139
Омардың ойы түгелдей аяқ астынан өзгеріп шыға келді. Ол тезірек
Расулаллаһпен жүздесіп, кәлимаға тілін келтіріп
мәңгілік нұрға қауышуға
асықты.
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) Сафаның баурайындағы Дарул-Әркамда
екенін білетін ол, Хаббабты қасына алып, соған қарай бет түзеді.
Дарул-Әркамның күзетшісі алыстан Омардың қаруын сайлап келе
жатқанын хабарлайды. Іштегілердің
бәрі жағымсыз жаңалықты естіп,
қобалжи бастағанда Хазіреті Хамза тұрып:
"Келсін, қорқатын ештеңе де жоқ. Егер қайырлы мақсатпен келсе,
қонақ етіп сыйлап күтерміз. Егер пиғылы теріс болса,
өз қылышымен өзін
өлтірерміз", - деді нық сеніммен.
Пайғамбарлар сардарының жүзі нұрланып, күлімсіреді. Өйткені оған
Омардың тура жолды таңдағаны сездірілген-тін.
"Келсін, келсін. Қобалжымай-ақ қойыңдар. Егер Аллаһ тілесе,
оны да
дұрыс жолға салар", - деді байыппен.
Есік ашылып, Омар ішке кірді. Сақадай сай қаруланған. Өңі бал-бұл
жанып, айналасындағыларға сүйіспеншілікпен көз тастады. Расулаллаһпен
көздері түйіскенде Хазіреті Мұхаммедтің рухани қуатынан есеңгіреп қала
жаздады. Сол сәтте бар дүниені ұмытып, тәтті сезімге бөленді.
Мүлгіген тыныштықты Аллаһ Расулының сөздері бөлді:
"Хош келдің, ей, Хаттаб ұлы Омар", - деді...
Сонан соң Омардың қылышының ұшынан ұстап тұрып: "Аллаһым!
Мынау - Хаттаб ұлы Омар. Ислам дініне Омар арқылы қуат бер", - деп дұға
жасады.
Хазіреті Омар руханиат әлемінде қанаттанып:
"Мен Аллаһқа,
оның Расулына иланып, иманымды жария етуге
келдім", - деп, куәлік сөзін айтты.
Ұлы Нәби мен оның асхабының қуанышында шек жоқ. Бәрі бірауыздан
"Аллаһу Акбар! Аллаһу Акбар!" деп тәкбір айтып, бүкіл Меккені дүр
сілкіндіреді.
Хазіреті
Омар осылайша мұсылман болды, қырқыншы мұсылман.
Ендігі жерде батылдығын, күш-қуатын азғындық үшін емес, Ислам дінін
әспеттеу үшін қолданатын болады. Құрайыш мүшріктерінің
келісімімен екі
дүние сұлтанының жанын алуға асыққан Омар бірнеше сағаттың ішінде иман
ләззатына елтіп, пәруана сынды Хазіреті Мұхаммедке байланып, оның дініне
қалай ұмтылғанын өзі де байқамады. Ерлігіне иман мен күш қосқан Хазіреті
Омар мұнан былай Аллаһ жолында, Расулаллаһтың діні үшін басын бәйгеге
тігуге әзір еді. Мұхаммедтен (с.а.у.) дәріс алып,
бойына рухани асыл
қасиеттерді дарытқан Хазіреті Омар дүние тарихында қара қылды қақ жарған
әділеттілігімен дәріптеліп, "Әділ Омар" аталмақшы.
Достарыңызбен бөлісу: