Дайындаған: Унгарбаева Аяужан Маңғыстау ауданы 2016 Түсініктеме


Барлық құбылыстар, заттар белгілі заңдылыққа бағынатынын анықтауға бағытталған «Артық сөз»



бет7/7
Дата08.02.2022
өлшемі20,09 Kb.
#121559
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00123c0d-3c28fd91

9. Барлық құбылыстар, заттар белгілі заңдылыққа бағынатынын анықтауға бағытталған «Артық сөз» ойыны да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.Берілген сөздер қатарынан артық сөзді табу, заңдылығын түсіндіру.
Үстел, шкаф, орындық, нан, керуерт.
Айран ,сүт, май, құрт, шырын, ірімшік.
Мектеп, сабақ, су, карта, тақта, сынып.
Футбол, ләңгі, қуыршақ, волейбол, баскетбол.
Гүл, жасыл шөп, бәйшешек, құстар, аяз.
Қар, боран, қыс, ыстық, боран, аяз.
10. Өз пікірлерін дәлелдеуге, заттардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратуға «Ассоциация табу» тапсырмасының да берері мол.
Кез-келген сөздері беріп ассоциация құратуға болады. Мысалы. «Астана» сөзіне оқушылар – ақ қала, аппақ, биік үйлер, Бәйтерек, Пирамида, Думан деген сияқты ассоцияция келтіреді.
Көктем – жылы күн, ашық аспан, келеген құстар, ұя жасаған құстар, еріген қар, төлдеген мал,еңбектенген адамдар.
Наурыз – жаңару, жақсылық тілеу, мереке, наурыз көже, әдемі киінген адамдар, көңілді күй,бата, салт-дәстүр
Ана – жылылық, мейірім, шуақ, сүйіспеншілік, аялы алақан, жаныңды жадырату, тыныштық, сабыр.
Сондай-ақ осы тапсырманы суретті ассоциация құрауға да беруге болады.мақал-мәтелдерге де осындай асоциация таптыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет