61
Бахира іздегенін тапқандай еді. Өйткені алдында отырған нұр жүзді
балдырғанның әр қимылы, әрекеті, түр-түсі тура кітабында жазылған
сипаттармен дәлме-дәл.
Тамақ желініп, қонақтар қайтуға жиналған тұста Бахира баланың
құлағына сыбырлап:
"Мен сенен бір нәрсе сұрайын деп едім, Лат
(Мүшіріктер табынатын ең үлкен
пұлтардың бірі)
пен Узза пұттарының ақысына шыныңды айтшы", - деді.
Лат пен Уззаның атын естігенде Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) түрі
бұзылып кетті, сосын жұлып алғандай:
"Лат пен Уззаның атымен менен ештеңе сұрамай-ақ қой. Дүниедегі ең
жек көретінім - солар", - деп жауап берді.
"Онда" - деді Бахира, "Аллаһтың атымен сауалдарыма жауап бер".
"Не сұрағың келсе, енді сұрай беруіңе болады", - деді Мұхаммед
(с.а.у.).
Сұрақтарына баланың берген жауабы дінбасын қайран қалдырды.
Әрбір жауаптан киелі кітаптағы ишараттарға көз жеткізе түсті. Ең соңында
сенімді болу үшін баланың арқасын ашып пайғамбарлық мөрін көргенде,
оның соңғы нәби екендігіне еш шүбәсі қалмады.
Монах санасын жаулаған сан сауалдың жауаптарын тапқан соң аяңдай
басып Әбу Тәліптің жанына келді.
- Бұл бала кімің болады?
- Ұлым.
- Жоқ, менің білуімше, оның әкесі болмауға тиіс.
- Қайдан білдің? Негізінде солай, бауырымның баласы.
- Әкесі қайда?
- Баласы дүниеге келмей жатып қайтыс боп кетті.
Бахира мәселенің мән-жайын анықтап алған соң Әбу Тәліпке мынадай
ақыл айтып, хақ жолындағы адам екенін байқатты.
"Бауырыңды алып, еліңе қайт. Оны яһудилерден қорғамасаң болмайды,
олардың арасында көре алмайтындар, небір қызғаншақтар бар. Менің
білетіндерім оларға да аян. Баланың бойындағы ерекшеліктерді көрсе,
дұшпандық ойлауы әбден мүмкін. Өйткені сенің бауырың болашақта даңқты
адам болады. Айтқанымды тыңдасаң, бөгелме, ауылыңа қайт".
Бахираның айтқандарына ден қойған Әбу Тәліп әкеле жатқан заттарын
сол жерде өткеніне сатып, Меккеге оралады.
Бахира сынды көптеген христиан және яһуди ғалымдары соңғы
пайғамбардың белгілерін киелі кітаптан оқып үйреніп, мойындаса да, оларға
ислам кәусары бұйырмаған.
Достарыңызбен бөлісу: