Сабақтың мақсаты:
Ұлы жеңістің 70 - жылдығына орай ұйымдастырылып отырған отты жылдары қан майданда от кешкен, есімдері мәңгі ұрпақ есінде сақталуы жайында толық мағлұмат беру. Ұлы жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін дәріптеу, жас ұрпақтарды бейбітшілікті сақтауға, нығайтуға, өз Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін, арттырып патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қаза болған батырлардың ерлігін, ешқашан ұмытпауға тәрбиелеу.
2. Оқушыларды сонау сұрапыл соғыста ерен ерлік көрсеткен, батырларымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларға үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі. Қазақстандық батырлардың суреттері. Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы
Мұғалім. Құрметті қонақтар!
Әрқайсымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы күндер қалды.
Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын.
Өкінішке қарай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де ештеңе де ұмытпауы тиіс! Себебі бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Солай болғандықтан да өскелең ұрпақты аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.
1-оқушы. Бүгінгі ашық тәрбие сағаты соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады
Ұлы Отан соғысы туралы кинофильм көрсетіледі.
Мұғалім : Фашистер күшті Армия жасақтап, басқа халықтарды құлға айналдыру мақсатында, соғыс ашты. Фашистер күзге дейін - ақ Кеңес Одағын жеңеміз деп даурықты. Фашистерге қарсы бүкіл халық көтерілді. Партия халыққа «Бәрі майдан үшін» «Бәрі де жеңіс үшін» деген ұран тастады. Бұл ұранды бүкіл ел қолдады. Дәл
осы кезде «Отан ана шақырады»деген ұранмен бүкіл кеңес халқы майданға аттанды. Қазақстаннан 1200000 адам Қызыл Армия қатарына алынды. Жауға атылған әрбір оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілді. Неміс – фашист армиясының түпкі мақсаты Москваны басып алу еді.
1-оқушы. «Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштері мен обелискілеріне де қашалып жазылған.әбілқайыр
3-оқушы. Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр азаттық күрестің айбынды күні.Рахымжан
4-оқушы. 9-мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме?
Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Маржан
5- оқушы. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.Оспан
6-оқушы. Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.Толғанай
7-оқушы. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.+Қанағат
8-оқушы. Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде « Батыр» деп жазып кетті.Исмайл
9-оқушы. Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.Іңкәр
15-оқушы. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23-і қаза тапты, 28-дің 22-сі - қазақстандықтар еді.Абылайхан
Кетпес олар естен мәңгі,
Кектері тұр кеудемізде,-
Ерлік даңқы – жеңіс таңы
Жарқыратып келді бізге
Жаным.Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек-жарақ заттарымды қолға алып.
Жиырма екінші сағатында қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
10-оқушы. Іңкәр
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып, халқы үшін
Жанып түскен ақ жұлдыз.
11-оқушы. Шынар
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққан ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
12-оқушы. Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.
13-оқушы.
.
18-оқушы. 1945 жылдың 30-сәуірі. Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тіккен жеңіс туы желбіреді
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен.
Жеңдік жауды күресте,
Жасалсын той-мереке!
Абылайхан :Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл Панфиловшының 23-і қаза тапты,28-дің 22-сі қазақстандықтар.
10-оқушы.1945 жылдың 9-мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс! Күлімкөз
20-оқушы.
Сүйінші, халқым сүйінші,
Сүйіншіге – сүйінші! Күлімкөз
Шаттан ата-анамыз!
Шаттан, ата-бабамыз!
Рахымжан.
Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
21-оқушы.
Ән. «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
Оқушы: Қазіргі тыныш заманға
Жеткізген бізді өздерің.
Бас иемін сіздерге,
Батыл да батыр бабалар.
Оқушы: Қанағат
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар
Әбілқайыр:Дарқан мінез,дария ой,дара шыңдар,
Жарқын жүзді,жүрегі ақ,жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.
Әлия Молдағулова туралы видео материял:
Айтыс
1-оқушы:
Айтып қойшы қарағым,
Қандай боп жүр сабағың?
Жайын біліп қояйын,
Сендей сері баланың.
2-оқушы:
Сөзін тыңда қарағым
Мен секілді баланың
Сабақтан мен алдамын,
Өнерден де қалмадым
Бүгінгі жеңіс тойыңда,
Шырқатып ән саламын.
1-оқушы:
Таудай үлкен талабым
Мен бармақтай баламын.
Ертең өсіп толамын
Мен дәрігер боламын:
2-оқушы:
Ал мен 21 ғасырдың –
Президенті боламын!
Халық қамын ойлайтын
Мен азамат боламын.
Екеуі бірігіп:
Қарамаңыз кішкентай бойымызға,
Биіктейді жыл сайын ойымыз да.
Біліммен де достасып, еңбекпен де,
Ел алғысын алармыз ержеткенде.
Ән. «Әрқашан күн сөнбесін»
Соңында бұлттар, күн, құстарға тілектер жазып тақтаға ілеміз. Бейбіт өмірдің аспанын бейнелейміз.
Мұғалім: Балалар отандарыңды сүйіп, қастерлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |