Құдайлар туралы, олардың алып дәулермен және титан- дармен күресі туралы мифтер, негізінен алғанда, Гесиод- тың «Теогония» («Тәңір тегі») дастаны бойынша баяндалған. Кейбір хикаялар, сондай-ақ Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» қиссаларының және Рим ақыны Овидийдің «Метаморфоза» («Айналу») поэмасынан алынған.
Әуел баста шетсіз-шексіз, мәңгілік қап-қараңғы үңірейген кең қуыс қана еді. Яғни тірліктің қайнар көзі сонда жатқан-ды. Барлығы да бүкіл әлем мен мәңгі жасайтын құдайлар да шеті-шегі жоқ тап сол кеңістікте пайда болды. Жер құдайы әйел - Гея да содан жарал- ды. Өзінде тіршілік етіп, өніп-өсетіннің бәріне өмір беретін қуатты Жер ұшы-қиырсыз боп созылып жүре берді. Ал Жердің түу тереңінде, бізден көз жеткізгісіз кең де ашық аспан қандай қашықта болса, нақ сондай түпсіз тереңдікте сұсты Тартар мәңгі қара түнек, түпсіз терең шыңырау жаратылды.
Хаостан дүниенің бәрін жандандыратын қуатты күш - Махаббат - Эрос та туды. Ұшы-қиырсыз Хаос мәңгілік Түнек - Эреб пен. қараңғы Түн - Нюктаны дүниеге келтірді. Ал Түн мен Түнектен мәңлік жарык - Эфир мен көңілді, сәулетті Күн - Гемера пайда болды. Жарық бар әлемге жайы- лып, түн мен күн бірін-бірі алмастыра бастады. Куатты, берекелі Жер түпсіз көгілдір Аспан - Уран- ды дүниеге әкелді, сөйтіп Жер үстінде көсіле көлбеп Ас- пан жатты. Жерден жаралған заңғар таулар аспанға ас- қақтай көтеріліп, мәңгі буырқанып жататын шалқар Теңіз пайда болды.
Әлемге Уран - Аспан үстемдік етті. Ол өзіне зайып етіп нәрлі Жерді алды. Уран мен Геяның құдіретті, қаһарлы алыптар болып туған алты ұлы мен алты қызы болды. Олардың ұлы бүкіл жерді айналып ағып жататын Мұхит алып пен әйел құдай Фетида өз суларын теңізге құйып жататын барлық өзендерді және теңіздің әйел тәнірілері - океанидаларды дүниеге келтірді. Ал титан- дар Гипперион мен Тейя дүниеге өз перзенттері: Күн Гелиосты, Ай - Сленаны және шырайлы таң шапағы - алқызыл саусақты Эосты (Аврораны) берді. Астрей мен Эостан тұңғиық түнгі аспанда жарқырап тұратын жұлдыздар және үдей соғатын солтүстік желі - Борей, шығыс желі - Эвр, дымқыл оңтүстік желі - Нот және нөсер жауынды бұлттарды әкелетін қоқыржай батыс желі - Зефир сияқты желдер пайда болды. Құдіретті Жер титандардан басқа үш алыпты - маңдайларында бір-бір көздері бар жалғыз көзді дәулер циклоптарды және елу басты, тау сияқты зор үш алыпты - жүз қолды гекатонхейрлерді дүниеге келтірді, бұлар- дың бұлай аталу себебі: әрқайсысының жүз қолы бола- тын. Олардың сұмдық күшіне еш нәрсе де төтеп бере алмайды, сұрапыл күштерінде тіпті шек жоқ.
Уран өзінің алып балаларын жек көріп алды, оларды әйел құдай Жердің терең түнегіндегі қапасқа қамады да, жарыққа шығуына тыйым салды. Олардың анасы Жер азап шегумен болды. Қойнауына қамалған алапат ауыртпалық оны жаныштап жатты. Жер өз балалары титандарды шақырып алып, әкесі Уранға қарсы бас көтеруге үгіттеді. Бірақ балалар әкеге қарсы қол көтеру- ден қорықты. Тек ең кішісі зымиян Крон¹ ғана айла- қулығымен өз әкесін құлатып, билікті тартып алды.
Әйел құдай Түн Кронды жазалау мақсатында кұдайлардың сұмдық бір шоғырын: ажал Танатты, араздық Эрриданы, алдауын - Апатаны, жойғыш - Керді, ауыр түс көргізетін ұйқы - Гипносты, қылмыс жасағаны үшін кессе кешірмейтін Йемесиданы және басқа толып жатқан зұлымдарды туды. Бұл құдайлар өз әкесінің тағына отырган Крон жаһанға жан түршігерлік үреймен алауыздықты, алдау мен арбауды, қырқыс пен бақытсыздықты әкелді.
Крон - бәрін де жалмайтын уақыт (хронос - уақыт).
Достарыңызбен бөлісу: |