Дамудың жас және жеке ерекшеліктері №3 дәріс. Жоспары



бет1/2
Дата05.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#151762
  1   2
Байланысты:
Балалардың жас және даму ерекшеліктері


Дамудың жас және жеке ерекшеліктері
№3 дәріс.
Жоспары:
1. Жас кезеңдері
2. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.
3. Жасөспірім кез және оның ерекшеліктері.
4. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық-педагогикалық сипаттама.
5.Жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктері және оның педагогикалық процесте ескерілуі.
1.Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.
1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында Бүкіл Дүниежүзілік симпозиум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехославакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.
1. Жаңа туған бала 1 күннен 10 күнге дейін
2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін
3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін
4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін
5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)
8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)
6. Жеткіншектік жас 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар)
12 жастан 15 жасқа дейін (қыз балалар)
7. Жасөспірімдік шақ 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар)
16 жастан 20 жасқа дейін (қыз балалар)
8. Кәмелеттік жастың 22-ден 35 жасқа дейін (ерлер)
бірінші кезеңі 21 ден 35 жасқа дейін (әйелдер)
9. Кәмелеттік жастың 36-дан 60 жасқа дейін (ерлер)
екінші кезеңі 36-дан 56 жасқа дейін (әйелдер)
10. Кексе жас 60-тан 74 жасқа дейін (ерлер)
56-дан 74 жасқа дейін (әйелдер)
11. Қарттық жас 75-тен 90 жасқа дейін
12. Ұзақ жасау 90 жас одан жоғарылар

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жас өспірімдік шаққа дейін өзгерістер кірді. Олар жеті сатыдан тұрады.

  • Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
  • Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін)
  • Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
  • Мектепке дейінгі балалық шақ (3 жастан 6 жасқа дейін)
  • Бастауыш мектеп шағы (6-7 жастан 10-11 жасқа дейін)
  • Жеткіншектік шағы (11 жастан 15 жасқа дейін)
  • Жасөспірімдік шақ (15 жастан 18 жасқа дейін)

2. Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2.7 кг өседі, 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограмнан 36 килограмға дейін артады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пайызына тең болады.
Нерв жүйесінің жетілуі де жалғасады. Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін камтамасыз етеді. Нерв жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет