346
Демек
Расулаллаһ
айтқандайын,
Аллаһ
пен
Расулаллаһтың
сүйіспеншілігіне бөленген жан Хазіреті Әли болып шықты. Хайбарды осы
қайсар қаһарман тізе бүктіреді.
Пайғамбарымыз
Әлиге
өз
қолымен
сауытын
кигізіп,
беліне
Зұлфиқарды байлады да:
"Аллаһ саған жеңіс нәсіп еткенше шайқаса бер. Кері шегінуші болма", -
деді.
Жаужүрек батыр Хазіреті Әли осы құрметке лайық еді.
Ұрыс майданына бара жатып пайғамбардан:
"Уа, Расулаллаһ мен нені жүзеге асыру үшін кетіп бара жатырмын?" -
деп сұрады.
Пайғамбарымыз:
"Аллаһтан басқа иләһтың жоқтығына, Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ
тарапынан жіберілген пайғамбар екеніне иланғанша дұшпанмен алыса бер.
Иман келтірсе ғана дұшпан мал-жандарын құтқарып қалады", - деп ары
қарай сөзін жалғады:
"Жау қамалына қарай салмақты қалпыңды бұзбастан ілгерілей бер.
Қорғанға
жақындағанда
оларды
Исламға
шақыр.
Мұсылмандықты
қабылдаса, жауапкершіліктерін түсіндір. Сен
арқылы олардан біреуі тура
жолға келіп, иман етсе, бұл сен үшін теңдессіз байлықтан да артық".
Хазіреті Әли ақ байрақты Натат қамалының түбіне тікті. Сонан соң
бекіністегі яһудилерге Исламның көркемдіктерін баяндап, мұсылман болуға
шақырды. Бірақ яһудилер мойындау былай тұрсын, қасарысып мазақ етті.
Тағы да ұрыс басталды. Бірнеше дұшпан әскері жер құшты.
Өлгендер
арасында яһуди батыры Мәрхабтың інісі де бар. Мәрхаб қаны қайнап
жігіттерін ертіп қамалдың сыртына шықты. Үстінде екі қабат сауыт, басында
екі қабат оралған сәлдесі, екі бірдей қылышы көзге ұрады.
"Мен
азулы
арыстанды
да
қылышыммен,
найзаммен
жер
жұттырғанмын", - деп гүжілдеді.
Оның сырт көрінісі Хазіреті Әлиге шыбын шаққан құрлы әсер етпеді:
"Мені анам «Хайдар», яғни арыстан деп атаған. Батылдық пен күште
арыстаннан асып түсем. Сендерді де жермен-жексен тып-типыл етемін", - деп
қасқая жауап берді.
Жекпе-жек басталып кетті. Жаңа ғана гүрілдеп айбат шеккен Мәрхаб
қас-қағымда арыстан Әлидің айбынына қарсы тұра алмай, қанға бөкті.
Айқасты қалт жібермей қарап отырған Расулуллаһ қуана айқайлады:
"Шаттаныңдар! Хайбарды алуға аз-ақ қалды!"
Беттері қайтып қалған болу керек, яһудилер
қылыш тигені тигендей
шойырылып құлап жатты. Хазіреті Әлидің жалғыз өзі сол
кезде сегіз кәпірді
сұлатқан. Ұрыстың қызған сәтінде кенет Хазіреті Әлидің қалқаны жерге
ұшып түседі. Ойланып тұруға мұрша жоқ Хазіреті Әли жанындағы қамалдың
қақпасын жұлып алып қалқан қылады. Жеңіске қол жеткенге дейін әлгі зіл
батпан темір есікті қолынан тастамайды. Шайқас аяқталған соң есік-
қалқанды жерден сегіз адам бірігіп көтере алмаған.
347
Жеңілетінін сезген яһудилер бытырап қаша бастайды.
Хазіреті Әли
бастаған сахаба жауынгерлер тықсыра қуады. Натат қамалындағы дәрменсіз
әйел, балаларға тиіспейді.
Ары қарай Хайбардың екінші қорғаны - Нағимге жылжыған
мұсылмандар бірнеше дұшпанды осы жерде өлтіреді. Жау беріліп,
қамал
мұсылмандардың қолына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: