Шығармашылық қабілеттерінің көтерілуіне. Ойларын дәл айтып, дәлелдей білуге үйренулеріне көп септігін тигізетін жұмыстың бірі – «Себебін тап» деген ойын
8. Шығармашылық қабілеттерінің көтерілуіне. Ойларын дәл айтып, дәлелдей білуге үйренулеріне көп септігін тигізетін жұмыстың бірі – «Себебін тап» деген ойын. Мысалы оқушыларға «Үйдегі электр шамдарының бәрі сөніп қалды. Ол неліктен?» деген сұраққа оқушылардың жауаптары неше түрлі болуы мүмкін.
-Қатты жел соқты.
- Электрді үнемдеу үшін арнайы сөндірілді.
- Найзағай түсті.
- Біреу байқамай электр бағанын машинамен соғып кетті.
- Электр станциясы бұзылып жұмысын тоқтатты – деген сияқты түрлі дәлелдер ұсынуы мүмкін.Сол сияқты «Ақтөс қатты үрді,неге?» «Аулада ән салған құстар көрінбейді,неге?», «Ағаштар жапырақсыз қалыпты, неге?», «Айнала қап-қараңғы,неге?», «Жердің бәрі су, лай, не болған?» -деген сияқты түрлі оқушылардың ой – өрісін дамытатын сұрақтарды қоюға болады.