Ауызды жайбырақат ашып-жұму, ерін күлімсіреп тұрады.
Тілді жалпыйтып ұстау.
Тілді жіңішкертіп ұстау.
Тілдің қалыптарын кезектеп жасау: жалпақ-жіңішке.
Тілді жоғарғы тістердің артына көтеріп ұстау.
Тілді кезекпен: жоғарыға көтеріп-астына түсіру.
Тілдің мынадай қалыптарын кезектеу (тілдің ұшы төменде): тілді ауыздың ішіне қарай (түбіне қарай) ысырып сосын алдыңғы астыңғы тістерге тигізіп қою.
Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты талабы жүйелілік.
Бірінші комплекстін қозғалыстарын дағдыландырғаннан кейін логопед, баланың қандай дыбыстарды айталмағаннан тәуелдіге сәйкес (лайық) комплекстерді таңдап алып өткізеді.
II комплекс. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің, - С, З, Ц –дыбыстарын дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарын және қалыптарын дағдылануға мүмкіндік жасайтын жаттығулар.
III комплекс. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің, - Ш, Ж, Щ, Ч- дыбыстарын дұрыс айтуына қажетті қозғалыстарын және қалыптарын дағдылануға мүмкіндік жасайтын жаттығулар.