Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ҚАЙНҰҚА ЯҺУДИЛЕРІМЕН АЙҚАС



Pdf көрінісі
бет211/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ҚАЙНҰҚА ЯҺУДИЛЕРІМЕН АЙҚАС
Хижреттің екінші жылы. Милади 624-жыл. 
Мұсылмандардың Бәдір шайқасындағы ұлы жеңісі Мәдинадағы 
яһудилердің мазасын кетірді. Пайғамбарымызбен арада бейбіт келісім бола 
тұра олардың жасырын түрде мұсылмандарға қарсы ұйымдасатыны 
білінетін... Аллаһтан хақ кітап түскен халықтың өкілдері болғандықтан 
Хазіреті Мұхаммед олармен өзара түсіністікті сақтауға ерекше мән беретін. 
Соған қарамастан яһудилер опасыздықтарын бірде ашық, енді бірде жасырын 
жария қылады. Шайырлары пайғамбарымызды мазақ өлеңдеріне арқау етіп
мұсылмандардың намысына тиетін жырларды көпшілік арасында шабыттана 
оқып, өркөкіректік танытатын. 
Бұрын да әңгімеленгендей, Мәдинаның тұрғылықты яһудилері үш 
тайпа еді: Бәни Құрайза, Бәни Надр және Бәни Қайнұқа. Ең содыры, біреуге 
тиіспесе тынышы кететін Бәни Қайнұқа зергерлікпен айналысқандықтан ең 
дәулеттілері саналатын. Басқа яһудилер сияқты бұлар да мұсылмандарға 
қарсы ұйымдаспауға, сыртқы жаудан Мәдинаны мұсылмандармен бірге 
қорғауға 
және 
бір-бірінің 
дұшпанына 
мүлдем 
көмек 
қолын 
созбайтындықтарына сөз беріп, Аллаһ Елшісімен келісімге келген. 
Өкініштісі, келісім сөз күйінде қалып, яһудилер ашықтан ашық 
мұсылмандарға тепкі көрсеткендерімен қоймай, құрайыш мүшріктерімен 
ауыз жаласып, шын бет-бейнелерін аз ғана уақытта танытады. 
Бірде бір әнсар мұсылманның әйелі бет-ауызын орамалымен тұмшалап 
зергер дүкеніне барады. Сол жерде отырған қандыкөз яһудилер әлгі әйелдің 
бетін аштырмақ болады. Әйел қарсылық білдіреді. Сол мезетте бос күлкі 
қуған дүкендегілердің біреуі әйелге сездірместен артынан келіп оның етегін 
беліне дейін көтеріп, түйреуішпен іліп қояды. Әйел кетпек болып оқыс 
бұрылғанда бәрі қарқ-қарқ күліп, арзан ойынға мәз болысады. Абыройы 
ашылған әйел сол жерде жан даусымен айқайлап айналадағыларды көмекке 
шақырады. Сол маңнан өтіп бара жатқан бір мұсылман жанұшыра жүгіріп 
келіп күлкісін жия алмай отырған яһудидің бірін алқымнан ала түсіп, 
буындырып өлтіреді. Мұны көргенде қалғандары не болғанын түсінбей 
алғашқыда аңырғанмен, тез естерін жиып, жабылып әлгі мұсылманға 
жабылып, оны шейіт қылады. Сөйтіп яһудилер мен мұсылмандардың 
арасында қанды кекке жол ашады. Яһудилер бейбіт келісімнің бұзылуына 
себепкер болады. 


236
Шейіт 
болған 
мұсылманның 
туған-туыстары 
пайғамбарымызға 
шағымданып, көмек сұрайды. 
Пайғамбарымыз Бәни Қайнұқалардың басын қосып, иманға келуге 
шақырады. Бұлайша бет-албат, ойларына келгенін жасауды тыймаса, 
Бәдірдегі мүшріктердің халі бастарына келетінін ескертеді. Яһудилер мұны 
да місе тұтпайды. 
"Уа, Мұхаммед! Сен нағыз шайқастың не екенін білмейтін 
әлдебіреулерді жеңгеніңе малданба. Біз олар сияқты емеспіз. Соғысудың 
қыр-сырын жақсы білеміз. Бізбен соғыссаң, сонда ғана біздің кім екенімізді 
түсінетін боласың", - деп жамырай шуласып, тарайды. 
Өркөкіректеніп, паңдана сөйлеген яһудилердің барар жері Аллаһтың 
аятында аян болды. Али Имран сүресінің 12-аятында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет