http://abai.kz/post/52129
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты.
Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, әкімдердің орынбасарлары мен өңірлік ассамблея хатшылықтарының меңгерушілері, министрліктер мен ведомстволардың, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруда орасан зор жасампаздық әлеуетке ие Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы атап айтқандай, бүгін ұлт табысының негізгі факторы адамның бәсекеге қабілеттілігі болып табылады. Ассамблея заманауи қоғам мәдениетінің қалыптасуына, отансүйгіштікті тәрбиелеудің, ұлттың мәдени-генетикалық кодын сақтаудың, ұлттық бірегейлікті нығайтудың негізі болып табылатын «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобаларын іске асыруда өз үлесін қосуы керек.
Отырыс барысында Қостанай облысында Ассамблея қызметінің жаңа бағыттарын іске асыру тәжірибесі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобының және Қазақстан өзбектерінің «Дустлик» қоғамдық бірлестіктер қауымдастығының жұмысы талқыланды.
Алмастыру қағидатына сәйкес, ҚХА Кеңесі ҚХА сессиясының қарауына Ассамблея Төрағасының қоғамдық орынбасарларының кандидатураларын ұсынды, ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісін бекіту туралы Хатшылықтың ұсынысын мақұлдады және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық марапаттары туралы ережені бекітті.
Достарыңызбен бөлісу: |