403
"Уа, Ахмед! Ұлы Аллаһ мені саған жолдады. Сенен сұрамақ
болғанының жауабын сенен жақсы біле тұра халіңді білуге жұмсады", -
дейді.
Пайғамбарымыз: "Уа, Жебірейіл! Өзімді өте нашар сезінудемін", - деп
жауап береді.
Мәңгі сапарға аттанардан бір күн бұрын, яғни рәби'уләууал айының он
бірі, жексенбіде Пайғамбарымыздың сырқаты үдей түсті.
Зайыптары жан-
жағын қаумалай қоршаған. Басында Айша анамыз.
Хазіреті Усама келіп талықсып жатқан Пайғамбарымыздың қолын,
басын иіскеп сүйді. Пайғамбарымыз оған тіл қатпады. Тек қолын көтерді де
Хазіреті Усаманың басынан сипады. Батасын бергендігінің белгісі еді бұл.
Расулаллаһтан бата алған Хазіреті Усама дереу әскерінің ортасына
оралды.
Күн дүйсенбі... Пайғамбарымыздың
өміріндегі көптеген маңызды
оқиғалар дүйсенбі күніне сәйкес келген. Рәби'уләууал айының он екісі...
Дүниеге көзін ашқан сәті де дүйсенбі еді...
Аяқ астынан ауруынан айыққандай сезініп, төсегінен өзі тұрып
Пайғамбарымыз жуынып-шайынып таң ертемен мешітке келеді. Хазіреті Әбу
Бәкірдің артына сапқа тізілген сахабалары таң намазын оқып жатқан. Сардар
пайғамбар бұл
нұрлы көрініске дән риза болып, өзі де сапқа тұра қалып
намазын оқыды. Сахабалар Расулаллаһты араларында көргеніне қуанып,
науқасынан жазылған екен деп ойлайды.
Хазіреті Әбу Бәкір де Пайғамбарымыздың айыққанын көріп:
"Уа, Расулаллаһ! Аллаһқа шүкір, аман-есен ортамызға қосылдыңыз.
Рұқсат етсеңіз Сунхтағы үйіме барып келсем деп едім", - дейді.
Мұхаммед (с.а.у.) досының өтінішін орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: