"Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебі" кмм сі «Әдеп және парасаттылық»



бет30/44
Дата16.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#132053
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
Әдеп және парасаттылық КТЖ (2)

9 - сабақ Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім
Құндылық: достық, татулық
Қасиеттер: мейірімділік, қайырымдылық
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
ә) дамытушылық: шынайы достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
б)тәрбиелік: мейірімділікке,қарапайымдылыққа,достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қабілетін дамыту, «бағыттап оқу», Т кестесі стратегиялары
Ресурстар: оқулық, үнтаспа, слайд, карточка, маркер, ватман, стикер
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.


Кешірім, келісім, татулық атты сөздер арқылы топқа бөліну.
Тыныштық сәті. (3 мин)
Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші.

  • Тіршіліктің оянуын,

  • Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.

Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.
Атып келе жатқан таң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.
Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Табиғат та оянған, оян сен де!
Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл - күйлерін) сұрау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет