Дайындаған: Кенжеғали.Қ Қабылдаған: Жазыкова. Р 2023-2024 оқу жылы Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері


Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар



бет2/2
Дата06.11.2023
өлшемі19,86 Kb.
#189917
1   2
Байланысты:
синтаксис

Зат есімдер мен есімдіктерден болған бастауыштар. Сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалатын сөздер, негізінде, зат есімдер болғанмен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш-суьбекттінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болатындықтан, сол қызметі өтей алатын заттардың аты арнаулы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан ондай зат есімдер арнаулы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалға: Жарас ағаш екті деген сөйлемді алайық. Мұнда Жарас, ағаш деген екі зат есім бар.Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған. Жарас-қимыл иесі, бастауыш, ағаш-қимылдың объектісі, толықтауыш.Олардың орнын ауыстырғанмен бірінің қызметінде екіншісі жұмсала алмайды. Оның себебі-ол екі зат есімнің екі түрлі синтасистік қызметті атқаруға бейімділігінде: Жарас-арнаулы бастауыш болатын сөз де, ағаш-арнаулы толықтауыш болатын сөз.
Сапалық есімдерден болған бастауыштар. Заттың сындық сапасын білдіретін сын есімдер, ойды ықшамды етіп сөзбен білдіру керек болғанда, зат есімдермен қатарласып түрмай-ақ, дара күйінде бастауыш жəне толықтауышта болуы мүмкін. Ондайда сын есімдердің сапалық мағынасы жойылып кетпей, олар əрі заттық, əрі сындық мағынада жұмсалады. Сонда сын есімдер əдетте қандай заттардың сындық сапасы болып жұмсалатын болса, сондай заттардың бастауыштық қызметін атқарып тұрады.Терең көбінесе судың, теңіздің, көлдің, өзеннің сыны болатын сөз. Сондықтан оны бастауыш қызметінде Терең батырады (мақал) десек, алдымен «Терең су батырады» деп түсінеміз.
Күрделі жəне үйірлі бастауыштар. Бастауыштар да жеке сөзді дара (жалаң) көп сөзден құралған күрделі не үйірлі жəне басқа сөйлем мүшелері сияқты бірыңғай болады: Əлдененше сөз күрделі бастауыш болу үшін, олар өз-ара синтаксистік тығыз байланыста болулары керек те, сөйлемнің баяндауышы сол сөз тіркестеріндегі сөздермен байланысқан болуы керек:

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлемдегі айтылған ойдың белгілі бір тиянағы болып келетін мүше баяндауыш деп аталады. А. Байтұрсынов; «Нәрсенің сыр-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын баяншы мүше болады»
Баяндауыш болатын мүше бастауыштың әр түрлі жай-күйін білдіреді. Оның мұндай қызметі қандай сөз табынан,, қандай грамматикалық тұлғада, мағынада тұрғанына байланысты.Тіліміздегі сөйлем мүшелерінің қай-қайыссы да, оның ішінде баяндауыштың әр түрлі тұлғада қолданылуы оның қызметі кең көлемді екенін білдіреді. Баяндауыштың жасалуы;

  • Сөздердің түбір күйінде баяндауыш болуы. Қай сөздің болса да баяндауыштық қызметі сол сөйлемдегі субьектілік, предикаттық қатынастан көрінеді. Сондықтан баяндауыштың қызметі басқа мүшелермен, әсіресе бастауышпен қатар айтқанда айтқан болады. Дара тұрған күйінде көбірек баяндауыш болатын- етістіктер.

  • Сөздердің грамматикалық тұлғалар арқылы баяндауыш болуы. Баяндауыштардың морфология-синтаксистік тұлғасы- жіктік жалғаулары. Жіктік жалғаулары әрі баяндауыштық, әрі бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын синтаксистік тұлға.

Көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты-басты негізгі екі салаға бөлінеді: 1. Етістік баяндауыштар: 2. Есім баяндауыштар. Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштар да дара күрделі жəне ол екі түрі аралас айтылған құрама болуы мүмкін. Етістіктерден болған дара баяндауыштар. Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі- баяндауыш болу. Олардың баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштарының дені- етістікті баяндауыштар. Айттым, болды. Кестім, үзілді!... дегеніндей олар дара күйінде–ақ баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болыпта келеді. Етістіктердің сөйлемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсалуынан олардың өздеріне тəн мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Етістіктің сабақты жəне салт болуы сияқты, болымды жəне болымсыз болуы да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде жұмсалуында да ерекшелігі жоқ. Дегенмен солар арқылы болымды, болымсыз сөйлемдер жасалатындықтан , олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек болады. Оның үстіне айтпаймын, жазбаймын деген сияқты, ашық райлы болымсыз етістікті баяндауыштың кейде айтпан, жазбан болып айтылуында стильдік айырмашылық болады. Мысалы: бір істі істеуден үзілді-кесілді бас тартқанда, айтылған хабарға өктемдік сипат беру керек болғанда, соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз əдебиетінде жиі ұшырасады.Мысалы: Тəуекелге келгенде, алдымда тау тұрса да тайынбан. Етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола береді. Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады: Өнер білім бар жұрттар, тастан сарай салғызады. Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрамлас сөйлемдердің баяндауыштары болып келе береді. Бірақ кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышы бола алмайды. Есімшелердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: I, II жақта баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, III жақта жіктік жалғау жалғанбайды. Етістіктерден болған күрделі баяндауыштар. Күрделі етістікті баяндауыштың құрамы. Қазақ тілінде де əлденеше етістіктер түйдекті топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі кездесетіні белгілі. Олардың көп құрамды болудағы баяндауыштық негізі қызметі –қимыл процесінің құбылмалы нəзік реңктерін білдіру. Əлденеше етістік бір күрделі баяндауыш болғанда, оның біреуі ең негізгі болады да, қалғандары оған не біріне- бірі көмекші болады. Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі қолданылады: арнаулы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктердің де бір талайы көмекші етістіктерден басқа негізгі етістіктерді4 де бір талайы көмекші болып жұмсала береді. Олардың өзара көсемше, есімше тұлғалар арқылы байланысқан түйдекті тобының құрамы екі я үш, кейде төрт ябес етістікті болып та келеді. Күрделі баяндауыш құрамындағы етістіктердің қызметі. Көмекші етістіктер жоқарғыдай синтаксистік тіркеске түсіп, баяндауыштың шақтық, түрпаттық (видтік), модальдық,т.б. мағанасын түрлендіріп, кейде бір қалыптан екінші қалыпқа түседі. Ондайда кез келген етістік қатар қойылып, оның алдыңғысы негізгі, соңғысы көмекші қызметте жұмсала бермейді, олардың біріне-бірі үйлес келетін, бірін- бірі толықтыратын, кейде біріне екіншісінің мағанасына қарсы келетін етістіктерден құралып, синтаксистік бірлік жасалады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет