Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет151/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Бәдір жеңісінен соң...
Бәдірдегі жеңіс Мәдинаның ішінде де, сырт жерлерінде де түрлі 
өзгерістер туғызды. Мәдинадағы яһудилер мен пұтқа табынушылар сырттай 
сездірмеуге тырысқанмен үрейленіп, аяқ тартқаны алғашқы сәттен-ақ білінді. 
Көзі ашық, көңілі ояу яһудилердің кейбіреулері: 
"Кітабымыздан түр сипатын оқыған пайғамбар - осы. Енді 
қарсыласудың жөні жоқ", - деп иман келтірді... Енді біреулері 
қорыққандарынан иман келтірген сияқты көрінді, олар алауыздық тудырудан 
түбегейлі бас тартқан жоқ. 
Хабаш билеушісі Мұхаммед (с.а.у.) бастаған мұсылмандардың жеңісіне 
риза болып, елін мекендеп қалған мұсылмандарды қонақ етіп сыйлап: 
"Құдіретті Аллаһ өз Расулынан Бәдірде көмегін аямады. Осыған 
шүкірлік етемін", - деп қуаныштарына ортақтасты. 
Мәдинада мұсылмандар жеңіс тойын ұлан-асыр мерекелеп жатса
Мекке мүшріктері қабақтары солыңқы, жүздері солғын азалы күндерін 
өткерді. 
Қалай дегенде де Бәдірдегі ұлы жеңіс Ислам тарихында бедерлі бет 
болып қала бермек. 


229
Өмір - өлімнің өлшемі
Исламның ата жауы Әбу Ләһабтың ел болмасы әр пиғылынан көрініс 
табатын. Бәдірде оның орнын Аси ибн Хишам алмастырған-ды. 
Құрайыштың оңбай соққыға ұшырағанын естігенде есінен танған 
кісіше мең-зең күйде отыра кеткен Әбу Ләһаб шайқас барысын Әбу 
Суфианнан ауызба-ауыз естігенде тіпті есеңгіреді. 
"Біз мұсылман жамағатымен кездескен сәтте жеңетінімізге толық 
сенімде едік. Айқас қыза келе қалайша ойсырағанымызды аңдай алмадым. 
Сарбаздарға өкпем жоқ, өз әлінше тырбынды-ақ. Түсініксізі, қырғынның 
соңын ала қара ала атты сәлделі әскерлер қаптап кетті де, басымызды әрең 
арашалап алдық. Оларға қарсы тұру мүмкін емес!" - деп әңгіме өрбіткен Әбу 
Суфианды сол маңда отырған Хазіреті Аббастың зайыбы Үммү Фадыл мен 
оның құлақ кесті құлы Әбу Рафи' де қостай жөнелген. 
"Қара ала атты әскер - періштелер екеніне шүбәм жоқ", - дей берген 
Әбу Рафи'ге онсыз да зығырданы қайнап отырған Әбу Ләһаб жұдырығын ала 
ұмтылды. Ашуын тырнадан алмақ болған тазының кебін киген лағынет атқан 
Әбу Ләһаб бас-көз демей бейшара құлды төмпештей берді. Тепкіден тәні 
ауырған құлдың ащы зарына көзжұмбайлық жасау мүмкін емес еді. Отымен 
кіріп, күлімен шығатын сорлы құлдың жазықсыз жапа шегуі Үммү 
Фадылдың ашуын келтірді. 
"Байғұс баланы қожайыны жоқтығын пайдаланып сабағаның ғой" деп 
бір жағынан тұтқындағы күйеуінің жоқтығы жанына батқан Аббастың әйелі 
қолындағы сырықпен көзі қанталаған Әбу Ләһабты қақ маңдайдан осып-осып 
жіберді де, Әбу Рәфи'ді арашалап алды. Ұзын етектіден таяқ жеген Әбу 
Ләһаб тиісерге қара таппай оқиға орнынан ұзай берді. Сол күні іңір түсер 
шақта төсекке бас қойған күйі ыңыранып, сырқат меңдеп, ақыры ажал 
тырнағына ілікті. Залым әкеден туған ұл қайбір оңсын, балалары туған 
әкелері үйінде өліп жатқанда мәйітті алып шығып көмуден қашады. Бірнеше 
күн күттірілген соң Әбу Ләһабтың денесі шіріп, саси бастайды. Мүңкіген иіс 
бүкіл махаллаға, қала берді Меккеге жаппай тарайды. Өз қағынан жеріген 
ұлдар былайғы жұрттың сөзіне құлақ аспаған соң, бірнеше адам шығып 
өлікті сүйреген күйі қаланың шетіне апарып бір шұңқырға апарып, өлексе 
көмгендей таспен бастыра салады. 
«Қалай өмір сүрсең солай өлесің, қалай өлсең, дәл сөйтіп тірілесің» 
деген қасиетті сөз астары осындайды меңзесе керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет