IV комплекс. Артикуляциялық аппаратты –Л- дыбысын дұрыс айтуына дайындайтын жаттығулар.
V комплекс. Артикуляциялық аппаратты –Р- дыбысын дұрыс айтуға дайындайтын жаттығулар.
Барлық жастағы топтарда бірдей комплекстерді қолдануға болады, бірақ артикуляциялық гимнастика жұргізу тұріне және жасы бірдей емес балалар жасайтын жаттығулардың қоятын міндеттері әртүрлі.
Жаттығуларды жасай алмайтын балалармен жеке жұмыс өткізіледі немесе ата-аналарына осы қозғалыстарды үйде балаға жасатсын деген тапсырма беріледі ( күніне 2 рет, тәңертен-кешке 2-5 минуттан).
Екінші кішкентайлар тобының балаларымен жаттығулар ойын түрінде өткізіледі. Қозғалыстарды дағдыландыру көлеміне қойылатын міндеттер аз. Балалар жәй дағдыларды ұғып алып, кейін артикуляциялық аппаратынын қозғалыстарын әрі қарай жетілдіру үшін.
Естиярлар тобында артикуляциялық гимнастикасында ойын тәсілдері қолданылады. Балалардың ұйренген жәй қозғалыстар әрі қарай дамып жетілдіреді. Артикуляциялық гимнастикасына қойылатын талаптар да көтеріледі.
Ересектер тобында қозғалыстардың орындалуы ырғақты, жеңілтек және анық болуын қадағалау керек; артикуляциялық аппаратынын мүшелерін бір қозғалыстан және қалыптан, басқасына тез және ырғақты көшуін қадағалайды. Қорытындысын дәл және тұрақты болуын қадағалап, шыққан қалыптарын біраз уақыт өзгертпей ұстап тұру керек. Қозғалыстар жеңіл, дұрыс және үйреншікті , оларды кез келген екпінде өткізуге болады. Керекті дыбыстарға арналған комплексті жасап ұйренгеннен кейін артикуляциялық гимнастикасына дыбыс еліктеулерін қосуға болады.
Ересектер және мектепалды даярлық тобында балалар дыбыстарды дұрыс айтып үйренгенде, артикуляциялық гимнастикасына әртүрлі дыбыстардың жіктеуіне арналған жаттығулар алынады:
А) дауысты дыбыстар: И-У, Э-О, И-О, Э-У, И-Э, У-О;
Б) сонор және ұян дауыссыздар: М-Б, Н-Г;
В) үнді дауыссыздар: М-Л, Н-Л;
Г) ұян және қатан дыбыссыздар: Б-Д, Ф-Х;
Д) ұян және қатан дыбыссыздар: Б-В, К-Х;
Е) ұян және қатан дыбыссыздар: С-Х, Д-Г;
Сабақ күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен
міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек.
Жаттығулар 15 минуттан аспау керек.
Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар рындалу керек.
Сабақ барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар ол тапсыманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.
Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек“Айнаға қарап жаттығу жасау”
Достарыңызбен бөлісу: |