32
шыққан сайын түйелердің санын онға арттырып отыр. Ақыры түйелерге
түскен кезде оларды сол жерде бауыздап құрбан етіңдер. Осылайша әрі
Раббыңның ырзалығын аларсың, әрі балаңды құтқарып қаларсың."
Бұл білгір әйелдің ақылына разы болған Әбдімүттәліптің қуанышында
шек болмайды. Уақыт оздырмай Меккеге оралады. Әбдімүттәліптің отбасы
да, Мекке халқы да бұл сүйіншілі хабарға қатты қуанады.
Ертеңіне Әбдімүттәліп Абдуллаһын ертіп, он түйесін алдына салып
Қағбаға келеді. Әйелдің айтқанын бұлжытпай орындайды.
Әбдімүттәліп жеребе тастаушыға:
"Ал, баста!" - деп бұйырады.
Жеребе Абдуллаһқа шығады. Түйе саны жиырмаға жетеді. Тағы да
тастағанда құрбандық түйелер отызға шығады. Келесісінде де, одан кейін де
тағы төрт рет Абдуллаһқа түседі.
Әбдімүттәліп сасқалақтап, әбден абыржиды. Жеребе тасталған сайын
қолын көкке созып бата қылумен, дұға етіп жалбарынумен болады. Ақыры
түйелердің саны жүзге жеткенде барып, жеребе түйелерге шығады. Жиналған
жұрт қуаныштан жылап та жібереді. Әсіресе, әкенің қуанышы ерекше-тін.
Бірақ сонда да сенімді болу үшін, Аллаһтың алдындағы адалдығын сақтап
қалу үшін байсалды қалпынан танбастан:
"Үш рет тағы да тастайық. Сеніміміз нақты болсын, ішімізде күмән
қалмасын", - дейді.
Жеребе үш рет қайта тасталады, үшеуінде де халықтың қуана
айқайлағаны естіледі. Әбдімүттәліп те "Уа, құдірет!" - деп дауыстап, тізесін
бүгіп, дұға етеді. Сөйтіп, Абдуллаһ құрбандықтан құтқарылады.
Сүйікті ұлы үшін барын беруге әзір әке жүз түйені Сафа мен Мәруа
төбелері арасына айдап апарып құрбан етуге бұйырады. Бұйрық сол сәтте
орындалады. Сол күннен бастап бір адамның құны құрайыштар мен арабтар
арасында жүз түйе болып белгіленеді.
Кейіннен Мұхаммед пайғамбар да (с.а.у.) бұған қарсы келмеген.
Достарыңызбен бөлісу: