енді. Мұсылмандар көңілдері пәсейіп, кейін шегіне бастады. Майдан шебін
256
тастап шыққандар да, дұшпан әскері деп өз бауырларын соққыға жыққандар
да болды.
Мүшріктің байбаламына сенбеген мужаһидтер Расулаллаһты (с.а.у.)
іздей бастады. Хазіреті Әли қарсы келген жауын жапыра жүріп пайғамбарды
іздеді. Майдан шебіндегі мужаһидтердің ендігі жалғыз тілегі - Хазіреті
Мұхаммедті табу еді.
Сол мезетте көңілдерге су сепкен дауыс естілді: "Уа, бауырлар!
Сүйінші, әне Расулаллаһ!". Дауыс Ка'б ибн Маликтікі еді...
Ол Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) мүбәрак көздерінен таныған-ды.
Мұсылмандарға айқайлап тұрып, қолымен Расулаллаһтың тұрған жерін
нұсқаған.
Пайғамбарымыз қай жерде екенін дұшпанның білгенін қаламаған
мұсылмандарғ сүйінші хабарды жеткізуші Ка'бқа қолымен ымдап: "Тыныш,
айқайлама!"- деп белгі берді.
Расулалламың өлгені жайында хабардың бос әңгіме екені түсінікті
болды. Жауынгер сахабалар жапа-тармағай пайғамбар қолбасшыға қарай
жүгірісті. Оны қоршай тұрды... Ендігі жерде бәрінің жалғыз мақсаты -
Хазіреті Расулаллаһты көздің қарашығындай қорғау! Мақсаттары орындалды
да.
Достарыңызбен бөлісу: