Дайындаған: Унгарбаева Аяужан Маңғыстау ауданы 2016 Түсініктеме



бет2/7
Дата08.02.2022
өлшемі20,09 Kb.
#121559
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00123c0d-3c28fd91

Шығармашылық тапсырмалар
Оқушылардың сөз саптауларына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына «Ұйқасын тауып ойнаймыз» ойынының тигізетін пайдасы зор.
Ұйқас құрау( ұйқастың бірінші жолы беріледі, екінші жолын оқушылар өздері құрайды)
Шаң тозаң лас, Әсем сабақ оқыды.
Болмасын класс. Дина кілем тоқыды.
Аспанда күн бар, Өте ақылды есек
Жерде гүл бар. Шығарыпты есеп.
Қолыңда алма, Көңілді жүр,
Түсіріп алма. Жадырап жүр.


2. Жұмбақ құрау.( заттардың атауларын беру, оқушылар ұйқасын келтіре отырып, заттың негізгі белгілері арқылы сөзді жасырады)
1. Күндіз басыңда тұрады,
Түнде ілулі тұрады (бас киім)
2. Ащы емес тәтті,
Бос емес қатты. (қант)
3. Қыста да мұз,
Жазда да мұз. (балмұздақ)
4. Ауыңа әкеп салғанды,
Күні бойы шайнайсың.
Шайнасаң да қанша,
Бәрібір жей алмайсың.( сағыз) Жұмбақ құрауды алғаш жеңіл түрінен бастап, кейін күрделендіре беруге болады. Жұмбақ құрастыру оқушылардың ой-қиялын, дүниетанымдарын өрістете отырып, алғырлыққа, зеректікке, шешендікке баулудың ұтымды құралы.
3. Жалғастыр.(Әңгіменің немесе ертегінің сюжетін бастап беру, ал оқушыларға аяқтауды тапсыру.Оқиға желісін бұзбай жалғастыруды талап ету.)
Мысалы : «Бір күні Әсет мектептен келе жатыр еді, жолда мияулаған мысық даусы естілді.» -деп әңгімені бастап беруге болады. Бірнеше оқушы тізбектей отырып жалғастырады. Әр бала өз шығармашылығын қосады.
«Әсет дауыс шыққан жаққа қарай жүгіріп барды. Екі бала мысықтың мойнынан сым темірмен байлап сүйреп жүр екен. Оның жаны ашып кетті» -деп тоқтаса, келесі оқушы «Әсет балалардың жанына жүгіріп барып, мысықты босатуларын өтінді. Балалар оңай келіспеді. Әсеттің өзін батпаққа итеріп жіберді.» деп тоқтайды да , келесі оқушы «Әсет бой бермеді. Қайтадан тұрып мысықты босатып алуға жүгірді. Мұны көшеде өтіп бара жатқан ағай көріп, Әсетке көмекке келді. Балалар қашып барап, алыстан Әсетті мазақтап, күліп тұрды. Әсет өз ісіне қуанып, кішкене мысықты үйіне алып кетті »- деп аяқтаулары мүмкін. Мұндай жұмыстар оқушының ой-қиялын ұшқырлығын күшейтете түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет