Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Қиямет-қайым жақындай түсті



Pdf көрінісі
бет124/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі
ПрактикумКаз, Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
иямет-қайым жақындай түсті... 


 

150


Ай екіге бөлінді. 

Олар  (мүшріктер)  муғжиза  көрсе  де  тайқып  "Бұл  -  үйреншікті 

сиқыр" деуден тайынбады. 

Олар  ақиқатты  (мұғжизаны)  жалғанға  шығарып,  нәпсілерінің 

тілегеніне ерді. 

Шындығында, әрбір істің бір тұрағы бар". 

Олар бет бақтырмаған күйі өздерінікін дұрыс деп білді. Ақырын ойлап, 

ақылға салуды қажетсінбеді де. 

 

МҰСЫЛМАНДАРҒА ҚАРСЫ БОЙКОТ

 

Пайғамбарымыз өз міндетіне кіріскелі жеті жыл өткен... 



Біздің эрамыздың 617 жылы... 

Осы уақытқа дейін Исламның таралуына жол бермеу үшін қолдарынан 

келгенді  жасап  баққан  мүшріктердің  бар  амалы  түгесілгендей,  жеңілістер 

қайталана  берген.  Исламиятқа  бет  бұрып,  иманға  ұмтылғандар  қатары 

көбейген. 

Наразылықтарға, 

тосқауылдарға 

қарамастан 

жақсылықтың 

жаршылары  сәт  санап  арта  түскен.  Ислам  нұры  Меккеден  өзге  елді 

мекендерге де жетіп, басқа тайпалар да бақыт құшағына енген. 

Хазіреті  Омар  мен  Хазіреті  Хамза  сынды  алыптар  Исламды 

мойындағандар  қатарында  сап  түзеген.  Хазіреті  Омар  бұрынғы  кейпінен 

мүлдем 


арылып, 

Исламға 


ықыласы 

ауып, 


мұсылмандардың 

бас 


қолбасшысына  айналған...  Арқа  сүйері  барына  мұсылмандар  төбесі  көкке 

жеткендей қуанса, кәпірлер қабырғасы опырылғандай күй кешті. 

Ол аздай, Хабашстанды паналаған мұсылмандарды қайтарып алу ісі де 

сәтсіз  аяқталған.  Хабаш  билеушісінің  мұсылмандарды  кері  бермек  түгіл, 

оларды  қолдауға  әзір  екендігін  естігенде  мүшріктер  тіпті  амалдары  құрып, 

қусырыла түскен. 

Мәселенің жоспарланғандай жүзеге аспауы, жығылған сайын жұдырық 

жеп  сенделулері  пұтқа  сенушілерге  ауыр  тиіп,  басшыларын  жаңа  жобалар 

жасауға итермеледі. 

Ауыр азаппен, қорқытып қинап ешкімді алған бетінен қайтара алмасын 

олар  ұққан  еді.  Соншалықты  қиындыққа  душар  бола  тұрып,  бірде-бірінің 

дінінен  бас  тартпауы  кәпірлерді  іштей  таң  қалдырса  да,  сайқал  саясаттарын 

тоқтатып  қоюға  разы  емес  еді.  Ендігі  жерде  басқаша  тәртіп  орнатпақ.  Сол 

оймен үлкені, кішісі бас қосып Хашим руымен, мұсылман болса да, болмаса 

да,  ат  құйрығын  кесісуге  келісті.  Мақсаттарын  жүзеге  асыру  үшін 

төмендегідей шешім қабылдады: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет