https://forbes.kz/news/2017/04/25/newsid_142470
Ассамблея народа Казахстана и Агентство по делам государственной службы и противодействию коррупции РК приняли совместный план мероприятий, передаёт корреспондент МИА «Казинформ».
«Мы подписываем план (...) для формирования антикоррупционной культуры (...) Формирование общественного сознания неприятия коррупции как чуждого - задача модернизации. Явление является залогом стабильности и единства нашего общества», - сказал заместитель председателя АНК Дархан Мынбаев в рамках расширенного заседания Совета организации.
По его словам, план предусматривает конкретные мероприятия по привлечению потенциала Ассамблеи и ее региональных структур, советов общественного согласия и этнокультурных объединений к формированию в обществе нетерпимого отношения к коррупции.
Мынбаев отметил программную статью Президента РК «Взгляд в будущее. Модернизация общественного сознания», в которой говорится, что кумовство - это форма развития карьеры в отсталых обществах.
http://www.elarna.com/koru_kk.php?id=759229
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы жасампаздық әлеуетке ие. Кеңестің кеңейтілген отырысында сөз алған Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Ассамблеяның рөліне осындай баға берді.
– Биылғы жылы ҚХА активі мен барлық құрылымдары саяси, экономикалық және рухани жаңғыру міндетін іске асыруға белсене атсалысуға тиіс. Ассамблеяның алдында мынадай міндеттер тұр. Бірінші – жүзеге асырылған реформа адам құқықтары мен құқықтық мемлекет принциптерінің сақталу кепілдігін күшейтеді. Ассамблея тиісті заңнамаларды жетілдіруге, Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұзылу себептерін жоюға қатысуы керек. Екіншіден, заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің жаңа форматтарын назарға ала отырып, ҚХА Кеңесінің, Мәжілістегі ҚХА депутаттық корпусының, Қоғамдық келісім кеңестерінің және басқа да құрылымдардың өзара іс-қимыл үлгісі жасалуға тиіс,– деді Г.Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы атап өткендей, бүгінгі таңда ұлт табысының негізгі факторы адамның бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Ассамблея қоғамдық мәдениеттің қалыптасуына, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің, ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтаудың, ұлттық бірегейлікті нығайтудың негізі болып табылатын «Туған жер» бағдарламасын, «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» сынды жобаларды іске асыруға үлес қосуы керек.
Осы жиын барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғамның әлеуетін пайдалану мақсатындағы әріптестік туралы бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай айтқандай, құжатта қамтылған нақты іс-шараларды жүзеге асыруға Ассамблеяның барлық өңірлік құрылымдары, Қоғамдық келісім кеңестері, ғылыми-сараптамалық топтар мен этномәдени бірлестіктер атсалысатын болады.
– Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасымыздың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, осы бағыттағы жұмыстарды ілгерілетуге, оны қоғамда кең көлемде насихаттауға өз үлесін қосуда. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді. ...Алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», деп айтқан болатын. Бұл − ақиқатында өте дұрыс сөз. Сол себепті, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қоғам кең көлемде қатысуға тиіс. Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте оң ықпалын тигізетініне сенімдімін,– деді Д.Мыңбай.
Бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша, еліміздегі этностық театрларда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған арнайы концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдар ұйымдастыру, ақпараттық парақшалар әзірлеу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кездесулер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, еліміздегі түрлі этностардың тілдерінде тақырыпқа сай видео-аудиороликтер дайындалып, әлеуметтік желілерде таратылады, телеарналар мен радиоларда жарияланады.
Осы жиында «Қазақстан Республикасындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар тарихы» атты сүбелі ғылыми еңбектің тұсауы кесілді. Бұл ірі жобаны Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырғанын айта кету керек. Аталған еңбекте еліміздегі этносаралық, конфессияаралық қатынастар тарихы зерделенген, ең ірі деген этностардың тарихы, мәдениеті мен дәстүрі зерттелген. Зерттеу жұмысына әлеуметтану, тарих, философия және саясаттану сынды ғылым салаларындағы сегіз ғылым докторы, тоғыз ғылым кандидаты, бес магистр атсалысыпты. Олардың арасында Ж.Артықбаев, А.Камалов, Г.Кан сынды тарих ғылымдарының докторлары бар.
Жоба жетекшісі, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы Айгүл Сәдуақасованың айтуынша, осы жоба аясында бірнеше монографиялық жұмыс топтастырылған.
– Негізгі жұмыс этносаралық қатынастарды зерттеу әдістемесіне бағытталды. Кітапқа «Қазақстандағы ислам және православие», «Қазақстан этностарының тарихы», «Қазақ салт-дәстүрлері мен бүгінгі күн», «Қазақстан орыстары», «Қазақстан өзбектері», «Қазақстан немістері» сынды еңбектер енгізіліп отыр,– деді А.Сәдуақасова.
Осылайша, алғаш рет Қазақстанның кейбір этностарына қатысты тарихи-этнографиялық мәліметтер жүйеленіп, салт-дәстүрлерін, ұстанатын діндерін, ғылым-білім саласындағы, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктерін көрсететін материалдар біріктіріліп отыр. Жиналған зерттеу материалдарды мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және білім беру мекемелерінің жұмысында пайдалану үшін тиісті ұсынымдар да әзірленген.
Алқалы жиын барысында Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарын іске асырудағы өңірлердің тәжірибесі, қоғамдық бақылау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, мәмілегерлік бағыттағы жұмыстар қарастырылды. Парламент Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобының атқарған жұмысы мен алдағы жоспары баяндалды. Қазақстан өзбектерінің «Дустлик» қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының жұмысы ортаға салынды. ҚХА Кеңесі Ассамблеяның «Жомарт жан» төсбелгісін бекіту туралы Хатшылық ұсынысын мақұлдап, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық марапаттары туралы ережені бекітті.
http://www.nomad.su/?a=3-201704260025
В своем выступлении Гульшара Абдыкаликова подчеркнула роль Ассамблеи народа Казахстана, обладающей огромным потенциалом созидания, в реализации поставленных Нурсултаном Назарбаевым задач политической, экономической и духовной модернизации страны
В заседании также участвовали депутаты Парламента РК, заместители акимов и заведующие секретариатами региональных ассамблей, представители министерств и ведомств, республиканских и региональных этнокультурных объединений, члены Научно-экспертного совета АНК, представители СМИ.
В своем выступлении Гульшара Абдыкаликова подчеркнула роль Ассамблеи народа Казахстана, обладающей огромным потенциалом созидания, в реализации поставленных Нурсултаном Назарбаевым задач политической, экономической и духовной модернизации страны.
Как отметила Государственный секретарь, сегодня фактором успеха нации является конкурентоспособность человека. Ассамблея должна внести свой вклад в формирование культуры современного общества, в реализацию программы "Туған жер", проектов "100 новых лиц Казахстана", "Сакральная география Казахстана", которые являются базовой основой воспитания патриотизма, сохранения культурно-генетического кода нации, укрепления национальной идентичности.
В ходе заседания были обсуждены опыт реализации новых направлений деятельности Ассамблеи в Костанайской области, деятельность депутатской группы АНК в Мажилисе Парламента страны, работа Ассоциации общественных объединений узбеков Казахстана "Дустлик".
В соответствии с принципом ротации, Совет АНК выдвинул на рассмотрение сессии АНК кандидатуры общественных заместителей Председателя Ассамблеи, одобрил предложение Секретариата об учреждении нагрудного знака "Жомарт жан" АНК и утвердил Положение об общественных наградах Ассамблеи народа Казахстана.
https://www.zakon.kz/4855869-sostojalos-zasedanie-soveta-assamblei.html
В заседании также участвовали депутаты Парламента РК, заместители акимов и заведующие секретариатами региональных ассамблей, представители министерств и ведомств, республиканских и региональных этнокультурных объединений, члены Научно-экспертного совета АНК, представители СМИ.
В своем выступлении Гульшара Абдыкаликова подчеркнула роль Ассамблеи народа Казахстана, обладающей огромным потенциалом созидания, в реализации поставленных Нурсултаном Назарбаевым задач политической, экономической и духовной модернизации страны.
Как отметила Государственный секретарь, сегодня фактором успеха нации является конкурентоспособность человека. Ассамблея должна внести свой вклад в формирование культуры современного общества, в реализацию программы «Туған жер», проектов «100 новых лиц Казахстана», «Сакральная география Казахстана», которые являются базовой основой воспитания патриотизма, сохранения культурно-генетического кода нации, укрепления национальной идентичности.
В ходе заседания были обсуждены опыт реализации новых направлений деятельности Ассамблеи в Костанайской области, деятельность депутатской группы АНК в Мажилисе Парламента страны, работа Ассоциации общественных объединений узбеков Казахстана «Дустлик».
В соответствии с принципом ротации, Совет АНК выдвинул на рассмотрение сессии АНК кандидатуры общественных заместителей Председателя Ассамблеи, одобрил предложение Секретариата об учреждении нагрудного знака «Жомарт жан» АНК и утвердил Положение об общественных наградах Ассамблеи народа Казахстана.
Достарыңызбен бөлісу: |