Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ ӘЛИГЕ ҚАМҚОРЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет47/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ ӘЛИГЕ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
Екі дүниенің сұлтаны отыз алты жаста... Біздің эрамыздың 607-жылы... 
Меккені адам төзгісіз қуаңшылық жайлаған. Көптеген отбасылар ішіп-
жемнен тарығып, бала-шағаның халі күннен-күнге мүшкілдене түскен. 
Жұттан жабығып, азық-түлікке мұқтаж болғандар арасында Хазіреті 
Мұхаммедтің көкесі Әбу Тәліптің отбасы да бар. 
Бүкіл болмыстың сұлтаны Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) тағы бір 
мейірімділігін айтып өтпеу мүмкін емес... Ол ешқашан зәредей де болса 
көрген жақсылығын ұмытпайтын-ды. Шамасы келсе, еселеп қайтаруға әзір
қайырымдылықта алдына жан салмайтын. Бұл мәселеде оған теңесер жан 
баласы жоқ! 
Бір кездері жетімдіктің тақсіретін тартқан тұста барын аямай
балаларының аузынан жырып берген аяулы адам - Әбу Тәліптің күнкөрісі 
күннен-күнге қиындап бара жатқанын көре тұрып көз жұму сірә мүмкін бе?! 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) қолынан келген жәрдемін аямауға ұмтылды. 
Алдымен асқан байлығы болмаса да, орташа ауқатты екінші көкесі Хазіреті 


74
Аббасқа барып, Әбу Тәліптің жай-күйінен хабардар етті. Ағайын адамға 
қиыншылықта қол созу қажеттігін ескертті. 
Аббас бауырының айтқандарын ден қоя тыңдап, ең болмаса 
балаларынан біреуін қамқорлығына алуды, сөйтіп, ағасының жанын жегідей 
жеген шиеттей бала-шағаның қамын сәл де болса жеңілдетуді ойлады. Осы 
оймен Мұхаммед (с.а.у.) екеуі Әбу Тәліптің үйіне барды. Мақсаттарын ашып 
айтқанда Әбу Тәліптің көзінде күлкі ойнап, бауырларының тілегін құптап
риза көңілмен арқаларынан қақты. 
Сөйтіп, Мұхаммед (с.а.у.) туылғанда атын өзі қойған Әлиді, ал Аббас 
болса, Жағфарды қамқорлықтарына алып, олардың нәпақасын тауып беруге 
міндеттенді. 
Ол кезде Әли төрт-бес жасар бала. "Мен әсем мінез-құлықты тәмамдау 
үшін жіберілдім", - деген асқақ қасиетті жанның панасына алынуы Әли үшін 
тағдырдың тамаша сыйы еді. Ол кішкентайынан пайғамбар тәрбиесін көріп, 
иман 
атты 
тылсымнан 
тиесілі 
үлесін 
алады. 
Тоғыз-он 
жасында 
мұсылмандықты мойындап тұңғыш бала мұсылман құрметіне ие болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет