234
жамандықтар жасырын қалса, оны жасаған кісі саналы түрде өткеніне өкінуі
мүмкін. Ал, қателігін бетіне басқан сайын ерегісіп есерсоқтана берері даусыз.
Пайғамбарымыз мунафиқтардың атын атамауды, тек Құранда
білдірілген сипаттарын ескертіп жүруді мақұл көрген.
Екіжүзділіктерін көзіне шұқып көрсетпеуінің себептері төмендегідей:
1) Ислами ортада, Ислам үкімдеріне сәйкес өсіп-өнетін бала
шағаларынан нағыз мұсылмандар шығуы мүмкін деген үміт.
2) Олар іштей сенбегенімен, жасанды түрде мұсылмандар сияқты
көрініп, өмір сүре жүріп рухани қиналысқа түссе, сол азаптан құтылу үшін
түптің түбінде шынайы муминдер қатарына қосылар деген үміт.
Пайғамбарымыздың тұсында өмір сүрген мунафиқтардың басты
ерекшеліктерінің бірі - сын сағатта мұсылмандарды тастай қашатын
опасыздықтары.
Ухуд соғысында Абдуллаһ ибн Үбәйге еріп майданнан тұра қашқан
екіжүзділердің саны үш жүзге жуық. Олар мұсылман әскері санын азайтып
қана қоймай, мужаһидтердің көңіл-күйлеріне қаяу салады. Табан астынан
аңырып қалған кейбір мұсылмандардың үнжырғасы түскен сәтте дем берген
тағы да Аллаһ Расулы еді. Аллаһ күш беріп, мунафиқтардың сайқал
пиғылына көзі жеткендер ұрысқа қайта кіріскен.
Аллаһ Елшісі өзі айтқандай, залым мунафиққа өмір бойы "тәйт"
демеген. Абдуллаһ ибн Үбәй өлгенде де жақсылығын аямаған, тіпті үстіндегі
жейдесін кебін қылуға берген. Сахабаларының наразылығына қарамастан
жаназасын да өзі шығарған. Расулаллаһтың Абдуллаһ ибн Үбәйдан бастап
бүкіл мунафиқтарға жасаған жақсылығы, кішіпейілділігі мен кешірімділігі
аяқсыз қалмаған. Пайғамбарымыздың Абдуллаһ ибн Үбәйдің жаназа
намазын оқығанын көрген мыңға жуық мунафиқ имандарын тазалап,
шынайы муминдер қатарына қосылған.
Аллаһ Расулы мунафиқтарға жылы қабақ таныта жүріп, үрейлендіретін.
Мунафиқтардың ойластырған тұзақтарын Аллаһтан келген уаһи арқылы
алдын ала біліп қоятын да, олардың ойлағандарын өздеріне айна-қатесіз
айтып беретін. Сонысымен әрдайым бақылауда екенін сездіретін.
Мунафиқтар дағдарып, бір сәтке болса да іркіліп қалатын. Аллаһтан сүйікті
елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) тағы бір хабар келді ме деген үреймен тырс еткен
дыбыстан үркіп, түгел жым жүретін мунафиқтардың халі "Мунафиқун"
сүресінде былайша сипатталады:
Достарыңызбен бөлісу: