Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет238/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Жаужүрек Несібе 

Үммү Умара Несібе бинт Ка'б... Осынау жаужүрек әйел күйеуі және екі 

ұлымен  бірге  мужаһидтер  сапында  Ухудқа  келген  еді.  Жолдасы  мен 

балалары  мүшріктермен  шайқасса,  өзі  жаралы  мұсылмандарға  көмектесті, 

азық,  су  тасуға  жарармын  деген...  Ұрыс  алаңында  алмағайып  оқиғалар 

болып,  мужаһидтер  бытырап,  Расулаллаһтың  айналасында  санаулы  әскердің 

қалғанын  көрген  қаһарман  Несібе  Пайғамбарымызды  қорғауға  ұмтылды. 

Қылышын сілтеп, жебе тартып ашық айқасқа кірісті. Ауыр жарақаттанғанына 

қарамастан  Аллаһ Расулына мүшріктерді маңайлатпай қуумен болды. Аллаһ 

Елшісі біресе оңына, біресе солына шығып жан-дәрмен шайқасқан жаужүрек 

әйелге қарап: 

"Уа,  Үммү  Умара!  Сенің  көргеніңе,  сенің  шыдас  бергеніңе  басқа  адам 

төзе алмас еді",- деген. 

Пайғамбарымыз  Несібе  ханымның  иығынан  сорғалаған  қанды  көріп 

оның ұлы Абдуллаһқа: 

"Жылдам анаңның жарасын таңып бер! Әкеңдікі де солай. Сенің орның 

да  ерекше.  Аллаһ  сендердің  отбасыларыңа  мейірім-шапағат  көрсетсін",-деп 

дұға етті. 

Иманнан күш алған Несібе ұрыстан шегінбеген күйі: 

"Уа,  Аллаһтың  сүйіктісі!  Аллаһтан  тілек  тіле,  бізді  жәнатта  сенімен 

көрші етсін",-деп өтінді. 

Аллаһ  Елшісі:  "Уа,  Аллаһым!  Бұларды  жәннатта  маған  қоңсы  әрі 

жолдас ет!"-деп бата жасады. 

Несібенің қуанышында шек жоқ. 



 

257


"Жалған  дүниеде  нендей  қиыншылық  көрсем  де  ендігі  жерде  бәрібір. 

Маған  осы  дұға  жеткілікті!"-деп  Аллаһқа,  Оның  Елшісіне  сүйіспеншілігін 

тағы да паш етті. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет