199
Бұл да болмаған соң зорлық-зомбылық жасауға бел буды. Пайғамбар
мен мұсылмандарды
мешітке кіргізбей, намаз қылып жатқанда үстеріне
қоқыс-шірінді лақтырып, жолдарына шеңгел, жантақ шашып ойларына
келгенін істеді. Әлсіз-дәрменсіз мұсылмандарды қорлап, азаптағаннан ләззат
алатын жауыздардың қолынан қаза тапқандар да болды.
Жағдайлар
шиелінісе берді. Мұсылмандардың саны да аз, қауқары да төмен еді. Азап
пен зұлымға қарсы тұру қиынның қиыны. Бұлай жалғаса берсе муминдерді
түп-тамырымен жойып жіберулері де ғажап емес-ті.
Ауыртпалықтарға мойымастан Хазіреті Расулаллаһ тынбай Ислам дінін
жая берді. Мүшріктердің қорлығына кеудесін керіп қарсы тұрып, Аллаһтан
келген аяндарға арқа сүйеп, сабыр сақтап киелі мақсатына ілгерілей берді.
Аллаһ Тағала адам айтқысыз
қиыншылықтарға душар болған
мұсылмандарға түсірген аяттарымен дем беріп, оларды сабырға шақырды.
Солардың бірі "Аср" сүресі, онда бір-бірін хақ жолында сабырға
шақырғандар мадақталады.
Сондай-ақ кейде Аллаһ Тағала Елшісін тікелей шыдамдылыққа
шақыратын "Мә'ариж" сүресінің 5-аятында:
Достарыңызбен бөлісу: