Дайджест по освещению в сми



бет10/21
Дата26.06.2018
өлшемі9,54 Mb.
#44306
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

http://ar-ay.kz/?p=5108

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік туралы толғана айтқан сөздерінің бірінде «Көп ұлтты болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз» деп атап көрсеткені белгілі. Расында да, тұрақтылықтың тұғырын нықтап, татулықтың туын көкке көтерген елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір үйдің баласындай берекелі ғұмыр кешуде. Бейбітшіліктің әр күні мейрам екені айтпасақ та түсінікті. Ал, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінің мәні мен маңызы мүлде бөлек. Біз осынау айтулы мерекеге орай Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаевамен сұхбаттасқан едік.

– Маржан Төреғұлқызы, күні кеше ғана Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясына қатысып келдіңіз. Алқалы жиын қандай әсер қалдырды, не ой түйдіңіз?


– «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» ұранымен өткен сессия жұмысы еліміздегі этностардың бірлігі мен ынтымағын тағы да бір паш еткен ірі басқосу болды деп ойлаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатын қатысушыларға жіті түсіндіріп, негізгі мән-мағынасын толық ашып берді. Сенімге құрылған, мол тағылымды әңгіме әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға – болашақ қазақстандық болмысын айқындау төңірегінде өрбіді. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы деп аталатын үлкен отбасы мүшелерімен терең ой бөлісіп, сырласқандай әсер қалдырды. Ассамблея мүшелеріне қоғамды жақсарту жолында жаңаша міндеттер жүктеді. Оны іске асырудың тетіктерін де талдап, түсіндіріп берді. Экономика мен саясаттағы жаңғыру рухани жаңғыруымызға ұласып, Қазақстанды жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті ел қатарына енгізу жолындағы атқарылар игі істерге нақты бағыт-бағдар берілді. Сессиядан алған ерекше сезімімізді сөзбен айтып жеткізу қиын.
Мен өз жерлестерімді Ассамблея Төрағасының алдымызға қойып отырған биік белестерді бағындыруға шақырамын, болашағы біртұтас ұлттың игілігі жолында бірлік пен келісім, татулық пен тұрақтылық көрсетеріне сенімім мол!
– Мемлекет басшысының мақаласындағы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы ұсынысты облысымыздағы өзге ұлт өкілдері қалай қабылдауда?
– Елбасы өз мақаласында алдағы жылдарда жүйелі түрде қолға алу қажет болатын бірнеше жобалардың қатарында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарының басталатынын айтты. Бұл орайда Мемлекет басшысы «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл – сол кезден латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» деп атап көрсетті. Бұл бастаманың артықшылықтары мен уақыт талабына сәйкестігі облыстағы этномәдени бірлестіктердің белсенділерінің қатысуымен өткен кездесулерде бірнеше рет кеңінен талқыланды. Латын қарпіне көшу бастамасы өңірлік ассамблея мүшелері тарапынан толық қолдау тауып отыр.
– Жалпы, бүгінде өңірімізде қанша этнос өкілдері ғұмыр кешуде?
– Облысымызда қазіргі таңда 80-нен аса түрлі этнос өкілдері өмір сүріп жатыр. Әр этностың өз салт-дәстүрлерін сақтап, мәдениетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған. Өңіріміздегі 26 этномәдени бірлестіктің аудандық деңгейде 17 филиалы мен 30 өкілдігі құрылған. Этномәдени орталықтар әр этнос өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға ықпал жасап, еліміздің жан-жақты дамуына үлес қосып келеді. Түрлі этнос өкілдерімен бірлесе жүргізген жұмыс өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға нақты мүмкіндіктер беруде. Халқымыз қашан да бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағалап келген. «Бірлік – біздің қасиетті туымыз» деген Елбасы сөзі соның айғағы.
– Егемен еліміздің болашағы – баянды, келешегі – кемел болуы үшін атқарылып жатқан іргелі істерге облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ықпалы қандай?
– Бүгінде ынтымақ, бірлік, достық ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан, облысымыздағы барлық азаматтар үшін айнымас ұстанымға, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды. Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстандық жол жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық жетістіктің жемісті үлгісіне айналды. Бұл қазақстандықтардың еңбегі мен тұтастығының нәтижесі» – деп айтқаны бар. Міне, тек татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген ғаламат жоспарларды жүзеге асыратын қуатты мемлекет ете аламыз. Бірлігі жарасқан халық қана белді белестерді бағындыра алады. Бүгінгі күні еліміздегі азаматтық институттардың барлығы қоғамдағы келісімнің, бірліктің, елдіктің үздік өнегесін ұстануды мақсат етеді. Бейбітшілік пен тыныштық, халықтың тұтастығы – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының негізгі жетістігі. Қазіргі таңда облыстық Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналды. Облыстық Ассамблея облысымызда тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда десек артық айтқандық емес. Құрылғалы бері 21 жылдың ішінде аталған құрылым достық дәнекеріне айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
– Елбасы Н.Назарбаевтың «Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі» дегені бар. Аталған сенімді нығайту жолында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Қазіргі таңда облысымызда құрылған этномәдени бірлестіктердің жеті жарым мыңнан астам белсенділері қоғамымыздағы татулық пен келісімнің қазақстандық үлгісін дамытуда. Облыстағы 305 мыңға жуық түрлі этнос өкілдерінің 50 пайызға жуығы өз ана тілдерімен қатар мемлекеттік тілді меңгерген. Қазақстан халқы Ассамблеясының басым бағыттары ол – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік, әлеуметтік қамқорлық және татуластыру идеясы. Аталған бағыттарды жүзеге асыруда, біріншіден, республиканың басқа өңірлерімен қатар Жамбыл облысында да Қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс істеуде. Бүгінде олардың жалпы саны облыс, аудан, ауылдық округтер, кәсіпорындарды қоса алғанда 175-ке жетіп отыр. Қоғамдық келісім кеңестері жергілікті жерлерде туындаған мәселелерді мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының күшін біріктіре отырып, дер кезінде шешуді жүзеге асыруда, Кеңес мүшелері өткен жылы 500-ден астам іс-шара өткізді. Оған қоса өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Ғылыми-талдамалық кеңес, Аналар кеңесі, журналистер клубы және түрлі этнос өкілдерінен құрылған жастардың «Ақ желкен» лигасы ортақ мәселелерді келісіммен шешуде ел арасында кеңінен танымал болып отыр. Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясына қайырымдылық қызметін үйлестіру жауапкершілігі жүктелген. Себебі, бейбітшілік, келісім және халықтың бірлігі идеялары айналамыздағы әлеуметтік үдерістерді айналып өте алмайды. Елімізде «Қайырымдылық туралы» Заң қабылданды. Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы бірқатар акциялар, оның ішінде «Қайырымдылық керуені», «20 ізгі іс» шараларын, «Жүректен жүрекке» марафонын өткізе отырып, азаматтардың әлеуметтік санасына оң серпін берді. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанының өзінде «Қайырымды ел» акциясы аясында 12 шара өткізіліп, 167 жағдайы төмен отбасына 9 миллион 150 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек ұйымдастырылды. Үшіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы бітімгершілік идеясын іске асыруда медиация институтын құру және дамыту міндетін атқаруда. 2016 жылы 181 жанжал мен дау-дамайдың алдын алуға облыстық медиация құрылымы бірден-бір себепші болғанын атап кеткен жөн.
– Алда қандай жоспарлы жұмыстар күтіп тұр?
– Өңірлік ассамблея үшін биылғы жыл да ірі жобалар мен шараларды жоспарлы түрде іске асыратын жауапты кезең болғалы тұр. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасын, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру бағытында мақсатты жұмыстар жоспарға сай жүргізілетін болады.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық үйінің» алдында «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік шара ұйымдастырылады. Мамыр айында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы, маусым айында медиация күніне арналған облыстық форум, тамыз айында «Молодежь АНК-2017» облыстық жастар форумы, спорт түрлерінен «Қазақстан халқының ойындары» атты облыстық спартакиада өткізіледі. Сонымен қатар, қыркүйек айында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесінің форумы, «Менің отбасымның дәстүрлері» атты байқау, «Н.Назарбаевтың қазақстандық бейбітшілік пен келісім моделі» тақырыбында жас ғалымдар арасында үздік ғылыми жобалар байқауы, республикалық «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат: дамудың жаңа міндеттерінің кезеңдері» лекторий ұйымдастырылмақ. Жылдың соңғы тоқсанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің облыстық форумы, «Үздік медиатор-2017» байқауы өткізіледі. Елімізде тойланатын барлық мерекелік шараларға ассамблея мүшелері мен этнос өкілдері бір кісідей жұмылдырылады.
– «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қай бағыттар бойынша атсалысатын боласыздар?
– Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өткізілуіне сәйкес біздің құрылымдарымыздың дайындығы өткен жылдан бастау алды. Түрлі деңгейде әр алуан мақсатты топтарды қатыстыра отырып байқаулар ұйымдастырылып, үздік жұмыстар жинақталуда. Мамыр айынан бастап орталық «Достық үйінде» тұрақты «ЭКСПО-2017» көрмесі жұмысын бастайды. Ол жыл соңына дейін келушілердің назарына ұсынылады. Сондай-ақ, ең үздік экспонаттар Астана қаласының көрмелеріне жолданады. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Жамбыл жерінің тарихи-мәдени ескерткіштері мен қасиетті орындарына белсенді жастарымыздың этнографиялық экспедицияларын ұйымдастыруды жоспарладық. Көрме ашылуының қарсаңында «ЭКСПО-2017»: Әлемдік экономиканың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында конференция, маусым айында көрменің ашылуына арналған жастар акциясы өтеді.
– Мереке қарсаңында бір шаңырақ астында берекелі ғұмыр кешіп жатқан жамбылдықтарға айтар тілегіңіз…
– Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес, бізді ел туралы биік ұғымдар, ортақ мүдделер ғана біріктіре алады» деген ұлағатты сөзін басшылыққа алып, біртұтас ұлт болашағы үшін аянбай еңбек ету біздің ұранымыз болуға тиіс. Алдымызға ең қуатты 30 елмен иық тірестіру мақсаты қойылды. Ырысқа бастар ынтымағымыз барда біз бұл межені бағындырамыз. Облысымыздың әрбір азаматын Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі жолындағы бастамаларыңыз бен еңбектеріңізге толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен сәттіліктер тілеймін!
– Әңгімеңізге рахмет.

ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ

https://sn.kz/kk/n-rly-zhol/item/22251-almatyda-kha-kilderini-respublikaly-ke-esi-tti



Алматы қаласында Қазақстан халықтары Ассамблиясы кеңесі мүшелері мен республикалық этномәдени бірлестіктер басшыларының қатысуымен республикалық кеңес өтті.

Жиынға келушілер президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттер мен мүдделерді талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай: «Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен иық түйістіру мүмкін еместігін ашып айтты. Шын мәнінде солай! Қазір санамызды өзгертіп, сілкінбесек ертең кеш болуы әбден мүмкін. Бұл – бірінші мәселе. Ал екінші мәселе, ол – ұлттық кодымызды сақтап қалу. Ұлттық код – еліміздегі халықтардың ең басты құндылығы болуы тиіс. Бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм, еліміздің эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сынды мәселелер осы мақалада жан-жақты сарапталған», - деп атап өтті.

Бұдан бөлек конференция кезінде ҚХА кеңес құрамындағы этномәдени бірлестіктер мен орталықтардың басшылары сөз алды. Этномәдени бірлестік жетекшілері Елбасы саясаты аясында жүзеге асып жатқан жобалары мен істері туралы баяндап берді. Бұдан бөлек, армян мәдени орталықтары қауымдастығының басшысы Артуш Карапетян, А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директоры Шавкат Умаровтар ұлттар достастығы аясында атқарылып жатқан игі қадамдар туралы сөз сөйледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет