Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Надрлардың қоршауға алынуы



Pdf көрінісі
бет184/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Надрлардың қоршауға алынуы
Хижреттің 
төртінші 
жылы, 
Рәбиуләууал 
айы...Ардақты 
Пайғамбарымыз Мәдинада Абдуллаһ ибн Үммү Мәктумды өкіл ретінде 
қалдырып, надрлар мекеніне қарай жорыққа шықты. Байрақ қаһарман сахаба 
Әлидің қолында. 
Расулаллаһ екінді намазын Надрлар ауылының шетінде бақшада 
оқыды. Онан соң сол мекенді айнала қоршауға алды. Надрлар мықты 
салынған қамалдарына бекінген. 
Пайғамбарымыз әмірін тағы да қайталады: 
"Мәдинаның жерінен шығыңдар! 
Бірақ Надрлар ерегісіп: 
Сенің айтқаныңа көнгенше өлгеніміз артық",- десті. 
Шайқастан басқа амал қалмап еді. Мықты қамалға бекініп алған 
олардың ашық алаңға шығып ұрыспасы айдан анық. Сондықтан Расулаллаһ 
Аллаһтың рұқсатымен жоспар құрды. Жақын жердегі яһудилердің үйлерін, 
қора-қопсысын құлатып, құрма ағаштарын кесуге, өртеуге бұйрық берді. 
Солай еткенде дұшпан бекінген жерлерінен шығып шайқасары даусыз. 
Яһудилер Мұхаммедті (с.а.у.) кінәлап айқайға басты. 
"Уа, Мұхаммед, сен бұзып, қиратуға наразылық білдіріп бүлікшілерді 
кінәлайтының қайда? Жайқалған ағашты кескеніңмен қоймай өртегеніңді не 
деп түсінуге болады?"- десті олар. 
Бүкіл өмірін бүлікшілікпен, бұзықтықпен өткізгендер адам өлтіруді оп 
- оңай көретіндер енді ағаш кескендерді айыптап жатты. Мұсылмандардан 
бұл байбаламды естіп кібіртектеп қалғандар да болды. Осыған қатысты 
түскен аятта бұл мәселе туралы: 
"Сіздер қандай бір құрма ағашын кессеңдер немесе кеспей сол 
күйінде қалдырсаңдар, бұл амалыңыз (бүлік шығару мақсатында емес) 
әрдайым Аллаһтың рұқсатымен әрі пасықтардың жазасын беру үшін 
жүзеге асады." 
(Хашр сүресі, 5) 
Аяттың түсуі мұсылмандарды желпінтіп тастады. 


275
Осы оқиғаға және аятта айтылғандарға сүйеніп, соғыс жағдайында өте 
қажет, зәру жағдайда ағаштарды өртеуге, кесуге болатындығы ғалымдар 
тарапынан мақұлданған. 
Қорғаныс жалғасуда... 
Абдуллаһ ибн Үбәй бастаған мунафиқтар яһудилерге: 
"Егер мұсылмандарға қарсы төтеп беруге ұмтылсаңдар, біз сендерді 
олардан қорғаймыз. Шайқасқа кіріссеңдер біз де дайынбыз. 
Мекендеріңнен қуылсаңдар біз де сендермен бірге кетеміз",-деп хабар 
жолдайды. 
Надр яһудилері мунафиқтардың бұл жолдауына сеніп алданып, 
бекіністен шықпай қояды. 
Бүлік шығарып, азғындаумен ғана шектелген мунафиқтардың бұл 
әрекеті Құранның Хашр сүресінде былайша баяндалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет