Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбарымыздың Үбәй ибн Халафты өлтіруі



Pdf көрінісі
бет240/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Пайғамбарымыздың Үбәй ибн Халафты өлтіруі

 

Бәдір  соғысынан  бұрын  Аллаһ  Елшісі  (с.а.у.)  шайқас  алаңын  аралап 



жүріп: 

"Мынау  Әбу  Жәһилдің,  мынау  Утбаның,  мынау  Үмаййаның,  мынау 

пәленшенің... өлтірілетін жерлері. 

Үбәй ибн Халаф менің қолымнан өледі",-деген болатын. 

Бәдірде  Әбу  Жәһил,  Утба,  Үмаййа  т.б.  мужаһидтер  тарапынан 

өлтіріледі  де  Үбәй  ибн  Халаф  қана  тірі  қалады.  Ол  құрайыштың  атқамінері 

саналатын. Пайғамбарымызды көрген сайын: 

"Уа, Мұхаммед, бір атым бар, күніне он алты рет жемдеп бағамын. Бір 

күні сонымен желе жортып келермін де сенің көзіңді жоярмын!"-дейтін. 

Пайғамбарымыз  болса  азғын  дұшпанға:  "Бәлкім,  иншааллаһ,  мен  сені 

өлтірермін!"-деп жауап беретін. 



 

258


Осы Үбәй ибн Халаф Бәдірде мужаһидтер тарапынан жаны жәханнамға 

жолданған 

бауыры 

Үмаййаның 

кегін 

алу 


үшін 

жанға-жан 

деп 

Пайғамбарымызды о дүниелік ету ниетімен Ухудқа келген-ді... 



Хазіреті Расулаллаһ Шиб жотасына тырманған сәт... 

Үбәйдің  келе  жатқанын  көреді.  Астында  бордақыланған  аты. 

Өшпенділіктен қанталаған көздері арам ойынан хабар беретіндей. Сахабалар 

алдын  кес-кестеп  өткізбей  қоймақшы.  Алайда  Пайғамбарымыз:  "Келсін, 

жіберіңдер",- деді. 

Жауыз  Үбәй:  "Ей,  Мұхаммед,  сен  аман  қалсаң,  өлгенім  артық",-деп 

ентелей түсті. 

Аллаһ  Расулы  аяқ  астынан  ашуға  мініп,  найзасын  ала  тұра  ұмтылды. 

Пайғамбарымыздың айбарынан сескенген Үбәй қаша жөнелді. Аллаһ Расулы 

болса:  "Қайда  қашып  барасың?"-деп  соңынан  дауыстады.  Үбәй  қашып 

құтыла алмады. 

Пайғамбарымыздың  лақтырған  найзасы  дұшпанның  сауыты  мен 

дулығасының  арасына,  қақ  желкеге  қадалды.  Үбәй  ойбайлаған  күйі  жерге 

аунап түсті. Мүшріктер көтере-мөтере алып кетті. Жарасынан қан аққан жоқ. 

Бірақ  жанын  жегідей  жеді,  жолдастарына:  "Уаллаһи,  Мұхаммед  (с.а.у.)  мені 

өлтірді",-деді бірнеше рет тілге келгенде, қасындағылар оны жұбатып жатты. 

Үбәй демі біткенін аңдады, бір күн бойы "сусадым, шөлдеп өліп барам" деп 

ыңқылдаған күйі көз жүмды. 

Бұл  да  Аллаһ  елшіс  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  Алланың  білдіруімен 

келешектен хабар берген бір муғжизасы еді. 

...Мүшрік  әскері  соғыс  алаңын  тастап,  ақырындап  жинала  бастаған. 

Қолбасшы Әбу Суфиан биік төбеге шығып алып: 

"Мұсылмандар  арасында  Мұхаммед  (с.а.у.)  бар  ма?"-деп  айқай  салды.  

Үш рет қайталаса да пайғамбарымыз "Жауап 

бермеңдер",- деді. 

Болмағасын  Әбу  Суфиан:  "Араларыңда  Әбу  Бәкір  бар  ма?"-деді. 

Пайғамбарымыз тағы да жауап беруге рұқсат етпеді. 

Мүшрік басшысы: "Араларыңда Омар жоқ па?" - деді. Пайғамбарымыз 

тағы да үндемегенді мақұл көрді. 

Әбу  Суфиан  адамдарына  қарап:  "Бұлардың  бәрі  өлтірілген  болуы 

керек. Өлмеген болса жауап берген болар еді",-деді. 

Мұны естіген Омар шыдап тұра алмады, орнынан атып 

тұрып: 

"Жалған, сұрағандарыңның бәрі аман, бәрі де мында!"-деді. Мұнан соң 

Әбу Суфиан мен Хазіреті Омар арасында әңгіме 

төмендегідей өрбіді: 

- Әбу Суфиан: "Хубәл пұтының даңқы артсын!" 

- Хазіреті Омар (Пайғамбарымыздың әмірімен): 

- "Ең ұлы, ең жоғары Аллаһ қана" 

- "Біздің Уззамыз бар, сізде жоқ" 

- "Біздің жаратушымыз Аллаһ. Сіздің сүйенеріңіз жоқ" 

- "Бір күн жеңілсек, бір күн жеңдік! Бір күн қайғырдық, бір 




 

259


күн күлдік" 

- "Біз сендер сияқты емеспіз, біздің өлгендеріміз жәннатта, сендердікі - 

тозақта" 

-  

Әбу Суфиан қайтадан негізгі ойына келді: "Уа, Омар, шыныңды айт, 

Мұхаммедті өлтірдік пе?"-деп сұрады. 

-  Хазіреті Омар: "Жоқ, уаллаһи, Оны өлтірген жоқсыңдар. Ол дәл қазір 

сенің айтқандарыңды тыңдап отыр". 

Хазіреті 

Омардың 

шын 


сөйлейтінін 

білетін 


Әбу 

Суфиан 


Пайғамбарымыздың өлмегендігіне сенді... 

Кетер  кезінде  тағы  айқайлады:    "Келер  жылы  сендермен  Бәдірде 

кездесіп, шайқасуға сөз береміз". 

Омар Фаруқ Аллаһ Расулына қарады, пікірін күтті. 

Расулаллаһ:  "Жарайды,  иншаллаһ  сол  жерде  жолығайық",-деген  соң 

Хазіреті Омар: "Жарайды",- деп дауыстады. 

Дұшпан  әскері  майдан  шебін  тастап  Меккеге  бағыт  алған  соң 

Пайғамбарымыз  сахабаларымен  бірге  төбеден  түсіп,  өлі  денесі  жерде 

жатқанмен,  рухтары  биікте  самғаған  шейіттерді  аралады.  Жүрегі  мүңға 

толып,  қайғыға  шомды.  Тағдырға  мойынсүну  қажеттігі  болмаса,  айналадағы 

көрініске  жан  шыдамас,  сірә.  Жауанмәрт,  ержүрек  сахабалардан  айырылды. 

Құрайыш  мүшріктерінің  залымдығын  айтуға  тіл  жетпес.  Өлі  денені 

паршалап, айуанша кескілеген. Кейібіреулерін тану мүмкін емес. 

Мүңды  жанарын  бір  нүктеге  қадап  тұрып  Расулаллаһтың  сондағы 

айтқаны: 

"Мен  қиямет-қайымда  мына  шейіттердің  Аллаһ  жолында  жандарын 

қиғанына куәлік айтамын",- болды. 

Сонан соң асхабына: 

"Бұларды қан күйінде орап жерлеңдер! 

Аллаһ  жолында  ұрысып  жарақат  алғандар  қиямет  күні  махшарға 

жаралары қанаған күйі келеді. Қандарының түсі сол күйі болғанмен иісі хош 

жұпардай болады",-деді. 

Шейіттер  арасында  пайғамбарымыздың  көкесі,  қаһарман  сахаба 

Хазіреті  Хамза да бар еді. Кеудесі жарылып, мылжаланған, өкпесі  жұлынып 

алынған,  мүрны,  құлағы  кесілген,  денесі  әбден  тесілген.  Тану  мүмкін  емес. 

Оның  бұл  халін  көргенде  Аллаһ  Расулы  (с.а.у.)  қайғырып,  мүбәрак 

көздерінен жас парлап қоя берді. Бұған дейін оның соншалықты мұңайғанын 

ешкім  көрмеген.  Шейіттердің  мырзасы  атанған  сом  тұлғасы  батылдықтан 

тұратын   Хазіреті Хамзаның басында тұрып былай деді: 

"Уа,  Хамза!  Ешқашан,  ешкім  сенің  көргеніңді  көрмеген,  көрмейді  де. 

Мен үшін де мұнан асқан азап жоқ шығар! 

Уа, Расулаллаһтың көкесі Хамза! 

Уа, Аллаһтың және оның Расулының арыстаны Хамза! 

Уа, қайырымдылық символы Хамза! 

Уа, Расулаллаһтың қорғаушысы болған Хамза! 

Аллаһ саған рақымын жаудырсын! 




 

260


Егер  сенің  артыңнан  аза  тұту  қажет  болса,  шаттануды  ұмытып  өмір 

бойы сені жоқтар едім!" 

Сол  кезде  Мәдина  жақтан  шаңдатып  жанұшыра  жүгіріп  келе  жатқан 

бір  әйел  жұрттың  назарын  аударады.  Бұл  Хазіреті  Хамзаның  туған 

қарындасы  Хазіреті  Сафия  еді.  Бауырын  көрмекке  ұмтылған  ол  алғаш 

кездескен  кісіден  Хамзаның  қайда  екенін  сұрады.  Мұхаммед  (с.а.у.) 

Сафияның жақындағанын аңғарып, ұлы Зүбәйір ибн Аууамға: 

"Анаңа  айт,  кері  қайтсын.  Бауырының  мәйітін  мына  күйде  көрмесін",-

деді. Хазіреті Зүбәйір анасының алдын орағытып: 

"Анашым! Расулаллаһ қайтсын деп бұйырды!"-деді. 

Хазіреті  Сафия  болса:  "Егер  оның  не  халде  екенін  көрмеуім  керек 

болса,  онсыз  да  бауырымның  сау-тамтығы  қалмағанын  естіп  келемін.  Ол 

бұндай азапқа Аллаһ үшін төзді! 

Біз  Аллаһ  жолында  онан  да  зорына  разымыз.  Сауабын  тек  Аллаһтан 

күтеміз. Иншаллаһ, сабыр сақтап, шыдаймыз",- деп ерлерше жауап берді. 

Хазіреті 

Зүбәйір 

анасының 

айтқанын 

сөзбе-сөз 

жеткізгенде 

Пайғамбарымыз Хазіреті Сафияның бауыры Хамзаны көруіне рұқсат берді. 

Сафия  шейіттер  мырзасы  -  бауырының  басында  отырып,  үн-түнсіз 

егілді. Қасында тұрған Аллаһ Елшісі де көз жасына ерік берді. 

Мұңды  да  ғибратқа  толы  көрініс.  Айнала  қайғыдан  қарайғандай. 

Тағдырға  мойынсұнған  Хазіреті  Сафия  сабырын  "Бәріміз  Аллаһтан  келдік, 

Оған  қайта  ораламыз"  аятымен  білдірді.  Бауырына  Аллаһтан  рахмет  тілеп, 

дұға бағыштады. 

Сол мезетте періште Жебірейіл келіп Пайғамбарымызға ержүрек Хамза 

жайында  көк  жүзінде  «Аллаһтың  және  Расулының  арыстаны»  деп 

жазылғанын  хабарлады.  Аллаһ  Елшісі  бұл  сүйіншілі  хабарды  Хазіреті 

Сафияға жеткізді. 

Шейіттер  арасында  Ислам  қолының  ту  ұстаушысы  Мусаб  ибн  Үмәйір 

де бар еді. Аллаһ Елшісі оның мәйіті қасына барып Ахзаб сүресінің 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет