Негізгі қызметтің шегінде барлық шараларды іске асыру қаржылық-экономикалық саясатты, тәуекел-менеджментін жүргізуді, корпоративтік басқаруды жетілдіруді, кадрлық саясатты жетілдіруді, ішкі бақылау жүйесін жетілдіруді, заманауи ақпараттық технологияны ендіруді, қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыруды, қызметтің айқындылығын және халықтың сенім деңгейін арттыруды және т.б. қоса, «Даму» Қорының қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыспен байланысты:
Бастауыш кәсіпкерлерге көмек
СТАРП-АП бизнес
Бизесті дамыту
Әйелдер кәсіпкерлігі
Бизнес үшін несиелер
Несиелерге кепілдік
Қаржылай қолдау
Жастар кәсіпкерлігі
Мүгедек кәсіпкерлерді қолдау
Франчайзинг
Сатып алула мен тендерлер
Біздің елдегі кәсіпкерліктің болашағы қандай және кімдерден үлгі алуымыз керек?
Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан ТМД-да көшбасшысы орында нық тұр. Бұл тұрғыда ресейлік экономистің бағасын келтірген жөн болар. Леонид Григорьевич былай деп жазады: «Нақты ІЖӨ-нің орташа өсу қарқыны Қазақстан 2000-2002жылдары 10% асып түсті, мұның өзі елді осы көрсеткіш бойынша әлемде енді болса бірінші орынға шығарғандай. Алдағы он жылға болжам шамамен 7 % пайыздық өсім бермек, ал бұл дегеніңіз Оңтүстік Шығыс Азия «жолбарыстарынан» кейін көрінбеген жаңа даму деңгейіне сирек болатын секірістің бірін туғызбақ» Яғни, болашақта Қазақстандағы кәсіпкерліктің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер бар.
Экономикалық саясаттың тұрақтылығы, нарықтық инфрақұрылымның дамуы, интелектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі, жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамашылыққа дем беретін идеологиялық жағдайлар жене тағы басқалар. Мысалы, АҚШ-та шағын бизнес мәселелерін шешетін арнайыұйым Шағын Бизнес Әкімшілігі бар; Жапонияда жергілікті билік органдары қарызды кепілдендіру жөнінде ассоциация құрған,Канадада бизнесті дамытудың федералды банкті арқылы кәсіпкерлерді несиемен және кепілдемемен қамтамасыз етеді.