Бас миының зақымдалуын тудыратын инфекциялық агенттер өте көп. Ең негізгілері: ЕСНО, Коксаки вирусы,герпес вирусы, стафилакокк. Олардың барлығы менингит, энцефалит, арахноидит туындауына себепші болады.
Уыттану – бұл алкоголь,наркотикалық препараттарды шектен тыс қолдану, саңырауқұлықпен,ауыр металл тұздарымен, уытты газбен және әр түрлі препараттардың көп мөлшерінің әсерінен организмнің улануы.
Атропинмен,димедролмен,антидепрессант,уытты газ және саңырауқұлақпен улану кезінде – делирий болады. Психостимуляторлармен улану кезінде интоксикациялық паранойд болады,ол айқын есту,көру галлюцинацияларымен және сандырақ ойлармен көрініс береді. Созылмалы интоксикацияда – когнитивті бұзылыстар және неврозға тән белгілер(әлсіздік,шаршағыштық,ипохондрия,депрессивті бұзылыстар)байқалады.