401
Хазіреті Әли мен Хазіреті Аббас екі жағынан сүйемелдеген күйі
Пайғамбарымыз Хазіреті Айшаның отауына келеді.
Хазіреті Айшаның отауында
Хазіреті Айша Пайғамбарымыз науқастанып жатқан тұстағы бір
оқиғаны былайша еске алады:
«Расулаллаһ
отауыма келгені сол еді, басым сырқырап ауырды да
"ойбай басым" дегенімді өзім де байқамай қалдым. Расулаллаһ: "Қиналма,
менен бұрын дүниеден
өтер болсаң, өз қолыммен кебіндеп, жаназаңды
шығарармын", - дейді.
Мен наздана: "Менің өлгенімді тілеп тұрсың ба?" - дедім.
Сөзінің
астарын ұқпағанымды кейін білдім.
Расулаллаһ байсалды қалпында:
"Уа, Айша! Сенің бас ауруың өткінші. Ал менің бас ауруымнан енді
құтылу жоқ", - деді".
Пайғамбарымыз Сыддық досымен бірге
Аллаһ
Расулы қатты қиналып, орнынан тұруы мұң болған. Достыққа
адал жансеріктері оны бір сәтке де жалғыз қалдырған жоқ. Әсіресе, сыддық
атанған адал жолдасы Әбу Бәкір айналшықтап шықпай:
"Уа, Расулаллаһ! Егер рұқсат етсең саған қызмет етуге әзірмін",
- деп
қиылған-ды.
Расулаллаһ (с.а.у.) бір ауыз сөзімен оның көңілін аулады:
"Уа, Әбу Бәкір! Сен шын ниетіңмен-ақ қызметіңе бергісіз сауапқа
кенелдің. Саған рұқсат етер болсам қызым мен әйелдерімнің көңіліне келер".
Пайғамбарымыз дене қызуы көтерілген
сайын дөңбекшіп қатты
қиналады. Айналасындағы жақын-жуықтары оның қиналысына қарап тұруға
дәті жетпей теріс айналды. Сондағы Пайғамбарымыздың айтқаны:
"Сырқат бойымды меңдеп барады. Аллаһ тағала салих құлшылыққа
берілген құлдарына бәле-жала мен науқастың ең ауырын береді. Сол
қиыншылыққа төзген құлдарының дәрежесін көтеріп, күнәларын жояды".
Достарыңызбен бөлісу: