көрінген бұл сөздерді іштей ыңылдап, тағы бір қайта-лап айтып шықтым. Сөнда ғана оның ойнақы өлең жолына ұқсас бірдеңе екенін білдім. Көшеде арлы-берлі өсылай ыңыл-даумен жүріп, өзімнің шөрқақ тіл, өлақ үйқасыммен Меңтайға арнап алғаш рет өлең шығарғанымды аңғардым. Әр жерге төқ-тай қалып, түрегеп тұрып, көйын дәптеріме тізген үзік-үзік жолдардан «Қызыл көрпе» деген атпен мынандай төрт-бес ауыз өлең құрастырыппын.
Тәтті ұйқының құшағына беріліп, Жатты сұлу шалқасынан керіліп, Ақ дидарын, аппақ тәнін көргенде Бойым балқып, кетті сезім еліріп.
Ай секілді мандайдағы қиғаш қас, Беттегі мең - сайда жатқан қара тас. Дем шығарып кеудесінен жұпардай, Корғасындай толықсиды қарындас.
Ак етіне кызыл көрпе басылып, Көкірегі жатыр екен ашылып: Діріл какты уылжыған кос алма, Қара шашы толкындай боп шашылып.
Күнім туып бақ жұлдызым жанатын, Қымтап, шымқап, жаным рақаттанатын, Болсам етті, әттең дүние-ай, сол көрпе Құшып, сүйіп, құмарым бір қанатын.
Дәурен кайда маған оны сүйетін? Тым болмаса киімінің киетін, Не сол көрпе астарының бір сабақ Жібі болсам денесіне тиетін! Не болса да көкіректі жарып шыққан пәле емес пе - осы жаман өлең сымақ ол сәтте өзіме жап-жақсы сияқты боп көрінді. Айта берсеңіз осындай өлең құрастырғаныма, бейне бір Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасын» шығарғандай-ақ едәуір қанаттанып қалдым. Сөйтіп көшені біраз таптағаннан кейін, сағат он бірге таяна жатақханаға жақындап қайта келдім. Сол сәтте бір ой түсе қалды да, шапшаң жан-жағыма қарадым. Жол шетіндегі аласа қашалы аулалардың бірінде шатырын қар басып, саңырау қуяақтай қалтиған беседка тұр екен. Қашадан бір-ақ аттап, жүгіріп соған бардым. Беседканың ортасында жазда үй иелері отырып домино ойнайтын үш сирағы ағаш, бір сирағы темір, ортасы ойылып кеткен ескі стол бар екен. Соның бір шетіне отыра қалып, жасаулы жақсы ка-бинетке жайғасқан үлы ақындай-ақ айналама маңғаздана қарап алып, жаңағы өлеңді жеке қағазға көшіруге кірістім. Кағаздың өртасына ірілеу етіп «Қызыл көрпе» деп жаздым да, оның астына жақша ішіне үсағырак әріптермен «Меңтай ту-ралы лирикалық ой» деген сөздерді жөне көстым. Өленді ке-шіріп болып, қайталап оқып шықтым да, аяғына «1946 жыл, 1 январь» деп күнін көрсеттім. Сөдан соң қағазды жаксылап бүктеп, қойын дөптерімнің ортасына салдым да, орнымнан тұрдым.
VI
Жүректегі лүпілді шынашақтың сәл дірілінен аңғартып, тағы да менің қолым соқырдың алақаныңдай боп, алпыс екінші бөлменің есігін ақырын бір сипап өтті. Содан соң саусақтар бүгіліп, бірінен бірі сүйеу, қолдау тапқандай иықтаса жұмылып барып, тақтайды тықылдатты.
— Кіріңіз, кіріңіз, - деп екі рет қайталап айтқан қыз даусы естілді. Мен есікті жайлап ашып, ішке кірдім. Үстел басында Меңтай көйлегін үтіктеп жатыр екен. Мені көргеннен кейін:
— О, ағай, жоғарылатыңыз, төрлетіңіз, - деп үтігін үстел шетіне шоқитып қоя салды. Меңтай үстіне көп жуылғандықтан бұрынғы қара көк түсі бозғылттанып кеткен көнетөздау спорт костюмін киіп тұр екен. Ескілеу болғанмен етпен ет боп жабысқан осы бір жарасты киім қыз мүсінінің мүшелерін айқындап, адамды одан сайын ынтықтыра түсетіндей. Оның есесіне бағанағы ақ мойын, ақ білек, уыз кеуде біржола жасырынып, бүркеліп қалған. Мен сол бір сұлу картинаны іздегендей тамсанып, төсекке қарадым. Тап-тұйнақтай боп жиналған қыз төсегі маған жанды ерітер тамаша картинаның бос қалған рамасындай үңірейіп тұрған сияқты боп көрінді. Үтігін қоя салып, Меңтай екі қолын қатарластыра ілгері созып, маған қарай жүрді.
— Ағай, сіздің Жаңа жылда бақытты болуыңызға, ойға алған мақсаттыңыздың бәрі түгел орындалуына шын жүректен тілектестік білдіремін! - деп кішкентай әсем алақандарының арасына алып, менің қолымды қысты. «Егер шын тілектес болсаң, онда ойға алған бар мақсатым - өзіңсің ғой, Меңтай», - дедім мен ішімнен. Бірақ оны сыртыма шығарып айта алмадым.
— Рахмет, Меңтай, мен де сізге соны тілеймін! - дедім оның қолын мен де қос қолдай қысып, қысып емес-ау, жас баланың білегін ұстағандай мәпелеп. Меңтай маған еркелей қарады.
— Ағай, бір өтінішім бар, айтайын ба?
— Айтыңыз, - дедім, «ол не етініш болды екен» деп жүрегім лүп ете қалып.
— Айтсам, бүгіннен бастап мені «сіз» демей, «сен» деп айтыңызшы. Жарай ма?
— Неге?
— Мен сізді туған ағамдай жақсы көремін, - деді Меңтай тағы да еркелей үн қатып. - Ал «сен» демей, маған «сіз» десеңіз, онда бөтен адам сияқтанып кетесіз.
Меңтай осылай деп, оң иығына қарай басын қисайтты. Үстіне спорт костюмін киген Ментай маған бұл сәтте көз қызықтырар бөтен үйдің бойжеткенінен гөрі ерке-шора боп өскен тентектеу өз бауырым тәрізденіп кетті.
— Жарайды, онда солай болсын, - дедім мен күліп.
Меңтай мені жетектеп төрге шығарып, орындыққа отырғызды. Содан соң үстел үстіндегі үтіктеліп болған ұзын жеңді қысқы көйлегін, гардеробтың есігін қалқалап тұрып, оның ішінен және бірдеңелерді алды да: «Ағай, мен қазір келемін» деп есіктен шығып кетті. Мен бөлмеде оңаша қалған мен студенттік жұпыны тіршілік мекеніне көз жүгірттім. Арзанқол темір төсек, тақтай тумбочкалар. Әр қыздың төсегінің тұсына тұскиіз, кілемше орнына газет тұтылып, олардың үстіне фотосуреттер жапсырылыпты. Көпшілігі екеу-үшеуден, кейде үлкен топ болып бірігіп түскен қыз суреттері. Әр тұстан әскери киімді жігіт суреттері көзге шалынады. Сондай бір жұпыны жігіт Меңтай тұсында да тұр. Меңтай расында да тез келді. Жаңағыдай емес өзгеріп, басқаша болып келді. Үстіндегі спорт костюмін шешіп тастап, өзінің кыз киімін киіп алыпты. Тегі менің алдымда тар кос-тюммен алды-артын бұлтитып жүруге ұялған болу керек. Мені не дәлізге қуаламай, не теріс қаратып қойып, осы жерде шешініп, көйлегінін судыр-сусылымен, желкені куйдіре, жақыннан шыққандай боп білінетін ыстық демінің лебімен жанымды қинамай, өзі басқа қыздардың бөлмесіне барып, қайта киініп келген. Жіп шұлығы оқтаудай түзу аяқтарына және жарасып тұр. Мен Меңтайдың бұл инабаттылығына іштей сүйсіндім.
— Ағай, мен сізді ертерек кеп қалар деп шай қайнатып қойып едім, - деді Меңтай, дәлізге дәл бір сол үшін шығып келгендей. Киімін ауыстырып келгенін ешбір сез етпестен, қолына шиыршықтап ұстаған спорт костюмін гардероб тартпасына сұға салды.
— Мен расында да ертерек келіппін. Келсем, сіз.. а, жоқ, сен, - дедім күліп, жаңа ғана Меңтайды «сен» деп атауға уәделескенім есіме түсіп, - ұйықтап жатыр екенсің.
— Ә-ә! - деді Меңтай даусын әндете созып. - Онда есікті қаттырақ қақсаңыз етті, мен оянатын едім ғой.
— Мен ақырын қақтым, бірақ есік кілттелмей, бос жабулы тұр екен.
— Кілттелмепті дейсіз бе? - деді Меңтай бөлмесіне дәл қазір ұры кіріп кеткендей көзі бақырайып. - Бір кітапты қолыма алып едім. - Меңтай оның не кітап екенін айтқан жоқ. Бірақ мен оның не кітап екенін түсініп, қыз тесегі жаққа көзімді жүгірттім. Бірақ жас Вертер Лоттаны іздеп, таңертеңгі жатқан жерінен «тұрып кетсе» керек, орындық, тумбочка үстерінде де көрінбеді. - Сол кітаптың қызығымен есікті әне жабамын, міне жабамын деп жатып ұмытқанмын ғой тегі. - Кыз әлдебір ұятқа ұрынғандай боп, басын шайкады. - Мен әзім сақ емес, сенгішпін. Осыным жаман-ау, тегі, - деді өзіне өзі ұрысқандай: - Түнде үйге ағай емес, басқа біреу кіріп кетсе, қайтер едім. Осыдан кейін Меңтай екеуіміз үстел басында отырып, шай іштік. Бір тілім қара нанды бөліп жеп, Меңтаймен ішкен қара шай маған балдан да тәтті боп көрінді. Екеуміздің ортамызда тұрған кемерінен шай ұрттаған сайын күйдіріп, ерінді қаритын екі қаңылтыр кружка, шойын шәугім мен пластмассадан жасалған арзан тарелка сол сәтте маған дүниедегі ең қымбат алтын сервиздерден де артық, қадірлі сияқтанды.
— Сіз менің туған ағам Жүніске сондай ұқсайсыз, ағай, - деді Меңтай шай ішіп отырып, - біз бір әке, бір шешеден Жүй-ке екеуіміз ғана едік. Кішкене күнімде тілім келмей, мен Жүністі Жүйке дейді екемін, өмір бойы солай атап кеттім. Ол менен бес жас үлкен болатын, сіз құралыптас еді. Сіз де қозыдай жуассыз, момынсыз ғой, ағай. Жүйке де сондай еді. Анау тұрған сол ағайымның суреті. - Меңтай төсегінің тұсындағы газетке жапсырылған суреттерді нұсқады. - Сіз ең алғаш біздің аудиторияға кіріп келгенде, не болғанымды білмей кеттім. Сізді мені іздеп келген сол ағайым екен деп қалдым. Артынан Жүйке емес екеніңізді білсем де, жүрегім еріп, үзіліс болғанша әрең отырдым. Сіз тым болмаса менің ағаммен соғыста бірге болмады ма екен деп ойладым. Үзіліс кезінде соны сұрайын деп оқталған едім. Қалжыңбас Қанипа сізді ұзақ тергеп, әуреге салды. Сол кезде менің сізге қатты жаным ашып тұрды. Шыдамай, қасыңызға барғанымда Жүйке есіме түсіп, «Арманым, ағатайым, қайдасың сен?» деп ішімнен егіліп, жылап тұрдым. Кейіннен, сіздің дәптеріңізді үйге әкеліп, қазақ тілінің барлық конспектілерін көшіргенімде де осы жерде отырып оның талай беттеріне көзімнің жасы тамды. Меңтайдың мен алғаш аудиторияға келген сағаттан бастап маған қамқоршы болғанын жоғарыда айттым. Ол сол күнгі лекциядан кейін менің қазақ тілі дәптерімді алып кетіп, бірнеше кеш отырып, бұрын еткен лекцияларын көшіріп берген. Сол сияқты Майра, Күлкен, Қанипа сияқты қыздарға да бір-бір дәптер етіп басқа пән лекцияларын және кешірткен. Адал көңілмен ағасындай көріп, жаны қалмай, қамқоршы боп жүрген қызға менің іштей ғашық болып, құмартуым оған бейне бір жамандық ойлаумен пара-пар сияқты боп көрінді өзіме. Осы осалдығым үшін өзімді өзім іштей кінәлап, ұрысып, үнсіз отырып қалдым. Қыздың балдай тәтті шайы терлетті ме, әлде шайдан ыстық сөзі жіпсітті ме, білмеймін, маңдайым бусанып қоя берді. Меңтай жайлап отырып сөзін ары қарай жалғады.
— Ағай, сіз Сегізінші гвардия дивизиясынан келген жоқсыз ба?
— Жоқ, мен Жүзінші бригадада болдым.
— Ондайды естігем жоқ. Маған соғыстан қайтқан жұрттың бәрі Сегізінші гвардия дивизиясынан келген сияқты боп көрінеді. - Меңтай сәл бөгеліп, ойланды да, оның жауабын өзі айтты. - Бәлкім, ол Жүйкенің сол дивизияда болғанынан шығар.
— Ол кісі тірі ме? - деп сұрадым мен.
— Жоқ, «қара қағаз» келген. Артынан қасында болған кісі өз қолыммен қойдым, өлгені рас деп сендірді. Осы арада Меңтай екеуіміз де едәуір үнсіз отырып қалдық. Тегі ендігі әңгімені неден сабақтарымызды білмей, бөгелген болуымыз керек. Шай ішілгеннен кейін Меңтай ыдыс-аяқты гардероб полкаларына тез жинап тастады да, төсегінің бас жағындағы тумбочкасынан бір қалың кітапты алып шықты.
— Ағай, - деді ол үстел басына қайта келіп, жаңағы шай ішкендегідей менің қарсыма емес, енді қасыма отырып жатып, - мен кітапханадан үш күнге сұрап әкеп, «Одиссеяны» оқып жатыр едім. Өткен түнде Гетенің қызығына түсіп, мұның аяғын бітіре алмай қалғаным. Сізбен бірге отырып, осыны тауысып тас-тасақ қайтеді, егер бүгін басқа жұмысыңыз болмаса?
— Жоқ, оқиық, - дедім мен бірден.
— Онда жақсы болды, - деді Меңтай қуанып кетіп. - Бәрі-бір жазда ежелгі грек әдебиетінен емтихан тапсырғанымызда да керек қой бұл. Маған сонау жазда тапсырылатын емтиханнан гөрі сол сәтте Меңтай қасында көбірек отыру қымбаттырақ еді.
— Шаршағанда кезектесіп оқырмыз, қазір мен бастайын, ағай. Мен басымды изедім. Меңтай, тамағын кенеп алып, он тоғызыншы жырдан бастап, оқуға кірісті. Все разошлися; один Одиссей в опустевшей палате Смерть, замышлять женихам совокупно с Афиной остался. С ним Телемах...
Меңтайдың әсем даусы, жаздыгүні Алматының әр кешесін бойлай ағатын сансыз бұлақтың сылдыр-сыңғыры тәрізденіп, бірте-бірте бөлмені керней бастады. Қыз кітапты бар ықыласымен беріле оқып отыр. Әсіресе ол Пенелопаның басынан кешкен қиыншылық, ауыр жайлар тұсын оқығанда сөл қасіреттердің бәрін өз басынан өткеріп отырғандай қабақ шытып, қиналып қалады. Сол кезде мен ішім ауырып отырғандай кіржиіп, онымен іштей қоса қиналамын. Меңтай даусы жанды әлдилер бүлақ сыңғырындай біркелкі күйге кешкенде мен де кең тыныс алып, жадырап, рақаттанып қаламын. Өзіңіз білесіз,«Одиссеяның» соңғы жыр-тарауларында Одиссей батырдың жары Пенелопа сұлудың соғысқа кеткен ерін жиырма жыл бойы айнымас адалдықпен күткені суреттеледі ғой. Жиырма жыл бойына ол өзінен дәмеленіп, қол созған жігітсымақтардың бәрін әр түрлі айла тауып, бойына дарытпайды. Қызығушылар қыр соңынан қалмаған соң, бірде ол сол елдің дәстүрі бойынша қарт атасына кебін тоқуға кіріседі. Соны бітіріп, атамның алдында келіндік қарызымды өтегеннен кейін ғана басқа күйеуге шығамын деп жар салады. Бірақ Пенелопа күндіз тоқыған өрмегінің жібін өзі ылғи түнде тарқатып тастап отырады. Дәмелі жігіттер арудың бұл айласын сезіп қойып, көбінді тез тоқып бітір деп дігірлейді. Бұл айласы ашылып қалғаннан кейін Пенелопа жаңа бір шартты және ойлап табады. Енді ол Одиссейдің үйде қалған адырнасы ағытулы садағын кімде-кім тартып, бір жебені қатар тізілген он екі шығыршыктың көзінен өткізсе, соған тиемін дейді. Өйткені ол Одиссейдің алып садағын ешкім тарта алмас, сөйтіп мырзалар менен күдерін үзіп, құлағыма тыныштық берер деп үміттенеді. Күйеулердің өзара жарысы белгі-ленген күнге Пенелопадан дәмесі барлардың бәрі тегіс жиналады. Бірақ олардың бірде бірі оқатып, он екі шығыршықган өткізбек түгіл, алып садақтың адырнасын да кигізе алмайды. Осы топырдың үстіне Одиссей келіп, ақ некелі әйелінің басын дауға салғандарды тегіс құртады. Сөйтіп ол өзінің кіршіксіз адал жары Пенелопаға қосылып, өзі жоқта ержетіп, азамат болған ұлы Телемахпен, барша ел-жұртымен табысып, мұратына жетеді. Қасымдағы қыздың оқып отырған кітабына, кітаптың екінші бетінде жатқан оның ақ сүйрік саусақтарына мүлгіп, телміре қарап, қыздың үніне, кітаптың оқиғасына елтіп, екеуіне бірдей ынтығып, мен ұзақотырдым. Сондай сәттерде кейде менің иығым Меңтайдың иығына тиіп кетеді де, вокзалда отырып ұйықтаған адамның селк етіп оянып, мойнының сылқ ете түскенін көрген ешкім жоқ па екен деп, жалма-жан жан- жағына қарап, әлек боп қалатынындай, кеудемді кейін шегеріп, қолымды қайта-қайта уқалай беремін.
Сөйтіп отырып, кешке қарай біз «Одиссеяны» аяқтадық. Әрине, мен осының бәрі өз жырым - өз одиссеям болмағанына іштей өкіндім. Әлдебір көмескі елестер көз алдыма келіп, Сәлиманың мені күтпей, басқа біреуге тиіп кеткені ернімді еріксіз тістетіп, және қынжылтты.
— Міне, бір үлкен жұмыс бітті, ағай, - деп Меңтай кітаптың соңғы бетін жапты. Бірақ оны алдынан ысырып тастамай, оқығанын ойға жинағандай боп, кітаптың сыртын сипап біраз үнсіз отырды.
— Ағай, сіз қалай ойлайсыз? - деді ол содан соңмаған соң- шама бір сабырлылықпен қарап. - Маған Гомер поэмалары қазақдастандарына ұқсайтын сияқты боп көрінеді. Мәселен, мен өз басым осы Одиссейді біздің Қобыланды батырға , Пенелопаны Құртқа сұлуға жақындатамын да тұрамын. Айырмашылық екі елдің тіршілік кәсібінде, бірі теңізді, екіншісі даланы мекендейтіндігінде ғана ғой деймін. Қобыланды жауға аттанып кеткенде оның елін Қызылбас жұрты шауып алып, сол елдің ханы Алшағырдың Құртқаны аламын деп әлек салатыны жаңағы Пенелопаны аламын деушілердің қылығына ұқсамай ма? Өмірі Гомерді естімеген қазақ жырауларының онымен үндес шыққанына қайран қаламын.
Бұл сөздерімен Меңтай маған кітапты кей қыздарша судыратып босқа оқып шықпай, оның мән-мағынасына ой жіберіп, оқығандарын бір-бірімен салыстыра отыратын зерделілігін танытты. «Қаласаң, сен түбегейлі зерттеуші, жақсы ғалым да боп шығар едің-ау» депфйладым мен.
— Иә, рас, - дедім мен Меңтайдың сөзін құптап.
— Менін әдебиеттегі әйел бейнесінен ең жақсы көретіндерім осы Пенелопа, Құртқа тәрізділер, - деді Меңтай ойын ары қарай жалғап. - Бұлардың өзі еңбекші әйелдер. Пенелопаның атасына ақырет тоқымақ боп, күндіз-түні өрмектің үстінен түспеуі, Құртқаның Тайбурылдай тұлпарды балаша мәпелеп, бабын тауып өсіруі ересен еңбекшілдікті білдірмей ме? Меніңше, әйелге керек негізгі үш қасиет бар, ағай. Олар: еңбекшілдік, ақылдылық, сұлулық. Бойында осы үш қасиет тегіс бар әйелді төрт құбыласы түгел әйел деп бағалау абзал. Ал соның алғашқы екеуі ғана табылса, онда соңғысынсыз да өмір сүре беруге болады. Солай емес пе, ағай? - Мен әйелдердің сұлулықты өздеріне ең бірінші қажет деп білетінін, сондықтан сиықсыз әйелдер де өздерін сүлумыз деп есептейтінін сезсем де, Меңтайдың сөзін құптап, тағы да басымды изедім. Бірақ Меңтайдың еңбекшілдікті бірінші қажетдеп біліп отырғанын оның келесі сөзінен ғана анғардым. - «Әдебиеттегі еңбекші әйелдер бейнесі» десе, бір диссертацияға тақырып та болады екен-ау өзі.
Қыз осылай деп сөзін аяқтағандай болды. Бірақ оны мен қайтадан жалғастырдым.
— Осы тақырыпты өзің диплом жұмысы етіп алып, университет бітірген соң оны диссертацияға неге айналдырмайсың, Меңтай?
— Диплом жұмысы етіп алуға болады ғой, - деп барып қыз жымиып күліп алды. - Ал диссертация қорғау менің қолымнан келмес.
— Неге?
— Анада оқытушы ағайдың осы жөнінде өжеттік, өлермендік деп екіге жіктеп айтқан бір өткір сөзі әлі күнге дейін көкейімнен кетпейді. Ол сөз сіздің де есіңізде болар, ағай? - деді Меңтай өзіне тән сыпайылығын берік сақтай отырып.
Иә, мен оны ұмытқан жоқ едім. Өзімізге құдайдай көрінетін қасқа мандай қадірмен оқытушымыз лекция үстінде сөзден сөз шығып кетіп, былай деген еді: «Бағдарлап, барлап қарасақ, кей кезде диссертация түрлі жолдармен қорғалатыны байқалады. Бірі - ғылымға келер жастын шын бейімділік таныт-қан, анық парасатпен қорғауы. Екіншісі - ешбір бейімі, ғылы-мға анық қосар үлесі жоқ қарадүрсін, кейбір адамдардын күрпілдетіп сиыр сауғандай етіп кандидаттык дипломнан ай сайын мол акша сауып отыру мақсатын көздеп, құлқын-құмарлықпен, пайдакүнемдікпен қорғауы. Соңғысы, алғашқыдай ғылымда айтатын өз сөзім бар деп, өзекті жарып шыққан өжеттікпен емес, жалынып-жалпайып, әлеусіреген өлермендікпен қорғау. Сендердің іштеріңде кейін диссертация қорғаймын дейтін талапкерлерің болса, онда ғылымға анау алғашқы ақ, әділ жолмен баруларыңды мәслихат етемін. Осы соңғы сәлекет жол доғарылса екен деп тілеймін».
— Ағайдың сол айтқанындай-ақ, - деді Меңтай жаңағы сөзін жалғап, - ғылымға үлес қосу үшін емес, күрпілдетіп ақша салу үшін ғана диссертация қорғау біздің қыздардың кейбіреулерінін қолдарынан келсе келер, бірақ мен өйте алмаспын. - Меңтайдың енді бұл тақырыпта әңгіме қозғағысы келмеді білем, сөздің бетін басқаға бұрды. - Бұның бәрі мына кітаптан шығып кетті ғой. - Ол алдында жатқан кітаптың сыртын тағы бір сипап қойды. - Айтпақшы, ағай, жаңа, кітап оқып отырғанда көмейіме келген бір сұрақ бар еді. Соны сұрайын ба сізден?
— Сұра, Меңтай, - дедім мен күле түсіп. Қыздың не сұрағалы отырғанын сезгендей, жүрегім су ете қалды.
— Сұрасам, Одиссей батыр сияқты, сіз де соғыстан қайттыңыз ғой. Ал елде сізді күткен өз Пенелопаңыз жоқ па еді? Бұл сұрағыма ренжімеңіз, ағай, - деді Меңтай соңғы сұрағым менің көңіліме кеп қалды ма дегендей, кейінгі сөздерін тездете айтып.
Несіне ренжиін, мен қызға шынымды айттым.
— Болды. Меңтай, - дедім сәл ғана күрсініп қойып. - Аты Сәлима еді. Соғысқа кетерде уәде байластық. Артынан ол осы КазГУ-ге келіп студент болып, оқып жүрді. Хат алысып тұрдық. Оның ең соңғы хатын мен 1944 жылдың басында алдым. Сол хат әлі күнге дейін қалтамда жүр. Тындасаң, оқып берейін.
— Оқыңыз, ағай, - деді Меңтай әлденеден қаймыққандай бөгеле сөйлеп. - Бірақ өзіңізге ауыр болып жүрмесе... олай болса, оқымай-ақ қойыңыз.
— Е, адам басына түскен ауырлықтың бәріне көнуге де тиіс, оны көтеруге де міндетті ғой. Әйтпесе оның несі адам?! - дедім өзімді-езім қайрағандай болып. Содан соң орнымнан тұрып, Меңтай шифонерінің есік жақ сыртындағы темір шегеде қабырғаға ілген қасқырдың терісіндей жер сыза салақтан тұрған шинелімнің ішкі қалтасынан су өтпейтін жылтыр қағазға оралған хаттарды алдым. Бөлме іші қара көлеңке тарта бастаған еді. Меңтай да менімен ілесе орнынан тұрып, есіктің екінші жақ қабырғасындағы қара тиекті бұрап, төбе шамды жақты. Мен орныма отырып, Сәлиманың хатын оқуға кірістім. Мең-тай жаңағы жерге «Одиссеяні» шынтақтай қайта жайғасып, бейтаныс қыздың әр сөзіне барынша зейін қоя тындап қалды.
Мен онда дәптердің алты бетінің асты-үстін толтыра ұзақ жазылған хатты Меңтайға түпнұсқадан оқып берген едім. Енді оны сізге жаттап алған тақпақ сияқты етіп, ауызша айтуыма тура келеді. Егер менің қолыма қарамай, сәл қырындай отырсаңыздар онда түпнұсқадан оқылған хатты тыңдағандай әсер алуларыңыз да мүмкін. Ал бастайын не де болса.
«Жаным Ербол!
Менің сені шексіз сүйетінімді білесің. Өзім де сен дегенде шығарда жаным ғана басқа шығар деуші едім. - Бұрынғы хаттарының бәрінде Сәлима алдымен менің амандығымды сұраушы еді. Содан соң есен-сау бола беруіме, жауды тез жеңіп қайтуыма тілектестік білдіретін. Осыдан кейін ғана өз жайын, ел хабарын баяндауға кірісетін. Ит қуған адамның айқайындай ғып, бірден бұлай бастағаны несі екен деп ойладым бұл хат ең алғаш қолыма тигенде. Содан соң оны ары қарай оқыдым. - Осы кеше ғана ауылға каникулға барып қайттым. Бүркітбай бригадир сенің папаңның орнына колхозға председатель болған еді ғой. Жақында соның бұрынғы бала көтермеген кәрі әйелі қайтыс болыпты. Ауылға мен барған күннің ертеңінде біздікіне сол кісі келді. Маған амандасты. Сабағымның жайын, оқуды қашан бітіретінімді сұрап, біраз отырып, кетіп қалды. Басқа ештеңе деген жоқ. Бірақ кешке шешем маған «сен сол Бүркітбайға тұрмысқа шығасың, егер мені ше- шем дейтін болсаң, сөйтесің!» деп қиғылыкты салды. «Ол менің әкемдей кісі ғой, қалай шығамын?» дедім мен. «Түгі де жоқ, ерлі-байлы болған соң оның үлкендігі де ұмытылып кетеді» деді шешем. Мен көнбедім. Шешем қарысып отырып алды.
«Әкең трудармияда, сен оқудасың. Мына екі бала мен мені кім асырап, сақтайды? Ал Бүркітбайға шықсаң, өзіңнің де жаның тыныш - ит өлген жерге оқу іздеп сандалмайсың. Менің де жаным тыныш - бір жағыңнан өкеңді, бір жағынан сені ойлап, түн ұйқымды төрт бөліп, дөңбекшімеймін. Бүр-кітбай екеуің бүкіл ауылды билеп, бірің бастық, бірің мұғалім боласындар да, отырасындар. Осы заманда осыдан артықтың керегі не?» деп құлағымның етін қудай жеді. Мен сені айттым. «Ерболды қайтесіз, екеуміздің қосылатынымызды ел біледі ғой, - дедім. - Ол күнде хатты Алматыдағы маған да, ауылдағы саған да жазады. Осы үйдің өз адамы болып жолдайды», - дедім.
Достарыңызбен бөлісу: |