3. Мемлекеттік мекеме — мемлекет Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінін нормативтік құқықтық, актілерімен мемлекет құрған және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру кездері белгіленбесе, тек мемлекеттік бюджеттің немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) есебінен ғана ұсталатын мекеме.