Майдан шебінде өзгеріс Жау әскері екіге бөлініп шапшаң майдан алаңынан қашқан тұста
мужаһидтер артта қалған олжаны, жинай бастаған. Айнейн төбесіндегі
атқыштар да жоғарыдан болған оқиғаны жіті қадағалап отырған...
Дұшпанның тым-тырақай қашқанына, мұсылмандардың олжа жинауға
кіріскеніне куә болған олар мужаһидтерге қосылғысы келеді... Соғыс бітті,
міндетімізді атқардық деп ойлаған. Тек басшылары Абдуллаһ ибн Жүбәйір
Расулаллакгың әмірін ескертті.
"Баста айтылған нұсқауды ұмытпайық",-деді ол.
Ескертуге қарамастан бірнеше атқыштан басқасы Айнейнді тастап
майдан шебінде қалған мужаһидтерге қосылды. Олжаны жинауға кірісті.