Ойынның мақсаты: Балаларға есімдерді дұрыс атауды үйрету, мамандықтардың атауларын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: әр-түрлі мамандықтардың суреттері
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балаларға суреттерді қарауды ұсынады. Ол кімдердің суреті, олар қайда кетіп жатқандарын, не жұмыс істейтіндерін айтады. Мысалы: суретте көкөніс сатушысы өзінің дүңгіршігіне кетіп бара жатыр, сатып алушыларға қызмет көрсету үшін.
30.«Бұл қай кезде болады?» (үстеу)
Ойынның мақсаты: Балалармен тәулік бөліктерін бекіту (таңертең,күндіз,кеш,түн)
Ойынның құрал-жабдықтары:Тәулік бөліктері суреті.
Ойынның мазмұны:Тәрбиеші балалармен бірге, тәулік неше бөліктен тұратынын,және тәулік бөліктерін атауды сұрайды.
Тәулік бөліктері бар суреттерді қарап,соған сәйкес келетін суреттерді тауып орналастырады.(таңертең,күндіз,кеш,түн)
31.«Қай жерде не бар?»
Ойынның мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |