Ұзындығы 60 см болатын рычагтың ұштарына массасалары 100г және 500г жүктер ілінген. Рычаг тепе-теңдікте тұру үшін, тіреу нүктесі қай жерде болады?
Өзендегі судың шығыны 500м3/с. Егер судың деңгейі бөгетпен 10 метрге көтерілсе, онда су ағыны қандай қуатқа ие болады? .
Рычагтың ұзындығы 2 м. Рычагтың ұштарына 20Н және 140H күш әсер етеді. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, онда тіреу нүктесі қай жерде болғаны?
Жіптің бос ұшын 10см-ге жоғары тартатын болсақ, (сурет) онда жүк қанша биіктікке көтерілер еді?
Б-ТОБЫ
Массасы 140 кг бөрене, екі арқанмен ілулі тұр. Егер 1=3м және 2=1м болса, арқанның керілу күштері қандай болады.
Рычагтың көмегімен массасы 245кг жүкті бірқалыпты 6 см биіктікке ұзын иініне 500Н күш түсіріп, одан осы күштің түсу нүктесі 0,3м-ге төмендеген. Рычагтың ПӘК-і қандай?
С-ТОБЫ
Ұзындығы 2 м бір текті шынжыр үстелдің үстінде жатыр. Шынжырдың ұзындығының 0,2м бөлігін үстел шетінен төмен түсіргенде, шынжыр төмен сырғи бастайды. Шынжырдың массасы 5 кг, үйкеліс күші шынжыр салмағының 0,1 бөлігіне тең. Шынжыр сырғанап түскенде үйкеліс күшіне қарсы қандай жұмыс атқарар еді?