306
Қорғаныс кезінде сахаба жауынгерлер де жан-жақты қиналды.
Шайқасқа дейін бар күштерін ор қазуға жұмсаған олар шаршап-шалдыққан,
оның үстіне қуаңшылықтың зардабы талғажау етер азыққа зар қылған. Бұған
суықтың зиянын қосыңыз.
Хазіреті Хузайфа шайқастың бір түнін былайша еске алады: "Біз қатар-
қатар тізіліп отырғанбыз. Үстіңгі жақта Әбу Суфианның әскері, төменгі жақ
түгел яһуди құрайзалар. Жаудың қалаға енуінен қауіптеніп отырғанбыз.
Көзге түртсе көргісіз қараңғы, оның үстіне уілдеген жел өңменімізден өтіп
барады.
Мунафиқтар
"үйіміз
ашық-шашық
қалды,
сенімсіз"
деп
Расулаллаһтан рұқсат сұрады, бәрі босатылды. Айтқандары шылғи өтірік,
сылтау тапқандарына мәз болып, жылыстап қатардан шыға берді. Біз бас-
аяғы 300-ден астам сарбаз қалғанбыз. Кезектесіп Аллаһ Елшісінің қасында
күзетке тұрдық. Кезек маған келген, сақшылыққа сайланған менде басы бүтін
қару түгілі, суықтан қорғанар жылы киім де жоқ. Әйелім берген тоқыма
орамалмен кеудемді жапқан болдым..."
Достарыңызбен бөлісу: