80
Нұр тауы - Хира әдеттегідей тым-тырыс,
құдды терең толғанысқа
берілгендей...
Табиғат та үнсіз, қыбырлаған сыбыс жоқ. Біраздан кейін жүзеге асатын
қадірлі лебізді тыңдауға қазірден әзірленіп, ұйып қалған...
Мұншалықты құрмет Ұлы сөйлеуші мен Сүйікті тыңдаушысына деген
сүйіспеншіліктен болса керек?..
Түн ортасы ауып, сәре уақыты жақындаған. Таң рауандап атуға жақын,
бұлбұлдар құйқылжыта сайрап, гүл-бәйшешек
хош иісін бұрқыратып,
Аллаһты зікір етуші жаратылыс атаулының бәрі өз тілдерінде ынта-
ықыласымен Жаратушыны мадақтауға кіріскен шағы!
Уахи әкелуші періште Жебірейіл сұлу жігіт кейпінде келді. Бар айнала
хош иістен басы айналғандай сезімде. Қауіп пен үрей, толғаныс пен үміт
билеген түсініксіз халде еді дүние.
Жебірейілдің көңілі көтеріңкі, қуанышы жүзінен білінеді. Әрине, солай
болуға тиіс те еді, өйткені ол Аллаһтың
соңғы елшісі - пайғамбарлар
сұлтанымен
сөйлесуге,
иманы
мен
есепсіз
ғибадаты
арқылы
хабибуллаһ
(Аллаһтың сүйіктісі)
сипатына ие болатын екі дүниенің сардары -
Мұхаммедпен (с.а.у.) жүзбе жүз кездесуге келген-ді.
Достарыңызбен бөлісу: