Дайрабай Нұрсұлтан жм-904 1- деңгей Дін түсінігі



бет2/6
Дата26.12.2021
өлшемі21,69 Kb.
#105882
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ясауитану 1апта
Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима, Лекция ОЗ 509 23-24
2.Діндердің түрлері

Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді. олар: Христиан, Ислам, Индуизм, Буддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер (folk religion).



Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - яғни Құдайға сенбейді, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар деп есептейді, бірақ ол тегі қандай, қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сондықтан дін атаулыға да сеніп кетпейтін, сыни ойлайтын адам, және бәлкім скептик - Құдайға және дінге сенуге де, сенбеуге де келіспейтін, бәлкім рас, бәлкім өтірік, мұны адамзат анықтай алмайды деп есептейтін адам. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны қазіргі әлемде жаппай өсу үстіндеде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты сандық шамада сақталуда.
Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден Ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. Діннің екі сипаты бар. Төменгісі — сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы — имандылық. Имандылық барлық дерлік діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты — бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Мысалы, тасбих тартып, Құдайдың қасиетті есімдерін қайталау; зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет