|
Данияр жігітбек алматы, 020 Әож 159. Кбж 88. д 18 д 18 Қаржы қағидалары. Алматы, 2022. 220 бет
|
Дата | 03.04.2023 | өлшемі | 155,09 Kb. | | #173574 |
|
Данияр ЖІГІТБЕК Алматы, 2020 ӘОЖ 159.9 КБЖ 88.1 Д 18 Д 18 Қаржы қағидалары. – Алматы, 2022. - 220 бет. ISBN 978-601 Кітабымда 30 жылдық өмір тәжірибемнен сүзіп алған, өзіме һәм жақындарыма көмектескен қаржы қағидаларын келтірдім. Оқып, керегін алыңыз да, қалғанын өзіме қалдырыңыз. Кітап қаржылық даму тақырыбына қызыққан жандарға арналады. ӘОЖ 159.9 КБЖ 88.1 ISBN 978-601 © Д.Жігітбек, 2022 Барлық құқықтары қорғалған. 3 МАЗМҰНЫ Кіріспе ................................................................. 5 Ақшаға деген көзқарасың қандай? ........................ 7 Ақшаға деген көзқарасың қандай?............................. 7 Адамның болмысы және ақша...................................12 Қаржылық образ..........................................................16 Қаржылық проблемалар қалай пайда болады?.......21 Қаржылық проблемалардың алдын алу .................. 25 Әдет қалыптастыру алгоритмі һәм қаржылық әдеттер..........................................................................31 Үнемдеу өнері .................................................... 35 Үнемдеу өнері ............................................................. 35 Үнемдеуді үйрен ......................................................... 39 «Паркинсон» заңы...................................................... 43 Қалаған сомаңды жинаудың 25 жолы...................... 44 Максимумды сығып ал ..............................................49 Ақша және есеп........................................................... 53 Құнсыздану ................................................................. 58 Темекі тастасаң, 9 отбасын тамақтандырасың ....... 62 Базарда туған ойлар...................................................64 Сараңдық..................................................................... 65 Ләззаттың шегі............................................................ 70 Қарыздан ауыр жүк бар ма? ............................... 74 Қарыздан құтылудың жолы....................................... 74 Қарыздан құтылу һәм ендігәрі оған батпаудың жолы ............................................................................ 79 Өз-өзіңнен қарыз алу ................................................. 84 Қарыз беру өнері ........................................................86 Инвестицияға кіріспе .......................................... 93 Ақшаны депозитте сақтау дұрыс па?........................ 93 Ұзақ мерзімде ақшаны сақтап, көбейтудің тиімді жолы қандай?..............................................................94 «Акция» деген не? ...................................................... 97 Қор биржасы, инвест портфель, брокер, т.б. түсініктер ....................................................................101 4 Қаржы қағидалары Инвестицияның кереметі......................................... 105 Акцияның бағасы не үшін және қалай өзгереді және трейдер деген кім?..........................................109 «Дивиденд» деген не? ...............................................113 Қаржылық тәрбие ..............................................117 Қаржылық тәрбие...................................................... 117 Балам, ақша деген... ..................................................122 Баспанаң бар ма? ......................................................125 Студенттің жұмыс істегені дұрыс па? ......................132 Білімге ақша құю........................................................137 Ақша табу өнері ................................................143 Табысты арттырудың жолдары................................143 Тез баюдың жолы ......................................................149 Құн және құндылық...................................................153 Жетістікке жетудің басты құпиясы ..........................157 Көп ақша табу үшін көп жұмыс істеу қажет пе?.....161 Ақша және аштық немесе табысымызды арттыруға тырыспауымыздың себебі не?...............165 Ақша және жауапкершілік ........................................170 Ақша және қанағат ....................................................173 Ақшаның көзі .............................................................178 Кризис және табыссыз қалудан қорқу....................182 Ақша және рухани интеллект .............................186 Ақша және рухани интеллект.................................. 186 Ақшамды қайда сақтағаным дұрыс? .......................191 Байлық және шүкірлік...............................................192 Инфобизнес, Қарун һәм байлық ..............................194 Қайырымдылыққа ақша жұмсау............................. 201 Қолыңдағыңды бөліскен сайын байи түсесің ........ 207 Краудфандинг...........................................................208 Ақша – энергия ..........................................................216 Қорытынды ......................................................220 5 КІРІСПЕ Құрметті оқырман! «Қаржы қағидалары» атты осы кітабымды алғаныңызға алғыс айтамын! «Қаржы сауатымды арттырайын, қарызымнан құтылайын, табысымды еселейін» деген ниетіңізді сезіп тұрмын. Бірден айтайын, мен қаржы маманы емеспін. Бірақ қаржы қағидаларын білу үшін, сол білімді өмірде қолдану үшін қаржы факультетін тәмамдау шарт емес екенін атап өткім келеді. Керісінше, «қаржы маманы» деген дипломы бола тұра, қарыз құрсауынан шыға алмай, табысын арттыра алмай жүргендерді көп көрдім. Қаржы қағидалары – Жердің тартылыс заңы сияқты Құдайдың бекіткен заңдары. Сол заңдарды біліп алсаң, болды. Қарыздан да құтыласың, ақша да таба бастайсың, тапқаныңды сақтайсың, көбейтесің. Кітабымда 30 жылдық өмір тәжірибемнен сүзіп алған, өзіме һәм жақындарыма көмектескен қаржы қағидаларын келтірдім. Оқып, керегін алыңыз да, қалғанын өзіме қалдырыңыз. Бұл еңбегімді үлкен жанашырлықпен жазғанымды жеткізгім келеді. Мен халқымның қаржылай сауатты болғанын, бай болғанын, 6 Қаржы қағидалары қарызсыз еркін өмір сүргенін қатты қалаймын. Сол үшін бар білімімді сығып, осы кітапқа енгізуге тырыстым. Менің ел алдындағы жауапкершілігім – осы. Сіздікі – соны оқып, қаржылық жағдайыңызды реттеу. Кітапты айтқан кеңестерім өтімдірек һәм жақынырақ болуы үшін «сен» деп, екінші жақта жаздым. Осы жолдарды жазып жатқан сәттегі доллар бағамы 453 тг, жылдық инфляция мөлшері 14% екенін атап өткім келеді. Себебі кітаптағы біраз мысалдар осы доллар бағамы мен инфляция мөлшерін ескеріп, келтірілген. Сіз осы кітапты қолыңызға алған сәтте бұл көрсеткіштер мүлдем басқа болуы мүмкін. Бұл электронды кітабымды таратуға ешкімге рұқсат бермеймін. Ақысын төлеген адам ғана оқысын. Егер қандай да бір себеппен ақысын төлемей оқып жатқан болсаңыз, каспи нөмірім: 8 705 311 11 36 (Данияр Ж.) 2000 тг жіберіп қойыңыз. Мен сіздерге сенемін! 7 АҚШАҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАСЫҢ ҚАНДАЙ? Ақшаға деген көзқарасың қандай? «Ақша» деген сөзді естігенде, қандай ойлар, сезімдер туады? Негатив пе, позитив пе? Кеудең қысыла ма, кең тыныстай бастайсың ба? «Ақша адамды бұзады» деп жатады. Сен де солай ойлайсың ба? Мүмкін сен ақшадан қорқатын шығарсың? Көп ақшадан ше? «Ақша жүрегіме кіріп кетуі мүмкін» деп ойлайсың ба? Меніңше, ақша адамды бұзбайды, ол тек адамның ішіндегісін сыртқа шығарады. Күнәһар ақшасы көбейсе, үлкен күнәлар жасауға жолы ашылады. Ізгі адам ақшасы көбейсе, жақсылық жасау аясы кеңейеді. Көп адам «ақшаға деген көзқарасың қандай?» деп сұрағанымда, «ол– құрал» деп жауап берді. Мақсаттарына жеткізетін құрал. Ақшаның табиғаты сондай, оны қалай қабылдасаң, ол сондай сипатқа ие болады. Жақсы, ақшаны «құрал» деп көрейік. Мысалы, жер қазу үшін күрек керек. Күрек – құрал. Менің мақсатым жер қазу болса, ең әуелі кү- 8 Қаржы қағидалары рек табуға талап қыламын. Табамын. Қазамын. Мақсатыма жетемін. Бәрі жақсы. Енді жауап берші, осы құрал іздеу, сол арқылы мақсатқа жету процесі саған ұнай ма? Ақшаны құрал деп қабылдау өмірді жеңіл етіп көрсете ме әлде мойныңа қосымша жүк арта ма? Бір салмақ бар, жауапкершілік бар, иә? Ақшаны құрал деп сипаттап, оған бір маңыздылық бергендей боласың. «Құралсыз мақсатыма жете алмаймын» дегендей. Ал ол сондай маңызға ие ме? Маған ақшаны ұпай деп қабылдаған ұнайды. Қалай қабылдаймын десең де, өз еркің ғой. Бастысы бұл сені шабыттандырса болғаны. Ойын ойнаған кезіңді еске алшы. Миссияны сәтті өтсең, ұпай жинайсың. Ал сәтсіз қадам жасасаң, ұпай жоғалтасың. Ұпай саның белгілі бір шектен төмен түссе, жинақы бола түсесің. Ойын болған соң, қатты уайымдамайсың, жеңіл қабылдайсың. Жеңілсең, «қап, бәлем, ендігі жолы анық жеңемін» деп ойынға жаңа күшпен кірісесің. Ақшаға маңыздылық бермейсің. Мен сауда жасағанда, каспидегі сандарды теңге деп емес, ұпай деп қабылдаймын. Ұпайым көбейген сайын, бір құлшыныс пайда болады «рекорд орнатайын», «соңы 77777 9 Ақшаға деген көзқарасың қандай? деп тұрсыншы әдемі боп», т.б. деп. Кейде ұпайдың ақша екені есіме түсіп кетсе, «ооо» деп қаламын. Егер «ұпайым» белгілі бір шектен төмен түсе бастаса, мысалы, 200 000 тгден аз болса, жинақы бола түсем. «Қайтсем ұпайымды арттыра алам?» деп ойлана бастаймын. Идеялар туады. Қызық, қысқасы. Бұл – креатив, миды істету. Бұл – ойын. Егер ақшаға маңыздылық берсем, кең тыныстай алмай, қиналып қалатын едім. Үстімнен қара бұлт төніп тұрғандай. Ақшаны «құл» деп қабылдаған да ұнайды. Ф. Бэконның «Ақша – жақсы құл, бірақ жаман қожайын» деген сөзі бар. Ақшаны құлша басқарасың ба әлде оның айтқанын істеп, соған тәуелді боп күн кешесің бе? Ақша – құл, ол басқа құлдарды дүниеге әкеп, құлдар әскерін құруың керек. 1 теңге = 1 құл. Әскерің үлкен болмаса, құлдарыңды орынсыз өлтіре берме. Мысалы, ресторанға барғың кеп, 5000 тг тастап кетсең, 5000 құлыңды өлтіріп тастағандай боласың. Жаман сезім ғой, иә? Ал сол 5000 теңгені «жегендей болдым» деп, сақтап, көбейтсең, құлдарыңның санын арттырасың. Бір уақытта олардың саны сондай көп болады, сен оларды қанша жұмсасаң да, кемімейді. Себебі олар басқа құлдарды дү- 10 Қаржы қағидалары ниеге әкеп жатады. Мысалды түсінген шығарсың. Өмірде бір әділеттілік бар. Ақша үнемі оны басқара алатындардың қолына өтіп отырады. Ал оны басқара алмайтындардың қолынан сусып шыға береді. «Байлардың ақшасын тартып ап, кедейлерге үлестіріп беру керек» дейтіндер бар. Біріншіден, бұлай ойлайтындар шынайы байлықтың не екенін түсінбейді және олар – болмысы кедей адамдар. Екіншіден, сол байлықты кедейлерге теңдей үлестіріп берген күннің өзінде белгілі бір уақыттан кейін оның қайта байлардың қолына өтетінін көресің. Себебі болмысы кедей адам ақшаны шашуды ғана біледі. Ол – тұтынушы. Ал болмысы бай адам – инвестор. Ол ақшаны сақтап, көбейтуді біледі. Ол тұтынуды емес, өнім шығаруды, қоғамға бір құндылық беруді көбірек ойлайды. Мысалы, дауыл айдап, жансыз аралға түскен адамдарды елестет. Бәрінің о баста мүмкіндігі бірдей. Бұл аралда ақшаның қызметін кокос жаңғақтары атқарады. Аралдағы бүкіл кокос жаңғақтарын бәріне бірдей етіп үлестіріп береді. Кедей, бай деген түсінік жоқ. Біраз уақыттан кейін бір іскер жігіт судың ортасына дейін барып, сирек балықтарды 11 Ақшаға деген көзқарасың қандай? әкеп, сата бастайды. Саудасы жүріп, кокос жаңғақтарын жинайды. Тағы бір жігіт күні-түні жұмыс істеп, канал салады. Ниеті: жұрт төбенің басына барып, су тасып шаршамасын деген ой. Сөйтіп су жеткізіп бергені үшін әр шелекке ақы алады. Кокос жаңғақтары түрінде. Біраз уақыттан кейін кокос жаңғақтары сондай бір іскер топтың қолына шоғырланады. Әділетті ме? Меніңше, иә. Себебі олар құндылық берді, халықтың жағдайын жеңілдетті. Бірақ кедейдің аты кедей. Арасынан бір лидер шығып, «бұлай болмайды. Ақша теңдей үлестірілуі қажет. Кеттік, байлардан жаңғақтарын бөліссін деп талап етейік, қажет болса, тартып алайық» деп ұрандайды. Таныс жағдай ма? «Ақша жайлы байлардан да көбірек ойлайтын адамдар тобы бар. Ол – кедейлер» депті Оскар Уайльд. «Ақша жүрекке кірді» деген осы. Ақшаны өз қожайыны етіп алған, сол үшін одан қорқатын, қашатын кедей болғанша, оны өз құлына айналдырып, шебер басқара алатын, одан қорықпайтын, қашпайтын, керісінше көбейтуді көздейтін бай бол! 12 Қаржы қағидалары Адамның болмысы және ақша Ақша адамның болмысын көрсетеді. Ал көп ақша адамның болмысын көбірек көрсетеді. Ақшасы көбейген танысыңыз күрт өзгерсе, «оны ақша бұзды» демеңіз, ақша тек оған ішкі болмысын көрсетуге мүмкіндік берді. Тәкаппар адамның қалтасы жұқа кезде өзін қарапайым ұстауы заңды. Оған кеуде көтеру жараспайды. Оны өзі де біліп тұр. Себебі тіреп тұрған ештеңесі жоқ. Ал енді қолына байлық бітсе, ол ойындағысын істеуге кіріседі. Оның шынайы табиғаты көріне бастайды. Өзін басқалардан жоғары сезінуге енді негіз бар. Ол кедей кезінде де өзгелерді өзінен төмен санағысы келген. Қазір ақшасының көбейгені соған есік ашып тұр. Ақшасын шаша бергісі келетін шопоголик табысы артқан кезде қымбатырақ заттарды сатып ала бастайды. Ол ақшасы аз кезде «осыдан табысым артсыншы, тапқаным өзіме жете бастайды» деп ойлауы мүмкін. Бірақ әсте олай емес. Болмысы тұтынушы адам ақшасы көбейгенде көп көлемде шоппинг жасай бастайды. Шопоголик – ақшасынан тезірек құтылғысы келетін адам. Оған Apple Pay, Google Pay, Kaspi Pay, т.б. ақшадан тезірек құтылуға көмектесетін жаңа технологияларды қосыңыз. 13 Ақшаға деген көзқарасың қандай? «Ақшадан тезірек құтылғысы келеді» дегеннен шығады. Кейбір адамдар бар. «$1 миллион берсе, не істейсіз?» деп сұраса, «өзіме қажет заттарды сатып алам да, қалған көп бөлігін садақаға жұмсаймын» дейді. Бір қарағанда ниеті жақсы сияқты. Садақа сияқты ізгі істі ойлап тұр. Бірақ негізі ол ақшасынан тезірек құтылғысы келіп тұр. Не үшін? Себебі ол ақшаны басқару, сақтау, көбейту жауапкершілігін алғысы келмейді. Сол ақшаны бірден жұмсай салмай, дұрыс басқарса, көбейтсе, өзіне де, өзгеге де көбірек пайда тигізер еді ғой. Қаржылық тәуелсіздікке ұмтылған адам керісінше ақшасын өзінен әрірек жерге сақтап қойып, ұмытуды үйренуі керек. Яғни, ақшадан құтылуға мүмкіндік бермейтін тетіктерді жасап алуы керек. Мысалы, брокерлік шот ашып, айлық табысының бір бөлігін сол жаққа лақтырып отырса болады. Қолында өзіне қажет мөлшерде ғана ақша қалдырып отырсын. Брокерлік шотқа ақша салып, оңтайлы сәтте сенімді үлкен компанияның акцияларын сатып ап, оны кемінде 5 жылға ұмыт. Акция – ұзақ мерзімде ақшаңды инфляциядан қорғайтын ең тиімді құрал. Оны сатып ап, қайта сатып, индекстерді аңдып отырудың 14 Қаржы қағидалары қажеті жоқ. Кемінде 5 жылға ұмыт. Бұл саған ақшаны көтеріп алатын ойын автоматы емес қой. Көбі инвестицияны солай көретін сияқты. Бұл ақшаңды сақтап, өзіңнен әрірек жерге қойып қоюдың жолы ғана. Қолыңда тұрмаған соң, ақшаң өзің күтпеген жаққа жұмсалып кетпейді, біреу кеп қарыз сұраса да, «кешір, дәл қазір қолымда жоқ еді» деп еркін айта аласың. Қарыз – шыдамсыздықтың ақша түріндегі көрінісі. Шыдамсыз адам күткісі келмейді. Сол үшін қарыз алып, дегеніне тезірек жеткісі келеді. Сөйтіп қарызға батады. Яғни, оның қаржылық проблемаға тап болуына оның сандарды есептей алмауы емес, шыдамсыз болмысы себеп боп тұр. Ал үнемдеу – керісінше төзімнің ақша түріндегі көрінісі. Сен қаншалықты төзімді болсаң, соншалықты үнемдей аласың. Айфонды кредитке алғанша мүмкін біраз шыдап, ақша жинап аларсың? Өмірде бір нәрсеге жеткісі келетін адам төзімді болуы керек екенін білесің. Төзімді адам – ләззатын кешіктіре білетін адам. «Қазір еңбектенейін, жемісін кешірек көруге дайынмын» дейді. Қанша табатынын, қай затқа қанша жұмсағанын жалпыға жариялап жүретіндер бар. Бірақ «ақша тыныштықты сүйеді» («деньги 15 Ақшаға деген көзқарасың қандай? любят тишину») деген қағида бар. Яғни, табысың жайлы айта берме деген сөз. Отыз екі тісің ұстай алмаған сандарды уысыңда ұстай аламын деп ойлайсың ба? Бізде «көрсетіп тұтыну» («демонстративное потребление») кең тараған. Қымбат көлік, қымбат киім, қымбат үй алып, соны жұртқа көрсетеді. Өкініштісі, біз сондай адамдарды бай деп қабылдаймыз. Инстаграм иллюзиясы тағы бар. Бірақ әсте олай емес. Шынайы байлар ақша тыныштықты сүйетінін біледі. Сол үшін қарапайым киінеді, көлігі, үйі – бәрі қарапайым. Салығы аз жерлерде тұруға тырысады. Көзге түсе бермейді. 4 атадан бері миллиардер әулеттер бар әлемде. Бәріміз білетін ұлт өкілдері. Сүлеймен, Дәуіт, Жүсіп пайғамбарлардың қаржы мәселесіндегі сүннеттерін берік ұстанып келе жатқандар ғой. Олардың бай болуы да заңды. Бізге шынайы байдың образын насихаттау маңызды деп ойлаймын. Ал шынайы бай адам – ақшасынан тезірек құтылуды ойлайтын тұтынушы емес, оны көбейтуді көздейтін инвестор, болмысы бай адам. Ол – нәпсісін басқара алатын төзімді адам. Түптеп келгенде бәрі 16 Қаржы қағидалары болмысыңмен жұмыс істеуге, оны қалыптастыруға кеп тіреледі. Қаржылық образ Образ киім сияқты. Үстіңе кисең, ішкі күйің де өзгереді. Мысалы, стильді классикалық костюм киіп алсаң және ол денеңе шапшақ отырса, өзіңді іштей талғампаз ақсүйек сезінесің. Сол ішкі сезімнің күшімен өзіңді қоғамда мәдениетті һәм сыпайы ұстай бастайсың. Өзгеше шешімдер қабылдайсың. Өзгеше ойлар туады. Басқа киім кигенде мұндай күй кешпес едің. Қаржылық образ деген не? Ол – сенің ақшаға деген көзқарасың, ұстанымдарың, қаржылық әдеттерің мен мақсаттарыңды қамтитын бейнең. Мысалы, мынадай бір қаржылық образ бар: ол тапқанынан да көп жұмсайды, қауіпсіздік қорын жинамайды, қарыз ала береді, табысын арттыруға әрекет қылмайды. Бұл – оның жаман қаржылық әдеттері. Қаржылық мақсаттары: көлік алу, саяхатқа шығу, дүркіретіп той жасау, үй алу, т.б. болуы мүмкін. Бірақ бұл мақсаттарға қазіргі табысымен қашан жетеді? Жете ала ма өзі? Оның миында айлық табыс ретінде 150 000 тг деген сан тұр. Оның қаржылық шегі сол. 17 Ақшаға деген көзқарасың қандай? Одан үлкенірек сандарды миы қабылдай алмай жатыр. Бұл қаржылық образ оның қандай қаржылық шешім қабылдайтынын, қандай соманы байқап, іліп алатынын айқындайды. Ол «осыдан табысым артып, 500 000 тг таба бастасам, қарыздарымнан құтылып, шалқып өмір сүре бастаймын» деп ойлайды. Қайдағы?! Біріншіден, мұндай қарқынмен табысы артып кетуі екіталай. Екіншіден, табысы артқан күннің өзінде шығыны да соған сай арта бастайды. Қанша табатының емес, қандай қаржылық әдеттерің бар, сол маңызды. Бұл кісі қаржылық образын өзгертпесе болмайды. Қалай? Ойша үстіне қаржы генийінің «костюмін» киіп көрсін. Ойша! Қағазға жазса, тіпті жақсы. «Мен қаржы генийімін. Ешкімге қарыз емеспін. Тапқанымның көп бөлігін сақтап, қорға жинап отырамын. Орынсыз шығындардан арылдым» десін. «Айлық табысым: 1 млн тг» деп, сосын соны нақты қалай қайда не үшін жұмсайтынын анықтап, жазып қойсын. Тегін ғой. Миыңмен ұстап көрмеген ақшаны қолыңмен ұстауың мүмкін бе? Бір сәтке өзіңді қаржы генийі сезінуге, 1 млн тг-ні ойша ұстап, жаратуға өзөзіңе рұқсат бер. Ойлан. Жаз. Сол кезде сен өзіңнің қаржылық шегіңнің кеңейгенін бай- 18 Қаржы қағидалары қайсың: бұрын 150 000 тг-ге тіреліп қалатын басың енді 1 млн тг-ге тиіп тұр. Бұның бәрі ойша болып жатқанын еске салайын. Киім денеңе шап-шақ отырғанда бір жайлы сезім болады ғой, дәл сондай сезім пайда болғанша өз қаржылық образыңды іздей бер. Мысалы, саған 1 млн тг тарлық етуі немесе кең боп тұруы мүмкін. Өз қаржылық образыңды тапқан кезде ішкі күйің де өзгереді. Өзіңді миллионер сезінесің. Ал бұл жаңа образ жаңа қаржылық шешімдер қабылдауға итермелейді. Сол кезде ғана сен айналаңда шашылып жатқан 1 млн тг-ні байқай бастайсың. Тек соны теріп үлгерсең, болды. Сен 150 000 тг-лік образыңмен бұл мүмкіндікті байқамайтын да едің. Лексус GS300 алсам деп жүрген адам көшеде лексустарды көп көре бастайды да, «мә, қалада лексустар қаптап кетіпті ғой» дейді. Негізі олар бұрыннан бар еді. Тек нақты мақсат болған соң, көзге іліне бастады. Сол сияқты ғой. Миллионер образын үстіңе киіп алудың тағы бір артықшылығын айтайын. Әдетте біз қаржылық шегімізден шыға алмай жатамыз. Мысалы, жоспар құрсақ та, 150 000 тг-ден асырмаймыз. Себебі өзімізге қойып алған шегіміз сол. Бұл сан сенің қаржылық образыңды анық көрсетеді. Мысалы, сен барис- 19 Ақшаға деген көзқарасың қандай? тасың: кофе дайындайсың. Сөйтіп бір күні алдыңа ескі кластасың келеді де, сені танып, шіреніп, миығынан күледі «не жұмыс мынау?» дегендей. Түрі, киімі, өзін ұстауы – бәрі ақшаны жақсы табатынын айтып тұр. Оның мысы басып, сенің сағың сынып, ештеңе дей алмай қаласың. Бірдеңе дейін десең, табатының анау. Өзіңді қор сезінесің. Артыңда тіреп тұрған ештеңең жоқ. Ақша болмаған соң, бірдеңе деуге де қақың жоқ сияқты. Сен 150 000 тг-лік образыңмен жеңілдің. Енді елестетіп көрейікші. Сен баристасың: кофе дайындайсың. Айлығың әзірге: 150 000 тг. Бірақ ойша миллионер образын киіп алғансың. Өзіңді миллионер сезінуге өз-өзіңе рұқсат бердің және мұның негізсіз де емес. Себебі ол миллионды ойша қайда қалай не үшін жұмсайтыныңды анықтап қойғансың. Ойыңдағы миллионның қалтаңа түсуі уақыттың еншісі ғана. Бәлкім бір айдан кейін, бәлкім жарты жыл, бәлкім бір жылдан кейін ол ақша пайда болар. Сөйтіп алдыңа әлгі ескі кластасың келгенде, сен өзіңді қор сезінбейсің. Қалтаңда миллион болмаса да. Оның мысы баспайды. Онымен тең дәрежеде сөйлесесің. Сенімдісің. Себебі сен өзіңді миллионер сезініп тұрсың. 20 Қаржы қағидалары Өзіңді миллионер сезіну, миллионер образын кию тегін. Ол соманың қалтаңда болуы да шарт емес. Мысалы, сен ескі камри 10-ыңмен Есентай Молдың авто тұрағына кіруге ұяласың. Есентай Молда тәпішке киіп жүруге қысыласың. Неге? Себебі сен өзіңді 150 000 тг-лік образыңмен ол жерде қор сезінесің. Енді елестетші, Бейбіт Алибеков @ alibekovkz тура сол камри 10-мен Есентайға кірсе, сосын тәпішке киіп шықса, ол өзін қалай сезінер еді? Ол мұны ойын ретінде қабылдап, қызармайды да, өзін қор сезінбейді. Себебі ол миллионер образында жүр. Ал сен неге бұны ойын ретінде қабылдай алмайсың? «Алдымен миллион табайын, сосын өзімді миллионер сезінем» деп емес, «өзімді миллионер сезінейін, сосын миллион табамын» деу керек. Менен «миллион табу жолдарын айтыңызшы» деп сұрайтындар бар. Әркімнің өз миллионы бар, оны табу жолы да әртүрлі. Жұрттың бәрі интернет маркетинг үйренгенмен, бәрі миллион таба бермейді. Бірақ таксист те, еден жуушы да миллион таба алады. Мен саған «былай істе, былай істеме» деп, миллионға жетудің жолдарын көрсете алмаймын. Маған жәрдемі тиген әдістер саған көмектеспеуі мүмкін. Бірақ осы жазбамда 21 Ақшаға деген көзқарасың қандай? сенің өз миллионер образыңды жасауға қажет кеңестерді бердім. Сенің миллионың қай жерде жатқанын сол образың тауып, көрсетіп береді. Тек соны дер кезінде теріп үлгерсең, болды. Қаржылық проблемалар қалай пайда болады? Қаржылық проблемалар қалай пайда болады? Қарызға батуың, кредит үстіне кредит алуың, тапқаныңның ай соңына дейін жетпеуі, 1 жылдық қауіпсіздік қорын жинай алмауың – бәрі қаржылық проблемалар. Қаржылық проблемалар қаржылық емес проблемаларды ақшамен шешуге тырысқанда пайда болады. Мысалы, «жұмыс-жұмыс» деп, балаларына көңіл бөлмей жүрген әке оларға қымбат, тіпті кейде өте қымбат сыйлықтар сатып әперіп, уақытында бөлінбеген көңілдің орнын толтыруға тырысады. Тағы бір мысал. Анаңның туған күніне ерекше сыйлық жасағың келді. Ол сыйлық сенің ойыңша қымбат болуы керек. Не үшін? Мысалы, 250 000 тг тұратын тон немесе 300 000 тг тұратын айфон. Қалтаң көтермесе де, кредит бар ғой! Сөйтіп соны сатып ап, анаңа сыйлайсың. Анаң мәз. Сен де өзіңді бір сәтке жомарт перзент сезініп қаласың. 22 Қаржы қағидалары Миссия орындалды. Бірақ мойныңда әлі төленбеген кредит бар. Оны жабу үшін енді ай сайын қосымша тер төгуің керек. Енді осы ситуацияны тереңірек талдап көрейікші. Қымбат сыйлық жасау арқылы сен қандай проблеманы шешуге тырыстың? Қымбат сыйлық жасауда проблема жоқ. Проблема қолдағы қаражатың жетпесе де, тыраштанып, қарызға батып, ақшамен шешуді қажет етпейтін проблеманы ақшамен шешуге тырысып, қаржылық проблемалар тудырып алуыңда. Анаңа қымбат сыйлық жасап, өзіңді жомарт перзент етіп көрсеткің келді ме? Инстаграмда бәрі аналарына айфон әперіп, тон кигізіп, қымбат жүзік сыйлап жатыр ғой. Солардан қаласың ба? Әлде өзіңді қамқор перзент сезінгің келді ме? Мүмкін анаңның «жұрттың баласы анасына ананы әперіпті, мынаны сыйлапты» деген әңгіме арасындағы жасырын манипуляциясы ықпал етті ме? Анаң құрбыларының алдында өзін бейшара сезініп қалмасын, жұрт оның да баласы бір нәрсеге жарайтынын білсін дедің бе? Жалпы анаңмен қарымқатынасың қандай? Сол сыйлық сыйланбай қалса не болады? Егер өзіңді сол үшін кінәлі сезінсең, қарым-қатынаста бір нәрсе дұрыс 23 Ақшаға деген көзқарасың қандай? емес деген сөз. Ал бұл – қаржылық емес проблема, оны ақшасыз шешу керек. Біз ақшаны барлық мәселені шешетін зат деп көреміз. Мысалы, көңіл-күйімізді көтеру үшін, өзімізге деген сенімімізді арттыру үшін немесе басқаларды басқару үшін ақша жұмсаймыз. Біз ақшаның көмегімен эмоционал жарақаттарымызды жамауға, өзгелердің құрметін, қошеметін сатып алуға тырысамыз. Нәтижесінде ақшаны өте маңызды нәрсеге айналдырып аламыз. Ол ондай маңызға ие болмаса да. Біреуге бір нәрсе дәлелдеу үшін, өзіне деген сенімін көтеру үшін қымбат көлік алып, қымбат пәтер жалдайтындар, бизнес класпен ғана ұшатындар бар. Жақсы, бір рет көтердің, дәлелдедің. Бірақ бұл әдет қой. Үлкен күшке ие әдет. Түбі сені тақырға отырғызатын әдет. Қайталап айтам, сенің қанша табатының маңызды емес, қандай қаржылық әдеттерің бар, сол маңызды. Сен үнемі қазіргідей ақша таба бермейсің. Сенің әлі негізгі қаржылық мәселелерің шешілмеді. Мысалы, біржылдық, сосын үшжылдық қауіпсіздік қорың жоқ. Қала берді, ақша саған жұмыс істейтін, яғни, өміріңнің соңына дейін жұмыс істемей, арқаңды кеңге салып жүретіндей деңгейге 24 Қаржы қағидалары жетпедің. Сол үшін қазірден үнемдеуді үйрен. Ал үнемдеу қаржылық емес проблемаларды ақшасыз шешуден басталады. «Тегін дофамин» деген түсінік бар. Дофамин – бақыт гормоны. Балаңа қымбат сыйлық алып берудің қажеті жоқ. Онымен бірге бір сағат ойнасаң, сол жеткілікті. Тегін. Бала үшін одан асқан бақыт жоқ. Сен де өзіңді әке ретінде бақытты сезінесің. Айтпақшы, бала үшін ең күшті ойыншық қарапайым ағаштың шыбығы екенін білесің бе? Ол оны ат қып міне алады, мылтық қып қолдана алады. Қысқасы оның қиялына қанат бітіреді. Тегін бірақ пайдасы зор ойыншық. Тегін дофаминді жұбайыңмен сырласып, уақытты сапалы өткізіп, ала аласың. Соның өзі қымбат сыйлық түсінгенге. Суыған сезімді ақша емес, жылы сөз, жылы құшақ жылыта алады. Ата-анаңа қызмет қылу – тегін. Сарыағашта тұратын бір жігітті білем. Күнде анасының аяғын жуады. Анасы да оған разы. Дұға жасап отырады. Біле білгенге бұл кез келген айфоннан қымбат сыйлық. «Балам айфон әперді» деп және «балам күнде аяғымды жуып, қызметін жасап жүр» деп мақтанып отырған екі ананың қайсы бақыттырақ деп 25 Ақшаға деген көзқарасың қандай? ойлайсың? Қайсы сенің ізгі сезімдеріңді оятады? Қайсы сенің мойныңа салмақ түсіреді? Кітап оқу, сол арқылы біліміңді арттыру тегін. Әлемнің бар білімі интернетте тегін тұр. Білгеніңді бөлісіп, халыққа қызмет ету де тегін. Осылайша жоғарыда айтқан құрмет, абырой, қошеметті тегін «сатып» алуға болады емес пе? Сөйтіп өзіңе деген сенімің де артады. Тегін. Еврейлердің «Егер проблеманы ақшамен шешу мүмкін болса, ол проблема емес, шығын» деген нақыл сөзі бар. Ақшаны қажет етпейтін проблемаларымызды шешу үшін қаншама шығындалдық? Бір нәрсені анық білемін. Қаржылық емес проблемаларды ақшасыз шешуді үйренгенде қаржылық проблемаларың да шешіле бастайды. Ойланып көрші. Қаржылық проблемалардың алдын алу Қаржылық проблемасы бар адамды көргенде, еріксіз ойлайсың «осының алдын алса болар еді ғой» деп. Қаржылық проблемалар қаржылық емес проблемаларды ақшамен шешуге тырысқанда пайда болады. Мысалы, қарым-қатынастағы проблеманы ақшамен шешкісі келетіндер бар. Ол проблема- 26 Қаржы қағидалары ның түпкі себебін тауып, басқа шешім іздеу керек. Әдетте біз проблеманың салдарымен ғана күресеміз де, соны шешуге қыруар қаржы жұмсаймыз. Тамырымен жұлып тастамаған соң, жаңа проблемалар шыға береді. Проблеманың түпкі себебін дұрыс сұрақ қою арқылы табуға болады. Мысалы, «не үшін?» деген керемет сұрақ бар. Бір мысал келтірейін. Қызы әкесінен «780 000 тг тұратын айфон 13 әперіңізші» деп қиылып сұрайды. Әкесі әпергісі келмейді. Бірақ қызы «онда өзім рассрочкаға аламын» деп қайтпай қояды. Қыздың қиылғаны қиын ғой. Әкесі өзін кінәлі сезінеді. Бір жағынан, қызына жеткілікті көңіл бөлмегенін, бұған дейін оның мұң-мұқтажына аса назар аудармай келгенін біледі. Сөйтіп біреуден қарыз алып, қызына сұрағанын сатып әпереді. Оның мойнында енді 780 000 тг қарыз бар деген сөз. Қаржылық проблема ма? Иә. Одан басқа мәшінеге, үйге деп алған қарыздары тағы бар. Әкесі мен қызының арасы суық. Қарым-қатынастағы проблеманы ақшамен шешпек болған ол қарызға одан сайын батады. Бұл проблеманы шешуге «не үшін?» деген сұрақ көмектеседі. «Не үшін?» деген сұрақты қайта-қайта қойып көріңізші. Түпкі проблема басқа боп шығады: 27 Ақшаға деген көзқарасың қандай? – Қызым, саған бұл айфон не үшін қажет боп тұр, шыныңды айтшы? – Мен өзгелерді таңқалдырғым келеді. – Не үшін? – Себебі мен қоғамда еленбей жүрген сияқтымын. – Не үшін олай болды деп ойлайсың? – Себебі менің айтарлықтай жетістіктерім жоқ. – Айтарлықтай жетістіктерге не үшін жетпей жатырсың? – Себебі мен өзіме ұнамайтын іспен айналысып жүрмін. Сол сәтте әкесі сәл ойланып, «қызым, айтшы, енді айфонның бұған не қатысы бар?» деді. Проблеманың түпкі себебін тапқан сияқтымыз. Расында айфон бұл проблеманы шешпейтін еді. Тек уақытша шешімнің қызметін атқарып қояды. Болды. Ал қарыз қаржылық проблема боп мойнында қалады. Таныс сезім бе? Бір психологиялық проблемаңды шешеді-ау деп қымбат зат сатып аласың да, кейін бармағыңды шайнап отырасың. «Осы-ақ па не?» деп. Енді әкесі «не үшін?» деген сұрақты өзіне қойып көрсінші. Проблеманың басқа қырын байқайды. 28 Қаржы қағидалары – Мен қызыма не үшін 780 000 тг-лік айфонды әперем деп шештім? – Себебі бұл арқылы қарым-қатынасымызды түзеймін деп ойлаймын. – Қарым-қатынасымызды не үшін түзегім келеді? – Себебі арамыз суық. – Арамыз не үшін суық? – Себебі мен оған аз көңіл бөліп жүрмін. – Қызыма не үшін аз көңіл бөліп жүрмін? – Себебі жұмысты бірінші орынға қойдым. – Не үшін олай? – Себебі отбасын #1 құндылық деп қабылдамаймын. Енді «отбасын #1 құндылық деп қабылдамау» деген проблема мен «айфон әперем» деген шешімнің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсың? Бар ма өзі? Сен отбасын өміріңдегі ең маңызды құндылық деп танысаң, соған сай әрекет етсең, қызыңа айфонның қажеті де болмайтын еді. Осы қаржылық емес проблеманы ақшасыз-ақ тегін шешуге болады емес пе? Қаржылық проблемалар күтпеген шығындар түрінде көрініс табуы мүмкін. Мысалы, тройка костюм алғың келді дейік. Киімге деп бөлген бюджетің: 120 000 тг. Бір отандық 29 Ақшаға деген көзқарасың қандай? брендтің жақсы костюмдерін көресің. Әдемі! Талғаммен тігілген. Бағасы да 100 000 тг екен. Бюджетке сыйып тұр. Сен жоспар құрғанда, шығының 100 000 тг болады деп ойлайсың. Бірақ шын шығын одан әлдеқайда көп боп шығады. Костюм алған соң, оған жарасатын жейде, белдік, галстук, бет орамал, туфли, туфлиге сай шұлық алуың керек болады. 100 000 тг-нің костюмін алып тұрып, 5000 тг-нің жейдесін, 20 000 тг-нің туфлиін ала алмайсың. Біртүрлі ғой. Олар да костюмге сай, яғни, қымбат әрі сапалы болуы керек. Сөйтіп сауда жасап, шығындарыңды есептеп көрсең, 220 000 тг боп кетіпті. Костюмді, шалбарды қысқарту қажет болса, арзан ательеге барғың келмей қалады. Ол да шығын. Бір затты сатып алу келесі бір затты сатып алуға итермелейді. Соны ұмытпа. Бір қызығы, бір қымбат затқа бір шығындалғаннан кейін оның артынан еретін келесі шығындар аз боп көрінеді. Бұл не деген сөз? Келесі жолы костюм іздегенде, оның бағасын емес, оның артынан еретін қосымша шығындарды да ойла. Көлік алғанда да осыны ескеру керек. 5,5 литрлік джипке қызығуың мүмкін. Оның бағасын көріп, соны жинауға кірісесің. 30 млн тг тапсам болды дейсің, мысалы. Бірақ сол 30 Қаржы қағидалары джипті алғаннан кейінгі шығындарды ескермейсің. Мысалы, оның бөлшектері қымбат, қысқы дөңгелектері қымбат, сервисі қымбат, салығы тағы бар. Күтпеген шығындар күтпеген қаржылық проблемалар тудырады. Қаржылық проблемалардың алдын алудың тағы бір жолы: қолыңда әлі жоқ ақшаға үміт артып, шешім қабылдамау. Қарызға батқан адамдарға қарасаң, көбі «жақында ақша түсуі керек» немесе «ана проекттен ақша көтеріп алам, сосын қайтарам» деп алады. Ниеті: қарызды уақытында қайтару. Бірақ көп жағдайда күткен ақшасы түспейді, үміт артқан проекті атпай қалады. Сөйтіп қарыздың үстіне қарыз қосылып, жағдайы қиындай береді. Қарызға бата беретін жандар алдымен қолында әлі жоқ ақшаға үміт арту әдетінен арылсыншы. Кез келген проблемамен күресудің ең тиімді жолы: оның алдын алу, болдырмау. Қаржылық проблемаларға түспеудің де жолы сол. Ақшасыз шешуге болатын мәселеге ақша жұмсап, шығындалма. Жаңа зат сатып аларда, ол басқа заттарды сатып алуға итермелейтінін ұмытпа. Қолыңда әлі жоқ ақшаға үміт артпа. Сөйтіп қаржылық проблемасы жоқ еркін адам бол. 31 Ақшаға деген көзқарасың қандай? Әдет қалыптастыру алгоритмі һәм қаржылық әдеттер Өзін өзгерткісі келген адам әдеттерінен бастайды. Мысалы, ол телефонға телміріп, инстаграмда сағаттап отыру өзіне ешқандай пайда бермейтінін, бұның жаман әдет екенін түсінеді. Сосын бұл әдетін тұншықтыруға кіріседі: түрлі шектеулер қояды, нәпсісімен күреседі. Былайша айтқанда, телефоннан тәуелсіз болу әдетін қалыптастырғысы келеді. Бірақ, мойындау керек, көп жағдайда мұндай талпыныстары сәтсіз боп жатады. Көп ұзамай бұрынғы әдетіне қайта басады. Себебі оның әдет қалыптастыру алгоритмі дұрыс болмай тұр. Ол өзгерісті әдеттен бастады. Негізі ол өзі жайлы, өз тұлғасы жайлы ойын өзгертуден бастауы керек еді. Қалай? Сенің өзің жайлы ойың қандай? Сен кімсің? Миыңда өзің жайлы қандай образ тұр? Красавчиксің бе? Сорлысың ба? Өзіңді бір нәрсеге ықпал ете алатын тұлға ретінде көресің бе, жоқ па? Жақсы, сондай тұлға болғың келе ме өзі? Тіпті өзіңді сондай тұлға болуға лайық санайсың ба? Бір мысал келтірейін. Темекі тастауға тырысып жүрген екі кісіге шылым ұсынды. Бірі «жоқ, мен темекіні қояйын деп жүрмін» деп, 32 Қаржы қағидалары екіншісі «жоқ, мен темекі шекпейтін адаммын» деп жауап берді (мысал «Атом әдеттер» кітабынан алынды). Қалай ойлайсың, екеуінің қайсы шылым шегу әдетінен тезірек арылады? Байқадың ба, біріншісі ойша өзін әлі де шылым шегуші адам санап тұр. Әуелі өзің жайлы ойыңды өзгерт. Өзін инвестор, финанс гениі сезінбейтін немесе сондай болғысы келмейтін адам кіріс-шығыс есебін жүргізу, үнемдеу, инвестиция жасау сияқты жақсы қаржылық әдеттерді қалыптастыра алмайды. Қанша тырысса да. Ал өзін жастарға үлгімін деп санайтын адамға күнде шашын жуып, киімін реттеп, аяқ-киімін сүртіп, жинақы боп жүру қиын емес. Бұл әдеттер тез әрі оңай қалыптасады. Өзін жазушымын деп санайтын адам әлі ол деңгейге жетпесе де, аптасына 2 шедевр пост жазу әдетін олай ойламайтын адамға қарағанда тезірек қалыптастыра алады. Әдеттеріңді еске алшы. Не үшін қиын боп жатқанын түсінген шығарсың. Нәтижені, соған жеткізеді-ау деген әдеттерді емес, қандай тұлға болғың келеді, соны көбірек ойлауың керек. Соны қалауың керек. Сондай болуға лайық екеніңді ойлауға өз-өзіңе рұқсат бер. Содан кейін сол тұлға қандай әдеттерге ие, соны ойла. Сол әдеттерді қалыптастыр. Бұл 33 Ақшаға деген көзқарасың қандай? жолы сен өзіңе қажет дұрыс әдеттермен жұмыс істей бастайсың. Басқа біреудің айтқанымен емес. Бұл әдеттердің мақсаты: өзің қалаған тұлғаға айнала бастағаныңды өз-өзіңе дәлелдеу. Мысалы, табысты адамдар ерте тұрады. Сен өзіңді табысты адам ретінде көрмей, ерте тұруды қанша жерден әдетке айналдырам десең де, дегеніңе жете алмайсың. Алдымен өзіңді табысты адам ретінде көр. Соны қатты қала. Сосын ерте тұра баста. Себебі ерту тұру – табысты адамдарға тән әдет. Ерте тұру әдеті өзіңе өзіңнің табысты тұлға екеніңді күнде дәлелдеу үшін ғана керек. Содан ләззат алып, күнде ерте тұра бергің келеді. Ал ләззат сыйламайтын, нәтиже бермейтін істі ешкім істегісі келмейді. Мысалы, толық адам артық салмақтан арылуды мақсат етеді. Күнде 5 км жүгіреді, дұрыс тамақтана бастайды. Бұны бір күн істеу оңай. Бірақ бір- -екі аптадан кейін шыдамай, бұрынғы өмір салтына оралады. Себебі бұл әрекеттері, әдеттері өзі күткен нәтижені бермей жатыр. Әдетті нәтижеге жеткізетін құрал ретінде ғана көрсең, осы. Қайтсе бұл әдеттері оған ләззат сыйлайды? Ол салауатты өмір салтын ұстанатын 34 Қаржы қағидалары тұлға болуды қалауы керек. Сол образ миында жанып тұруы керек. Кезекті 5 км-ін жүгіріп, дұрыс тамақтанып, ол өз-өзіне сол образға сай болып жатқанын тағы дәлелдейді. Содан ләззат алады да, жақсы әдеттерін шабыттанып қайталай береді. Бір уақытта сол әдеттер оның болмысына айналып, ол тұлға ретінде өзгеріп шыға келеді. 35 ҮНЕМДЕУ ӨНЕРІ Үнемдеу өнері Үнемдеу дұрыс па? Үнемдемей-ақ арқаны кеңге салып өмір сүрмейміз бе? Бұл өзіңді шектеу емес пе? Бір нәрсені анық білемін. Үнемдеу – қаржылық әдет. Қаржылық қауіпсіздікке жеткізіп, жиған байлығыңды сақтап қалуға көмектесетін жақсы әдет. Бірақ не үшін кейбір адамдар бұл сөзді ұнатпайды? Не үшін «үнемде» десе, төбе шашы тік тұрады? Үнемдеудің антонимі – ақшаны шашу. Мысалы, қажет болмаса да, зат сатып ала беру. «Қанша теңге керек? Оны не істейсің?» деген сұраққа «ананы сатып алам, мынаған жұмсаймын» деп жауап берсең, «ақша» деген сөзді естігенде, ойыңа бірден бір нәрсе сатып алу келсе, сен тұтынушысың. Тапқаныңды жұмсай бергің келеді. Ал өзін тұтынушы емес, инвестор сезінетін адам «ақша» деген сөзді естігенде, оны жұмсай салуды емес, сақтап, көбейтуді ойлайды. Тұтынушылық та әдет. Бірақ жаман әдет. Себебі түбі сені қа- 36 Қаржы қағидалары рызға батырады, қаржылық тәуелсіздігіңді шектейді, ақшаның құлы қылады. Үнемдеу – қажет емес кезде ақша жұмсамау. Қажет пен қалаудың аражігін ажырату мәселесі ғой. Мысалы, қарным ашты дейік. Түскі асты қай жерден ішемін? Жанымда бір ресторан бар. Орташа чек: 3500 тг. Одан бөлек бір кафе бар. Орташа чек: 2000 тг. Ресторанды қалтам көтереді. Нәпсім қалап тұр. Енді қалау мен қажет тұрғысынан қарап көрейік. Менің қажетім: қарнымды тойдыру. Ал ресторан – қалауым, қажетім емес. Демек, қалауымды шетке ысырып, қажетімді өтесем, үнемдеген боламын. Қажет емес кезде ақша жұмсамадым. «Қалағаныңша өмір сүр, өзіңді өйтіп шектеме, ресторанда тамақтанғың келсе, тамақтан» дейтін шығарсың. Біріншіден, біз қалағанын істей беретін хайуан емеспіз ғой. Құранда «нәпсі қалауын Құдай етіп алғандар» (45:23) деген сөз бар. Қалағаныңды істей беру де – әдет. Бұл әдет түбі сені жақсылыққа жеткізе ме, жамандыққа жеткізе ме? Екіншіден, сен үнемдеуді шектеу ретінде көріп тұрсың. Неге? Себебі сен ақшаңды шашқың келеді. Қолыңдағы ақшаңнан тезірек арылғың келеді. Ал мен үнемдеуден ләззат аламын. Нағыз еркіндік бұл. Себебі мен өзім- 37 Үнемдеу өнері ді, нәпсі қалауымды басқара аламын. Ал сен өз қалауыңның құлысың. Үнемдеу қай кезде өзіңді қинауға айналады? Не үшін үнемдеп жатқаныңды білмесең, үнемдеудің мәнін түсінбесең, өзіңді тұншықтырғандай боласың. Үнемдеу үшін ғана үнемдесең, түбі бұл іс сені қажытып жібереді де, бәрін тастай саласың. Үнемдеу қаржылық қауіпсіздікке жеткізіп, жиған байлығыңды сақтап қалуға көмектесетін жақсы әдет дедік. Қаржылық мақсаттарың болғанда, соған жетуді шын қалағанда ғана үнемдеу мәнді іске айналады. Қаржылық мақсаттар жайлы жазайын. Қарызың болса, ең бірінші қаржылық мақсатың: содан құтылу. Бұл жағдайда үнемдеу тіпті өзекті болмақ. Ресторан, кафені былай қойып, сен енді қара су, қара нанмен шектелетін боласың. Жаңа киім дегенді ұмыта тұрасың. Сөйтіп қарызыңнан құтыласың. Ал құтылу – еркіндік. Ертеңгі еркіндігің үшін өзіңді қазір шектей тұру да еркіндік емес пе? Одан кейінгі қаржылық мақсатың: 6 айлық қауіпсіздік қорын жинау. Айлық шығыныңды есептеп, соны 6-ға көбейтесің. Бұл жұмыссыз қалсаң, сені 6 ай асырайтын ақша. Қорды жинағанша да, кейбір қалауларыңа жоқ дей 38 Қаржы қағидалары тұрасың. Қорды жинап, өзіңді еркін сезіне бастайсың. Бірақ үнемдеу әдетін тастамайсың. Қашанға дейін үнемдеу керек? Ақша саған жұмыс істейтін, ал сен жұмыс істемейтін деңгейге жеткенше, үнемдеуден ләззат алып өмір сүр. Зейнетке 30-35 жасыңда шыққың келмей ме? Өзіңді инвестор сезінсең, үнемдеу болмысыңа айналып кетеді. Үнемдеу жақсы ғой. Бірақ үнемдеуді ұран ететін адамдардың бір проблемасы: табысын арттыруды ойламайды. Ал табысты арттыру идеясын алға тартатындардың проблемасы: үнемдеуді ұнатпайды. Ыдыстың түбі тесік болса, қанша толтырсаң да, суы ағып кете береді. Үнемдеу – сол тесіктерді бітеу, тапқаныңды ұстап қалу. Байығың келсе, табысыңды арттыруың керек. Онсыз болмайды. Бірақ сол байлықты сақтап, көбейту үшін үнемдеуің керек. Онсыз болмайды. Үнемдеу – ақылды адамның ісі. Ақылды адам бір күндік өмірін емес, ертеңін, алдағы 20 жылын, 50 жылын ойлайды. «Үнемдемесем де, ертең сол ақшаны тауып алам» дейтін өзіне сенімді адамдарға бір мысал келтіргім келеді. Екі жігіт жолға шықты. Жаяу. Шамамен 20 шақырым жердегі елді мекенге жетуі керек. Екеуіне 2 литр судан берілді. «Жолда ішесің- 39 Үнемдеу өнері дер» деп. Бірінші жігіт суын аз-аздан қажет деңгейде ғана ішіп отырды. Екіншісі шашыптөгіп, қатты шөлдемесе де, іше берді. «Жолда бір жерден су тауып, құйып алам ғой» деп ойлады. Көп ұзамай суы да бітті. Бірақ дегені болмады. Ішерге су таппады. Құдықтар құрғап қалған. Ол 2 литр суын соқыр тәуекелге салып, тауысып қойды. Негізі Алла оған ризығын жеткілікті мөлшерде берген. Өлтірмейтін мөлшерде. Соны дұрыс қолданбаған өзі кінәлі. Ал бірінші жігіт 2 литр суын аз-аздан қажетіне ғана қолданып, діттеген жеріне жетті. Ойланып көрші. Мақсат болмаса, үнемдеуде мән жоқ дедік. Түркияда «Жегендей болдым» деген мешіт бар. Оны салдырған адам орта табысты кісі болған. Хикаясы қызық. Нәпсісі артық не әдеттен тыс бір тамақты қалағанда, ол оны тыйып, «жегендей болдым» деп ақшасын шетке жинай берген. Сөйтіп 20 жылдан кейін кішігірім бір мешіт салуға жететін ақшаны жинаған екен. Сен де қаржылық мақсаттарыңа осындай «жегендей болдым»-дар арқылы тез жете аласың ғой. Үнемдеуді үйрен Ата-анам кішкентай кезімнен үнемшіл болуға баулыды. «Жарықты өшіріп жүр», «суды 40 Қаржы қағидалары ашық қалдырып кетпе», «тамағыңды тауыс, үйде ит жоқ» деп ысырап жасамауға үйретті. Өздері де үнемшілдіктің керемет үлгісін көрсетті. Әлі күнге дейін газға тағы от жағу керек болса, қолданылған сіріңкені алып, жанып тұрған отқа тұтатады. Киімді бір киіп, тастай салу деген бізде атымен жоқ. Бала кезде менен қалған киімді інім киетін. Одан қалса, ауылға жіберетінбіз. Олар қаладан келген киімге қуанатын. «Бізге жыртық киімдеріңді жібергендеріңдей, біз де сендерге тістелген құрттарымызды жібереміз» демеген ауылдағы кең пейіл туысқандарыма алғысым көп. Ата-анам – қарапайым жұмысшылар. Жоғарғы білімі де жоқ. Анам – медбике, әкем – құрылысшы. Сөйте тұра, тапқан-таянғанын той-томалақ, туысқандарға көмек, біздің оқуымыз, тамағымыз, киіміміз – бәріне жеткізетін. Бастысы, ол кісілер өмірінде бір де бір рет кредит алып көрмеген. Бұл үнемшілдіктің бір көрінісі дер едім. Осы жерде мына нәрсені ажыратып алу керек сияқты: • қажет кезде ақша жұмсай білу – жомарттық, • қажет кезде ақша жұмсамай қалу – сараңдық, • қажет емес кезде ақша жұмсау – ысырапшылдық, 41 Үнемдеу өнері • қажет емес кезде ақша жұмсамау – үнемшілдік. Қаржы сауаттылығы жайлы кез келген кітапты ашып қалсаңыз, ең алдымен кіріс-шығыс есебін жүргіз дейді. Қанша тауып, қайда қанша жұмсап жатқаныңды білуің керек. Coinkeeper деген тамаша мобильді қосымша бар. Кіріс-шығыс есебін жүргізуге едәуір көмектеседі. Бірақ басында кәдімгі қағаз дәптер бастап, қолмен жазу пайдалы. 2016 жылы бәрімізге таныс Excel бағдарламасында кесте құрып, кіріс-шығыс есебін жүргізе бастадым. Кіріс және шығыс бағандарын жасап қойдым. Ақша түскенде немесе жұмсағанда кестені толтырып отырдым. Әр айдың соңында анализ жасап, қорытынды шығарамын: қайда қанша жұмсадым, келесі айда қанша үнемдеуім керек, қай шығындарым орынсыз болды, т.б. Көп көмегі тиді. Кейде ойланбай бір затты сатып алғым келсе, дереу есіме кестем түседі де, өзімді тыя қоям. Жалпы ақша үнемдеудегі мақсат не? Шалқып жүре бермейміз бе? Ертең кім бар, кім жоқ. «Оралыңның барында ойна да күл» дегендей. Мына нәрселер үнемшіл болуға мотивация береді деп ойлаймын: 42 Қаржы қағидалары 1. Үнемшіл адам өзін қарызға батудан сақтайды. Қарыздан ауыр жүк бар ма? 2. Үнемделген ақшаны білімге, жеке дамуыңа инвестиция ретінде құя аласың (тренингтер, кітаптар). 3. Үнемделген ақшаны бизнеске инвестиция ретінде құйып немесе қор нарығында ірі компаниялардың акцияларын сатып алып, табысыңды еселей аласың. Халықтың 3-5%-ы ғана кәсіпкерлік қабілеттерге ие екен. Кәсіпкер болмай-ақ, инвестор боп, бизнестен үлес сатып алып, баюға болады. 4. Үнемделген ақшамен шетелге шығып, саяхаттап келуге болады. Мысалы, Батыс Еуропаға (Париж, Рим, Венеция, т.б.) 7 күнге саяхаттап бару үшін 480 000 теңгең болса, жеткілікті. Ай сайын 40 000 тг үнемдеп отырсаң, 1 жылдан кейін, 20 000 тг болса – 2 жылдан кейін, 10 000 тг болса – 4 жылдан кейін Париж, Венецияны көрсем деп арманыңа жете аласың) Мүмкін одан да аз уақыт шығар. 5. Ақша үнемдеп, қайырымдылыққа жұмсауға болады. Кезекті дөнерді жеуден бас тартып, аш жүрген адамды бір сәт 43 Үнемдеу өнері еске алып, барыңды бөліссең, игі іс сол емес пе? Үнемдеуді үйренуіміз керек. «Теңге тиыннан құралады», «Тамшыдан тама-тама дария болар» дейді. Әр нәрсеге үнеммен қарай білсек, байи түсеміз, қолда барды көбейтеміз, қауіпсіз болашағымыздың, қаржылық тәуелсіздігіміздің негізін қалаймыз. «Паркинсон» заңы Үнемшілдік – жақсы қасиет. Үнемдей білетін адам қаржылық қиындықтардың алдын алып, өзін қарызға батудан сақтайды. «Паркинсон» деген заң бар. Қысқаша анықтамасы: «Шығын әрдайым кіріске теңесуге ұмтылады». Яғни, кіріс көбейген сайын шығын да арта береді деген сөз. «Қанша тапсам да, жетпей жатады» дейтіндерді түсінуге болады. Расында да артық ақшамыз болғанын қанша қаласақ та, ол күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерімізден артылмай жатады. Енді қайтпек керек? Қайтсек қаржылық тәуелсіздікке қарай қадам басамыз? Бұл жерде «Паркинсон» заңын өз пайдамызға қолдансақ болады. Мәселен, сенің айлық табысың 200 мың тг дейік. Демек, кірісің – 200 мың тг, «Паркинсон» заңына сәйкес, шығының да сол 44 Қаржы қағидалары мөлшерге жетіп қалады. Ал енді болашақ бюджетті жоспарлағанда, 200 мыңның 50 мыңын арнайы есепшотқа аударам деп шешіп, ол ақшаны кіріс ретінде қарастырмасаң да болады ғой. Яғни, қалған 150 мың тг-ні ғана кіріс ретінде қабылдайсың, ал 50 мың тг-ні басқа біреудің ақшасындай көресің. Оған тиіспейсің. Сонда әр ай сайын 50 мың тг артық ақша жиналып отырады, ол бір жылда 600 мың тг, 5 жылда 3 млн тг, 10 жылда 6 млн тг болады. Жақсы идея ма? Қалаған сомаңды жинаудың 25 жолы Ақшау үнемдеу һәм қалаған сомаңды жинаудың 25 жолын ұсынбақпын. Бұл саған шабыт сыйлайды деп ойлаймын. Өзіңді шектеп жатқандай сезімде болмайсың. Бастысы ақша үнемдеу процесінен ләззат табасың. Егер төмендегі тәсілдерді шектен шықпай, сәтті қолдана білсең, айлық табысыңды 30%- ға үнемдей аласың. Кейбір тәсілдер тым ұсақ боп көрінуі мүмкін. Бірақ «теңге тиыннан құралатынын», бір теңгеге қалай қарасаң, 1 млн теңгеге деген мәмілең де сондай болатынын ұмытпау керек. Ендеше, кеттік! 1. Майда ақшаны (мелочь) бір жерге жина. Күніне 100 тг – бұл айына 3000 тг де- 45 Үнемдеу өнері ген сөз. Бір жылда 36 000 тг. Аз болса да, мәз. 2. Қымбат затты сезімге беріліп, бірден сатып алма. Ойланып ал. 24 сағаттан кейін оралып, шешім қабылда. Аптығың басылсын. Сезім суысын. Көп жағдайда алғашқы сезім алдамшы боп, уақыт өте келе бұл затқа аса мұқтаж емес екеніңді түсінесің. Осылайша өзіңді болашақта сан соғып қалудан сақтайсың. Ақшаң қалтада қалады. 3. Әр сатып алған затыңды есепке ал. Тіпті жолақысын да сана. Айдың соңында қайда қанша жұмсағаныңа қара. Бұл әдіс саған бюджетіңнің «жоғалып кеткен» 20%-ын қайтарып алуға мүмкіндік береді. 4. Ай сайын тамақ, транспорт, коммуналдық қызметтер, т.б. сияқты негізгі қажеттіліктерге орташа қанша жұмсай алатыныңды анықта. Сосын сол мөлшерден асырмауға тырыс. 5. Қысқамерзімді мақсаттар қой. Мысалы, апта сайын қосымша 5000 тг табу. Бұған жету психологиялық тұрғыдан да жеңіл, аса көп күшті де қажет етпейді. Мақсат көз алдыңда тұрған соң, оңай жетесің. Майда жеңістер үлкен жеңістерге жеткізеді! 6. Түскі асты үйден апар. Әріптестеріңнен ұялма. Негізі, тойып тамақтануға шамамен 46 Қаржы қағидалары 1000 тг кетеді. Бір жылда орташа 200 жұмыс күні бар десек, түскі астың өзінен 200 000 тг үнемдеуге болады екен. 7. Дүкенге дайын тізіммен бару керек. Бұны бәрі білсе де, істейтіндер аз. Сатып алуың қажет заттардың тізімін жасап ал. Бұл не үшін келгеніңді ұмытпай, артық зат алып қоймауға, тек қажеттісін ғана алып қайтуға көмектеседі. 8. Кредиттік картаң болса, құтылуға әрекет қыл. Қарызды қазір жауып, болашақта жаңа үстеме пайызды төлеуден өзіңді сақтайсың. Осылайша ақшаңды үнемдейсің. 9. Үйдегі қажетсіз заттардан арыл. Кейбірін, бәлкім, сатуға да болатын шығар. Мысалы, OLX-те. 1000 тг болса да, көптік етпейді. 10. Фастфуд пен жартылай дайын өнімдерді ұмыт. Денсаулығыңды һәм ақшаңды сақтайсың. 11.Темекі шегетін болсаң, тезірек таста. Есептеп көрсек, темекіге жылына кемінде 70-80 мың жұмсайды екенсің. Денсаулыққа зиянын айтпаса да, түсінікті. 12. Электр қуаты мен суды ұқыпты пайдалан. Мысалы, тіс жуып жатқанда кранды ашық қалдырмау, адам жоқ бөлмедегі жарықты сөндіріп қою көп күшті қажет етпейді, бірақ біраз ақша үнемдейді. 47 Үнемдеу өнері 13. «Сараң екі рет төлейді» («скупой платит дважды»). Бұған көзің жеткен шығар. Келесі жолы бір нәрсе сатып аларда мынаны ескер. Сапалы тауар қымбат тұрады, бірақ қолданыста арзанға түседі. Яғни, сапалы тауарды бір рет сатып аласың да, ұзақ қолданасың. Ал арзанға алған сапасыз тауарды қайта-қайта ауыстыруға тура келеді. Бұл – уақыт пен ақшаның шығыны. 14. Жабылмаған несие, қарыздарың болса, дереу олардан құтылу жоспарын құрып, сол бағыттан айныма. 15. Бағаларды салыстырып көруге ерінбе. Мейлі такси болсын, мейлі шаңсорғыш болсын, таңдау жасарда ақылға жүгін. Мысалы, көшенің ар жағындағы дүкенде тура осындай шаңсорғыш бірнеше мыңға арзан болуы мүмкін. 16. Егер дүкенге дайын тізімсіз келсең, бір нәрсе сатып алардан бұрын сәл кідіріп, 10 секундтай ойлан: бұл зат саған не үшін керек? Егер мардымды жауап таппасаң, затты орнына қойып қой. 17. Стресс-шығындардан аулақ бол. Стресті ақша жұмсап басам деу – бос әурешілік. Оданша жақын адамыңмен сырласып, саябақта қыдырып немесе медитация жасап, тынығып алған дұрыс. 48 Қаржы қағидалары 18. Ұялы байланыс операторыңда, банк картаңда қандай қызметтер қосылып тұрғанын тексер. Кейбір ақылы қызметтер саған анау айтқандай қажет болмауы да мүмкін. Мысалы, қоңырау орнына әуен ойнап тұрғанның қандай пайдасы бар? 19. Егер өзің қолданбай жүрген гараж, қойма сияқты үй-жайың болса, жалға бер. 20. Интернеттен бір нәрсе сатып алғанда бонус алуға тырыс. Көптеген cashback сайттар бар. Жұмсаған сомаңның белгілі бір пайызын қайтарады. Мысалы, Kaspi картаң арқылы интернет-төлем жасасаң, соманың 1% -ын cashback ретінде қайтарады. Бірақ жеңілдік үшін ғана сатып алу дұрыс емес. Жоспарсыз болмайды. 21. Ақысы аз болса да, кішігірім жұмыстардан бас тартпа. Сондай бірнеше жұмыс айлық табысыңды едәуір арттырып тастай алады. 22. Әмияныңда артық ақша жүрмегені дұрыс. Сол кезде жаратып қоям деп қорықпайсың. Ақша қолжетімді жерде тұрмаған соң, бір нәрсе сатып алуға деген қызығушылығың тез басылады. Ал енді соңғы 3 ережеге назар аудар. Бұл ережелерді бәрі сақтауы тиіс. 49 Үнемдеу өнері 23. Қаржы жоспарын құр. Бұл ақша үнемдеудегі мақсатыңды және табыс көздерін анықтауға көмектеседі. Мақсатың айқын болса, ақша жинау һәм үнемдеу жеңіл болады. 24. Кіріс-шығын есебін жүргізуді әдетке айналдыр. 2 айдай тұрақты жүргізсең, ары қарай автоматты түрде жасайтын боласың. Бұл табысыңды 30%-ға дейін үнемдеуге көмектеседі. 25. Ақша жай жиналып жатпауы керек. Әйтпесе, оны инфляция «жеп» қояды. Инвестиция жасау арқылы үнемдеп, жинағаныңды одан әрі көбейт. Ақша жаңа ақша жасауға жұмсалуы керек. Сауатты түрде инвестиция жасай алсаң, 2 жылда $20 000 капитал құруға болады. Ары қарай содан түсетін дивиденттерге өмір сүруге болады. Инвестициялық біліміңді арнайы курс өтіп немесе кітап оқып арттыра аласың. Максимумды сығып ал Кофеханадан зімбір шайын («имбирный чай») сатып ап, іштім. Бал, лимон қосылған. 300 мл шай 392 тг тұрады. Қаржы сауаты тұрғысынан қарасам, бұл менің қалауым емес, қажетім: зімбір шайы иммунитетті көтереді. 392 тг – денсаулыққа салған инвести- 50 Қаржы қағидалары циям. Ауру асқынып тұрған кезде оған қарсы тұрудың ең тиімді жолы – иммунитетті көтеру. Өзін инвестор көретін адамға әр сатып алған затының салмағын есептеу, «бұл инвестиция ма, шығын ба?» деп саралау әдеті тән. Қиналмайды, керісінше бұдан ләззат алады. Себебі ол ақшаны шашуды емес, оны сақтап, көбейтуді көбірек ойлайды. Иммунитетің мықты болса, ауырмайсың. Ауырмасаң, емге шығындалмайсың. Ал ол қымбатқа түсуі мүмкін. Шайымды ішіп болдым. Стаканымды тастай салуға қимадым. Ішінде лимон, зімбір кесінділері бар еді. Әр нәрсені максимум қолдан, бәрін сығып ал деген принципім бар. Мен өзімді инвестор көремін ғой. Стаканға жылы су құйдым да, іштім. Лимон мен зімбірдің күші әлі бар екен. Сөйтіп 4 рет қайта-қайта су құйып, лимон мен зімбірдің дәмі кеткенше іше бердім. Бұл сараңдық па? Кедейлік психологиясы ма? Жоқ, бұл әр нәрседен максимум сығып алуға тырысатын, әр нәрсенің қадірін білетін инвестордің әрекеті, әдеті дер едім. Айына 120-ақ мың теңге тапса да, сатып алған тамағын тауыспайтын, сосын қалдығын қоқысқа тастайтын жастарды білем. Қанша табатының маңызды емес. Қандай 51 Үнемдеу өнері қаржылық әдеттерің бар, сол маңызды. Бұл қыз-жігіттер айына 1 млн теңге тапқан күннің өзінде ақшасын шашып тастайды. Түбі қарызға батады. Ақшасын қалай тартса да, жетпейтін болады. Себебі әдеттері дұрыс болмай тұр. Мен айына 10 млн теңге тапсам да, зімбір шайының өзінен максимум сығып алуға тырысам. Әр нәрседен максимумды сығып алу әдетін бойымызға сіңірейікші. Меніңше, бұл – жеңімпаз адамға тән әдет. Мысалы, бір курсқа қатысу үшін 50 000 теңге төледің. Маңдай теріңмен тапқан ақшаңды тамағын тауыспай, қоқысқа тастай салатын әлгі жастар сияқты желге ұшырып жібергің келе ме? Жоқ! Бір сабақты кемінде 4-5 рет тыңдап, тапсырмаларын бірнеше рет орындап, ұстаз, кураторды сұрақтың астына алып, курстың максимумын сығып алуың керек. Кейде өмір қатты соққы жасап, қалыпты режимді бұзып, есеңгіретіп тастауы мүмкін. Жоспарларыңның быт-шыты шығады. Мысалы, Түркияға барып, күрделі ота жасатуға мәжбүр боп қаласың. Жасатасың. Одан кейін ауруханада жатуың, реабилитациядан өтуің керек. Сол ситуацияның өзінен максимумды сығып алуды ойла: дәрігерлермен, емделіп жатқан жандармен сөйлесіп, түрік- 52 Қаржы қағидалары тердің менталитетін, тілін, денсаулық сақтау жүйесін зертте, олар жайлы мүмкін болған нәрсенің бәрін біліп ал. Жүріп-тұра алсаң, тіпті жақсы. Көруге болатын нәрсенің бәрін көріп, көп қозғал, оқи алмай жүрген кітаптарыңды оқып таста. Максимумды сығып алу дегенді шетелге шектеулі уақытқа саяхаттап барған жандар жақсы түсінуі керек. Венецияға бардың. 2,5 күнің ғана бар. Ұйықтап жату – қылмыс. Ерте тұрасың да, Лидо аралына тартасың. Қайтар жолда Бурано мен Мураноға соғып кетуің керек. Бұның бәрін бір күнде аралап үлгерсең, жақсы. Ертесіне өлілер аралы Сан-Микелені көруге аттанасың. Одан кейін Венецияның ішкі тасты көшелерін және гондолаға мініп, каналдарын аралауың керек. Бір келген соң, бәрін көріп, максимумды сығып алуға тырысасың. Себебі бұл – уақыты шектеулі сапар. Өмір де уақыты шектеулі сапар емес пе? Уақытын бос өткізіп, өмірін ысырап етіп жүргендерді Венецияға бару үшін біраз ақшасын жұмсап, сосын бір қонақүйге кіріп ап, күні бойы ұйықтап жататын жандарға ұқсатамын. Біртүрлі иә? Денің сау, ақылың бүтін әр сәтіңнен максимумды сығып алу дұрысырақ емес пе? 53 Үнемдеу өнері Бүгін балаңмен бірге өткізетін 20 минутыңнан максимумды сығып ал: бар назарыңды соған ғана аударып, телефонға қарамай, отырып-тұрып ойна, эмоцияңды шығар. Себебі ертең мұндай мүмкіндік қайта келмеуі мүмкін. Намазға тұрғанда, барлық әдеп-сүннеттерін сақтап, бар зейініңді айтып жатқан сөздеріңе қойып, асқан ұқыптылықпен ғибадат қыл да, Алланың уәде еткен сауабын максимум ал. Оқып жатқан кітабыңның бар нәрін сорып ал да, соны өміріңе барынша енгіз: білімнің ләззатын ол өміріңді өзгерте бастағанда сезінесің. Әлемнің байлығы әр нәрседен максимумды сығып алуды әдетіне айналдырған адамның қолына өтеді. Солай болуы да әділетті деп ойлаймын. Себебі ол денсаулық, білім, бала, ақша сияқты нығметтердің қадірін біліп, Құдайдың алдында өзінің сол байлықты үлкен жауапкершілікпен басқарып, дұрыс һәм максимум қолдана алатынын дәлелдеді. Ақша және есеп «Ақша есепті жақсы көреді» деген сөз бар. Бұл ақша оны есептей алатын адамдардың қолына қонады және керісінше есептей алмайтын адамдардың қолында тұрмайды деген сөз. «Есеп» дегенім – қарапайым нәрсе: 54 Қаржы қағидалары қайдан қанша кіріп жатыр, қайда қанша шығып жатыр, сол ғана. Қаржылық проблемасы бар адамдардан байқағаным: олар есепке шорқақ, есептеп отырғысы келмейді. Тіпті компаниясының қаржылық есебін қопарып, көргісі келмейтін кәсіпкерлер бар. Себебі олар қорқады. Неден қорқады? Ыдыстың түбіндегі тесіктерді көруден қорқады. Иә, сөз жоқ, олар көп ақша табуы мүмкін. Бірақ әдетте одан да көп жұмсап жатады. Іштей соны сезгенмен, мойындағысы келмейді. «Сандар сөйлесін» дейді ғой. Сенің қазіргі қаржылық ахуалыңнан сандар ғана нақты хабар бере алады. «Қанша табатының маңызды емес, қандай қаржылық әдеттерің бар, сол маңызды» дедік. Дұрыс қаржылық әдеттердің бірі: кіріс-шығыс есебін жүргізу. Бұны миллиардерлердің өзі кеңес етеді. Бұл есептің маңызы сол, сен нақты қанша тауып, нақты қанша жұмсап жатқаныңды білесің. Басқаша қалай білесің? «Шамамен шығыным осынша, мен өте үнемшіл адаммын» деген адамдардың өзі кіріс-шығыс есебін жүргізіп, өзі күтпеген сандарды көріп, таңқалып жатады. Олар өзі ойлағаннан әлдеқайда көп жұмсап жатқанын, артық шығындарын байқай бастайды. 55 Үнемдеу өнері «Кіріс-шығыс есебін жүргізуге дисциплинам жетпейді, санап, есептеп отырудан миым ашып кетеді» дейтіндер бар. Сен ақшаны санауға, есебін жүргізуге қиналсаң, қаржылай тәуелсіз болуға лайықсың ба өзі? Жазушы ойша болсын, былай болсын, үнемі жазады. Ол жазбаса, оның жазушы екенін қайдан білесің? Дәл сол сияқты бай адам ойша болсын, былай болсын, үнемі ақша санайды. Ол санай алмаса, санаудан қашса, қалай бай болады? Бай адам ақша санаудан ләззат алады. Қазір 1 миллион теңгені уысыңда ұстап тұрып, санаудан қалай жалықпасаң, кейін 1 миллион долларды санаудан дәл солай жалықпа, «шаршадым» деме. Ақша есепті жақсы көреді. Ақшаның есебін жүргізе алған адам ғана оны басқара алады. Ал ақшаны басқара алған адам ғана оны жүрегіне кіргізбейді. Табысың артып, шотыңда миллиондар айналып жатқанда, ақшаның жай сандар екенін түсінесің. Ақша сен ойлағандай үлкен маңызға да ие емес екен. Ол – жай математика. Математика демекші, мен жиі айтамын «қаржылық тәуелсіздікке жеткің келсе, 5-сыныптың математикасын білсең, сол жеткілікті» деп. Шынымен де солай. Менен қаржылық кеңес сұраған жандардың процент 56 Қаржы қағидалары шығаруды білмейтінін көргенде, таң қалғам. Сен де, кәні, өзіңді тексеріп көрші: Сен қаржылай тәуелсіз жансың. 112 млн тг тұратын активің саған жылда 18% пассив табыс әкеліп тұрады. Ол қанша тг болады сонда? Осы есепті шығара алсаң, жарайсың! Шығара алмасаң, қаржылық тәуелсіздікті ойлаудан бұрын 5-сыныптың математикасын қайталап келесің-ау. Ақшаның есебін жүргізе алатын адам, біріншіден, үлкен қарызға батпайды. Екіншіден, өзіне байланысты емес себептермен үлкен қарызға батқан болса да, одан шығудың жолын табады. Ол жалпы қаржылық проблемалардан қорықпайды. Себебі ол ақшаның жай сандар ғана екенін әбден түсінген. Есеп шығарғанда, шарасыз күйге түспейсің ғой, үлкен сандардан қорықпайсың ғой, дәл сол сияқты. Тек асықпай, сәл басыңды қатырып, ойлансаң, кез келген есепті шығара аласың. Өткенде бір жігіт «10 млн тг қарызым бар» деп келді. «Кел, асықпай, ойланайық, есептейік» деп, сабырға шақырдым. 10 млн тг қарызы барлар жақсы түсінеді деп ойлаймын. Төбеңде қара бұлт үйіріліп тұрғандай, ештеңе істей алмай, бір нәрсе істейін десең, қозғала алмай, шарасыз күйге түсіп, «біреу кеп, тез-тез қарызымды жауып берсе екен» деп 57 Үнемдеу өнері белгісіз бір жақтан көмек күтіп отырасың. Сені қарызыңнан бөлек, ештеңе істемей жатқаның қинап тұр ғой негізі. Сол үшін аз болса да, бір нәрсе істеуден бастау керек. Сол азды қалай табамыз? Ол үшін есеп керек. Ал қарыз есептен қорқатынын білуші ме едің? Сөйтіп ол жігітпен бірге отырып, «шұғыл, шұғыл емес» деп қарыздарын бөлдік. Табыс көздерін, қайдан қанша түсетінін көрдік. Нақты сандар белгілі болғанда, қарыздан құтылу жоспарын құрдық. Сөйтсек, оған ай сайын 500 000 тг табу керек екен. Сонда 20 айда, яғни, 1 жыл 8 айда, мүмкін одан да ерте қарыздарынан толық құтылады. Оның фокусын таудай боп көрініп тұрған 10 млн тг-ден қолжетімді 500 000 тг-ге бұрдық. «Бөліп ал да, билей бер» деген осы. Есептің көмегімен үлкен проблеманы кішірейтіп алдық. Оның да көзінде от жанып, әрекет етуге ынтасы оянғанын байқадым. 10 млн-мен күрескен оңай ма, 500 мың тг-мен бе? Ойша. Сосын ол жігіттің табысын есептедік. Айлығынан шығындарын алып тастаса, таза 200 мың тг алады екен. Демек, енді 300 мың тг ғана табу қалып тұр екен. Сұрастыра келе, бұл жігіттің жұмыстан тыс тапсырыспен жиһаз жасайтынын білдім. Бір тапсырыстан 100 мың тг алуға болады дейді. Яғни, ол ай сайын 58 Қаржы қағидалары сондай 3 жиһаз жасаса, өзіне қажет соманы тауып отырады деген сөз. Енді оның фокусы, уайымы тек 3 тапсырыс табуда. Мен оған айттым «10 млн тг-ні ойлама. Себебі ол сені жансыздандырып, әрекет еткізбей қояды. 3 тапсырыс, 3-ақ тапсырыс (!) табуды ойла. Сонда әрекет ете бастайсың. Бұл саған күш береді. Сөйтіп аз-аздан үздіксіз жылжып, сол 10 млн тг қарызыңнан құтыласың» деп. Ойша болсын, былай болсын, үнемі ақшаңды санап жүр. Қалтаңда әлі болмаса да, миыңда миллиондар жүрсінші. Қайдан қанша келіп жатқанын, оның қаншасы қайда кетіп жатқанын ерінбей есепте. Шығының кірісіңнен артып кетпейтіндей, кішкентай кірісің кішкентай шығыныңды, үлкен кірісің үлкен шығыныңды жабатындай ақшаңды басқара біл. Ақшаның жай сандар екенін, қаржылық проблеманың жай есеп екенін және кез келген есептің шешімі бар екенін естен шығарма. Ақша есепті жақсы көреді. Ақшаң көп болғанын қаласаң, сен де есепті жақсы көр. Құнсыздану Ақшаның құнсыздануы айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуінен болады. Яғни, ақша көп, бірақ сол ақшаға сатып алуға болатын өнім көлемі аз болса, құнсыз- 59 Үнемдеу өнері дану басталады. Сәйкесінше, өнімнің бағасы өседі. Өнім неғұрлым аз, ал айналымдағы ақша көп болған сайын өнімнің бағасы соғұрлым қымбат бола береді. Мұны «инфляция» деп атайды. Мысалы, бір ауылда 5 адам өмір сүреді. Әрқайсына 20 000 тг-ден үлестіріп берді дейік. Сонда айналымдағы ақшаның көлемі: 5 х 20 000 = 100 000 тг. Ауыл тұрғындары әрқайсы бір-бірден өнім өндіреді: көмбеш нан, қаймақ, құрт, жұмыртқа және қымыз. Бес-ақ өнім бір-бір данадан өндіріледі. Ақша көп, өнім көлемі аз. Сол үшін көмбеш нан басқа нарықтағыдай 150 тг емес, 1000 тг, тіпті 5000 тг тұруы мүмкін. Демек, ақшаның құнсыздануын болдырмау үшін оның айналымдағы көлемін азайту керек немесе өндірілетін өнімнің көлемін соған сай ұлғайту керек деген сөз. Айналымдағы ақша көбейген сайын құнсыздана береді дедік. Мысалы, АҚШ федералдық сақтық қор жүйесі (ФРС) долларды қалағанынша баса беретінін білесің бе? Кәдімгі ақша басып жатқан принтерді елестет. Бұл «доллар құнсыздана ма?» дегендерге жауап. Теңгенің жағдайын ойлай бер: құнсызданған долларға қатысты құнсызданып жатыр. Қандай қарқынмен кедейленіп бара жатырмыз, ойлаудың өзі қиын. Доллардың 60 Қаржы қағидалары жай қағаздан айырмашылығы: ол – әлемнің АҚШ экономикасына деген сенімінің көрсеткіші. Әйтпесе, не алтынға, не күміске байланбаған құны жоқ жай қағаз ғой. Келесі жолы теңгеңді долларға айырбастауға асыққан кезіңде сен Қазақстанның емес, АҚШ-тың экономикасына көбірек сеніп тұрғаныңды есіңе ал. Ақша көп. Бірақ соған сай өнім өндіріліп жатқан жоқ. Бұл нені білдіреді? Сен қолданатын өнімдер қымбаттай береді, қымбаттай береді. Арзандағанын күтпесең де болады. Ақша бұрын-соңды болмаған қарқынмен құнсызданып жатыр. «Инфляция 9%-ға жетті» деген сөзді естіген шығарсың. Бұл мынаны білдіреді: былтыр дүкеннен 100 000 тг-ге алған шаңсорғышың биыл 109 000 тг (+9%) тұрады. Инфляцияны өрт деп ойлашы. Сенің ақшаңды жалмай береді, жалмай береді. Ал сен байлығыңның көз алдыңда азайып жатқанын байқамайсың да. Қағаз түрінде сейфіңде немесе көп нөлдер боп онлайн есепшотыңда тұрғанына мәзсің. Оны сақтау үшін барыңды салуың керек. Үйің өртенгенде қарап тұрмайсың ғой. Енді не істеген дұрыс? Маңдай теріңмен тапқан ақшаңды құнсызданудан (инфляциядан) қорғаудың ең тиімді жолы: сол ақшаға 61 Үнемдеу өнері нарықта өз орны бар сенімді үлкен компанияның акцияларын сатып алып қою. Мысалы, 100 000 тг-іңді инфляциядан қорғағың келді дейік. Егер жай есепшотта жатса, 9%- дық инфляцияның кесірінен бұл ақшаң бір жылдан кейін қазіргі 91 000 тг (-9%) сияқты боп қалады. Көз алдыңда инфляция 9000 тгіңді жеп қойды дей бер. Ал енді сол ақшаға бір жыл бұрын «Қазатомпром»-ның 10 акциясын әр данасын 9700 тг-ге сатып алып қойғаныңда, қазір байлығың 169 930 тг-ге тең болатын еді. Қазір «Қазатомпром»-ның бір акциясы 16 693 тг тұрады (14.03.2022). Сен байлығыңды инфляциядан сақтап қана қоймадың, оны кішкене болса да, арттырдың. Бұл қарапайым мысал ғана. Акция сатып алғанда букмекерде ақша тіккендей, көтеріп алуды емес, ақшаңды инфляциядан қорғауды ойла. «Қазатомпром» бір жылда өсім көрсетпеуі де мүмкін еді. Бірақ ұзақ мерзімде акциялар міндетті түрде өседі. Сен қайдағы бір зат емес, уран деген өнім өндіретін, нарықта өз орны бар, сенімді үлкен компанияның акциясына иелік етесің. Өнім өндіретін! Ал айналымдағы ақша көп болған сайын өнімнің бағасы да өсе беретіні белгілі. 62 Қаржы қағидалары Темекі тастасаң, 9 отбасын тамақтандырасың Бірде «Шұғыла» қайырымдылық қорының «Береке» бағдарламасы аясында Алматы облысындағы шалғай ауылдардың біріне бір топ жігіт ерікті ретінде бардық. Міндетіміз азық-түлік салынған қораптарды берілген тізім бойынша жағдайы төмен отбасыларға үлестіру болатын. Бас-аяғы тоғыз үйді араладық. Ішінде күріш, жарма, қант, шай, өсімдік майы т.б. салынған қораптарды үй иелеріне тапсырдық. Мұқтаж жандардың мұндай көмекке қалай қуанғанын көрсең ғой. Кішкентай балалар да мәз-мейрам. Біреуге көмегің тигенін сезіну үлкен бақыт екен. Біз жағдайымыз жақсы болғанына риза болып, барлық адам өзіміз сияқты тоқшылықта өмір сүріп жатыр деп ойлаймыз. Сөйтіп көмекке зәру, бір күндік азығын таба алмай отырған отбасылар бар екенін көп жағдайда ұмытып жатамыз. Осы науқан кезінде небір кедей отбасылардың барын көрдік. Жүректе мейірім оянып, жанашырлық артқандай. Проблема деп жүрген нәрселеріміздің түкке тұрмайтынын түсінгендей болдық. Осындай толқу үстінде үйге таксимен қайтып келе жаттым. Жүргізуші темекісін тұта- 63 Үнемдеу өнері тып еді, мен темекі түтініне шыдамай терезені аша бастадым. Жүргізуші: – Темекі шекпейсің ғой дейм? – деді. – Иә. – Осы бәлені тастау керек еді... – Иә, зиян ғой қай жағынан алып қараса да. Денсаулыққа да, экономикалық жағынан да зиян. Негізі, күніне қанша қорап шегесіз? – Біреу ғой сол. – Бір қорап қанша тұрады? – 200 теңге. – Мм... Сонда тек темекінің өзіне бір айда 6000 теңгеңіз кетеді екен ғой. – Мә, сонда бір жылда 72 000 теңге кете ме? Қалай өзі? Мәссаған! – деп таңданысын жасыра алмады. – Сол ақшаны темекіге жұмсамай, садақа ретінде берсеңіз, үлкен сауапты іс істеген болар едіңіз ғой, – деп күліп қойдым. – Енді... онсыз да садақа береміз ғой, – деп ол кісі ақталғандай болды. Іштей «Әй, қайдам, жылына 72 000 теңгені садақа ретінде бере салатын жандар некен-саяқ қой қазір» дедім. Айтпақшы, әлгі біз таратқан әр қораптағы азық-түліктің жалпы бағасы шамамен 8000 теңге болады. Яғни, біз үлестірген тоғыз қорап 72 000 теңге боп тұрғаны ғой. Сонда алып бара жатқан бай- 64 Қаржы қағидалары лығы жоқ қарапайым ғана такси жүргізушісінің өзі бір жыл темекі шекпесе, осы тоғыз отбасыны бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз ете алатындай жағдайда екен. Базарда туған ойлар «Ой, мама, суық күнде базарға бармай-ақ қояйықшы, соны үйге онлайн алдыра салмаймыз ба?» десем де, «жоқ, базарға барып, өз қолыммен таңдап алуым керек» деп тұрған анамның айтқанын істеп, базарда жаурап, пакет көтеріп, «қиналып» жүремін. 90-жылдардың жоқшылығын көрген анамның әр теңгенің құнын біліп, скидка іздеп, саудаласқанын көремін де, басында түсінбеймін «бұл – кедейлік психологиясы ғой» деп. Кейін еріксіз өзімнің ысырап жасап жүрген кездерім еске түседі. «Ысырап» дегеннен шығады. Мен бір нәрсені анық білемін. 10 тг-ге қалай қарасаң, 10 млн тг-ге де солай қарайсың. Миллиондар табатын бірақ тамағын жартылай жемей қалдыратын достарыма айтарым: «Алла ысырап етушілерді сүймейді!» («Әнғам» сүресі, 141-аят). «Кедейлік психологиясы, анау-мынау» деп кекіріп қойып, әңгіме айтып жүрген псевдо психологтарды тыңдай бермеңдер. 65 Үнемдеу өнері Бұл мәселеде бізге тұсбағдар, авторитет Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі бар: «Теңіздің жағасында тұрсаң да, суды үнемдеп қолдан!» дейді. Бүгін нәпсіме жақпаса да, анаммен бірге базарға барып, 1 сағатта 10 000 тг-дей үнемдедік. Бұл – бір мұқтаж отбасыны 1 апта бойы тамақтандыруға жететін сома. Немесе 2 дана «Лайфхактар» кітабын сатып ап, ауылыңның кітапханасына апарып, жастардың көзін аша аласың, оларға бағыт-бағдар бере аласың. Кейін олар базарда қиналып, күні бойы жаурап тұратын халге түспейді. Үнемдеуді шектеу емес, инвестиция деп қабылдай бастағанда, нағыз кайфтың не екенін сезесің. Базарда туған ойлар осы) Сараңдық Дұрыс қаржылық әдеттердің бірі – үнемдеу. Үнемдеу арқылы қор жинайсың. Қор жинау арқылы қаржылық тәуелсіздікке жетесің. Бірақ үнемдеудің де шегі бар. Кейде үнемдеу сараңдыққа ұласып кетеді. Үнемдеу мен сараңдықтың аражігін ажыратып көрейікші. Былайша айтқанда, қай кезде үнемдеу керек, қай кезде үнемдеу сараңдыққа айна- 66 Қаржы қағидалары лады, соны нақты анықтап алсақ, қаржылық шешімдеріміз де дұрыс болады. Үнемдеу – қажет емес кезде ақша жұмсамау, ал сараңдық – қажет кезде ақша жұмсамау. Осы сөйлемді асықпай тағы бір рет оқып көрші. Мысалы, айлық табысы әзірге 150 000 тг жігіт жұмысқа автобуспен барады. Жолақысы таксиден әлдеқайда арзан. Оның негізгі қажеті: жұмысқа уақытылы жету. Болды. Ертерек шықса, қажеті толық өтелейін деп тұр. Енді кептеліс, автобустағы сығылыс қолайсыздық тудыруы мүмкін. Яғни, комфорт – оның қалауы. Қаржы сауатын арттырғысы келген адам ең алдымен қалау мен қажетінің аражігін ажыратып алуы керек. Қалауыңды орындауда проблема жоқ. Проблема басқа қажетіңді өтемей, қалауыңды орындауда. Мысалы, бұл жігіттің қарызы бар шығар немесе 6 айлық қауіпсіздік қоры болмауы мүмкін. Тіпті тапқанын бір айға жеткізе ала ма, жоқ па, ол да белгісіз. Ал бұл – негізгі қаржылық қажеттер. Оларды өтемей, қалауыңды уақытша ұмыта тұр. Есептеп көрейік. Бір айлық жол билеті 7200 тг тұрады. Бір ай бойы автобуспен емінеркін жүре береді. Сонда ол жолға айлық табысының 4,8%-ын жұмсайды деген сөз. Бір күні «норманы көтер» деген мотивациялық 67 Үнемдеу өнері әңгіме естіп алды да, оның таксимен жүргісі кеп кетті. «Автобуспен жүре берем бе, мен комфортқа лайықпын» деп таксиге отырады. Ал комфорт оның қажеті емес, қалауы еді ғой. Қажет емес кезде ақша жұмсамаса, ол үнемдеген болар еді. Бірақ қазір қажет емес кезде ақша жұмсайын деп тұр. Ал бұны «ысырап» дейді. Тағы да есептеп көрейік. Таксимен жұмысқа барып келуіне орташа 2000 тг кетеді. Бір айда 22 жұмыс күні бар десек, ол жолға айына 44 000 тг жұмсайды. Нормасы көтерілмей жатыр. Табысы артпаған. Сонда оның айлық табысының 29,3%-ы жолға кетеді деген сөз. Ысырап екені енді сезілді ме? Жақсы, ол жігіт таксиге отырмайтын болды дейік. Үнемдеу дұрыс екенін түсінді. Сөйтіп бір күні ол ұйқыдан кеш тұрып қалды. Автобуспен барса, кешігейін деп тұр. «Оның негізгі қажеті: жұмысқа уақытылы жету» дедік қой. Бұл қажетін бүгін енді тек такси өтейтін деп тұр. Бірақ ол «жоқ, үнемдеуім керек, жұмысқа автобуспен барам» десе, сараңдық жасаған болады. Себебі сараңдық – қажет кезде ақша жұмсамау. Бұл күнде кеш оянып, таксимен бара бер дегенді білдірмейді. Қайталана берсе, ысырапқа айналады. 68 Қаржы қағидалары Үнемдеу сараңдыққа айналып кетпеу үшін не істеу керек? «Өз-өзіңнен аямау керек» дейтіндер бар. Мен мынадай шешім ұсынамын. Айлық шығындарыңды анықтап, мысалы, жол, азық-түлік, киім, тариф, сыйлық, қыдыру, т.б. әрқайсына лимит қою керек. Мысалы, жолға ай сайын 10 000 тг, сыйлыққа 10 000 тг, қыдыруға 15 000 тг-ден көп жұмсауға болмайды. Сен әдетте қыдыруға 30 000 - 40 000 тг жұмсап жүрген болуың мүмкін. Енді лимит қойдың. Осы шектен аспауың керек. Шектен ассаң, ысырап жасаған боласың. Аспасаң, үнемдеген боласың. Бастысы өзіңді сараң сезінбейсің. Себебі үнемдеймін деп, мүлде қыдырмай қоймадың ғой. Өзіңе белгілі бір деңгейде қыдыруға рұқсат бердің. Қай шығыныңды алсаң да, пайыздық үлесіне қарау керек. Мысалы, екі жігіт «киімге ай сайын табысымның 10%-ын жұмсаймын» дейді. Біреуі 150 000 тг, екіншісі 1 млн тг табады. Сөйтіп екеуінің көзі 100 000 тг-лік костюмге түседі. Қатты алғысы келеді. Енді «сатып алайын ба, алмайын ба?» деген қаржылық шешім қабылдау керек боп тұр. Егер бірінші жігіт сатып алса, бұл ол үшін ысырап болады. Сатып алмаса, үнемдеген болады. Себебі киімге табысының 66,7%-ын жұмса- 69 Үнемдеу өнері йын деп тұр. Лимиті 10% еді ғой. Ал екінші жігітке жұмыс бабымен костюм қажет болса және ол оны сатып алса, бұны жомарттық дейді. Өз-өзіне деген жомарттық. Неге? Себебі жомарттық – қажет кезде ақша жұмсау. Ал костюмді сатып алмаса, сараңдық болады. Себебі сараңдық – қажет кезде ақша жұмсамау. 100 000 тг-лік костюм – 1 млн тг табысының 10%-ы. Лимиті де сондай еді. Қайырымдылық жайлы айтайықшы. Меніңше, табысы бар әр адам қайырымдылыққа азды-көпті ақша бөліп тұруы керек. Бұл оның рухани һәм материалдық дамуына қажет. Сондай-ақ ол сол арқылы қоғамның проблемаларын шешуге үлес қоса алады. Қайырымдылық лимиті 2,5% деп алуды ұсынамын. Зекеттің пайызы ғой бұл. Айына табысыңның кемінде 2,5%-ын садақаға жұмсап отыр. Мысалы, әлгі 150 000 тг табатын жігіттің садақасының көлемі кемінде 3750 тг (2,5%) болуы керек. Аз ба, көп пе? 3750 тг – оның сараңдық шегі. Одан аз берсең, сараңсың. Көп берсең, сараң емессің. Әркімнің қажеті мен қалауы, қаржылық мақсаттары, әр шығынға қойған лимиті әртүрлі екенін ескерген жөн. Сол үшін сараңдық та – салыстырмалы ұғым. Үнемдеу мен сараңдықтың, ысырап мен жомарттықтың айырмашылы- 70 Қаржы қағидалары ғын түсінсең, қаржылық шешімдерің де дұрыс болады. Ал дұрыс қаржылық шешімдер түбі қаржылық тәуелсіздікке жеткізеді. Ләззаттың шегі Қайбір жылы достарымызбен Ыстықкөлге бардық. Сенбі-жексенбі – 2 күн демалысты ерекше өткізейін дедік. Негізі бір қарағанда 2 күн аз сияқты. Бірақ мен апталап көлдің жағасында жататындарды түсіне алмай-ақ қойдым. Бітпейтін не ләззат ол?! Сөйтіп бірінші күніміз эмоция мен әсерге толы өтті. Өмірдің секундтар емес, сәттерден тұратынын осындайда түсінесің. Уақыт баяу жылжығандай бір күннің өзінде көп нәрсені көріп, сезініп тастадық. Екінші күні эмоциялар басылып, түске қарай шомылудың қызығы кете бастады. Сөйтіп үйге қарай шығып кеттік. Солай істегеніміз дұрыс та болған сияқты. Егер тағы бір күн қалсақ, демалыстан шаршап, жағымсыз эмоцияларды кешер ме едік, кім білсін?! Әр жағымды эмоцияның бір шегі болады. Сол шекке жеткенше өзіңді бақытты сезінесің. Ал шектен асқан кезде керісінше бақытсыз сезіне бастайсың. Ісіңнен үнемі ләззат алып, өзіңді бақытты сезініп жүру үшін сол шекті білуің керек және 71 Үнемдеу өнері дер кезінде тоқтауың керек. Мысалы, саған кітап оқу ерекше ләззат сыйлайды. Осы бір жағымды эмоцияны 30 минут бойы кешесің. Одан әрі оқи берсең, оқу жалықтыра бастайды. Дәл осы сәтте кітап оқуды тоқтату маңызды. Әйтпесе, кітап оқу энергия бермей, керісінше оны жей бастайды. Калифорнияда French Laundry деген ресторан бар. Ерекшелігі: ол жерде тағамды кішкентай порциялармен береді екен. Себебі ресторанның бас аспазы Томас Келлердің айтуынша, адам алдындағы астың тек алғашқы 3-4 порциясынан ғана ләззат алады екен. Қалғаны әшейін қарынды толтыру ғана. Бұл заңдылық басқа дүниелік заттарға да қатысты жүреді деп ойлаймын. Мысалы, Дубайда Ломбарджини айдап көресің де, ләззат аласың. Соны сатып алсам деп аңсарың ауады. Бағасы: 120 млн тг. Сөйтіп сатып аласың. Басында өзіңді бақытты сезініп жүретін шығарсың. Бірақ оның да ләззаты ұзаққа созылмайды. Бір кезде «осы-ақ па не?» деген сезім пайда болады. Бұдан шығатын қорытынды: бір нығметтен ләззат алу үшін оған иелік етудің қажеті жоқ. Мысалы, ана Ломбарджиниді Дубайға барған сайын жалға алып, айдап тұрсаң бо- 72 Қаржы қағидалары лады. Содан ләззат аласың. Артық шығындалмайсың. Негізі қаржы сауаты деген түптеп келгенде қажет пен қалаудың аражігін ажырату ғой. Артық қалаулар түбі сені тақырға отырғызуы мүмкін. Бір жаңа дүниеге қызығып, сатып алғың келді дейік. Сатып алу деген – иелік ету деген сөз. Сол кезде өзіңе сұрақ қой «Мен бұл затсыз өмір сүре алам ба?» деп. Жауап «иә» болса, демек, бұл – қалауың. Кейде бір әдемі дүниені көргенде, оны сатып алмай, оған жай қарап-ақ ләззат алуға болады. Соның өзі жеткілікті. Мысалы, Луи Витонның сөмкесіне қарап, оны жасауға кеткен шеберлердің еңбегін ойлап, дизайнына тамсанып тұруға болады. Сатып алу шарт емес. «Мен бұл затсыз өмір сүре алмаймын» десең, мархабат, сатып ала бер. Бірақ бір айдан кейін ләззаты кетіп, «осы-ақ па не?» деп айтпа. Адамның жаны мәңгілік рахатты қалайды. Адам бір нәрсені қаласа, демек, ол нәрсе бар деген сөз. Ол – жәннат. Сол сияқты адам не үшін мәңгі өмір сүргісі келеді, өлгісі келмейді? Себебі оны бұл өмірден өткеннен кейін мәңгілік өмір күтіп тұр. Бірақ ол сол мәңгілік өмірді осы дүниеден күтеді. 73 Үнемдеу өнері Адамның жаны мәңгілік жәннатқа ие болғысы келеді. Тәні дүниелік рахаттарға иелік етуді қалайды. Біз осы екеуін шатастырып аламыз да, қымбатқа сатып алған затымыз ләззат бермей жатса, көңіліміз түседі. Кез келген ләззаттың бір шегі болады. Сол шекке дейін сол затты қолдан, сол істі істе. Ләззаты азая бастағанда, тоқтап үлгер де, басқа бір іске көш. Сонда өзіңді үнемі бақытты сезініп жүресің. Бір нығметтен ләззат алу үшін оған иелік етудің қажеті жоқ. Яғни, сатып алудан гөрі жалға ала тұру психологиясы бұл тұрғыда ұтымдырақ. Әрине, қажет пен қалаудың аражігін ажырата алсаң. 74 ҚАРЫЗДАН АУЫР ЖҮК БАР МА? Қарыздан құтылудың жолы Мен қарыз беріп те, алып та көрген адаммын. Қарыз арқалап жүрудің қандай қиын екенін білемін. Дәл сол сияқты біреуге берген қарызың қайтпаса, қалай ауыр тиетінін де айта аламын. Қарызы қажытқан адамға «табысыңды арттыр», «инвестиция жаса» деп көрші, өтпейді. Оның бар уайымы – қарызы. Күндіз-түні соны ойлайды. Жалпы адам қарызға қалай батады? Әдетте қарыз алатын адам қолына әлі түспеген ақшаға сенеді. Мысалы, «келесі айда айлық, премия, т.б. немесе мына жобадан осыншама ақша түседі, соған дейін қарыз бере тұршы» дейді. Ниеті: қарызды уақытында қайтару. Бірақ көп жағдайда күткен уақытта күткен ақшасы түспейді немесе аз бөлігі түседі. Сөйтіп сен одан қарызыңды сұрағанда, «күте тұршы, міне енді түседі» деп уәдесін төге бастайды. 75 Қарыздан ауыр жүк бар ма? Сенен алған ақшамен басқа бір қарызын жауып жатуы мүмкін. Сен қайта-бері қоңырау шалып, жаза бересің. Ол одан мезі болып, қаша бастайды. Сөйтіп сен күтпеген, тіпті ол өзі күтпеген әрекеттер жасай бастайды. Бір жігіт былай деп сұрады: «Бір кісі маған қарыз еді. 3-4 жыл болды. Енді ақшаны талап етсем, «ренжіме, машина алып қойдым» деп немесе т.б. сылтау айтады. Бұл жерде ауыр тиетіні: ақшасы бола тұра қайтаруды ойламайды, тіпті аз-аздан беріп тұруды да көздемейді. Негізі кәсібі бар адам. «Не істеп аласың?» дейтіндей. Не істесем болады?» Адамның табиғатын түсіну керек: ол қарыз сұрап, біреудің ақшасын алады, ал қайтаратын кезде өже өзінікі боп қалған ақшасын беруі керек. Қалтасына түскен ақшаның өзінікі емес, біреудікі екенін қабылдау қиын. Сол үшін ақшасы бола тұра қайтармай жүреді. Тағы бір топ бар. Қарызын жинап, бірден қайтарғысы келеді. Аз-аздан емес. Көп жағдайда ол ақшаны жинай алмай жатады. Үнемдеу оңай деп кім айтты? Асылы қарызсыз өмір сүруге тырысу керек қой. Қарыз – шыдамсыздықтың ақша түріндегі көрінісі. Ол айфонға ақша жинап 76 Қаржы қағидалары отырғысы келмейді. Ол дәл қазір банктен немесе басқа біреуден қарыз алып, айфонға қол жеткізгісі келеді. Айфон қолда. Бірақ қарыз мойында. Ол әлі қалтасында жоқ ақшаға айфонды сатып алды. Бір жылда қарызынан құтылатынына сенімді. Ал басқа қаржылық мақсаттары ше? Қарыз – жүк. Артық жүкті арқалап жүргің келе ме? Сенің шыдамсыздығыңның өлшемі осы ауыр жүк болмақ. Ауырлығы сонша, ештеңе істегің келмейді, сені тығырықтан шығаруға тырысқан менің ақылымды қабылдап, ойланып отырғың келмейді. Саған біреу кеп, ақша беріп, қарызыңды тез-тез жауып берсе, болды. Негізі сені қинайтын қарызыңнан гөрі әрекетсіздігің. Қарыздан құтылу жолында ештеңе істемей жатқаныңа немесе істей алмай жатқаныңа ашуланасың. Менің берер кеңесім: аз-аздан басташы. Үлкен қарызды там-тұмдап жаба бастағанда ғана іс алға жылжиды. Қарызды ай сайын аз- -аздан қайтарып отырсаң, қарыз берушінің жүрегі тыныш болады. Психологиялық әсері сол, ол «бермей, жоқ болып кетеді» деген уайымнан арылып, әрі ай сайын түсіп жатқан ақшаға қуанады. Өзінікі болса да, ақша келіп жатыр деген сезім шаттық сыйлайды. 77 Қарыздан ауыр жүк бар ма? Болмысы бай адам тапқанын сақтап, көбейтеді. Ол – инвестор. Ал болмысы кедей адам тапқанын ұқсата алмайды. Айдың соңына қарай ақшасы таусылып, қарыз алады. Оны қайтара алмайды. Себебі алдыңғы айдағыдай тапқанын жұмсап қояды. Сөйтіп кедейлік шеңберінен шыға алмайды. Қайталап айтам, қанша табатының маңызды емес, қандай қаржылық әдеттерің бар, сол маңызды. Бай болғың келеді, бірақ қарызың бай адамша шешім қабылдауға мүмкіндік берер емес. Сен қарызыңның құлы емес, еркін адам болғың келеді. Бір мысал келтірейін. Сенің 1 000 000 тг берешегің бар дейік. Бір жылда қайтаруың керек. Тұрақты айлық табысың 200 000 тг. Шығындарың да сол шамада. Қысқасы тапқаның өзіңнен артылмайды. Ай сайын 83 000 тг-ден беріп, 12 айда қарыздан құтылам деп ойлайсың. Ол үшін өзіңді уақытша шектеп, үнемдеуге көшесің. Бұрын 200 000 тг-ге өмір сүрсең, енді 117 000 тг-ні жеткізуің керек. Үнемдесең, жеткізе аласың негізі. Сені бұл жағдайға жеткізген дұрыс емес қаржылық әдеттерің екенін еске ал. 78 Қаржы қағидалары Бұл кезеңде табысты арттыру жайлы ойлар келе бермейді. Себебі қарыздың салмағы басып тұр. Бастысы: қаржылық жоспар құрып, барыңды ұқсатып, алғашқы қадамды жасау. Жүрісіңді тоқтатпасаң, бір кезде еркін тыныстай бастайсың да, табысты арттыру жайлы идеялар сол кезде келе бастайды. «Қарызымнан құтылып алайын, сосын байша әрекет ете бастаймын, яғни, табысымның бір бөлігін қауіпсіздік қорыма жинауды, инвестиция жасауды сол кезде бастаймын» дейсің. Яғни, сен 12 ай бойы кедейше қарызыңды жабуға жұмыс істеп, одан кейін ғана байша әрекет етуді қолға алмақшысың ғой. Жоқ, бұлай болмайды. Қазірден бастап өзіңді инвестор, бай адам сезін. Былай істеп көрсең ше? Сен 117 000 тг-ге емес, 100 000 тг-ге өмір сүре басташы. Қиын ба? Сенің қаржылық әдеттері бұрыс тұтынушы болмысың шыңғырып жіберуі мүмкін. Бірақ өзіңді өзгертпесең, яғни, қаржылық әдеттеріңді өзгертпесең, қаржылық жағдайың өзгермейді. Кеудені соғып, мен өзімді өйтіп шектей алмаймын десең, сен қарыз үстіне қарыз ала бересің де, жағдайыңды одан сайын ушықтырасың. 100 000 тг-ге өмір сүресің. Қара су мен қара нанмен өтетін бір жылға дайын бол. 83 79 Қарыздан ауыр жүк бар ма? 000 тг-ні қарызды жабуға жұмсайсың. Ал 17 000 тг-ні өзіңе қалдырып отырасың. Қауіпсіздік қорыңа. Біртүрлі ме? Қарызы бола тұра бай адамша әрекет ету деген осы. Бастапқы кезде осы жоспарды ұстансаң, сәл кейінірек табысты арттырудың жолдарын көре бастайсың да, енді қара нан ғана емес, май жағып жейтін боласың. Осылайша бір жылдан кейін 1 000 000 тг қарызыңнан құтыласың және қауіпсіздік қорыңа 17 000 x 12 = 204 000 тг жинап үлгересің! Бір айлық табысың ғой бұл. Бастысы сен қарызың бола тұра байша әрекет бастадың. 12 ай бойы сен өзіңе құл емес, еркін адам екеніңді дәлелдедің. Болашақ жарқын қаржылық жағдайыңның іргетасын қаладың. Қарыздан құтылу һәм ендігәрі оған батпаудың жолы Бай адамға тән қасиеттер болады. Мысалы, ол табысының бір бөлігін ең алдымен өзіне «төлейді». Оны ары қарай сақтап, көбейтеді. Ал кедей адам тапқанын ең әуелі қарыздарын жабуға, сосын басқа да қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Айдың соңына қарай ақшасы таусылып, қайтадан қарыз алады. Сөйтіп кедейлік шеңберінен шыға алмайды. Енді не істеу керек? 80 Қаржы қағидалары Қайбір жылы бір кісіге 400 000 тг берешегім болды. Ай сайын 200 000 тг-ден беріп, 2 айда құтылам деп ойладым. Тағы біреуге 20 000 тг қайтаруым керек еді. Оны 1 айда бірден бере салам деп шештім. «Қарыздарымнан құтылып алайын, сосын байларша әрекет ете бастаймын, яғни, табысымның бір бөлігін өзіме «төлеуді» сол кезде бастаймын» деген ойда болдым. Яғни, мен 2 ай бойы кедейлерше қарыздарымды жабуға жұмыс істеп, одан кейін ғана байларша әрекет етуді қолға алмақшымын ғой. Ал ол кезге дейін тағы да қарыз алуға мәжбүр боп қалсам ше? Жоқ, бұлай болмайды. Қазірден бастап өзіме «төлеуім» керек деген шешімге келдім. Былай істедім. Бірінші қарыз: ай сайын қарызымды жабуға жұмсаймын деп отырған 200 000 тг-нің 100 000 тг-сін өзіме, қалған 100 000 тг-сін қарыз берушіге беріп отырдым. Әрине, екінші тараптың келісімімен. Сөйтіп 2 ай емес, 4 айда қарызымнан құтылдым. Оған қоса ай сайын өзіме «төленген» ақшаның есебінен 400 000 тг жинап үлгердім! Екінші қарыз: оны бірден 1 айда бере салуға асықпай, ай сайын өзіме 10 000 тг және қарыз берушіге 10 000 тг беріп, 2 айда қары- 81 Қарыздан ауыр жүк бар ма? зымнан құтылдым. Оған қоса есепшотымда өзіме «төленген» 20 000 тг болды! Сөйтіп бас-аяғы 4 айда қарызымнан да құтылдым, есепшотымда да қосымша 420 000 тг пайда болды) Қысқаша айтсам, былай ғой. Мысалы, сен ай сайын қарызды жабуға белгілі бір соманы арнайсың дейік. Енді оны бірден бере салмай, жартысын өзіңе қалдыр, қалғанын қарызды жабуға жұмса. Сөйтіп қарыз біткенше жасайсың. Бұның психологиялық әсері орасан. Шарасыздық күйінен құтылып, сенімді бола бастайсың. Қорқыныш сезімі сейіледі. Бастысы, байларша өмір сүре бастайсың) Тақырыпқа қатысты сұрақ-жауап Cұрақ: Бұл сіз үшін тиімді, ал берген адам үшін тиімсіз ғой? Жауап: Қарыз беру негізі тиімсіз нәрсе ғой 🙂 Өсімқорлық (үстіне пайыз талап етіп қарыз беру) – Ислам дінінде харам. Бірақ «қарыз берудің сауабы садақа беруден көбірек» деген мағынадағы хадис бар. Сондай-ақ қарыз беріп, адамның шынайы бет-бейнесін көре аласың. Жаныңда «досым» деп жүрген адамдарды сүзгіден өткізуге таптырмас құрал) 82 Қаржы қағидалары Сұрақ: Оның қалағаны толық беріп, толық алу емес пе? 20 000 тг жағдайында. Жауап: Толық алады ғой) Тек 1 емес, 2 айдан кейін. Әрине, келісе алсаң! Қарызды ай сайын там-тұмдап қайтарып отырсаң, қарыз берушінің жүрегі тыныш болады. Психологиялық әсері сол, ол «бермей, жоқ болып кетеді» деген уайымнан арылып, әрі ай сайын түсіп жатқан ақшаға қуанады. Өзінікі болса да, ақша келіп жатыр деген сезім қуаныш сыйлайды) Сұрақ: Әлгі қарыз берген кісі бұған көне ме екен? Бәрін бірден қайтар деп шықса ше? Жауап: Мүмкін болса, қарыз алмаған жақсы ғой. Бәріне келісуге болады. Алдын-ала жоспарлайсыз ғой. Мысалы, сізге 100 000 тг керек. Оны 2 айда қайтара аласыз. Бірақ қарыз берушіден бұл соманы алмай тұрып, «4 айда қайтарсам бола ма?» деп келіскен соң ғана қарыз аласыз. Сұрақ: Қарыз беріп, араны суытпайтындай оны қалай «қайтар» деп талап етуге болады? Жауап: Мен былай істеймін. Қарыз берерде, ол қайтармайды деген оймен беремін. Ол қайтармаған жағдайда оны кешіре алатындай соманы ғана беремін. Сонда жүрегің де 83 Қарыздан ауыр жүк бар ма? ауырмайды, бір жағынан оның да қолын қайтармайсың. Мысалы, біреу 50 000 тг сұрап келсе, оған 10 000 тг беруім мүмкін. Себебі 50 000 тг қайтпаса, ауыр тиеді. Ал 10 000 тг қайтпаса, «садақа» деп, кешіріп жіберуге болады. Кейде біреу жалынып, өлердегі сөзін айтуы мүмкін. Сөйтіп көп ақша сұрап алады. Оған қарыздың уақыты келгенде бір рет ескертем. Болды. Қайтармаса, ақыретте басқа «валютамен» қайтара жатар, «сауап» деген. Ол адамды «қара тізімге» енгізем. Ол адамнан құтылудың құны сол алған ақшасына тең боп тұр ғой 🙂 Сұрақ: Қарызды қайтарғанша асығу керек. Әйтпесе, қарыз болып о дүниеге аттанып кетсең, жағдай қиын болады. Бұған не дейсіз? Жауап: «Қайтарғанша асығу керек» деген сөз алдын-ала келісілген уақытта қарызды толық қайтарудың маңызын меңзесе керек. Яғни, уақытында қайтару керек. Асығу керек деп, бүкіл тапқаныңды беріп тастасаң, қайтадан қарыз алуға мұқтаж боп қалмайсың ба? Бастысы, қарызды қайтарам деген ниетің ғой. Сол ниет болса, Алла қарыздан құтылуға көмектеседі. Ал егер ниетің қарызды алып ап, қайтармау болса, Алла қарыздан құтылу жолын қиындатады. Келіскен уақытта қары- 84 Қаржы қағидалары зыңды қайтара алмай, о дүниелік боп кетсең, өзіңе «төлеп», жинап жүрген ақшаң бар, туыстарың бар, қарызыңды жауып берер. Өз-өзіңнен қарыз алу 2020 жылы iPhone алғым келді. Бұл қалауым емес, қажетім еді. Сапалы сурет пен видео блогерлік жұмысыма қажет болды. Бірақ iPhone-ды жөн көргенімнің басты себебі: оның қызмет ету ұзақтығы. Бір алсам, ұзақ қолданам деп ниет еттім. 4-5 жыл мысалы. Бұған дейін 77 000 тг-ге (сол кездегі ақшамның жеткені сол болды) алған Xiaomi Redmi Note 7-м 1 жыл қызмет етіп, сыр бере бастады. Маған телефон ауыстыра берген ұнамайды. Уақыт, энергия, ақшаның шығыны. Қаржы сауаты тұрғысынан қымбат болса да, ұзақ қызмет ететін затты сатып алған дұрыс. Және жеңілдікпен! Себебі ұзақ уақытқа шаққанда ол арзанға түседі. Сөйтіп iPhone іздей бастадым. 2020 желтоқсаны еді. Ол кезде трендте iPhone 12 болатын. Досыммен ақылдастым. Ол «11 мен 12-нің арасында аса үлкен айырмашылық жоқ. Тіпті X алсаң да, болады» деді. Бағасы жағынан 11-дің арзанырақ екені түсінікті. Ойлана келе, таңдауым iPhone 11 Max Pro 128 Gb-қа түсті. Max Pro: қуаты ұзаққа жетсін 85 Қарыздан ауыр жүк бар ма? деген ой.128 Gb: жады ұзаққа жетсін деген ой. Kaspi-ден қарасам, 650 000 тг деп тұр. «Мәссаған!» дедім. Маған бұл баға тым қымбат көрінді. Менің принципім: қымбат болса да, ұзақ қызмет ететін затты жеңілдікпен сатып ал. Кілт сөздердің бірі: «жеңілдікпен». Сөйтіп «жеңілдікпен қай жерден сатып ала алам?» деп ойландым. Есіме ескі танысым түсті. Қолма-қол ақшаға iPhone сатады. Хабарластым. Мен іздеген iPhone бар екен. Бағасы: 520 000 тг. Қолма-қол болған соң арзанырақ екен. Дүкеннің, банктің қосатын бағасы жоқ. Менің қолымда 520 000 тг бар еді. Дәлірек айтсам, бұл жеке қорымда жатқан ақшамның бір бөлігі еді. Мәжбүр жағдайда ғана алып, қолданам деген. Мысалы, жұмыссыз қалсам немесе жұмысқа жарамай қалсам, Құдай сақтасын. Бір жағынан бұны «психологиялық қауіпсіздік қоры» десе де болады. Маған келетін қаржы ағыны тоқтап қалса, «қорым бар ғой» деп уайымдамай жүре берем. Ал санасын уайым билемеген адам дұрыс шешім қабылдай алады, тығырықтан шығатын жолды тез табады. iPhone-ға аса қатты мұқтаж болмасам да, бұл қалауым емес, қажетім екеніне көзім жетті. Ал қаржы сауаты қажет пен қалаудың 86 Қаржы қағидалары аражігін ажыратудан басталады. Сол сәтте өз-өзімнен қарыз алам деп шештім. Пайызсыз қарыз. Өз-өзімнен алмағанда кімнен алам? iPhone үшін басқа біреуден қарыз алу немесе банктен кредит алу қате шешім дер едім. Ай сайын қосымша 43 542 тг тауып, қарызымды 12 айда бөліп төлеп, толық жабам деп ойладым. Менің жаңа мақсатым пайда болды: ай сайын қосымша 43 542 тг табуым керек. Бұл да – бір челлендж. Қарызды уақытында қайтару маңызды еді: бұл қордың ақшасы ғой. Жақында қарызымды жаптым. Өз-өзіңе қарыз болып, соны жапқан қызық екен. iPhone-ім, шүкір, әлі тың. Әлі 3-4 жыл ұстай беруге ниеттімін. Оған дейін біреу-міреу соңғы үлгідегі iPhone-ды сыйлап қалмаса, әрине😀 Ұқыптылық та – қаржы сауатының бір бөлшегі. Сатып алған затты барынша ұқыпты ұстау керек. Телефон болсын, киім болсын, жиһаз болсын. Ұқыптылық сол заттың ғұмырын ұзартады. Маңдай теріңмен тапқан ақшаңды шаша салу ақымақтық емес пе? 87 Қарыздан ауыр жүк бар ма? Қарыз беру өнері Қарызға батқан жандар қарыздың тауқыметін өте жақсы сезінеді. Қарыз берген адам да қиналады. Соны ұмытпайық. Қарыз беру оңай деп кім айтты? Тіпті Исламда қарыз беру – садақа беруден сауаптырақ іс. Бұл қарыз берудің осы бір ауыртпалығына байланысты шығар деп топшыладым. Садақа бергенде, оны мұқтаж жанға бересің де, ол ақшаның қайтуын күтпейсің. Болды, ол ақша сенікі емес. Ал қарыз бергенде, ол ақшаның иесі өзің екеніңді білесің, тек қарыз сұраған адамға уақытша бере тұрғансың, соны күтесің. Ал күту – өмірдегі ең қиын нәрселердің бірі. Біреуге ренжісек те, ол күткен нәрсемізді бермегендіктен ренжиміз. Ешкімнен ештеңе күтпесек, ешкімге ренжімейтін де едік. Қарыз беру ауыр тисе, не үшін қарыз береміз? Себебі бізге «жоқ» деп айту қиын. «Жоқ» деп айтуға не үшін қиналамыз? Себебі алдымызға кеп, қиылып қарыз сұрап тұрған адамның алдында, Құдайдың алдында өзімізді кінәлі сезінгіміз келмейді. Сөйтіп өзімізде боп тұрса, сұрағанын бере саламыз, өзімізде болмаса, басқа біреуден сұрап береміз. Бірақ кейін ақшамызды қайтара алмай, содан қиналып жүреміз. Неге қиналамыз? Асылы қарыз берудің мақсаты біреуге кө- 88 Қаржы қағидалары мектесу еді ғой. Ал біреуге көмектескеннен адам ләззат алуы керек емес пе? Келесі жолы біреу қарыз сұрап келгенде, ішкі әлеміңе үңіліп, ниетіңді бір тексеріп көрші. Бір мысал келтірейін. Бір кісі «2 айға 200 000 тг бере тұршы, ақша түссе, бірден қайтарам» деп өлердегі сөзін айтып, қарыз сұрап жатыр дейік. Сенде ол сома бар. Бірақ бергің келмей тұр. Себебі ол 2 айда бұл ақшаны қайтара алатынына күмәнданып тұрсың. Дұрыс, күмәндансаң, берме. Ереже сондай. Көп жағдайда ондай адамдар қарызды қайтармайды да. Бір жағынан, қарыз сұрай беретін адам – жақсы манипулятор. Ол «сені бауырым, көмектессе, осы көмектеседі деп жүрсем» деп, сендегі кінә сезімін оятуы мүмкін. Ол бұлай айтпаса да, сен іштей ол солай ойлайтын шығар деп, өзіңді кінәлі сезінбеу үшін қарыз бере саласың. Сосын өкінесің. Мен мынадай шешім ұсынамын. Ол қарызды қайтармайтынын білсең, оған қанша теңгеңді қиып бере алатын едің? Мысалы, оған былай десең болады: «Мен саған көмектескім кеп тұр. Шын ниетім сондай. Бірақ, ренжіме, мен саған 200 000 тг бере алмаймын. Оның орнына 20 000 тг берейін. Шамаң жетпесе, қайтармай-ақ қойсаң болады». Бұл – садақа. Сөйтіп қарыз емес, садақа 89 Қарыздан ауыр жүк бар ма? беріп, ауыртпалықтан құтыласың. Қысқасы, қарыз берсең, кейін қайтпаса, өкінбейтіндей мөлшерде ғана бер. Қарыз сұрады екен деп, бере бермейсің ғой. Мүмкін оның мәселесін ақшасыз да шешуге болатын шығар. Сол үшін көмектескің кеп бара жатса, ол кісіден сұра «не үшін қажет боп тұр бұл ақша? Қандай проблемаң бар?» деп. Мысалы, ол сенен 100 000 тг сұрауы мүмкін. Сен «мә» деп бере салуың немесе «жоқ» деп бетін қайтаруың мүмкін. Ал бұл сома оған не үшін қажет боп тұрғанын сұрасаң, ол «мәшінем бұзылып қалып еді. Соны жөндету керек. СТО-да 100 000 тг-нің жұмысы деп жатыр» дейді. Сосын сен «ол не жұмыс? Несі бұзылған сонда?» деп сұрастырсаң, анау айтқандай қиын жұмыс емес екенін түсінесің. Есіңе таныс СТО-шнигің түседі де, онымен ақылдасып, бұл жұмыстың құны негізі 40 000 тг екенін білесің. Сөйтіп сен ол кісінің мәселесін артық шығын, артық қарызсыз шешуге көмектесесің. Көп проблеманы ақшасыз шешуге болатынын ұмытпа. Біреу «кәсіп бастайын деп едім, қарыз бере аласың ба?» деп келсе, мүмкін бұл ситуацияға инвестор ретінде қарап көрерсің. «Давай, мен саған қарыз емес, инвестиция салайын, кейін таза пайданың бәленше па- 90 Қаржы қағидалары йызын өзім аламын» деп. Бір жағынан, оның кәсібін дөңгелетуге атсалысасың, екінші жағынан, оны да, өзіңді де қарыз тауқыметінен құтқарасың. Сонда да кейде қарыз беруге мәжбүр кездерің болады. Мысалы, сенің артық ақшаң бар, алдыңа кеп тұрған адам жақын танысың, оның жағдайы шынымен де мүшкіл. Қанша жерден жақын адамың болса да, қарыз бергенде, қолхат жаздырып алу керек. Себебі адам ұмытшақ. Жазбасаң, ауызша не деп келіскенің есте қалмайды. Қолхатты қарыз алушы жазуы керек. Мысалы, былай: «Мен, Жігітбек Данияр Русланұлы, Алмабек Дидар Жақыпбайұлынан 200 000 (екі жүз мың) тг қарыз алдым. 2 айдан кейін, яғни, 01.07.2022 қайтарамын» деп. Астында бүгінгі датаны жазып, қол қоямын. Қолхат Дидардың қолында болады. Қарыз бергенде, кепілдік ретінде ол кісінің бір затын ала тұруға болады. Қарапайым мысал. Бір студент құрбың сенен 20 000 тг сұрайды. Сен оған сұрағанын бересің, бірақ кепілдік ретінде оның шамамен сонша тг тұратын 9-10 кітабын ала тұрасың. Қарызды қайтарғанда, кітаптарын қайтарасың. Болмаса, кітаптары сенің сөреңде жата береді. Әділетті ме? Меніңше, иә. 91 Қарыздан ауыр жүк бар ма? Менің қарыз беруге қатысты бір принципім бар: мен туысқандарға қарыз бермеймін. Берсем, тек садақа беремін. Себебі қарыз алушы көп жағдайда қарызын қайтара алмайды. Ал қайтпаған қарыз туысқандық қарым-қатынасты бұзады, көңілдерге сыз түсіреді, жақын адамдарды бір-біріне жат етіп тастайды. Қарыз берудің ауыртпалығын сезінген адам «осы менен ешкім қарыз сұрамаса екен» дейді. Қолыңда ақша бар кезде сенен қарыз сұрайтындар да болады. Тіпті, байқаған шығарсың, дәл айлық алған күні немесе бір жерден табыс тапқан күні «қарыз бере тұра аласың ба?» дейтіндер пайда бола қалады ғой, шіркін. Демек, өзгелер сенен қарыз сұрамасын десең, сұраса да, оларға «ақшам жоқ» деп өтірік айтпай, жауап бере алуың үшін ақшаңды өзіңнен әрірек, қол жетпейтін жерге қойып қоюың керек деген сөз. Мысалы, брокерлік шотқа салып, сол ақшаға акциялар сатып алып қойсаң болады. Артық ақшасына жылжымайтын мүлік сатып алып қоятындар да бар. Қолыңда артық ақшаң жоқ екені рас. Бір жағынан, қарыз бермей, ақшаңды сақтап қалған боласың, екінші жағынан, қарыз сұрап келген адамға өтірік айт- 92 Қаржы қағидалары пай, өзіңді кінәлі сезінбей, «жоқ» деген боласың. Жоғарыдағы мысалдарға қарап, қарыз берудің өнер екенін түсінген шығарсың. Өз қыр-сыры бар. Тіпті Құрандағы ең үлкен аят осы қарыз беру мәселесіне арналған. Демек, Жаратқанның өзі бұл мәселеге үлкен маңыз берсе, бұл өнерді бәріміз меңгеруіміз керек деген сөз. Өмір болған соң, алыс-беріс те болады. Қарыз беру өнерін меңгерген адам өзінің де, өзгелердің де қаржылық жағдайын реттеп, қоғамда маңызды рөл атқарады. 93 ИНВЕСТИЦИЯҒА КІРІСПЕ Ақшаны депозитте сақтау дұрыс па? Ислам дінінің үкімдеріне сай өмір сүруді қаласаң, өсім (риба) – харам. Бұл жерде қандай өсім бар? Мысалы, сен депозитке 100 000 тг салып, 9% өсім күтесің. Яғни, бір жылдан кейін шотыңда 109 000 тг жатады. 9000 тг – өсім. Ешқандай рисксіз келген өсім. Инфляция деген нәрсе де бар. Құнсыздану деген сөз. Мысалы, инфляция 9%-ға тең дейік. Яғни, қазіргі 100 000 тг бір жылдан кейін қазіргі 91 000 тг-нің (-9%) құнына тең болады. Былайша айтқанда, қазір 91 000 тгге алып жүрген затты келесі жылы 100 000 тг-ге аласың дегенді білдіреді. Енді өзімізге сұрақ қояйықшы. Депозитте ақша сақтап, біз ақшамыздың өсуін қалап тұрмыз ба? Әлде бұл ақшамызды инфляциядан қорғаудың бір жолы ма? Депозитке дін тұрғысынан емес, әділет, адамгершілік тұрғыдан қарап көрейікші. Сенің 100 000 тг-ң бар. Сол ақшаны банкке апарып, депозит ашасың. Банк саған «бір жылдан кейін ақшаңды 109 000 тг етіп, яғни 94 Қаржы қағидалары 9% өсіммен қайтарып берем» дейді. Сен «ок» деп кетесің. Тура сол уақытта Қарызалды мырза банкке кредит алуға барады. Оған 100 000 тг керек. Банк оған айтады: «жарайды, 100 000 тг берейін. Бірақ бір жылдан кейін 115 000 тг етіп, яғни 15% өсіммен қайтарасың» деп шарт қояды. Қарызалдыға ақша қатты қажет боп тұр, ол ештеңеге қарамастан келісімін береді. Енді қара. Банк 15% дегенді қайдан шығарды? Бұл – банктің саған беретін 9% бен өзі көретін 6%-дың қосындысы. Былайша айтқанда, сен және банк Қарызалдыны артық пайызбен қанап және қинап жатырсыңдар. Ол байғұс ай сайын келетін кредитін жаба алмай әуре боп жүр. Меніңше, былай істеген әділеттірек сияқты. Депозитте бұған дейін салып қойған ақшаң жатса, өсімін өзіңе алма. Қанша салдың, сонша қалсын. Ал өсімін Қарызалды сияқты кредиттен қиналып жүрген жандарға бер. Сөйтіп харам рибадан құтылған боласың. Ұзақ мерзімде ақшаны сақтап, көбейтудің тиімді жолы қандай? Ұзақ мерзімде ақша сақтаудың, сақтап қана қоймай, көбейтудің ең тиімді жолы – 95 Инвестицияға кіріспе сенімді компаниялардың үлесін (акциясын) сатып алу. Қысқаша, осы. Бұл менің ойым емес, дәлелденген факт. Қаржы сауаты жайлы кітаптарда мұны растайтын көп график, статистикалар бар. Акция деген не екенін төменде түсіндірем. Депозит қысқа мерзімде, оның өзінде аз өсім береді. Сол үшін депозит – ақша сақтап, көбейтудің ең тиімсіз жолы. Экономикаға да пайдасы шамалы. Жұрт ақшаны сақтап, көбейтудің тиімді жолы депозит немесе үй алып, соны жалға беріп қою деп ойлайды. Қаржы сауатымыз әзірге сол деңгейде. Негізі олай емес. Акцияның не екенін түсіндіру үшін мысал келтіріп көрейін: АВС компаниясы дамып, саудада жақсы көрсеткіштер көрсете бастады. Сөйтіп акцияларын шығарды. Акция – үлес. Мақсаты: басқа адамдар компанияның бір үлесін сатып алып, яғни, ақша құйып, компания жұмысын одан сайын жақсартсын деген ой. Мысалы, бұл компания 1000 акция шығарды дейік. Әр акцияның бағасын бастапқыда 5000 тг деп белгілейді. Мен АВС компаниясына сенем. Сол үшін 100 акциясын сатып алдым: 100 акция × 5000 тг = 500 000 тг инвестиция жасадым. Студент інім 5000 96 Қаржы қағидалары тг салып, бір акциясын сатып алды. Ол да – акционер, компанияның дамуына мүдделі. 1000 акцияның бәрін сатып, компания 5000 000 тг (1000 акция × 5000 тг) инвестиция тартты деген сөз. Компания өз жұмысын жалғастыра береді. Дами бастайды. Саудасы көтеріледі. Оған сенетін адамдар саны артады. Үлесін сатып алғысы келетіндер көбейеді. Сұраныс артқан сайын, ұсыныстың да артуы заңды. Сөйтіп компанияның бір акциясының бағасы қымбаттайды. 5000 тг еді ғой. Енді 7000 тг болды. Әлгі студент інім өз акциясын сатқысы келеді. Басқа бір группаласына 7000 тг-ге сатады. Сөйтіп 2000 тг пайда көреді. Себебі о баста 5000 тг-ге алған. Инвестицияның негізгі ережесі де сол ғой: арзанға алып, қымбатқа сат. Ал мен «компания әлі де өсетін шығар, кейін сатам» деп жүре берем. Сөйтіп жүргенде бір жылдан кейін карантин басталып, компания құлдырай бастайды. Компанияға сенетін адамдар азаяды. Сәйкесінше, оның акциялары арзандайды. Себебі ешкім сатып алғысы келмейді. Бағасы 3000 тг-ге дейін түседі. Мен не істеймін? Қазір сатып жіберсем, шығынға батам. Себебі былтыр 5000 тг-ге алғам. Шығыным -200 000 тг болайын деп 97 Инвестицияға кіріспе тұр. Мен тәжірибелі инвестор ретінде осы сәтті пайдаланып, тағы да 100 акция сатып алам. Бірақ бұл жолы 3000 тг-ге: 100 акция × 3000 тг = 300 000 тг. Енді менің қолымда 200 акция бар деген сөз. Мен не үшін қиын жағдайға қарамастан АВС компаниясының акцияларын тағы да сатып алдым? Себебі фундаментал, техникалық анализдер жасап, бұл компания әлі де өсетінін болжап тұрмын. Сөйтіп 5 жыл өтеді. Компания қайта өсіп, акция бағасы 10 000 тг-ге жетеді. Сол кезде мен 200 акциямды сатамын деп шешім қабылдаймын. Сонда менің табысым 200 акция × 10 000 тг = 2 000 000 тг болады. 5 жылда 800 000 теңгем 2 млн теңгеге айналды. Инвестиция деген осы. Бұдан бәрі ұтады. Экономика да, қарапайым халық та. «Акция» деген не? Осы және келесі жазбаларда қиын қаржылық түсініктерді қарапайым мысалдармен сторителлинг форматында түсіндіріп көруге тырыстым. Қабыл ал! Кеттік! Ерте көктемде мал төлдеп жатты. Шалқарбай ата бұзауын сатам деп оны IPO-ға шығарды. Былайша айтқанда, жұртқа «менің бұзауымның акцияларын сатып алыңдар» 98 Қаржы қағидалары деді. «Акция» дегенді «үлес» деп түсін. Яғни, бұзаудың бір немесе бірнеше үлесін сатып алып, оның бір иесі бола аласың. Қанша акция болатынын Шалқарбай атаның өзі шешеді. Қаласа, 10, қаласа 100, т.б. Яғни, бұзауын қанша үлеске бөліп, сататынын өзі біледі. Осылайша акция шығаруды «эмиссия» дейді. Шалқарбай ата 10 акция шығарам деді. Яғни, бір-бір үлестен сатып алса, бұл бұзауға максимум 10 адам иелік ете алады деген сөз. Енді бір акцияның бағасын қалай қояды? Бұзаудың нарықтағы бағасы: 100 000 тг. Бір акцияның бағасын табу үшін нарықтағы бағасын (капитализация) акция санына бөлеміз. Сонда бір акцияның қазіргі бағасы: 100 000 тг/ 10 акция = 10 000 тг/акция. Сөйтіп ауылдың бірнеше азаматы бұзаудың акцияларын сатып алды. Атап айтқанда, Қасым 40 000 тг беріп, 4 акция, Сатыбалды 30 000 тг беріп, 3 акция, Шымырбай 20 000 тг беріп, 2 акция, Асқар 10 000 тг беріп, 1 акция сатып алды. Шалқарбай ата бүкіл үлесін 4 адамға сатып, 100 000 тг-сін алып, енді бұзаудың иесі болмай қалды. Бұзаудың қазіргі иелері: Қасым, Сатыбалды, Шымырбай, Асқар. 99 Инвестицияға кіріспе Бұзау өсе берді. Сөйтіп қыс келді. Соғым маусымы басталды. Жас малдың бағасы қымбаттады. Ерте көктемде 100 000 тг тұрған бұзауды қазір 200 000 тг-ге сатуға болады. Демек бір акцияның бағасы 20 000 тг болды деген сөз: 200 000 тг / 10 акция = 20 000 тг/акция. Осы кезде Асқар жалғыз акциясын сатуға асықты. «Кім алады?» деп жұрттан сұрады. «Қымбат қой» деп, алушылар табыла қоймады. Сол кезде 4 акциясы бар Қасым «мен» деп, сол акцияны сатып алды. Енді Қасым бұзаудың жартысына иелік етеді: 10 акцияның 5-уі соның қолында. Ал Асқар 10 000 тг пайда тапты. Себебі кезінде 1 акцияны 10 000 тг-ге сатып алған, енді міне 20 000 тг-ге сатып отыр. Қаладан ет алғысы келетін адамдар хабарласып, «жас мал бар ма?» деп сұрады. Болса, бірден сатып алуға дайын екенін жеткізді. Былайша айтқанда, бұзаудың барлық акциясын сатып алуға дайын. Бірақ Қасым, Сатыбалды, Шымырбай – 3 акционер өзара келісіп, акцияларын келер жылы Құрбан айтқа қарай сатуды жоспарлады. Шымырбайдың 2 акциясы бар еді ғой. Акция бағасы әлі 20 000 тг. Шықаңа көршісі Әлімжан келіп, «2 акцияңды сатшы» деп 100 Қаржы қағидалары қолқа салды. Сондағы ойы: Құрбан айтқа қарай акция бағасы қымбаттайды. Қазір сатып алып, сол кезде сатса, аз болса да, пайдаға кенеледі. Аз уақыт ішінде. Сөйтіп Әлімжан Шымырбайға 40 000 тг беріп, 2 акциясын сатып алды: 2 акция * 20 000 тг/акция = 40 000 тг. Шымырбай кезінде бұзаудың бір акциясын 10 000 тг-ге сатып алып еді ғой. Яғни, ол 20 000 тг пайда тапты. Құрбан айт жақындады. Ірі қараға деген сұраныс артты. Бағасы 250 000 тг-ге жетті. Яғни, бір акцияның бағасы 25 000 тг болды деген сөз. Бір бай кеп жас малды алғысы келетінін айтты. Былайша айтқанда, бұзаудың барлық акциясын сатып алуға дайын. Қасым (5 акция), Сатыбалды (3 акция) және Әлімжан (2 акция) – үш акционер де акцияларын сатып жіберді. Себебі бұл сатуға ең қолайлы уақыт еді. Енді кім қанша пайда тапқанын есептейік: Асқар: 10 000 тг пайда көрді. Жоғарыда айттық. Шымырбай: 20 000 тг. Жоғарыда айттық. Әлімжан: 10 000 тг. Себебі бір акция 20 000 тг болған кезде 2 акция сатып алып, 25 000 тг болған кезде 101 Инвестицияға кіріспе сатты. Бұл жігіт қысқа мерзімді инвестиция жасады. Сатыбалды: 45 000 тг пайда көрді. Бір акция 10 000 тг болған кезде 3 акция сатып алып, 25 000 тг болған кезде сатты. Қасым: 65 000 тг. Бір акция 10 000 тг болған кезде 4 акция сатып алып, 25 000 тг болған кезде сатты. Тағы Асқардан бір акция 20 000 тг болған кезде 1 акция сатып алып, 25 000 тг болған кезде сатқаны бар еді ғой. Былай қарасақ, акция сатып алып, сосын сатып, инвестиция жасаған әр адам пайда тапты. Инвестицияның негізгі қағидасы: арзанға сатып алып, қымбатқа сат. Қарапайым қағида. Бірақ қай кезде сатып алып, қай кезде сату керек екенін білмесең, болжай алмасаң, шығынға батуың мүмкін. Мысалы, соғым кезінде сиырды сойып жіберсе, азырақ пайда табатын еді. Құрбан айтқа деп қалдырған малы өліп қалса, бәрі минусқа кететін еді. Қор биржасы, инвест портфель, брокер, т.б. түсініктер KASE, NASDAQ, Dow Jones, NYSE, деген сөздерді бір жерден естіген, оқыған шығарсың. Бұл – биржалардың атауы. Биржа немесе қор нарығын (фондовый рынок) үлкен 102 Қаржы қағидалары мал базары деп елестет. Бірақ ол жерде малдың өзі емес, оның акциялары (үлесі) саудаға салынады. Біреу малдың акциясын сатып алады, біреу акциясын сатады. Малдың өзі басқа жерде жайылып жүреді. Есіңде болса, Шалқарбай ата IPO-ға шығып, яғни, бұзауының акцияларын қор нарығына, ой, мал базарға орналастырған еді. Әрқайсы 10 000 тг тұратын 10 акция шығарды. Одан басқа Жылқышыбай ата да тайының акцияларын мал базарға шығарды. Ол кісі әрқайсы 1500 тг тұратын 100 акция шығарды. Енді тайдың нарықтағы қазіргі бағасын (капитализациясын) есептей бер. Иә, дұрыс. 150 000 тг = 1500 тг/акция * 100 акция. Түйебек ата да қалсын ба? Ол кісі ботасын 40 үлеске бөліп, қор нарығына орналастырып қойды. Әр үлестің, яғни, акцияның бағасын 5000 тг деп белгіледі. Демек, ботаның нарықтағы қазіргі бағасы 200 000 тг деген сөз: 200 000 тг = 5000 тг/акция * 40 акция. Бұл үшеуін «эмитент» деп атайды. Яғни, бұлар – ақша тарту мақсатында акция шығарушылар. Бұл үшеуінен басқа да малын саудаға салып жатқандар көп. Мен осы үшеуін ғана 103 Инвестицияға кіріспе танимын. Солардың акцияларын сатып алғым кеп жүр. Себебі бұл жақсы инвестиция екенін біліп тұрмын. Компанияның, ой, малдың әлі өсетінін, бағасы да өсетінін болжай аламын. Сол кезде сатып, пайдаға кенелсем деген ойым бар. Менің 50 000 тг-м бар. Сол ақшаға мал базардан акциялар сатып ап, инвестициялық портфелімді құрастырсам деймін. Сөйтіп мал базарға бардым. Сөйтсем, ол жерге мені кіргізбейді екен. Себебі мен сияқты акция сатып алғысы немесе сатқысы келетін адамдар көп екен. Бәрін базарға кіргізсе, быт-шыт болады. Малын, нақтырақ айтсам малының үлесін сатып отырған адамдардың да әркіммен саудаласып, миы каша болмай ма? Сол үшін брокер деген адамды тағайындап қойған екен. Брокерге барып, қай малдың қанша үлесін алғың келетінін айтасың. «Заказ» жасайсың, былайша айтқанда. Брокердің мал базарға кіріп, сауда жасауға рұқсаты бар. Содан не керек, маңдайы жарық, жүзі жылы бір брокерді тауып, соған заказ бердім. «Маған Шалқарбайдың 2 акциясын, Жылқышыбайдың 10 акциясын, Түйебектің 104 Қаржы қағидалары 3 акциясын сатып әперші» деп. Әрине, бұл қызметі үшін тиынын ұстаттым. Сөйтіп брокерім мал базарға барып, маған қажет акцияларды сатып әкелді. 50 000 тг-лік инвестициялық портфелім мынадай түрге келді: Шалқарбай: 2 акция * 10 000 тг/акция = 20 000 тг. Жылқышыбай: 10 акция * 1 500 тг/акция = 15 000 тг. Түйебек: 3 акция * 5000 тг/акция = 15 000 тг. Былай айтсам, әдемі естіледі иә: «Менің инвестициялық портфелімнің 40%-ын Шалқарбай Ко акциялары құрайды. Жылқышыбай Ко және Түйебек Ко акциялары әрқайсы портфелімнің 30%-ын алып жатыр» деп. Брокерім, дәлірек айтсам, маған бұл акцияларды әкелген жоқ. Тек мен кімнің қанша акциясына иелік ететінімді орталық депозитарийге жазып қойды. Мен акциямды сатсам немесе жаңа акция сатып алсам, депозитарийдегі ақпаратым жаңарып отырады. Орта- 105 Инвестицияға кіріспе лық депозитарий мемлекеттің бақылауында болады. Айтпақшы, «Малдың жем-шөбін, бағуын кім көтереді?» деген заңды сұрақ туған шығар. Әрине, малдың иесі. Мысалы, Шалқарбай ата о баста бизнесіне, яғни, бұзауының өсуіне қосымша ақша тарту үшін 10 акция шығарып еді ғой. Бұзаудың 100% иесі сол. Сосын мен оның 2 акциясын 20 000 тг төлеп сатып алдым, инвестиция жасадым. Былайша айтқанда бизнестің дамуына, бұзаудың өсуіне үлес қостым. Осы ақшаны ол бұзаудың жем-шөбіне жұмсай тұрады. Бірақ депозитарийде бұзаудың 2 акциясының иегері ретінде мен көрсетілгенмін. Мен қалаған уақытта акцияларымды сол сәттегі нарықтық бағаға сатып, шығып кете алам. Ақшамды алып, 2 акциямды қор нарығында қалдырып кетем. Сосын басқа адам сатып алады да, бизнестің дамуына үлес қоса береді. Инвестицияның кереметі Алдыңғы жазбамда Шалқарбай ата бұзауының 10 акциясын шығарып, оның 2-уін маған 20 000 тг-ге сатты дедік. Сол ақшаға малдың жем-шөбін алады, оны бағады. Сонда «Шалқарбай ата қандай пайда көреді?» 106 Қаржы қағидалары деген заңды сұрақ туған шығар. Талдап көрейік. Шалқарбай атаның о баста 0 тг-сі және бір бұзауы бар еді. Бұзауды өсіру үшін ақша керек. Ақшаны қайдан алады? Кредит, қарыз алса болар еді. Бірақ бұл жолы акция шығару арқылы инвестиция тартуды ойлады. 10 акция шығарды. Әр акция 10 000 тг тұрады. Бұзаудың нарықтағы бағасы 100 000 тг деп тұр. Иә, келісем, Шалқарбай ата бірден бүкіл акциясын сатып, 100 000 тг-сін алып кетсе де болатын еді. Бірінші дәрістегі мысалымда ол кісі дәл солай істеді. Яғни, 10 акциясын Қасым, Сатыбалды, Шымырбай, Асқарға бөліп берді. Енді бұзаудың иесі Шалқарбай ата емес. Шартты түрде Қасым деп алайық. Себебі ең көп акция (контрольный пакет акций) сол кісіде. Шалқарбай атаның бұл саудадағы таза пайдасы 100 000 тг болды. Енді алдыңғы мысалға оралайық. Шалқарбай ата 2 акциясын маған сатса, демек, өзінде 8 акция қалды деген сөз. Әр акция әзірге 10 000 тг тұрады. Менің салған 20 000 тг-ме бұзауын соғымға дейін өсірді деп алайық. Былайша айтқанда, бизнесін дамытты. 107 Инвестицияға кіріспе Соғым басталды. Бұзаудың акциясы 20 000 тг-ге жетті. Мен акциямды сатам деп шешім қабылдадым. 2 акциямды сатып, 40 000 тг алдым. 9 айдағы таза пайдам 20 000 тг болды. Шалқарбай ата бұзаудың өсуіне 9 айда 0 тг құйды. Менің 20 000 тг-мнің арқасында бұзауын өсіріп, нарықтағы бағасын 200 000 тг-ге жеткізіп алды. Менің 2 акциямды енді кім алуы мүмкін? Құрбан айтқа дайындалып, қысқа мерзімді инвестиция жасап, пайда табуды ойлап жүрген Әлімжан сатып алды дейік. Шалқарбай атаның қазіргі жағдайын талдап көрейік. Әрқайсы 20 000 тг тұратын 8 акциясы бар. Ол қазір барлық акциясын сатып жіберсе, 160 000 тг табады. О баста бұзауын сатып жіберсе, 100 000 тг табатын еді. Есіңе сала кетейін, Шалқарбай ата әлі ешкімнен қарыз алмады және бұзаудың өсуіне бір тиын да салмады. Шалқарбай ата да, мен де ұтылған жоқпыз. Ол инвестиция тартып, бұзауын өсіріп алды. Мен акцияны арзан кезінде сатып алып, қымбаттаған кезінде сатып, пайда көрдім. Мысалды одан әрі өрбітіп көрейік. Шалқарбай ата бүкіл акциясын сатпай, Құрбан 108 Қаржы қағидалары айтты күтетін болды дейік. Оның 8 акциясы бар. Қалған 2 акция Әлімжанда. Малдың жем-шөбіне тағы 20 000 тг керек. Бұл қазіргі бұзаудың бір акциясының бағасы ғой. Шалқарбай ата бір акциясын сатса, жем-шөпке қажет соманы табады. «Кім сатып алғысы келеді?» деп сұрағаны сол еді, Мирас «мен» деп, бірден сатып алды. Ол да Әлімжан сияқты қысқа уақытта пайда тапқысы келеді. Олар – трейдерлер. Трейдер деген кім екенін келесі дәрістерде түсіндірем. Акцияларды тағы бір түгендеп алайықшы: Шалқарбай атаның 7, Әлімжанның 2, Мирастың 1 акциясы бар. Сөйтіп бірнеше айдан кейін Құрбан айт басталды. Малдың акциялары өсті. Себебі сұраныс жоғары. Қазір жас малдың бір акциясы 25 000 тг тұрады. Нағыз сататын уақыт. Әлімжан мен Мирастың көздегені де осы еді. Олар қолындағы акцияларын бірден сатып жібергісі келді. Әрқайсының таза пайдасы мынадай болайын деп тұр: Әлімжан – 10 000 тг, себебі 40 000 тг-мен кірді, 50 000 тг-мен шығады. Мирас – 5 000 тг, 20 000 тгмен кірді, 25 000 тг-мен шығады. Шалқарбай ата оларға «ОК, мен де акцияларымды сатайын деп жатырмын. Ак- 109 Инвестицияға кіріспе цияларыңды беріңдер, ақшасын сәл кешірек берем» деді. Сөйтіп ол құрбан шалам деп келген бір кісіге жас малын, былайша айтқанда, бизнесін толық сатып жіберді 250 00 тг-ге: 25 000 тг/акция * 10 акция = 250 000 тг. 10 акцияның 7-і өзінікі, 2-уі Әлімжандікі, 1-уі Мирастікі. Шалқарбай атаның қазіргі қаржы жағдайы мынадай: қолында 250 000 тг. Оның 50 000 тг-сін Әлімжанға, 25 000 тг-сін Мирасқа берді. Өзінде 175 000 тг қалды деген сөз. Шалқарбай ата да, дұрыс инвестиция жасаған мен де, Әлімжан да, Мирас та – бәріміз ұттық. Шәкең тіпті ешкімнен қарыз алмай, 0 тг-мен бастап, 1-1,2 жылда 175 000 тг пайда тапты. Инвестицияның кереметі осындайда көрінеді. Біз әзірге акция арқылы инвестиция жасау жайлы ғана айттық. Бастысы, бизнес дамиды, яғни, бұзау өседі. Инвесторлардың жағдайы да жақсарады. Олардың жағдайы жақсарса, олар тағы да акция сатып алып, инвестиция жасай алады. Сөйтіп бизнесті одан сайын дамытады. Акцияның бағасы не үшін және қалай өзгереді және трейдер деген кім? 110 Қаржы қағидалары Мал базарға оралайық. Қор нарығы, биржамыз сол еді ғой. Ол жерде сиыр, жылқы, түйе, т.б. малдың акциялары саудаға түсіп жатыр. Біреу сатады, біреу сатып алады. Бірақ базарға бүкіл адам сыймағандықтан, арнайы брокерлер сенің «сатып ал» немесе «сат» деген тапсырысыңды сол жерде орындап жүреді. Алдыңғы жазбаларды еске ал. «Акцияның бағасы неге байланысты өзгереді?» деген сұраққа жауап беріп көрейік. Мысалы, Шалқарбай атаның бұзауының акциясы о баста 10 000 тг тұрды, кейін соғымға қарай 20 000 тг-ге жетті. Акцияның бағасы сұраныс пен ұсынысқа қарай күн сайын, тіпті биржа үлкен болса, минут сайын өзгеріп отырады. Мысалы, бұзаудың акциясын алам деушілер көбейген сайын ол қымбаттай береді. Себебі сұраныс жоғары, ұсыныс: 10-ақ акция. Ал алам деушілер азайған сайын, акцияның бағасы арзандай береді. Шалқарбай ата бұзауын IPO-ға шығарып, яғни, биржаға (мал базарға) акцияларын орналастырған күні бір акцияның бағасы 10 000 тг болды дедік. Ешкім басында бұзауға қызыға қоймады. Бірақ мен инвестор ретінде бұның ұзақ мер- 111 Инвестицияға кіріспе зімде (соғымға немесе Құрбан айтқа дейін) жақсы табыс әкелетін болжап, 2 акциясын сатып алдым. Сөйтіп Инстаграмда «Бұзауға инвестиция жасадым. Шалқарбай атаның акцияларын алдым. Мен оған сенем» деп сториз шығарып қойдым. «О, қаржы сауаты дәрістерін үйретіп жүрген Дәкең бір нәрсе білетін шығар. Мен де сол компанияға инвестиция жасайын» деушілер көбейді. Сөйтіп сол күні 20 шақты оқырманым брокерлеріне «маған қор нарығына, яғни, мал базарға барып, Шалқарбайдың акцияларын сатып әперші» деп «заявка» тастады. Брокерлер тапсырысты орындау үшін мал базарға кеп, Шалқарбай атаның бұзауының акцияларын сұрай бастады. Сұрап тұрған 20 шақты адам. 8 акция қалды. 2-уін мен сатып алып едім ғой. Сұраныс жоғары боп тұр. Сөйтіп олар сол жерде саудаласа бастады. Аукционды есіңе алшы. Біреу тұрып «мен 10 100 тг-ге алам» деді. Екіншісі «мен 10 200 тг берем» деп қалды. Сөйтіп сауда 10 400 тгге кеп тоқтады. Акцияның бағасы сол күні 10 400 тг боп бекіді. Бұл бағаға келіскендер бұзаудың акцияларын сатып алды. 112 Қаржы қағидалары Ертесіне жаңалықтан «облысымызда сибирская язва тарап жатыр» деген хабарды естідік. Яғни, бұзауымыз ауырып, өліп қалуы мүмкін. Салған ақшамызды жоғалтамыз. «Қой, құрсын» деп, кеше ғана акция сатып алған жұрт енді оны сатуға көшті. Акцияны сатып алам дейтін адамдардың қарасы азайды. Сұраныс төмендеген сайын баға да арзандады. Бір акцияның бағасы 9500 тг боп кетті. Дәл осылай акция бағасы құбылып тұрады. Оны болжау өте қиын. Бағаны нарық анықтайды. Ал мен тәуекел еттім. Акцияларымды сатпадым. Соғым кезінде пайдаға кенелем деген үмітім әлі бар. Мен Уоррен Баффет сияқты ұзақ мерзімді (долгосрочный) инвестормын. Инвестор бар және трейдер бар. Енді трейдердің кім екенін айтайын. Ол – қысқа мерзімді инвестиция жасайтын адам. Мысалы, Шалқарбай атаның акциялары о баста 10 000 тг боп тұрғанда, Тәкен деген бір трейдер менімен жағаласып 8 акция сатып алды 80 000 тг-ге. Братанынан қарызға алған. Ертесіне мен сториз шығарғанда акция бағасы 10 400 тг боп кетті дедім ғой. Сол кез- 113 Инвестицияға кіріспе де осы сәтті пайдаланып, Тәкен 8 акциясын сатып жіберді. Сонда бір күнде 83 200 тг тапты деген сөз: 8 акция * 10 400 тг/акция = 83 200 тг. Оның 80 000 тг-сіне бірден братанына қайтарды. Қолында 3200 тг қалды. Бұл Тәкеннің бір бұзаудың акциясына трейдинг жасаған түрі. Мал базарда бұзаудан басқа да қаншама малдың акциялары бар. Күнде-күнде өстіп бірнеше трейдинг әрекетін жасаса, ол біраз пайда табайын деп тұр. Әрине, братанының сеніміне бір кірген соң, оны да үнемі ақтауы керек. «Плечо»-сы, кредиторы сол. Трейдерліктің бір минусы: сен күнде мал базардың маңында акция бағаларын бақылап жүруің керек. Ал бұл көп уақыт һәм көп энергияны талап етеді. Маған бұл жол ұнамайды. Мен инвестиция мәселелеріне аптасына 1-ақ сағат арнағым келеді. Сол үшін ұзақ мерзімді инвесторлік жолын таңдадым. «Дивиденд» деген не? Бүгін дивиденд жайлы әңгіме қозғайық. Қысқаша айтсам, дивиденд – компанияның 3 ай/ 6 ай/ 1 жыл сайын тапқан табысын 114 Қаржы қағидалары акционерлерімен бөлісіп, беретін ақшасы. Бірақ барлық компаниялар дивиденд бермейді. Дивиденд беретін компаниялар сол арқылы бізді қызықтырып, көбірек инвестиция тартуды ойлайды. Дивиденд акция бағасынан алынады. Мысалы, дивиденд акция бағасының 5-10%-ын құрауы мүмкін. Шалқарбай атамызды еске алайықшы. Ол кісі ерте көктемде бұзауын IPO-ға, яғни, қор биржасына орналыстырды дедік. Әрқайсы 10 000 тг тұратын 10 акция шығарды. Ол өз акцияларын «бұл – дивиденді бар акциялар, дивиденд мөлшері – 10%, 6 ай сайын дивиденд берем» деп таныстырды. Мен бұған қызықтым да, бірден 2 акциясын сатып алдым. Бір акция 10 000 тг тұрады, сонда 20 000 тг төледім. 6 ай өтті. Күз келді. Дивиденд тарататын уақытқа жеттік. Акция бағасы өскен. Себебі алда соғым маусымы келе жатыр. Қазір бұзаудың бір акциясы 15 000 тг тұрады. Дивидендті есептейік. Шалқарбай ата «акция бағасының 10%-ын дивиденд ретінде берем» деп еді ғой. Қазір Шәкең екеуміз ғана акционерміз: ол кісінің 8, менің 2 акциям бар. 115 Инвестицияға кіріспе 15 000 * 10% = 1500 тг. Бұл – менің бір акциядан алатын дивидендімнің мөлшері. Сонда 2 акциямнан қалтама жалпы 3000 тг түседі деген сөз. Бұл ақшаны қалай жаратам, оны өзім білем. Қаласам, «Лайфхактар» кітабын сатып ап, ауыл кітапханасына апарып, сауапты іс жасаймын. Болмаса, осы бағаға басқа акциялар сатып ап, реинвестиция жасаймын. Осы жерде бір нәрсе айта кетейін. Әдетте дивиденд таратып болғаннан кейін, компания акциясының бағасы келесі күні бірден төмендеп кетеді. Мысалы, кеше 15 000 тг тұрған акция ертесіне 13 500 тг боп қалады. Себебі 1500 тг-сі дивиденд боп үлестірілді. Бірақ бұл – уақытша нәрсе. Бұны жаңа старт нүктесі деп қабылдаңыз. Содан не керек, бұзауымыз соғымнан аман қалып, Құрбан айтқа жетті. Тағы да 6 ай өтті. Дивиденд алатын уақыт келді. Акция бағасы 25 000 тг боп тұр. Дивидендті есептейік. Шалқарбай ата «дивиденд мөлшері – 10%» деп еді ғой. Яғни, менің бұл жолы алатын дивидендтерім мынадай: 25 000 тг * 10%-ы = 2500 тг. Менің 2 акциям бар. Яғни, бұл жолы 2 * 2500 = 5000 тг дивиденд ретінде алам. 116 Қаржы қағидалары Дивиденді бар акцияны ұстау ұзақ мерзімде тиімді. Мысалы, мен 1 жыл бойы өз акцияларымды сатпай, қосымша 8000 тг табыс таптым. Бірақ бұл жерде де тәуекел (риск) бар. Бұзауымыз 6 айға жетпей өліп қалса, былайша айтқанда, компаниямыз банкрот болса, дивиденд те жоқ, акция да жоқ, ақшамыздан айырыламыз. 117 ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘРБИЕ Қаржылық тәрбие Бірде 3,5 ұлымның қолына бірнеше 5000 тг-лікті ұстатып, «балам, бұл – ақша» дедім. Ол «бұны не істеймін?» дегендей маған бір қарады. «Ұстап көр. Кеше базарға барып, көп тамақ, сүт, банан, макарон, нан, биос алдық қой. Оны алу үшін осындай ақша керек» дедім. Мақсатым: балам ақшаның химиясын сезінсе деген ой. Әйтпесе, «ол әлі ештеңе түсінбейді ғой, жыртып тастаса, қайтем?» десем де болар еді. Бірақ мен оған осы әжептәуір соманы ұстату арқылы ақшадан қорықпау керектігін, оған ақша мәселесінде сенетінімді көрсеткім келді. Ақшаның салмағын сезінсін дедім. Ол қолдың кірі емес. Жалпы баланың қаржылық мәселелерге ерте жастан араласқаны дұрыс па? Меніңше, дұрыс. Ата-бабаларымызды еске алайықшы. Олар мал шаруашылығымен айналысқан. Бір отар қойын кішкентай баласына сеніп тапсырған. Ол бала қойды санап, түгендеп жүрген. Сол кездің ақшасы мал еді. Демек, қой бағып жүрген бала әкесінің байлығының 118 Қаржы қағидалары көлемін біліп жүрген. Соны сақтауға, көбейтуге тырысқан. Біз де балаларымызға кірісшығыс ағыны жайлы, отбасылық шығындар, қаржылық мақсаттар жайлы айтып отыруымыз керек деп ойлаймын. Ақша жабық тақырып болып қалмауы керек. Енді, әрине, оның жас ерекшелігін ескересің ғой. Кейбір нәрсені 7 жасында, енді бір нәрсені 10 жасында айтуға болады. Бастысы, қаржылық тәрбие отбасында ерте жастан берілуі керек. Ата-ананың ақшаға, байлыққа деген қарым-қатынасы баласына да берілетінін ұмытпайық. Балаға ең бірінші ақшаны жаратуды, сосын сақтауды, ең соңында ғана табуды үйрету керек. Керісінше емес. Қазір ақша табуды үйрететіндер көп. Өте жақсы. Бірақ оны дұрыс жаратуды, сақтауды білмесең, қанша тапсаң да, бәрі бекер. Ыдыстың түбі тесік болса, оған қанша су құйсаң да, толып болмайды. Ақшаны дұрыс жаратуды қалай үйретеміз? Белгілі бір соманы балаға сеніп, тапсыру керек. Мысалы, 200 тг. Сосын «Мына ақшаны қайда жаратам десең, өзің біл. Бірақ бір аптадан кейін қалтаңда 100 тг қалса, мен саған тағы 200 тг берем. Егер бәрін жаратып тастасаң, бір апта бойы ештеңе бермеймін» деу керек. Келесі жолы ол ақшаны жаратар кезде ойланатын болады. Оңды- 119 Қаржылық тәрбие солды жұмсай берудің тиімсіз екенін түсінеді. Ақшадан айырылудың химиясын сезінеді. Ақшаны жаратуды үйренген бала бір бөлігін алып қалуды да үйрене алады. Оған қаржылық мақсаттар қойып берсең болады. Мысалы, «3000 тг жина, сол кезде өзім кішкене ақша қосып, саған самокат әперем» деп. Осы қаржылық мақсатына жету үшін бала ақшаны сақтауды меңгереді. Ақшаны қысып, ұстап тұрудың химиясын сезінеді. Қаржылық мақсат қойып, оған жетудің дәмін татқан бала келесі жолы сенің көмегіңсіз өзі ақша тауып, өз мақсатына өзі тезірек жеткісі келеді. Ол нәтиже мен процестің арасындағы байланысты көрді: қаржылық мақсатыңа жеткің келсе, ақша тап. Сол кезде ақша табуды үйренгені дұрыс. Мысалы, біреудің бір проблемасын шешу арқылы немесе қосымша жауапкершілік алу арқылы. Осылайша ол ақша табады, тапқанын дұрыс жаратады, дұрыс жаратқан соң, бір бөлігін сақтайды. Осы тұста қыз баланың және ұл баланың қаржылық тәрбиесі жайлы айта кету керек. Екеуінің өз ерекшеліктері бар. Мысалы, қыз бала қаржылық жағынан тарықпай өсуі керек. Оған қолайлы жағдай жаса. Ал ұл балаға қажетінен көп ақша ұстатпау керек. Оған керісінше қолайсыздық тудыр. Қиындықты 120 Қаржы қағидалары жеңсін. Бұдан ақшаны жарату мен сақтауды қыз да, ұл да үйренуі керек екенін, ал ақша табу міндетін ұлға көбірек арту керек екенін байқауға болады. «Жігіт – түз тағысы», ол ақша табуы керек. Көп ақша табуы керек. Қызға ондай ауыр жүк арта алмайсың. Бірақ бұл қыз бала ақша табуды үйренбеуі керек дегенді білдірмейді. Мен былай деген болар едім. Қыз өз нәзіктігін жоғалтып алмайтындай деңгейде ақша табуы керек. Қазақта «ұлды тоқтық бұзады, қызды жоқтық бұзады» деген жақсы сөз бар. Келісем. Мен екі ұл тәрбиелеп отырған әкемін. Бұйырса, ұлдарым 16 жасқа толғанда, қарыз дәптерін ашқым келеді. Ол жерге ұлдарымның телефон, жол, киім, компьютер сияқты жеке шығындарын қарыз ретінде жазып отырамын. Яғни, оларда екі таңдау болады: жазғы демалыста қосымша жұмыс істеп, өз қажеттерін өзі өтейді немесе менен қарыз алып, кейін өтейді. Дәл сол сияқты мен оларға мәшіне, пәтер сатып әпермеймін. Тіпті өзімнің артық пәтерім болса да, оны оларға тегін бере салмаймын. Нарықтағы бағадан төмен етіп, бөліп төлеп сатып алатындай жағдай жасаймын. Бастысы, өз үйі болады. «Ұлыңды аясаң, аяма» деген осы. Бұған оларды ерте жастан дайындаймын. Ерте жастан санасы- 121 Қаржылық тәрбие на дұрыс қаржылық ұстанымдар орнатып, дұрыс қаржылық әдеттерге үйретемін. Әрине, қиналып бара жатса, демеп жіберемін. Кейін олар бұл ісім үшін маған алғыс айтпаса, ренжімейді деп ойлаймын. Әкесі бар жағдайын жасап берген ұлдарды көріп жүрміз. Оларда бір нәрсеге жетсем деген ұмтылыс жоқ. Есірткі шегіп, арақ ішіп, өз-өзін жоғалтып жатады. «Аш» адамның ғана еті тірі, өмір сүруге деген құлшынысы жоғары болады. Ал қыз балаға бұлай істей алмайсың. Себебі бұл оның нәзіктігін, өзіне тән табиғатын, ішкі гармониясын бұзуы мүмкін. Оны «аштық» күйіне түсірмеу керек. Мен қызым болса, ол 16-ға толса да, оның жеке шығындарын өзім өтеймін. Қарыз ретінде жазбаймын. Телефонын, киімін, компьютерін әперемін. Бірақ мәшіне, пәтер сұраса, айтам «кешір, бірақ бұл – сенің жарыңның жауапкершілігі, әперсе, сол әпереді» деп. «Қызды жоқтық бұзады» деген «телефоны жоқ екен, оған айфон 13 әперуің керек» дегенді білдірмейді. Әйтпесе, осы сөзді желеу етіп, қызының әпер дегенінің бәрін әпере беретін адамдар бар. Қыз да қажет пен қалауының аражігін ажырата білуі керек. Ол жұмыс істемесе де, өз қаржылық сценарийін құрсын. Қолына түскен ақшаны дұрыс жаратсын, сақтауды үйренсін. 122 Қаржы қағидалары Қаржылық сценарий деп жатырмыз ғой. Әке де, бала да – әркім өз қаржылық сценарийін құрып, соған сай өмір сүруі керек. Мысалы, менің өз қаржылық тәуелсіздікке жету стратегиям бар. Өз зейнет жасымды, өз қарттығымды өзім жоспарлаймын. «Балам бағады» деп, оған отбасылық салық салмаймын. Себебі ол өз сценарийіне сай өмір сүруі керек. Ол да өзін тәуелсіз сезінсін. Ол мені қартайған шағымда бағуға міндетті емес. Бұл ұстаным екеумізге де пайдалы: мен қартаймай тұрып, ақша маған жұмыс істейтін деңгейге тезірек жету үшін босаңсымаймын, ал балам мені бағу міндетінен құтылып, өзінің қаржылық тәуелсіздікке жету жолымен жүреді. Балам, ақша деген... Балам, сен менен «Ақша деген не?» деп сұрадың. Жауап беріп көрейін. Өткенде сен маған «кәмпит берші» дедің ғой. Сол кезде мен саған «үстелімде кітаптар шашылып жатыр. Соны сөреге апарып қой, сонда бір кәмпит беремін» дедім. Сен менің айтқанымды істедің, былайша айтқанда, проблемамды шештің. Сол үшін саған кәмпит бердім. «Ақша деген – кәмпит» деп ойлашы. – Саған кәмпит ұнай ма? 123 Қаржылық тәрбие – Иә, әке, ұнайды. – Кәмпитің көп болғанын қалайсың ба? – Иә, қалаймын. – Кәмпитің көп болуы үшін не істеу керек екенін айтшы. – Кітаптарды орнына апарып қоямын да, сенен тағы кәмпит алам. – Жақсы. Бірақ кітаптар орнында тұр ғой. Маған тағы қалай пайдаңды тигізе аласың? – Ммм...Сенің басқа тапсырмаңды орындасам, маған тағы кәмпит бересің бе, әке? – Иә, балам. Бірақ «тапсырмаңды орындаймын» деме, «проблемаңды шешемін» де. – Мен сенің көөөп проблемаңды шешсем, көөөп кәмпит бересің ғой, иә? – Дәл солай. Менің ғана емес, басқалардың да проблемасын шешіп, кәмпит ала аласың. – Ммм... – Дұрыс. Өткенде саған берген кәмпитімді не істедің? – Жеп қойдым. – Былай келісейікші. Мә, саған бір кәмпит. Сақтап қой. Кішкентай қорапшаң бар еді ғой. Соның ішіне кәмпит жинайсың. Ертеңге дейін бұл кәмпитіңді жеп қоймасаң, саған тағы бір кәмпит берем. Сонда сенде 2 кәмпит болады. Келістік пе? 124 Қаржы қағидалары – Келістік. – Жақсы. Саған қанша кәмпит керек негізі? – Он! (он саусағын көрсетті) – Оны не істейсің? – Бәрін жеп тастаймын. – Сосын? – Ммм...Кәмпитім жоқ болады. – Сосын кәмпитті қайдан аласың? – Сенен алам ғой, әке. – Менде ол кезде кәмпит болмайды. Сол үшін кәмпиттің бәрін қазір жеп тастамай, жина. Егер өзің айтқандай он кәмпит жинасаң, мен саған оның орнына ойыншық берем. Саған ойыншық керек емес пе еді? Сұрап жүрген мәшіне ойыншығың бар еді ғой, сол. – Иә, иә! – Мен саған ойыншықты берем, сен маған он кәмпитіңді бересің. Екеуміз сондай айырбас жасаймыз. Енді сен менің проблемамды шешкенде, саған төлейтін кәмпиттерім болады. Келесіде үстелімде шашылып жатқан кітаптарымды орнына апарып қойған кезіңде саған беретін кәмпиттерім ғой. – Әке, сонда менде мәшіне ойыншық та, кәмпиттер де болады ғой, иә? 125 Қаржылық тәрбие – Иә, балам. Егер қазір кәмпитіңді жеп қоймай, сәл шыдай тұрсаң, ертең сенде ойыншық та, кәмпиттер де болады. – Онда мен сәл шыдай тұрам, әке. – Жарайсың, балам! – Әке, өткенде төсектің астынан бір кәмпит тауып алдым. Қатты боп кетіпті. Анашым «жеуге болмайды, бұзылып кеткен кәмпит» деді. Мен көөөп кәмпит жинасам, ол да солай бұзылып кетпей ме? (әңгіме инфляция туралы боп жатыр) Бұзылып кетпей тұрғанда оны қазір жеп тастау керек шығар онда. – Дұрыс айтасың. Кәмпит ұзақ тұрса, бұзылып кетеді. Сол үшін біраз кәмпит жиналса, ойыншық сияқты ұзақ сақталатын, бұзылмайтын бір затқа айырбастап қою керек. (әңгіме ақшаңды инфляциядан қорғау үшін акция, облигация, ETF, пай, т.б. қаржылық актив сатып алып қою жайлы боп жатыр). Кәмпитті мүлдем жеме демеймін. Бірақ аз бөлігін жеп, көп бөлігін сақтап қой. – Жарайды, әке. Мен сонда бай болам ғой, иә? – Иә, балам! Сен бай боласың! Баспанаң бар ма? Баспана алу – қаржылық мақсат. Бұл мақсатқа әркім әртүрлі жолмен жеткісі келеді. 126 Қаржы қағидалары Мысалы, біреу ақша жинап, бірден сатып алсам дейді. Енді біреу ипотекаға жүгінеді. Тағы біреу жеке баспана алуды мүлдем қарастырмайды. Оның ойынша, жеке баспана оны бір орынға байлап қояды. Оның үстіне өзі тұрғысы келетін пәтер қымбат тұрады. Оданша соны жалға алып тұра бергенді құп көреді. Осы жайлы айтайықшы. Маған да осы идея ұнайды. Мысалы, мен тұрғым келетін пәтер 400 млн тг тұрады. Арманымдағы пәтер. Жакузи-макузи, панорамный вид, үлкен квадратура, ыңғайлы жағдайдың бәрі жасалған. Сатып алсам, бұл қаншалықты дұрыс шешім болады екен? Бір нәрсеге иелік еткенше, оны жалға ала тұру деген ұстанымдамын. Арзанырақ шығады. Енді есептеп көрейік. Мен бұл пәтерді сатып алсам, қанша жыл тұрамын? 10 жыл? Онда бұл пәтерді 10 жыл бойы қолдануым үшін айына 3 333 333 тг бергендей боламын. Сен айтуың мүмкін «оны кейін сатып жіберсең болады ғой» деп. Сонда көп жоғалтпайсың. Бірақ мұндай 400 млн тг тұратын пәтерді әдетте сату да оңай емес. Ликвидті емес. Яғни, өтуі қиын. Осы жерде жалға алудың артықшылығын көруге болады. Ондай пәтерді жалға алу айына 1-1.5 млн тг тұрады шамамен. Жарай- 127 Қаржылық тәрбие ды, ары кетсе 2 млн тг. Бірақ бұл 3 333 333 тг дегеннен әлдеқайда арзан. Оның үстіне сен кез келген уақытта басқа қалаға, басқа орынға ауысып кетуің мүмкін. Пәтер ауыстыра саласың. Күшті емес пе? Бір орынға байланбайсың. Еркінсің. Сөздің қысқасы, арманыңдағы пәтерді сатып алмай-ақ, азырақ ақшаға соны жалға алып, тұруыңа, арманыңды өстіп орындауыңа болады екен. «Қайдағы 400 млн, маған 20 млн-нің пәтері болса да, жеткілікті» деп ойлап отырғандар бар шығар. Бірден келісіп алайықшы, «жеткілікті» деген – кедейдің сөздік қорындағы сөз. Мен үлкен сандарды санадағы шектеулерді алып тастау үшін әдейі қолданам. Ойша есеп жүргізу, үлкен сандарды жұмсау, басқару, жарату тегін ғой. Өзіңе үлкен сандарды ойша жаратуға рұқсат бер. Пәтер жалдап тұру идеясы ұнаса да, мен әркімнің өз баспанасы болуы керек деп ойлаймын. Баспана бұл – тұрақтылық, жүректің тыныштығы, жылу, қауіпсіздік. Көп жағдайда, байқасаң, «тезірек баспана алайық» деп әйелдер айтады. Себебі олар отанасы, үйдегі жылу, комфортты жасаушы. Балалардың тұрақты жылы ұясы болғанын қалайды. Өз ас үйі болғанын армандайды. Көшіп-қонып жүрсең, қайдағы тұрақтылық? 128 Қаржы қағидалары Сол үшін ер азамат ретінде мынадай стратегия ұстанамын. Баспана аламын да, оны әйелімнің атына жазып қоямын. Өмірден өтсем, бала-шағам пәтерден-пәтерге көшіп сандалмайды. Тұрақтылық бар жерде даму бар. Ал менің атымда пәтер болмаса, болмай-ақ қойсын. Ер адам – түз тағысы. Үнемі ізденісте, қозғалыста жүрмесе, комфортқа ұмтылса, өз-өзін жоғалтып алады. Байқасаң, «1000 тг-ге баспана», т.б. деп қайырымдылық қорлар көп балалы жалғыз басты аналарды көп көрсетеді. Соларға үй әперейік дейді. Неге сондай отбасылар көп? Сол кезде ер адамның отбасын тастап кетпейтіндей бірінші деңгейдегі жауапкершілігі, одан кейін сол отбасын баспанасыз қалдырмайтындай екінші деңгейдегі жауапкершілігі болуы керек екен-ау деген ой туады. Кейбір кәсіпкерлер «жеке баспананың қажеті жоқ, жалға алып тұра берем, 40 жаста ғана өз үйімді салып алам» деуі мүмкін. Біріншіден, олар – кәсіпкер. Ақшасы айналымда жүруі керек. Үнемі орын ауыстырады. Жұрттың бәрі кәсіпкер бола алмайды. Ондай өмір салтын ұстану да оңай емес. Екіншіден, олар өмірден өтсе, кәсібі бар, айналымдағы ақшасы бар, бала-шағасы үйсіз қалмайды. Ал сен кәсіпкер емессің. Сол үшін басқаша 129 Қаржылық тәрбие стратегия құруың керек. Олардың сөзін сүзгіден өткізіп, қорытып, қабылдағаның дұрыс. Кәсіпкер емес адам өз баспанасын алу үшін не істеуі керек? Көп адамға бірінші «ЖилСтрой-ға ақша салып, первоначалка жинап, үйіме кіріп алсам, ары қарай аймаай ипотекамды жауып отырамын» деген ой келеді. Мысалы, ол үшін айына табысынан 150 000 тг бөліп отыруы керек. Байқасаң, ол келер айдың жоспарын құрғанда, осы соманы ойлайды. Былайша айтқанда ол өзін осы сомамен шектейді. Яғни, үйге деп 150 000 тг тапсам, жеткілікті дейді. Жет-кі-лік-ті! Кімнің сөздік қорындағы сөз еді бұл? Ал былай деп мақсат қойса ше. Мен 20 млн тг тұратын бір бөлмелі пәтер алғым келеді. Отбасым үлкен емес. Қалауым емес, қажетім. Басыма пана болады бұл. Мен қазір 300 мың тг табам. Табысымды арттырайыншы. 1 млн тг-ге. 3 есе арттыру – миға қонымды мақсат. Ми оған сенеді. Егер табысым 1 млн тг болса, 700 мың тг-сін пәтеріме деп жинай беремін. Ал қалған 300 мың тг-ме бұрынғыша өмір сүре берем. Бұрын жететін еді ғой. Сөйтіп осы жоспарды ұстансам, 2 жыл 4 айда баспаналы болады екем. Ипотекасыз, кредитсіз. 130 Қаржы қағидалары Менің өстіп үйлі болған құрдастарым бар. Сенің де артық пайызсыз, өзің таңдаған үйге қол жеткізгеніңді қалаймын. «Өзің таңдаған» деуімнің сыры: мемлекеттік бағдарлама сізге пәтерлер ұсынады, сізге тек соның ішінен біреуін таңдау ғана қалады. Таңдау аясы шектеулі. Ипотекасыз ақша жинап үй алудың тағы бір артық тұсы: сен ұзақ жылдар бойы қарыз арқалап жүрмейсің, табыссыз қалсам, ипотекамды төлей алмай қаламын деп қорықпайсың. Ал табысыңды арттыруды ойлап, ақша жинауды қолға алғанда өзіңді еркін сезінесің. Тек сәл күте тұруың керек. Қандай пәтер таңдаған дұрыс? Ол ликвидті, яғни, кейін сатып жіберуге қолайлы пәтер болуы керек. Отбасың үлкейіп, кеңірек пәтерге көшу қажеттілігі туғанда, сол пәтеріңді өткізу оңай болғаны жақсы. Инфрақұрылымы жақсы, жақын маңда бизнес орталықтар мен универлер бар жақсы ауданнан алуға тырыс. Кейін пәтеріңді сатпай, жалға беріп қоямын десең де, ұтымды шешім осы болмақ. Осы тұста жылжымайтын мүлікке инвестиция жасау жайлы айта кетейінші. «Артық ақшаңды қайда сақтайсың?» десе, көбі «пәтер сатып алам да, жалға беріп қоямын» дейді. Көбінің ойына бірінші осы келеді. Бұл қаншалықты тиімді инвестиция? Мысалы, 131 Қаржылық тәрбие сен артық 20 млн тг-ңе 1-2 бөлмелі пәтер сатып алып қойдың дейік. Жалға бердің. Айына 150 000 тг аласың. Жылына 1,8 млн деген сөз. Сонда инвестицияң өзін 11 жылдан кейін ақтайды. Негізі жылжымайтын мүлікке салған инвестицияң өзін 8-12 жылда ақтаса, ол жақсы инвестиция деп саналады. Бірақ одан бөлек пәтердің ремонты бар, салығы бар, т.б. Ол шығындарды да ескеру керек. 11 жылдан кейін ол үй сатыла ма, жоқ па, белгісіз. Сол үшін, меніңше, бұл аса мықты инвестиция құралы емес. Баспана дегенде, өз үйіңді салу идеясы да еске түседі. Пәтер мен жер үйдің қайсын таңдайсың десе, пәтер дер едім. Мен екеуінде де тұрып көрдім. Әрқайсының өз минус-плюсы бар. Бірақ қаржы сауаты тұрғысынан қарасақ, жер үйдің шығыны көбірек. Ал жас кезде фокусың мен энергияңды жер үйдің бітпейтін жұмыстарына жұмсағанша, өзіңді, балаларыңды дамытуға, табысыңды еселеуге жұмсауың керек деп ойлаймын. Оның үстіне жас кезде ойың сан құбылады, басында ұнатып салған дизайның біраздан кейін жалықтырады. Сол үшін жер үйді 40-тан кейін ойлаған дұрыс деп ойлаймын. Оған дейін капиталың да біршама жиналады. Осы тұста жоғарыдағы «40-тан кейін жеке баспана қамын ойлай- 132 Қаржы қағидалары мын» деген кәсіпкердің сөзі орынды болады. Бұл жер үйге қатысты айтылған сөз. Қазақтың «баспана» деген сөзі қандай әдемі! Басыңа пана болатын тұрақты бір жерің болмаса, еркін тыныстай алмайсың, өзіңді қауіпсіз сезінбейсің. Қаржылық тәуелсіздікке ұмтылған адамның қарыздан құтылғаннан кейінгі келесі қаржылық мақсаты жеке баспана алу болуы керек деп ойлаймын. Мақсатына жеткен еркін адамдар көп болсын. Студенттің жұмыс істегені дұрыс па? Студенттің жұмыс істегені дұрыс па? Жалпы студент не үшін жұмыс істеуі мүмкін? Бәлкім бар зейінін оқуға, білім алуға қойғаны дұрысырақ шығар? Студент деген кім? Ең алдымен соны анықтап алайықшы. Студент – ізденуші (student, ағылшынша). Студент – білім талап етуші (toolib, арабша). Енді өзіңе сұрақ қойшы. Сен өміріңнің маңызды жылдарын ізденуге, білім талап етуге арнауға дайынсың ба? Дайын болмасаң, онда бәлкім оқымай-ақ, жұмыс істегенің немесе кәсіппен айналысқаның абзалырақ шығар? Ал дайын болсаң, онда оқудан басқа нәрсені, мысалы, жұмыс істеуді ойлап қайтесің? Бар көңіліңді ізденуге, білім талап етуге бұрмайсың ба? Меніңше, студент атанған екенсің, аты- 133 Қаржылық тәрбие ңа лайық боп, білім алуды ғана уайым қылуың керек. Жұмыс істеп үлгересің әлі. Егер ата-анаңның сені қаржыландыруға шамасы жетпесе, түсінем. Онда оқып жүріп, жұмыс істегенің орынды. Бірақ олай болған күннің өзінде басқа шешім бар. Ол жайлы соңында айтам. Ал ата-анаң жағдайыңды жасап жатса, жұмыс істеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Иә, түсінем. Сен де құрбы-құрдастарың сияқты жұмыс істеп, ақшаның дәмін татқың келеді. Оқып жүріп, жұмыс істеудің қандай зияны бар екенін жеткізіп көрейін. Ақша таба бастайсың. Қалаған киіміңді киесің. Қалаған рестораныңда тамақтанасың. Күшті ғой. Сосын анаңа туған күніне су жаңа айфон сыйлайсың. Ол оны көршілеріне көрсетіп, сені мақтан тұтады. Өзіңді қадірлі перзент сезінесің. «Ата-анамның алдындағы борышымды өтеп жатырмын» деп ойлайсың. Несі жаман? Жаман жерін айтайын. Сенде «оқымасам да, ақша таба алам, сол арқылы кез келген проблемамды шеше алам» деген ой туады. Сөйтіп сен білімге немқұрайлы қарай бастайсың. Білім алуға деген ықыласың азаяды. Көңілің суиды. Енді саған қайдан білім қонсын? Ал білім – өте сараң зат. Оған өзіңді 100%-ға арнамасаң, саған ештеңесін бермейді. 100%-ға 134 Қаржы қағидалары арнаған күннің өзінде 1%-ын берсе, соның өзі – жеңіс. Ал ақша ондай емес. Оған өзіңді 100%-ға арнамасаң да, оны таба аласың. Білімді бермейді, білімді алады! Жас кезде білім алудың бір сағат «азабына» шыдамаған адам өмір бойы надандықтың азабын татып өтеді. Алғашқы екі курста іргелі (фундаментальный) білім алу маңызды. Тек универдің білімімен шектелу аздық етеді. Қосымша өзің де ізденуің керек. Қай универде оқығаның емес, қалай ізденгенің маңызды. Мысалы, мен алпауыт ҚазҰУ-дың грантында оқымаса да, қарапайым «Тұран»-ның журналистикасын ақылы оқып бітіріп, қазір халықаралық медиа компанияда істеп жатқан бір жігітті білемін. Ол қазір сол ҚазҰУ-ды бітірген журналистерден табыстырақ һәм кәсібирек. Қысқасы, қай универде оқысаң да, оқуға берілгенің сондай, жұмыс жайлы ойлануға уақытың да, күшің де қалмауы керек қой. Студенттік жылдар өміріңде ең көп кітап оқыған шағыңа айналсыншы. Мысалы, болашақ саясаттанушы саясат жайлы үздік 300 кітапты, болашақ филолог шетел әдебиетінің озық 300 шығармасын, болашақ қаржыгер қаржы жайлы 300 еңбекті оқып шығуды мақсат етсінші. Артық білім кітапта. Осыншама кі- 135 Қаржылық тәрбие тапты оқып бітірген студенттің ой-өрісі, білім деңгейі қандай болатынын елестете бер. Ол әлемдік деңгейдегі маманға айналады ғой. Студент кезіңде ағылшын тілін меңгеріп алшы. 4 жылда қалған өміріңе азық болатын, сені ақшаның көзіне айналдыратын осы бір тілді меңгере алмасаң, ұят! Ағылшын тілін бір үйреніп алсаң, доллар теңгеден қалай озса, жылдан-жылға сен де қатарыңнан солай оза бересің. Жұмыс жайлы үшінші курстан кейін ойлана бастағаның дұрыс. Жұмыс тапсаң да, ол оқып жатқан салаңа қатысты және ниетің бірінші кезекте ақша табу емес, тәжірибе жинау болуы керек. Ақша тапқың кеп бара жатса, жазғы демалыс бар. Сол кезде жұмыс істеуге болады. Жалпы ереже мынадай ғой: не оқы, не жұмыс істе. Бірақ бір уақытта екі кеменің басын ұстасаң, суға кетесің. Есімде, бір жазғы демалысымда оңтайлы жұмыс шығып, екі айда $800 тапқан едім. Кейін сол ақшамды бір жылдық киім-кешегіме, кітаптарға, қосымша курстарыма (араб тілі, мамандығым бойынша бір курс) жұмсадым. Қосымша стипендия да алатынмын. Ақшам әдетте артылып қалатын. Білесің бе ақшаға қатысты ең бірінші меңгеруің керек машық не екенін? Ең бірінші ақ- 136 Қаржы қағидалары шаны табуды емес, оны жаратуды үйренуің керек. Студенттік шақ – осы бір машықты меңгеруге керемет мүмкіндік. Аз ақшаны көп нәрсеге жеткізуді үйрен. Студенттің ақшасы мынадай деңгейде болуы керек деп ойлаймын: бір жағынан аш қалмай, екінші жағынан қарны тоймай жүруі керек. Себебі тоқ адамға білім қонбайды. Жақсы, стипендия алмаса, жұмыс істемесе, ата-анасы жағдайын жасамаса, студент өзіне қажет ақшаны қайдан табады? Бұны ағалар өз жауапкершілігіне алуы керек. Сен аяққа тұрып алдың, жұмыс істейсің, кәсібіңді дөңгелетіп, ақша тауып жатырсың. Білім жолына түскен ініқарындастарың бар. Енді солар оқудан басқа ештеңені уайымдамай, өмірінің ең маңызды 4 жылын алаңсыз білім алуға арнауы үшін жағдайын жаса. Мысалы, ауылыңнан шыққан ынталы һәм білімге ғашық жастарды тап та, бірнеше досыңмен бірігіп, ортаға ақша тастап, ай сайын солардың пәтерін, азық-түлігін төлеп тұруды өз міндетіңе ал. Болмайтын нәрсеге де кетіп жатыр ғой сол ақша. Студенттер – садақа беруге ең лайық жандар. Олар – елдің ертеңі. Сенің осынау садақаң елдің дамуына салған қомақты инвестицияң болмақ. Ойлашы, ағалар осылай қаржылай қамқорлық жасап отырса, ал іні- 137 Қаржылық тәрбие қарындастар ықыласпен білім алса, қандай ғажап! Кейін осы жастар өз ісінің маманы болып, өзін ақшаның көзіне айналдырып, табысын еселеп, енді өз студент іні-қарындастарын қолдайтын болады. Сөйтіп бай һәм білімді елге айналып шыға келеміз. Білімге ақша құю «Білімге құйған инвестиция ең көп табыс әкеледі» деп кезінде Бенжамин Франклин айтқан еді. $100 купюрде бейнеленген кісі ше, сол. Осы сөзді алға тартып, «білімге ақша аямау керек» деп жүрген жандар баршылық. Сөйтіп «білім ғой, бастысы, пайдасыз дүние емес» деп ойланбастан қымбат курс, кітап, т.б. сатып ала береді. Кейін «ақшам желге ұшты» деп өкінбейді де. Себебі білім ғой, бастысы, пайдасыз дүние емес. Осыны ескеріп, инфобизнесмендер де «білімге құйған инвестиция көп есе қайтады» деп инфо өнімін сеніммен сата береді. Қымбат болса да. Бірақ шын мәнінде білімге құйған ақша көп есе қайтып жатыр ма? Жалпы білімнің құны бар ма? Біріншіден, бірден келісіп алайық, білім тегін. Су сияқты білім де – Алланың тегін ризығы. Мысалы, біз судың өзіне ақша төлемейміз ғой. Тегін! Біз тек сол суды үйіміз- 138 Қаржы қағидалары ге жеткізіп бергені үшін ақша төлейміз. Сол үшін «білім сатып жатырмын» дегендердің сөзі қисынсыз. Олар тек білімді жинап, тасымалдап, жеткізушілер ғана. Екіншіден, білім тегін болса, біз нақты неге ақша жұмсап жатқанымызды анықтап алайықшы. Платформа, видео түсіруге қажет аппаратура, түсіру тобының қызметі, мұғалімнің уақыты мен энергиясы, т.б. – біз осыған ақша жұмсаймыз. Олай болса, «қымбат білім қымбат тұрады» деген ұстаным дұрыс емес дер едім. Білім тегін дедік қой. Қымбат курс сатып алатындар осы қармаққа ілінетін сияқты. «Тегін тұр ғой мына жақта. Оны қайтесің? Қымбат қой» десең де көнбейді. Тағы біреулер «тегін нәрсенің қадірі жоқ, курсқа ақша төлесем, қадірін сезінемін. Сосын ақшам бекер кетіп қалмасын деп, дисциплина сақтап, оқимын» деп айтады. Сонда ол дисциплина сақтау үшін ақша жұмсауым керек деп ойлап тұр. Былайша айтқанда, дисциплинаның жоқтығы деген проблемасын ақша арқылы шешпекші. Ал қаржылық проблемалар қаржылық емес проблемаларды ақшамен шешуге тырысқанда пайда болады. Бір нәрсенің қадірін білу үшін міндетті түрде ақша жұмсау керек пе? Тегін ғой қадірін білу. Өзін сәл қолға алса, артық шығынға батпайтын 139 Қаржылық тәрбие еді ғой. Мысалы, бір кісі бір курстың VIP пакетін сатып алады. Не үшін? Себебі ол жерде үй жұмысын тексеріп, қадағалап отыратын куратор болады. Сонда ол өзін-өзі қадағалауға тырыспаудың кесірінен екі есе артық төлейін деп тұр. Тағы бір қызық айтайын. Ол әлгі қымбат курсты сатып ап, жарты жолда бұл оныкі емес екенін түсінеді де, тастай салады. Ал курсты бөліп төлеймін деп сатып алған, мойнында қарыз қалды. Қаржылық проблема ма? Иә! Білімнің құнын белгілейтін болсақ, ең қымбат білім әріп пен сан тануымыз шығар. Себебі әріп пен сан танымасақ, бір де бір кітаптың бетін ашып, оқи алмайтын едік. Қараңғылық құрсауында қалатын едік. Қазіргі ақпарат заманындағы жетістіктеріміздің ешқайсына жетпейтін едік. Былайша айтқанда, әріп пен сан тануымыз біздің өмірімізді 180 градусқа өзгертті. Оның жанында қазіргі «өміріңді 180 градусқа өзгертетін білім» дейтіндердің сөзі түкке тұрмайды. Демек, ең көп ақшамызды бізге осындай ең қымбат білімді сыйлаған бастауыш сыныптағы ұстаздарымызға беруіміз керек еді. Білім тегін болса, оған барынша аз шығынмен жетудің жолын қарастыру керек қой. Мысалы, ата-аналар «балам жақсы жерде 140 Қаржы қағидалары білім алсын» деп әдетте қымбат оқу орындарын қарастырады. Байлығы тасып бара жатса, шетелге жібереді. Бірақ баланың үйрену қабілеті соған лайық па? Мүмкін балаға басқаша мотивация беру керек шығар? Мысалы, «бұл сенің өз өмірің, қолыңнан келгеннің бәрін істе. Сол жерде оқуға лайық екеніңді іспен дәлелде. Қажет болса, демеп жібереміз» деп. Тырыссаң, қазіргі кезде шетелде тегін оқудың мүмкіндіктері көп. Түрлі жеке және мемлекеттік бағдарламалар бар. Білімге ақша құю – инвестиция. Бірақ бұл қымбат жолды таңдасаң, ұтылмайсың дегенді білдірмейді. Болмысы бай адам – тұтынушы емес, инвестор. Ал инвестор қаржылық шешім қабылдайтын кезде жан-жақты анализ жасап, қалай аз шығынмен көп табыс табуға болатынын көздейді. Кез келген курсты «білімге салған ақша көп есе қайтады» деп сатып ала беретін адам – инвестор емес, тұтынушы. Зерттеуге, бұл саған шынымен қажет пе, жоқ па деп ойлануға, «тегін немесе арзанырақ баламасы жоқ па?» деп ізденуге ерінбе. Сосын «білім сататындар» асылында білім емес, үміт сатып жатыр деп ойлаймын. Байқасаң, «осыны оқысаң, табысың артады, айына миллион табасың» дейтін офферлер халыққа жақсы өтеді. Яғни, адам курсты, кі- 141 Қаржылық тәрбие тапты сатып алсам, болды, табысым артып кетеді деп үміттенеді. Оны оқу керек, еңбектену керек екенін ұмытады. Кейде бұл сырттай букмекерде ақша тіккенге ұқсайды. Ақша тіксем, көтеріп алам деп ойлайды. Мені курстарға қарсы деп ойлап қалма. Инвестор – аз жұмсап, көп табатын адам. Өз бетіңше білім алу қабілетін дамытшы, сонда көп ақшаң қалтаңда қалады. Өз бетінше білім алу қабілеті көру қабілетіне ұқсайды. Көру қабілеті нашар адам жақсы көруі үшін көзілдірік тағады. Ол көзілдірікке мұқтаж. Тура сол сияқты өз бетінше білім алу қабілеті нашар адам да түрлі курстарға жүгіне береді. Ал көру қабілеті жақсы адам көзілдірікке мұқтаж емес, бірақ бинокль арқылы алысты көргісі келеді. Тура сол сияқты өз бетінше білім алу қабілеті жақсы адам да түрлі курстарға қатысып, одан да әріге көз тастағысы, білімін тереңдеткісі келеді. Бірақ ол курстардың қымбат болуы шарт емес. Екі түрлі деңгей. «Шәкірт дайын болғанда, ұстаз өзі келеді» деген жақсы сөз бар. Проблема шәкірттің дайын болмауында: ол өзіне нақты не керек екенін білмейді, өзі ізденбейді, білімге аш емес, өз бетінше білім алу қабілетін дамытпаған. Ал ұстаз тегін де келуі мүмкін. Тіпті 142 Қаржы қағидалары сондай ұстаздар жаныңда жүрген де шығар. «Шәкірттің ықыласын көрсем болды, тегін білім беруге дайынмын. Бірақ өкініштісі талапты шәкірттер аз» дейтін ұстаздар бар. Ал сен ақшаңды бос үмітке шашып жүрсің. 143 АҚША ТАБУ ӨНЕРІ Табысты арттырудың жолдары Байлыққа жеткісі келетін адам табысын арттыруды көздеуі керек. Онсыз болмайды. Табысын арттырғысы келмейтін адам жоқ шығар. Бірақ не үшін біреу өзіне қажет соманы табады да, басқа біреу таппайды? Бірнеше себеп бар. Біріншіден, адам өзіне нақты қанша сома және маңыздысы ол оған не үшін керек екенін білмейді. Мысалы, әдетте «қанша тапқың келеді?» деген сұраққа «1 миллион теңге» деп жауап беріп жатады. Жақсы. Оны не істейсің? «Саяхатқа, көлік алуға, емделуге жұмсаймын» деп жауап беруің мүмкін. Маған нақты сандарды айтшы. Ойыңнан емес, мысалы, сайтқа кіріп, саяхатқа қажет шығындарды «міне, міне» деп тізіп шықшы. Ай сайын саяхаттай бермейтін шығарсың. Үшжылдық, 10 жылдық, 20 жылдық қаржылық мақсаттарың бар ма? Оларға жету үшін қанша тауып, қанша үнемдеп отыруың керек? Егер осының бәрін есептеп, миыңды іске қоспасаң, «көп ақша 144 Қаржы қағидалары керек» деп жүре берсең, қаржылық мақсаттарыңа жетпейсің. Ми нақтылықты сүйеді. Нақты сандарды және ол саған не үшін керек екенін көргенде, соған сенгенде, ми іске қосылады. Негізі бұл механизм өмірімізде көрініс тауып жүр. Мысалы, кредиті бар адам әр айдың 15-не дейін банкке 150 000 тг салып тұруы керек екенін біледі. Нақты сандар белгілі. Ол ақшаны не үшін табуы керек екенін де біледі: уақытында төлемесе, айыппұл салады, соттайды, арест қояды, үйін тартып алады, т.б. Сөйтіп ол «қайтсем де осы соманы табуым керек» деп, жанын салады. Мотивация ұрып тұр. Жатса да, тұрса да, әлгі сома көз алдында, санасында жаңғырып тұрады. Бір қызығы, ол сол соманы әдетте табады да. Таныс сезім бе? Осы сезім сені орныңнан тұрғызып, қажет соманы тапқызды. Бірақ сен бар зейініңді 150 000 тг-ге қойып, өзіңді шектедің. Миллионды ойламадың. Бірақ дәл осы әдісті миллион табу үшін де қолдансаң болады ғой. Мысалы, саған миллион не үшін керек? Кредиттің 150 000 тг-сіне қандай мұқтаж болсаң, миллионға сондай мұқтаж болуың керек. Мұқтаждық сезімін оят. Қағазға «Менің айлық табысым: 1 млн 145 Ақша табу өнері тг» деп жазып, ол саған не үшін керек екенін, оны қайда қалай жұмсайтыныңды нақтыла. Сол кезде миллионды ойша да жарата алмай жатқаныңды түсінуің мүмкін. Ойша жарата алмаған ақша қолыңа түссе, жарата аласың ба? Жоқ. Ойыңда нақтыланбаған соманың қалтаңда болмауы заңды ғой. Миллионды қалай жаратуға болады? Үлгі ретінде бір мысал жазып көрейін: Менің айлық табысым: 1 млн теңге. Оны былай жаратамын. 1. 300 000 тг – отбасылық шығындар. Бұл санды ауадан алмадым. Кейінгі 6 айдағы орташа кіріс-шығын есебіме қарадым. 2. 50 000 тг – садақаға жұмсаймын. «Садақа бәлені қайтарады», «Садақа еселеп қайтады», т.б. сөздер шабыт береді. 3. 150 000 тг – қауіпсіздік қорына сақтаймын. Сөйтіп бір жылда 1 800 000 тг жинаймын. Бұл – менің жұмыссыз қалсам, 6 айлық отбасылық шығындарымды жабатын сома. 4. 150 000 тг – саяхат қорына сақтаймын. Бір жылда 1 800 000 тг жиналады. Соған сай саяхаттарымды жоспарлаймын. 5. 350 000 тг – инвестицияға саламын. Тәуекелі аз (низкоризковый) активтер (акция, ETF, т.б.) сатып аламын. Ақшамды құнсызданудан (инфляция) қорғап, сәл өсім 146 Қаржы қағидалары көріп отыру үшін. Акция – ақшаңды ұзақ мерзімде сақтаудың мен білетін ең тиімді құралы. Байқасаң, жұмсайтын ақшамнан гөрі сақтайтын ақшамның үлесі көбірек. Не үшін? Қаржылық тәуелсіздікке, зейнетке ертерек шығуым үшін. Бұл жерде табысты арттыра беру де маңызды. Жоғарыда қауіпсіздік қоры жайлы айттым. Жұмыссыз қалсам, 6 айлық отбасылық шығындарымды жабатын сома бұл. Оған тиісуге болмайды. Иә, менің жұмыссыз қалу ықтималдығым өте төмен. Дегенмен «қорым бар ғой» деген ой психологиялық тұрғыда маған демеу боп тұрады. Сынып қалмаймын. Миым тыныш. Ал санасын уайым торламаған адам дұрыс қаржылық шешімдер қабылдай алады. Осы қорды жинап болған соң, жаңа мақсатың пайда болады. Енді біржылдық қорды жинайыншы деген. Жақсы азарт қой бұл. Біржылдық қорың болса, бұл бір жыл жұмыссыз қалсаң, сені асырайтын ақшаң бар деген сөз. Күшті ғой иә? Жұмыс істемейсің, бірақ ақшаң бар. Одан кейін үш жыл, 10 жыл жұмыс істемеу үшін қор жинауды көздейсің. Сөйтіп ақша саған жұмыс істейтін, яғни, сен жұмыс істемесең де, ақша түсіп тұратын дең- 147 Ақша табу өнері гейге жетесің. Ол деңгейге ертерек жеткің келсе, табысыңды арттыруды ойла. Жақсы. 1 млн теңге айлық табысқа шығуды мақсат еттің дейік. Не үшін керек екенін айқындап алдың. «Не үшін?» деген сұраққа беретін жауабың неғұрлым нақты болса, мақсатқа жетсем деген қалауың соғұрлым қатты болмақ. Бірақ одан кейін мынадай проблема тууы мүмкін. Сен мақсатқа жетуді қалайсың, бірақ оған жете алатыныңа сенбейсің. Сеніммен қуатталған қалау болмаса, мақсатыңа жете алмайсың. Сеніммен қуатталған қалау! Ал сенімді қалай арттыруға болады? Кредитті төлеуге қажет 150 000 тг-ден жоғары соманы елестете алмайтын ми 1 млн тг деген сомаға сенуі үшін не істеу керек? Бір нәрсеге ие болғың келсе, сол нәрсеге жетуді емес, соны иеленетін тұлға болуды ойла. Яғни, 1 млн тг табуды емес, 1 млн тг табатын тұлға болуды көзде. Айырмашылықты сезіп тұрсың ғой. Ондай тұлғаға айналу өте оңай. Дәл қазір өзіңді «мен 1 млн тг табатын адаммын» деп атай берсең болады. Тегін ғой. Оның үстіне ми өтірік/шын дегенді ажырата алмайды. Ми жиі қайталап айтқан нәрсеге сенеді. 148 Қаржы қағидалары Ойша үстіңе миллионер образын киіп аласың. Енді тек соны дәлелдей салу ғана қалады. Әдетте біз «мынаған жетсем, сол кезде ғана өзімді бәленшемін деп есептеймін» дейміз. Бірақ мен басқа жолды ұсынамын. Қазір өзіңді миллионер есепте, өзіңді солай ата. Сосын миллион табатын адамның әдеттерін еске ал. Ол әдетте қандай қарапайым істерді істейді? Оны сен де қайталай аласың ғой. Мысалы, ол ерте тұрады. Сен де ерте тұр да, кезекті рет өзіңе қазірдің өзінде миллионер екеніңді дәлелде. Ол іскерлік әдебиет оқиды. Сен де сол кітаптарды оқы да, кезекті рет өзіңе қазірдің өзінде миллионер екеніңді дәлелде. Осындай көп майда істерді істеу арқылы сенің өзіңнің жаңа миллионер образыңды бекіте бересің. Сөйтіп сен миллионерше шешім қабылдай бастайсың. Себебі сен болашақта емес, дәл қазіргі сәтте миллионерсің. Оған дәлел: соны растайтын сенің қазіргі сәттегі майда жеңістерің. Өзіңді миллионер сезінген соң, миллион әкелетін идеялар да оңай келеді. Классикалық костюм кигенде өзіңді ақсүйек, спортивка кигенде, өзіңді спортик сезінесің ғой, дәл солай миллионер образын кию саған өзгеше эмоциялар сыйлайды. 150 000 тг кредитті төлеуді ойлап жүрген «пақыр» об- 149 Ақша табу өнері разың мұндай идеяларды туғыза алмайды. «Бір нәрсеге ие болғың келсе, сол нәрсеге жетуді емес, соны иеленетін тұлға болуды ойла» деген осы. Тез баюдың жолы Тез баюдың жолы жоқ. Бірақ тез байығысы келетіндер көп. Тез баюды қалауда проблема жоқ-ау. Көбі ештеңе істемей, тез байығысы келеді. Ең сорақысы сол. Не үшін әлі күнге дейін қаржы пирамидалары, түрлі лохотрондар, букмекерлік кеңселер жұмыс істеп жатыр? Қалай ойлайсың? Сұраныс болған соң, ұсыныс та болады. Демек, адамдар жеңіл жолмен тез байып кеткісі келеді деген сөз. Иә, олар «ойбай, мені бәленше пирамида алдап кетті» деуі мүмкін. Бірақ, мойындайықшы, «тегін сыр тек қақпанда жататынын» білмеген, анализ жасамаған, ойланбаған өзі ғой кінәлі. Адамның ештеңе істемей, тез байып кетсем деген қалауы бар кезде жаңа қаржы пирамидалары, т.б. қаржылық схемалар шыға береді, шыға береді. Олармен күрескенше, халықтың қаржы сауатын арттырған дұрыс. Мына қаржы қағидасын есте ұстаған жөн: табыс табу мүмкіндігі неғұрлым жоғары болған сайын ақшаны жоғалту қаупі де соғұр- 150 Қаржы қағидалары лым жоғары болады. Мұны «жоғары риск» дейді. Керісінше, табыс табу мүмкіндігі неғұрлым төмен болған сайын ақшаны жоғалту қаупі де соғұрлым төмен болады. Мұны «төмен риск» дейді. Жоғары риск қай шектен басталады, соны анықтап алайық. Егер саған біреу «мына жерге ақша салсаң, жылына доллармен 6%-дан көп табыс табасың, мысалы, $1000 салсаң, $1060 табасың» десе, сақтық таныт. Себебі 6%-дан жоғары өсім көрсететін инвестиция жоғары рискті инвестиция боп саналады. Ақша жоғалту қаупі де сондай жоғары деген сөз. Жылына доллармен 10%, 20%, тіпті 50% өсім уәде ететіндер бар. Салған $1000-ың бір жылда $1100-ға, $1200-ға, $1500-ға айналады дегендей ғой. Қалай? Оларға сенсең, түбі ақшаңнан айырыласың. Доллармен төменгі риск 3-4% шамасында. Жылына. Инвестиция жасайтын кезде осыны ескеру керек. Риск төмен болған соң, ақшаңды көбейту жолы да ұзақтау болады. Бірақ ақшаңды жоғалту қаупі де төмен. Артық уайымнан арыласың. Әркім өз табиғатына қарай инвестиция стратегиясын құруы керек. Мысалы, мен көп сақтық танытам, іске бірден көшпеймін. Сол үшін рискі төмен үлкен сенімді компанияның акцияларын 151 Ақша табу өнері сатып аламын да, кемінде 5 жылға ұмытам. Ұзақ мерзімде акциялар міндетті түрде өседі. Мен күнде қор нарығын бақылап, трейдерлік жасап отыруды қаламаймын. Табиғатыма келмейді. Теңгемен ше? Жылына 15-20% өсім беретін инвестиция – төмен рискті инвестиция. Кейбіреулер «бізге ақша салсаң, айына 15- 20% өсім көресің» деп жатады. Айына 15- 20%! Бұл дегенің жылына 180-240% өсім деген сөз. Сұмдық қой. Ондайларды көрсең, абайла. Кезекті қаржы пирамидасы болуы әбден ықтимал. Байлық – жылдар бойы қайталанған дұрыс қаржылық әдеттердің нәтижесі. Кайдзеннің мына алтын ережесін ұмытпайық: «Жылдам – бұл баяу, бірақ тұрақты түрде істелетін іс». Байлыққа тез жетудің жолы болса, ол – дұрыс қаржылық әдеттерді тұрақты түрде қайталай беру. Дұрыс қаржылық әдеттерге үнемдеу, тапқаныңнан аз жарату, кірісшығыс есебін жүргізу, қолыңда жоқ ақшаға зат сатып алмау, табысыңды арттыру жолдарын үнемі ойлау, брокерлік шотқа ақшаңның бір бөлігін салып отыру, акцияларды арзандаған кезінде сатып алу және қымбаттаған кезінде сату, т.б. жатады. 152 Қаржы қағидалары Сонда да тез байығың кеп бара жатса, мынадай шешім бар. Байлықтың толқындары болады. Соны уақытында ұстап отырсаң, болғаны. Мысалы, 2019 жылы біреу маска сату бизнесін бастап, 1 млн маска алып қойды дейік. Бизнесі жүрмеді. Маскалар қоймада ешкімге керек болмай, үйіліп жатты. Ол бір жылдан кейін пандемия басталып, маскалар үлкен сұранысқа ие болатынын білмеді, болжай да алмады. Сөйтіп 2020 жылы ол өзінің байлық толқынына тап келді: жұрт жапатармағай маска іздеді, қымбатқа болса да, сатып алуға дайын болды. Сол сәтті дұрыс пайдаланса, тез байып кетер еді. Пайдалана алмаса, өзінен көрсін. Бір байлық толқынын өткізіп алған адам келесісін ұзақ күтуі мүмкін. Келесі толқын келмеуі де мүмкін. Байлық толқындарын дер кезінде ұстап отыру үшін дайын боп жүру керек. Дайын боп жүру үшін өзіңді үнемі шыңдау керек. Мысалы, біліміңді арттыру арқылы. Негізі ең жоғары риск – білімсіздік. Білімсіз боп қор нарығына кіріп, акция алып, сатып, инвестиция жасап, байлығымды көбейтем деп ойламай-ақ қой. Әйтпесе, букмерде ақша тіккен адамнан еш айырмашылығың болмай қалады. Білімсіздік сен үшін қымбатқа түсуі мүмкін. Ақшаңнан айырыла бересің. Бұдан 153 Ақша табу өнері мынадай түйін шығады: тез баюдың жолы – қаржылық білім алу арқылы өзіңді шыңдау. Бұл – байлығыңды көбейту мүмкіндігі жоғары және ақшаңды жоғалту қаупі төмен ең сенімді жол. Құн және құндылық Қаржылық мәселелерде опық жеп қалмау үшін сауда заңдарын білу керек. Солардың бірі: құн мен құндылықты анықтау. Сатушы тауардың не қызметтің құнын белгілейді. Ол кез келген құнды қоя алады. Ал сатып алушы сол тауардың не қызметтің құндылығын бағалайды. Сауда құн мен құндылықтың түйіскен нүктесінде екі тараптың разылығымен жасалады, яғни, сатушы сатады, сатып алушы сатып алады. Мысалы, мен 0,5 л су сатамын. Құнын 10 000 тг деп қоямын. Қалай ойлайсың қалада, ауыз сумен проблема жоқ жерде, бұл суды менен кім сатып алады? Ешкім! Себебі бұл су дәл қазіргі сәтте ешкім үшін құнды емес. Сол үшін ешкім оның құндылығын 10 000 тг-ге бағаламайды. Енді елестетейік. Шөл далада бір топ адам келе жатырмыз. Бәрінің ішетін суы таусылған. Аптап ыстыққа шыдар емес. Шөл қысып бара жатыр. Сөйтіп мен сөмкемнен 0,5 л 154 Қаржы қағидалары суымды алып шығам да, «кім алады? 10 000 тг» десем, «мен алам» деп бәрі жарыса кетеді. Тіпті «100 000 тг» десем де, алуы мүмкін. Себебі сол сәтте судың құндылығы олар үшін өте жоғары боп тұр. Құн мен құндылықты түсінген адам «арзан», «қымбат» деген категориялармен ойланбайды. Келісіп алайық. «Арзан» немесе «қымбат» деген түсінік жоқ. Тек заттың құны беретін құндылығынан жоғары немесе керісінше төмен болады. Кейде «Лайфхактар» кітабым 5000 тг тұрады» десем, «қымбат қой» дейтіндер бар. Қымбат емес, тек ол бұл кітаптың құндылығын 5000 тг-ден төмен бағалайды, мәселе сол ғана. Сол үшін менің кітапқа қойған құным оған жоғары боп көрініп тұр. Құн мен құндылық бір нүктеде түйіспегендіктен сауда жасалмай жатыр. Сату техникаларын шебер меңгерген саудагерлер бір заттың құндылығын жоғары етіп немесе құнын төмен етіп көрсету арқылы оны сатып жібере алады. Бастысы шын мәнінде құнды дүниені сатса, болғаны. Мысалы, «Лайфхактар» кітабы 5000 тг тұрады дедік. 5000 тг-ге бір сет суши алуға да болады. Қайсының құндылығы жоғары деп ойлайсың? Сушиді жеп тауысасың, түбі унитазға кетеді. Ал кітапта 100 шақты лайфхак 155 Ақша табу өнері бар. Кемінде 5000 тг-ден көп табыс әкелетін кеңестер бар. Жұмсаған 5000 тг-ң еселеп қайтады. Ақшаң өзін-өзі ақтайды. Суши мен кітапты қатар қойса, кітаптың құндылығы жоғары, ал мен қойған 5000 тг деген құны төмен көрінеді. Сен сатып алушы ретінде бір тауарды немесе қызметті сатып аларда оның сен үшін қаншалықты құнды екенін анықтап ал. Ол нәрсесіз өмір сүре аласың ба? Мақсатыңа жете аласың ба? Бұл шынайы құндылық па әлде саудагердің манипуляциясымен сырттан таңылған құндылық па, соны ажыратуды үйрен. Әйтпесе, опық жеп қаласың. «Қымбат» курстарды қалай сатып алғаныңды білмей қалған кездерің болды ма? Ол курстар сен үшін сондай құнды ма еді? Кейбір курстардың беретін құндылығын тегін посттар да беруі мүмкін. Бірақ әдетте ол курстардың құны жоғары болып шығады. Курс сатушыны да айыптай алмайсың. Ол өз құнын белгіледі. Өзі біледі. Бұл жерде алданған, дәлірек айтқанда, құн мен құндылықты дұрыс бағаламаған сенсің. Бірақ сонда да курс сатушылар адамдардың осы әлсіздігін ескеріп, құнын беретін құндылығына сай қойса екен деген өтінішім бар. Құныңа сай құндылық бере алмасаң, сатып, тықпалаудың қажеті жоқ. 156 Қаржы қағидалары Сөз соңында құн мен құндылық жайлы мына бір тәмсілді келтіргім кеп тұр. Бірде хал үстінде жатқан әкесі ұлын шақырып ап, былай деді: «Мына ескі сағатты кезінде атаң маған өсиет етіп қалдырған. 200 жылдық тарихы бар сағат. Сен орталықтағы зергерлік дүкенге бар да, сұрап көр. Олар мұны қаншаға бағалайды екен?» Ұлы зергерлік дүкенге барып, сағатты ұсынып көрді. Олар оны $150-ға бағалады. Себебі ол олардың сөзінше өте ескі еді. Сосын әкесі «енді ломбардқа бар» деді. Ұлы ломбардқа барып, қайтып келді де, «Ломбард $1000 ұсынды, себебі сағат әбден тозған боп көрінеді екен» деді. Ең соңында әкесі ұлын мұражайға жіберді. Сағатты көрсетсін деп. Ұлы мұражайға барып қайтты да, былай деді: «Мұражай басшысы бұл сирек кездесетін сағат үшін $500 000 беруге дайын екенін айтты. Өздерінің қымбат антиквариаттар коллекциясының қатарына қосқысы келеді екен». Байқадың ба, бір ескі сағат. Бірақ әркім оның құндылығын әртүрлі бағалап жатыр. Сол үшін оның құны да әртүрлі болады: $150, $1000, $500 000. Мен мынадай түйін жасаған болар едім. 157 Ақша табу өнері Сен өзің құнды деп білетін тауар не қызметіңді оны дәл солай құнды деп бағалайтын жандарға сатуға тырыс және оны «қымбат» бағаға сатудан, яғни, оған жоғары құн қоюдан қорықпа. Себебі сауда құн мен құндылық түйіскен нүктеде екі тараптың разылығымен жасалады, соны ұмытпа. Ал тауар не қызметіңнің құндылығын түсінбейтін жандарға оны сатып әуре болма. Олар оны бәрібір «қымбат» деп алмайды. Әрине, сен сату техникаларын қолданып, оларға затыңды тықпалап, өткізе аласың. Бірақ олар оны бағалай ма, белгісіз. Тіпті өкініп, өзін алданып қалғандай сезініп, ал сені «айлакер» деп айыптауы мүмкін. Ал сен құн мен құндылықты анықтап жүрсің бе? Әлде құндылығы төмен нәрсенің жоғары құнын төлеп, алданып жүрсің бе? Жетістікке жетудің басты құпиясы Наполеон Хилдің «Ойлан да, байы» («Думай и богатей») деген кітабын оқып жүрмін. Бұған дейін кітаптың аудио нұсқасын 10 жыл бұрын тыңдап шыққан едім. Сол кезде іште «Енді кітап нұсқасын міндетті түрде оқуым керек» деген бір ой қалған. Бірақ «жетістікке жетудің құпиясын» үйрететін кітаптарды көп оқып қойдым ба, олардан шаршай бастадым. Көрсем, «құсқым» келетін болды. Сөй- 158 Қаржы қағидалары тіп «Ойлан да, байы» кітабы жылдар бойы сөреде оқылмай тұра берді. Айта кету керек, Наполеон Хилл – жетістікке жету «ғылымының» (солай десек те, болатын шығар) негізін қалаушы. Қазіргі Робин Шарма, Тони Роббинс, Брайан Трейси, т.б. дегендер оның көлеңкесі іспеттес. Біз тамсанып тыңдайтын коучтардың барлығы сол кісінің салып кеткен жолымен жүріп келеді. Кейінгі кезде табысымды еселеу жайлы ойланып жүрмін. Не үшін өзім қалаған соманы таба алмай жатырмын? Әлеуетімді (потенциал) дұрыс қолданбай жатқанымды сеземін. «Байып кетейін десем, қолым тимей жүр» деген күйдемін) Бір жағынан, «байлық психологиясын» түсініп алғым келеді. Сөйтіп не де болса, Наполеон Хилл көмектесер деп, сөреден шаң басып қалған кітабын алып, оқи бастадым. Кітаптың басында автордың алғысөзі бар. Сол жерде ол оқырманды былай деп қызықтырып қояды: «Бұл кітаптан жетістікке жетудің басты құпиясын табасыз. Бірінші бөлімнен бе, соңғы бөлімнен бе, оны тапқан кезде, өзіңіз сезесіз. Бұл формуланы үйрету мүмкін емес, оны өзіңіз үйренесіз». Басқа біреу айтса, «ой, қойшы» деп өтіп кететін едім. Бірақ бұны өмірінің 25 жылын 159 Ақша табу өнері табысты адамдардың жетістік құпиясын зерттеуге арнаған Наполеон Хилдің өзі айтып тұр ғой! Сөйтіп кітапты мұқият оқи бастадым. Бірінші бөлімін оқып бітірдім. Бірдеңе айтайын ба? Мен Хилл айтқан «жетістікке жетудің басты құпиясын» таптым! Автор айтпақшы, «оны тапқан адам кітапты ары қарай оқымай-ақ қойса да болады») Түсінгенімді жеткізіп көрейін. Егер менің жазғаным сені селт еткізбесе немесе миыңда жарылыс жасамаса, онда «Ойлан да, байы» кітабын өзің оқып көргенің дұрыс-ау. Қысқаша айтсам, кез келген жетістікке жетудің басты құпиясы: оны қатты ҚАЛАУ (желание) және соған жету үшін қайтпауға іштей БЕКІНУ (решимость). Қалау және бекіну – басты екі талап. «Думай» дегені осы. Байқасаң, әрекет жайлы сөз жоқ. Қалауың неғұрлым қатты болса, қандай жағдай болса да, қайтпауға бекінсең, қандай әрекет жасау керектігін өзің-ақ түсінесің. Жасайсың да. Бастысы, оны жасау үшін мотивация іздемейсің және қиналмайсың. Әкесіне көлік сыйлауды қатты қалап, сол жолда қайтпауға іштей бекінген бойжеткеннің дегеніне жеткенін көрдім. Бір қызды сүйіп, оны жар етуді қатты қалап, сол жолда 160 Қаржы қағидалары қайтпауға іштей бекінген жігіттің әлгі қызды басқа біреу алып қашса да, дегеніне жеткенін көрдім. Бір универге түсуді қатты қалап, сол жолда қайтпауға іштей бекінген талапкердің бесінші реттен дегеніне жеткенін көрдім. Осындай әңгімелерді айта бастасам, «Адамның қалағаны емес, Алланың қалағаны болады» деп жазады кейбіреулер. Біріншіден, сен бұлай айтсаң да, айтпасаң да, Алланың қалағаны болады, бұл – аксиома. Екіншіден, «Алланың қалағаны болды» деп сен бәрі өтіп кеткеннен кейін айтсаң, жарасады. Оған дейін сен Алланың не қалағанын біле алмайсың ғой. Мысалы, дзюдошы Елдос Сметов олимпиада алтынын алуды қатты қалады дейік. Риода күміс, Токиода қола алды. Сөзсіз Алланың қалағаны осы болды. Бірақ Елдос әлі де күресе алады ғой. Келесі олимпиададан алтын алып қалуы да мүмкін. Әрине, егер соны қатты қаласа! Сол үшін «Алла Елдостың алтын алғанын қаламады» деп айтуға әлі ерте. Үшіншіден, меніңше, кейбір мұсылмандар «Алланың қалағаны болады» деп өзінің әлсіздігін, әлжуаздығын, жауапсыздығын ақтап алғысы келетін сияқты. Барын салғысы келмейді. «Қайтпаймын» деген іштей бекіну 161 Ақша табу өнері жоқ немесе ерте беріліп қояды да, «Алланың қалағаны осы болды» дей салады. Ал сенің қатты қалап, сол жолда қайтпауға іштей бекінген мақсатың бар ма? Жоқ болса, бұл сен әлі нақты нені қалайтыныңды білмейсің деген сөз. Жетістікке жетпей жатқаныңның да түпкі себебі осы. Көп ақша табу үшін көп жұмыс істеу қажет пе? Адамға көп ақша қажет пе өзі? Әңгімені осы сұрақтан бастайықшы. Менің жауабым: иә, ақша көп емес, өте көп болуы керек. Не үшін? Оны ойламау үшін. Дұрыс қой, ақшаң көп болса, оны ойламайсың. Ақшаны жүрегіне кіргізбеген адам оның жай сандар екенін түсінеді. Алты, жеті таңбалы үлкен сандарды ойша ұстап, басқаруға өз-өзіне рұқсат бермеген адамның қалтасында ол соманың болмауы заңды емес пе? Ақшаны жүрегіне тек оны көп ойлайтындар кіргізеді. Ал ақшаны кім көп ойлайды? Ақшасы аз, болмысы кедей адамдар! «Көп ақшаны не істейсің? Бұл дүниеқоңыздық қой. Ақша көп емес, жеткілікті болуы керек» дейтін адам – болмысы кедей адам. Ресторанда «счетті өзім төлей саламын» де- 162 Қаржы қағидалары сең, ол қуана келіседі. Біреу кеп қаржылық мәселелерімді шешіп берсе екен деп тұрады. Жақсы, ақша көп болсын дедік. Ал енді соны табу үшін көп жұмыс істеу қажет пе, жоқ па? Аз жұмыс істеп-ақ көп ақша табуға бола ма? Осы орайда Рэй Далионың жеке адам және мемлекеттің экономикалық дамуына қажет 3 негізгі ережесін ұсынғым келеді: 1. Қарызың табысыңды басып озбасын. 2. Табысың өнімділігіңді басып озбасын. Әйтпесе, уақыт өте келе сен бәсекеге қабілетсіз боп қаласың. 3. Өнімділігіңді арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жаса. Себебі бұл – ұзақ мерзімде өсудің негізі. Бір мысал келтірейін. Жұмысқа жаңадан тұрған жас маман басында өзін көрсету үшін барын салады. Көп жұмыс істейді. Өнімділігін арттырады. Тапқан 200 000 тг-сі өнімділігіне сай. Біраз уақыттан кейін ол азырақ жұмыс істей бастайды. «Қатты тырыспасам да, 200 000 тг-імді алып жатырмын ғой» деп ойлайды. Сөйтіп өнімділігі түсе береді. Ақша келіп жатыр, өзін қинап қайтеді? Оның өзін дамытуға деген құлшынысы азаяды. Таныс жағдай ма? Ол аз жұмыс істейді, бірақ көп 163 Ақша табу өнері табады. Яғни, табысы өнімділігін басып оза бастады деген сөз. Бір күні ол бұл жұмысынан қысқарып қалады да, жаңа жұмыс іздеуге кіріседі. Нарықта мамандарға деген талап өскен. Ал ол өзін дамытпаған. Былайша айтқанда, өнімділігін арттырмаған. Сол кезде ол бәсекеге қабілетсіз боп қалғанын түсінеді. Кеудесін соғып, «мен 200 000 тг табатынмын, қазір одан да үлкен ақшаға лайықпын» деуі мүмкін. Бірақ, кешір, сенің өнімділігің төмен, біздің компаниямызға берер пайдаң шамалы. Егер ол өнімділігін арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаса, өнімділігіне сай табыс тауып, экономикалық жағдайын жақсартып алатын еді. Көп ақша табу үшін көп жұмыс істеу қажет. Көп жұмыс істейтін адамның ғана өнімділігі табысынан үнемі жоғары болып отырады. Ол табысы өнімділігін басып озуына жол бермейді. Демек, оның экономикалық болашағы жарқын деген сөз. Соған ұмтылу керек. Біреу айтуы мүмкін «көп ақша табу үшін баспен жұмыс істеу қажет» деп. Қай мүшеңмен жұмыс істесең де, мейлі, бастысы адал болсын. Мен бұл сөзді былай толықтырар едім «көп ақша табу үшін баспен КӨП жұмыс істеу қажет» деп. 164 Қаржы қағидалары Байқасаң, көпшілік аз жұмыс істеп, көп ақша тапқысы келеді. Сондай өмірді аңсайды. Оның түпкі ойы сол. Ондай адам жұмысын максимумды сығып, беріліп істемейді, өзін дамытқысы келмейді. Мысалы, айлығы жоғары жұмысқа танысы кіргізген қызметкер мен студенттерден пара алатын мұғалім – аз жұмыс істеп, көп ақша тапқысы келетін адамдар. Құмар ойындар ойнап, букмекерде ақша тігіп, көтеріп алғысы келетіндерді айтпай-ақ қояйын. Бізге еңбек ету, тер төгу, көп жұмыс істеу құндылығын насихаттау керек. Бірақ көп жұмыс істейтіндердің бәрі көп ақша таба бермейді. Бұл жерде бір нәзік мәселе бар. Мысалы, екеуі де көп жұмыс істейді. Бірақ екеуінің табысы жер мен көктей болуы мүмкін. Неге олай? Себебі алғашқысы өзіне нақты қандай сома және ол не үшін қажет екенін біледі һәм дегеніне жеткенше, ойындағы үлкен сомаға тісімен жабысып, жұлып алғанша, тыншымайды. Ал соңғысы өзіне нақты қандай сома және ол не үшін қажет екенін білмейді һәм «көп жұмыс істей берсем, табысым өзі-ақ артады» деп ойлайды. Бай адамның кедей адамнан айырмашылығы: бай адам өзгеге қажет өнім шығарады. Өнім деген – бір қызмет немесе тауар 165 Ақша табу өнері түрі. Ал кедей адам тұтынуды ғана біледі. Оның қоғамға ұсынатын өнімі жоқ: не тауар өндірмейді, не қызмет көрсетпейді. Экономиканың негізін қарапайым транзакциялар құрайды: біреу шығарған өнімін (қызметін, тауарын) басқа біреудің қолындағы ақшаға ауыстырады. Яғни, кім өзі өнім шығармай, тек тұтына берсе, түбі ақшасынан айырылып, қарызға батады деген сөз. Ал кім көп өнім шығарса, сол көп ақшаға ие болады. Ал көп өнім шығару үшін көп жұмыс істеуің қажет. Жай көп жұмыс істеп қоймай, қандай соманы және оған не үшін тісіңмен жабысып, жұлып алғың келетінін біліп, жұмыс істеуің қажет. Ақша және аштық немесе табысымызды арттыруға тырыспауымыздың себебі не? Жақында бір ортада ақша жайлы сөйлестік. Әркім қанша тапқысы келетінін айтып жатты. Бір кезде біреу «мен айына 400 мың тг тапқым келеді» деп қалды. Қазіргі табысынан 2 есе көп сома. «Жақсы. Енді соған жету үшін не істеп жүрсің?» десем, «копирайтерлік қызмет көрсетіп, қосымша табыс табамын деген ойым бар. Бірақ жазғаным 166 Қаржы қағидалары сапасыз боп қала ма деп қорқамын» деді. Сол үшін іске кіріспей жүр екен. Былай қарасаң, табысты арттырам деген ниеті бар. Бірақ ұмтылысы жоқ. Көбінде солай ғой. Адам не үшін табысын арттыруға тырыспайды? Ол бұл ақшаға қатты мұқтаж емес. Ол аш емес, тоқ! Енді елестетіп көрейік. Оның ақшасы жоқ. Қарызға батқан. Жұмыстан қысқарған. Сөйтіп есіне текст жаза алатыны түседі. Біреу кеп, «5000 тг берем, текст жазып берші» десе, ойланбастан бұл ұсынысты қабыл алайын деп тұр. Қалай ойлайсың, ол «жазғаным сапасыз боп қала ма деп қорқамын» деп айта ма? Жоқ! Ана 5000 тг-ні жұлып алу үшін барын салады ғой. Себебі ол аш! Өткенде бір жігіт былай деп сұрады: «Қазір дым қызық емес боп кетті. Кәдімгідей не үшін өмір сүріп жатқанымды түсінбей жүрмін. Жаман сезім екен. Бұл күйден шығудың жолы қандай?» Мен «Сенің қарның тоқ. Проблемаң сол» деп жауап бердім. Адам тоқ болса, өмірдің дәмін жоғалтады. Саналы түрде қара су мен қара нанға көш. Ақшаң ресторанда тамақтануға жетсе де. Сонда есің кіреді. Өмірдің дәмін сезе бастайсың. Тағы бір жігіттің айтқаны бар еді «Ата-анаммен бірге тұрамын. Жеке баспанам бо- 167 Ақша табу өнері луы керек екенін түсінемін. Бірақ соған әрекет қылайын десем, іштей бір нәрсе кедергі боп тұрады» деп. Бұл да – тоқтық. Бәрі жақсы. Комфорт. Тапқаны өзіне жетеді. Жеке баспанасыз да жаман емес сияқты. Өзін қинап, артық ақша табуға тырысып қайтеді? Оған табысты арттыру жайлы мотивациялық кітаптар көмектеспейді. Оған аштық көмектеседі. Саналы түрде өз-өзін желкесінен сүйреп, ата-анасынан бөлек шықсын. Пәтер жалдап тұрсын. Тапқаның негізгі қажеттеріңді өтеп жатса, аш боп жүру қиын. Мына жақта ресторанда тамақтануға мүмкіндігің бола тұра, әдейі өзіңді шектеп, аш боп жүретін ақымақсың ба? Аштық дегенді түсіндірейін. Аштық – өзіңе мүмкіндігіңнен аз ақша жұмсау. Мысалы, айлық табысың 1 млн тг болса, өзіңе 200 000 тг ғана жұмсайсың. Қалғанын қысқа және ұзақ мерзімді қорға жинайсың. Біртүрлі ме? Алдында 1 млн тг-ні ойша жаратып көрші деп едім ғой. Көбі «ананы алам, мынаны алам» деп, барынша жұмсап көрді. Ойша. Кейбіреу қанша жаратам десе де, артылып қалыпты. Демек оған сонша ақша қажет емес деген сөз. Көбі ақшасы көбейсе, көбірек жарата бастайтынын көрсетті. Былайша 168 Қаржы қағидалары айтқанда, адам көп тапқан сайын нәпсісін семірте береді. Үнемі тоқ боп жүруге ұмтылады. Ал тоқтық оның дамуын тежейді. «Адамда қанша ақша болуы керек?» деген сұраққа болмысы кедей адам «ақша жеткілікті болуы керек» деп жауап береді. Бұл – шектеу. Ал болмысы бай адам «ақша көп, тіпті өте көп болуы керек» деп жауап береді. Бірақ сен айтуың мүмкін «өзіңе аз жұмсайтын болсаң, онда көп ақша табудың не мәні бар?» деп. Жауап беріп көрейін. Ақшаны жарты жыл, бір жыл, үш жыл, он жыл, одан кейін өміріңнің соңына дейін ойламау үшін ол көп болуы керек. Темірді қызған кезінде соқ. Күшің тасып тұрғанда, қарттық алқымнан алмай тұрып, үлкен қаржылық мақсаттар қойып, соған жетіп алсаңшы. Сол мақсаттарға тезірек жету үшін көбірек ақша табуың керек. Мен өзіме мүмкіндігімнен аз ақша жұмсаймын. Сол арқылы өзімді әдейі аштық күйге түсіремін. Аш адамның өмірге деген құлшынысы қатты болады. Ол тірі. Үнемі ізденісте, қозғалыста жүреді. «Паркинсон» деген заң бар: табысың артқан сайын шығындарың да арта береді. «Осыдан табысым артсыншы, тапқаным бәріне жететін болады» деуің мүмкін. Өтірік! 169 Ақша табу өнері Қанша тапсаң да, дұрыс қаржылық әдеттерсіз «Паркинсон» заңынан құтыла алмайсың. Бірақ бұл заңды айналып өте аласың: 1 млн тг тауып, соның 80%, яғни, 800 мың тгсін қорға, өзіңнен алыс жерге қойып, қалған 20%, яғни, 200 мың тг-сіне өмір сүріп көрші. Бұның екі артықшылығы бар: біріншіден, қорың тез жиналып, қаржылық тәуелсіздікке ертерек жетесің, екіншіден, аштық сені үнемі қозғалыста болуға мәжбүрлейді. Ал тоқтау – өлім. Сенің аштық формулаң «20%-ға өмір сүру» болып тұр. Аштық күйінде жүріп, табысыңды еселейтінің сөзсіз. Сөйтіп айлық табысың 2 млн тг-ге жетеді. Оның 20%-ы өже 400 мың тг-ге тең. Аштық формуласына сәйкес. Қалай, «енді 400 мың тг-ге лайықпын» дегің кеп тұр ма? Бірақ бұған дейін 200 мың тг-ге өмір сүріп келдің ғой. Онда аштық формулаңды өзгерт «10%-ға өмір сүру» деп. 200 мың тг. Күшті ғой. Өзіңе айына 200 мың тг жұмсайсың. Қалған 1,8 млн тг-ні қорға (инвестиция) құйып отырасың. Сөйтіп бір жылда 21,6 млн тг жинап тастайсың! Аштық – ең мықты мотиватор. Аштық өмірдің дәмін сездіріп, босаңсымауға, көбірек ақша табуға көмектеседі. Ал тойып алған адамның ештеңеге зауқы болмайды. Ұйқы 170 Қаржы қағидалары қысады. Сол үшін қанша тапсаң да, өзіңе мүмкіндігіңнен аз жұмсауды үйрен. Қажет болса, өз аштығыңды қолдан жаса! Бұл өзіңді шектеу емес, бұл – өзіңді кері кетуден, өмір сүруге деген құлшынысты жоғалтып алудан сақтаудың бірден-бір жолы. Ақша және жауапкершілік Ақшаға жауапкершілікпен қарау керек пе? Жалпы ақша жауапкершілікпен қарауға тұратын зат па? Солай болса, жауапкершіліктің шегі қандай болуы керек? Бірде бір таксиге отырдым. Таксист жігіт мені таниды екен. Жолақысын беріп жатсам, алмайды. «Алыңыз» дедім. Сондағысы 2000 тг. «Алыңыз, бұл – сіздің еңбекақыңыз. Бұл 2000 тг сізге 2 млн доллар боп қайтсын» дедім. «Ой, оның бәрін қайтем? Өзіме керегін алып, қалғанын қайырымдылыққа бере саламын ғой» деп күлді әлгі жігіт. Мен айттым «Жоқ. Сіз ол ақшаны инвестиция жасап, көбейтуіңіз керек. Сол кезде өзіңізге де, өзгеге де көбірек пайда келтіре аласыз» деп. Былай қарасаң, оның ниеті жақсы сияқты. Ақшасын қайырымдылыққа жұмсап, игі іс істегісі келіп тұр деп қаласың. Бірақ тереңірек қазып көрсең, оның бұл үлкен сомаға жауапкершілік алғысы келмей тұрғанын байқауға 171 Ақша табу өнері болады. Ол ақшаны басқару, көбейту жауапкершілігінен қашып тұр. «Бұл үлкен соманы басқа біреу басқарсын, жұмсасын, мысалы, қайырымдылық қоры, бірақ мен емес» дегендей. Ақшаға деген жауапкершіліктен қашудың тағы бір мысалын келтірейін. Мен «ақша көп болуы керек, үнемде, қор жина» деп жиі айтамын. Сол кезде «ертең ол ақшаның есебін береміз ғой, көбейтіп, қор жинап қайтеміз? Қор жинап жүріп, қайтыс боп кетсек ше? Неге тірі күніңде садақа жасамадың деп сұраламыз ғой» деп айтатындар болады. Жауапкершілігі мол адамның сөзіне ұқсайды, иә? Біріншіден, мен ол ақшаны үнемдеп, қор жинамасам, бәрібір жаратылып кететін еді. Қысқасы, менің қорым – өз уақытша қалауларыма қаншалықты жиі «жоқ» деп айтқанымның көрінісі. Екіншіден, мен өз қорымнан жыл сайын 2,5% зекетімді төлеп отырамын. 1/40 бөлігі ғой. Яғни, Құдайдың алдындағы салығым – байлығымның 1/40 бөлігін зекет ретінде беріп отырсам, қалған 39/40 бөлігін тазалап, адалдап, сақтандырып қоямын деген сөз. Үшіншіден, қайтыс боп кетсем, ол байлық мирасқорларыма үлестіріледі және өсиетім бойынша мұқтаждарға беріледі. Ештеңеден ұтылмаймын. Бұдан жаңағы ақша- 172 Қаржы қағидалары ға үлкен жауапкершілікпен қарап тұр деген адамымыздың шын мәнінде одан қашып жатқанын көруге болады. Иә, келісем, Құдайға, өлімнен кейін есеп барына сенетін адам ақшасын қайдан тауып, қайда жұмсайтынына жауапкершілікпен қарайды. Бірақ бұл ақшадан қашуың керек дегенді білдірмейді. «Кедей адамдар бай адамдардан бұрын Жұмаққа кіреді» деген сөзді оқып алып, «кедей болған жақсы екен ғой» деп қалуы мүмкін кейбір мұсылмандар. Бірақ логикаға салсақ, кімнің байлығы көп, соның есебі ұзағырақ болатыны, сол үшін оның кіретін жеріне кешірек кіретіні заңды емес пе? Егер сен жақсы адам болсаң, ақшаңды жақсы жаққа жұмсасаң, несіне қорқасың? Азғындық жайлап, рухани құндылықтар кенже қалған заманда құндылығы дұрыс адам ретінде сен жақсылықты жайып, жамандықтан қайтару үшін малыңмен, жаныңмен күресуге жауаптысың. Демек, көп ақша тауып, соны басқару жауапкершілігінен қашпауың керек деген сөз. Көп ақша жақсы адамдардың қолында болуы керек. Не үшін? Әлемдегі жақсылықты еселеу үшін, жамандыққа жол бермеу үшін. Ал өмірдің заңы сол, ақша кім оны басқара алады, соның қолына өтіп отырады және бұл әділетті де. 173 Ақша табу өнері Ақшаға жауапкершілікпен қарау керек. Бірақ жауапкершіліктің де шегі болады. Мысалы, кейде «бұл жобам атпайтын шығар, бұл ісім нәтиже бере ме?» деп уайымдап жүрген жігіттерді көрем. Иә, олар табысын арттырғысы келеді. Бірақ мойнында бір ауыр жүк тұрғандай. Себебі олар нәтижеге деген жауапкершілікті өзі арқалап алған. Асылында нәтижеге деген жауапкершілік ризық беруші Аллада еді ғой, сенде емес. Сенің жауапкершілігің: табысты арттыруға қажет әрекеттерді істей беру ғана. Алланың алдында ақшаға ұқыпты қарайтыныңды, оны басқара алатыныңды, мысалы, дұрыс қаржылық әдеттерің арқылы дәлелдей алсаң, ерте ме, кеш пе, сенің қолыңа одан да зор байлық қонады. Қазір табатын 150 000 тг-сін жауапкершілікпен басқара алатын адам бір күні 150 млн тг-ге жетеді. «Қанша табатының маңызды емес, қандай қаржылық әдеттерің бар, сол маңызды» деуімнің бір себебі де осы. Ақша және қанағат Ақшаға қанағат ету керек пе? «Көп табыс табу керек» деп жатырмыз ғой. Соның шегі бар ма? Ақша қуу қаншалықты дұрыс? «Барға қанағат етіп, бақытты боламын» деп жүрсің бе? 174 Қаржы қағидалары Әңгімені көбімізге белгілі мына тәмсілден бастайық. Бір күні көл басында беймарал балық аулап отырғам. Жаныма бір костюм киген жігіт кеп отырды. «Бауырым, қалайсың? Менің есімім – Жоламан, трансұлттық компанияның директорымын. Қазір еңбек демалысындамын. Сенің есімің кім?» деп мені бірден әңгімеге тартты. «Данияр» деп қысқа ғана қайырдым. Ары қарай әңгімеміз былай өрбіді: ⠀ – Балық аулап, рақаттанып отырмын де. Жақсы. Жалпы өзің немен айналысасың? – деді Жоламан мырза. – Мен осы аралда отбасыммен тұрып жатырмын. Бізден басқа 5-6 отбасы бар. Күндіз балық аулаймыз. Кешке бәріміз от жағып, балығымызды қуырып, гитарамен ән шырқаймыз, естеліктерімізді бөлісіп, ғибратты әңгімелер айтамыз. Былайша айтқанда, өмірден ләззат аламыз. – Мм. Жақсы екен. Осы өміріңе көңілің тола ма? – Иә, әрине. – Менде мынадай ұсыныс бар. Сен былай істесең болады ғой: кішкентай қайық жасап ал да, көлдің ортасына қарай барып, көбірек балық аулай аласың. – Сосын? 175 Ақша табу өнері – Сосын өзіңнен артылған балықты қалаға барып, сат та, ақшасына үлкен қайық сатып ал. – Сосын? – Сосын достарыңды жалдап, үлкен қайықпен көп көлемде балық аулап, соны да сат. – Сосын? – Сосын сол ақшаға бірнеше үлкен қайық алып, көлемді ұлғайта бер. – Сосын? – Сосын қаладағы үлкен базар, мейрамханалармен балық жеткізіп тұрам деп келісім-шартқа отыр. – Сосын? – Сосын жиналған капиталға үлкен балық зауытын сал да, шетелге экспорт жасай баста. – Сосын? – Сосын миллионер боласың, бизнесің бір жүйеге түсіп, үздіксіз табыс әкеліп тұрады. – Сосын? – Сосын достарыңмен осы аралда беймарал балық аулап отырасың. Кешке бәрің от жағып, балық қуырып, гитарамен ән шырқайсыңдар, естеліктеріңді бөлісіп, ғибратты 176 Қаржы қағидалары әңгімелер айтасыңдар. Былайша айтқанда, өмірден ләззат аласың. – Ал, сеніңше, мен қазір не істеп жүрмін? – деп сұрап едім, Жоламан мырза басын қасып, үнсіз қалды. Кейін Жоламан мырзаның жұмыстан шыққанын білдім. Қалай ойлайсың, оның бұл әрекеті дұрыс па? Жұмыстан шықпаса да, болар ма еді? Бұл жердегі менің ұстанымым не үшін қате деп ойлайсың? Қате ме өзі? Сәл ойланып көрші. Осы тұста қанағат пен жалқаулықтың аражігін ажыратып көрейінші. Сен 300 000 тг тауып жүрсің. Бірақ өзіңді лимонша сығып, тырыссаң, әлеуетің 1 млн тг табуға жетеді. «Осыған да қанағат» деуің мүмкін. Бұл – қанағат емес, жалқаулық. Жоғарыдағы мысалда мен жалқаумын. Қаржылық болашағым бұлыңғыр. Тәуелсіз емеспін. Соған қарамастан қазіргі жағдайыма қанағат деп, өнімділігімді арттыруға тырысып жатқан жоқпын. Қатем сол. Қай кезде «қанағат» деуім орынды еді? 300 000 тг тауып жүрсем де, өнімділігімді арттырып, 1 млн тг табу үшін барымды салып, бірақ нәтижесінде 400 000 тг ғана тауып, «қанағат» десем, жарасады. Сонда мынадай түйін шығаруға болады: өнімділігіңе қанағат 177 Ақша табу өнері етуге болмайды, нәтижеңе қанағат ету керек. Бұл – шүкірлік. Себебі өнімділігің тікелей өзіңе байланысты, ал нәтиже Алладан. Енді Жоламан мырзаның қатесін табайық. Ол не үшін ақша қуып жүргенін білмеді. Қанша тапса да, қанағат ете алмады. Жұмыстан да ақша қуудағы қанағатсыздығының себебін түсіне алмай шықты. Нақты қаржылық мақсаты жоқ. Адам қанағатсыздық күйінде жүруі керек деп ойлаймын. Бірақ өмір бақи емес. Онда қай уақытқа дейін? Қаржылық тәуелсіздікке жеткенше деймін. Ал қаржылық тәуелсіздік деген не? Өміріңнің соңына дейін жұмыс істемесең де, ақша түсіп тұратын деңгей. Яғни, сен ақша үшін жұмыс істемейтін, ақша саған жұмыс істейтін кезде өзіңді қаржылық тәуелсіздікке жеттім дей берсең болады. Миға қонымды мысалмен қаржылық тәуелсіздік деген не екенін түсіндіріп көрейін. Мысалы, мен ай сайын шотыма 1 млн тг түсіп тұрғанын қалаймын дейік. Жұмыс істемеймін. Дәлірек айтсам, жұмыс істеймін, бірақ басты мақсатым ақша табу болмайды. 1 млн тг пассив түсіп отырады. Яғни, жылына 12 млн тг деген сөз. Аз рискті (низкорисковый) инвестиция теңгемен шамамен 15% өсім береді деп алсақ, 5-сыныптың матема- 178 Қаржы қағидалары тикасын еске алайық. Қай үлкен санның 15%- ы 12 млн тг-ге тең? Егер бұл қарапайым есепті шығара алмасаң, қаржылай тәуелсіздікке лайықсың ба өзі? Дұрыс жауап: 80 млн тг. Яғни, сен 80 млн тг қор жинасаң, ол жыл сайын кемі 15% өсім беріп отырса, саған 12 млн тг түсіп отырады деген сөз. Ол 12 млн тг-ні қалай жаратасың, өзің білесің. Айына 1 млн тг ғой сонда. Бір қызығы, сенің әлгі 80 млн тг қорың кемімейді. Себебі бір жылда 15% өсім береді, оны қолданасың. 80 млн тг орнында қалады. «Ақша саған жұмыс істейтін деңгей» деген осы. Осы деңгейге жеткенше өнімділігіңе қанағаттанбай, бірақ әр нәтижеңе шүкір деп жұмыс істей беруің керек. Енді қаржылық тәуелсіздікке жетуге деген құлшынысың арта түсті ме? Табысты арттыру, үнемдеу, қор жинаудың түпкі мәнін түсіндің ғой? Ақшаның көзі Ақшаның көзі қайда? Алтын шығатын бір кен орнын тауып алсаң, қандай сезімде болар едің? Өміріңнің соңына дейін сол жерден қалағаныңша алып, жарата бересің. Ақшаның көзі сол жер. Шыға береді, шыға береді. Күшті ғой. Ақшасыз қалам деп уайымдамайсың. 179 Ақша табу өнері Ақшаның көзін іздеп жүрген жандар көп. Бірақ әлі таппаған. Мысалы, бір жігіт бар. «Жалақысы жоғары», «жұмыс табу оңай» деп, IT оқиды. Универ бітіріп, жұмыс істеп көреді. Ұнамайды. Қысқасы, жұмысын беріліп істегісі келмейді. Беріліп істемеген соң, жалақысы өспейді. Жалақысы өспеген соң, тағы ұнамайды. Көп ақша тапқысы келеді, бірақ көп жұмыс істегісі келмейді. Қызық. Сөйтіп «ақшаның көзі IT-де емес екен» деп, басқа салаларды көре бастайды. «Тендермен айналыссаң, көп табуға болады» дегенді естіп, соны көреді. Басында жақсы табады. Бірақ ол салада да бір шекке жетіп, табысы тұрақсыз екенін түсінеді де, тастайды. Бір кезде «Интернет маркетинг үйренсең, үйде отырып-ақ, айына миллиондар табасың» деген жарнама алдынан көлбеңдеп шыға келеді. «Ақшаның көзі – интернет маркетинг» деген оймен сол салаға басымен кіреді. Бірақ бұл ақшаның көзі болса да, тұрақты ма? Жалпы ақшаның тұрақты бір көзі бар ма? Бұл жігіттің өмірі ақшаның көзін іздеумен өтіп жатыр. Тұрақсыз. Ол ертеңіне сенімсіз. Оның қаржылық жағдайы өзі іздеп жүрген, бірақ әлі таппаған ақша көздеріне тікелей байланысты болып тұр. 180 Қаржы қағидалары Тағы бір мысал келтірейін. Менің Руслан Меделбек деген досым бар. Қазақ тілінде хабар тарататын спорт журналисі. Кезінде екеуміз «Ұлан» газетінің жас тілшісі болдық. Екеуміз де журналист болуды армандадық. Бірақ ата-анам «журналист болып, мал таппайсың» деген соң, мен ол арманымнан бас тарттым. Ал Руслан өз арманына берік болды. «Престижный» мамандық болмаса да, журналистиканы таңдады. Оқыды. Универ қабырғасында жүріп-ақ журналист боп қосымша жұмыс істей бастады. Русланның еңбекқорлығына тәнтімін. Жылдар өтіп жатты. Ол өзін бір саланың маманы ретінде дамытуды тоқтатпады. Бір қарағанда жалақысы аз боп көрінсе де. Мүмкін басында әлгі мәнсабын IT-ден бастаған жігіттен азырақ тапқан да шығар. Ол универде уақытын бос өткізбей, ағылшын тілін меңгеруге күш салды. Ағылшын тілі оған әлемдік спорт журналистикасының есігін ашып берді. Оның табандылығын байқаған бір беделді журналист ағамыз оны «Азаттық» радиосының Прагадағы бас штабына жұмысқа шақырды. Руслан бұл ұсынысты қабыл алды. Сәйкесінше айлығы бірнеше есе өсті. Қазір Руслан әлемнің кез келген нүктесіне саяхаттап бара алатындай, өзіне ипотекасыз пәтер сатып ала алатындай 181 Ақша табу өнері деңгейге жетті. Мен бұрын «қазақ тілінде хабар тарататын журналист сондай табыс таба алады» десе, сенбейтін едім. Руслан – ақшаның көзін тапқан адам. Ақшаның көзі – адамның өзі. Оның қабілеттері, көп жылдық тәжірибесі, білімі, нетворкингі. Русланның өміріне қарасам, ол өмір бойы өзін ақшаның көзіне айналдырып келеді. Ол ақшаның көзін іздеумен жүрген адам емес. Тіл үйренгені, бір саладан екінші бір салаға секіре бермей, нақты бір істің шебері болуға күш салғаны (мүмкін ол да жарты жолда «бұл менің ісім емес шығар» деп ойлаған шығар), т.б. оны алтын шығатын кен орнына айналдырды. Оның бір сағатының құны да қазір жоғары. Ол – өзінше бренд. Ол тендерге де, интернет маркетингке де, басқа жаңа трендке еріп, ақша табу үшін жүгіре бермейді. Оның көңілі тыныш. Ол кез келген уақытта табыссыз қалмайтынын біледі. Ақшаның көзі – адамның өзі және ол тұрақты көз. Табысыңды еселеудің ең тиімді жолы – өзіңді брендке айналдыру. Бренд – тұрақтылық: бір іспен тұрақты айналысып, соның шебері болу. Бренд – сенім: жұрттың саған деген сенімін кәсібилігіңмен үнемі ақтап отыруың керек. Сен өзіңді брендке айналдырған 182 Қаржы қағидалары кезде адамдар саған қалтасындағы ақшасын беру үшін кезекке тұратын болады. Осы сөзге ой жүгіртіп көрші. Кез келген мамандық иесі өзін брендке айналдыра алады. Мысалы, қалай ойлайсың, шөп қырқушы көп ақша табуы мүмкін бе? Әкем бір кісі жайлы айтып берді. Ол Алматыда элиталық ауданда шөп қырқады. Жұмысы сол. Ол көп ақша табады. Жұмысқа таныс арқылы кірген десең, қателесесің. Ол – өзін ақшаның көзіне айналдырған адам. «Қалай?» десең, қара жұмыс болса да, тартымды һәм ұқыпты киінеді, құрал-жабдықтарын майлап-сайлап жүреді, күлімдеп амандасады, сыпайы сөйлеседі. Әрине, ондай адамды қалталы адамдар тез байқайды да, оған ақшасын бергісі келеді. Сен ақшаны іздейтіндей емес, ақша сені іздейтіндей өмір сүр. Өзіңді брендке айналдыр. Ал сен өзің ақшаның көзісің бе? Өзгелер саған ақшасын бергісі келетін адамсың ба? Кризис және табыссыз қалудан қорқу Кризис келе жатыр. Жұмыссыздық деңгейі өседі. Жұмыс орындары қысқарады. Кедейлік артады. Жаңалықтардан осындай нәрселерді естіген сайын үрейлене түсемін. Енді қайтемін? Табысым қысқарса немесе жұмыссыз қал- 183 Ақша табу өнері сам, отбасымды қалай асыраймын? Жалпы «жұмыссыз қалсаң, кемінде бір ай шығындарыңды жауып, өмір сүре аласың ба?» деген сұраққа көп адам «жоқ» деп жауап беретінін білем. Алаңдайтын жағдай негізі бұл. «6 айлық қауіпсіздік қорын жина» дейтінім сол. Мен «кризис» дегенде менің ғана емес, жалпы айналымдағы ақша азайып қалады деп ойлаушы едім. Ал бұл үмітсіздікке жетелейді. Еш жерде су жоқ десе, шөлдеп тұрған сенің сағың сынады ғой. Ал бір жерде су бар екенін естісең, сол жерді іздейсің. Үміт бар. Сөйтіп әлемде, елімізде өткен кризистерді еске алып, саралай бастадым. Шынымен жалпы халықтың жағдайы мәз емес болған екен. Бірақ сол кризистерде байып кеткендер де болды. Байығанда да, тез әрі қатты байыған. Демек ол кезде де ақша көп болған деген сөз. Еш азаймаған. Ақшаны «энергия» деп жатады ғой. Осындайда энергияның сақталу заңы еске түседі. Ол бойынша энергия жоғалмайды, тек бір күйден екінші күйге өтіп отырады. Қызық. Бұдан мынадай ұқсастық байқауға болады: ақша да жоғалмайды, тек бір қолдан екінші қолға өтіп отырады. Олай болса, кризисте байығандардың бар болуы да заңды. Ал ме- 184 Қаржы қағидалары нің «ақша азайып қалады» деген ойым қисынсыз. Кризисте де бай боп қалу үшін не істеу керек? Мына бір мысалға ой жүгіртіп көрші. Кризис – ойын ережесінің өзгеруі. Кім жаңа ойын ережесін тез меңгерсе, сол ойында жеңімпаз боп қала береді. Ал кім меңгере алмаса, жеңіледі. Мысалы, біз бәріміз футбол ойнап жүрміз дейік. Допты аяқпен теуіп, қақпаға салсақ, ұпай жинаймыз. Бір уақытта «кризис» деген төреші келеді де, «бүгіннен бастап ойын ережесі өзгереді. Енді допты қолымен себетке салған адам ғана ұпай алады» дейді. Сол кезде ойын ережесін тез түсініп, соған сай бейімделгендер ұтады. Ал өзгергісі келмей, «маған баскетбол ұнамайды, футбол ұнайды» дейтіндер бұрынғыша допты аяқпен теуіп, қақпаға салып жүре береді. Бірақ ол үшін ешқандай ұпай алмайды. Сорақысы, жаңа ойын ережесін бұзғаны үшін оны ойыннан шығарып жіберуі мүмкін. Алысқа бармай-ақ, 2020 жылы басталған коронавирус пандемиясын еске алайықшы. Оффлайн бизнестер қатты зардап шегіп жатқан кез. Есесіне онлайн бизнестердің тасы өрге домалады. Жаңа ойын ережесі деген осы. Бейімделе алғандар байи түсті. Бір биз- 185 Ақша табу өнері нес дамыса, демек жұрт оған ақшасын төлеп жатыр деген сөз ғой. Ал жұрт ақшасын төлеп жатса, демек айналымдағы ақша азаймаған боп тұр. Тек бір қолдан екінші қолға өтіп жатыр. Кризис болса да. Бұдан мынадай түйін шығады: кризисте ақша азаймайды, тек жаңа ойын ережесіне бейімделе алмағандардың қолынан сол ережеге бейімделе алғандардың қолына өтіп отырады. Алғашқылары кедейлене береді, соңғылары байи береді. Осы заңдылықтарды түсінген адам табыссыз қалам деп қорқа ма? Меніңше, жоқ. Кейбір адамдар бар. Оларға «табысыңды арттыр, жетістікке жет» деген сөздер онша әсер етпейді. Орнынан қозғалтпайды. Бірақ «кризис келе жатыр, қимылдамасаң, табыссыз қалуың мүмкін» десең, жинақы бола түседі де, бірден іске кіріседі. Олай болса, олар керісінше кризис, онымен бірге келетін рисктер жайлы көбірек ойлауы керек. Іштегі отты жағу үшін. Сол арқылы өзін жаңа ойынға ертерек дайындайды. 186 АҚША ЖӘНЕ РУХАНИ ИНТЕЛЛЕКТ Ақша және рухани интеллект Әңгімемді мына бір тәмсілден бастайын. Бұрын бір елге ашаршылық қаупі төніпті. Жұрт абыр-сабыр азығын қамдап, жүгіріп жүр. Бір құл ағаштың саясында бейқам жатыр екен. Адамдар таңданып, сұрамай ма «мына жатысың не? Аштан өлесің ғой» деп. Сонда әлгі құлдың айтқаны: «Қожайынымның астыққа толы үлкен қамбасы бар. Аштан өлмеймін. Қорықпаймын». Осыны естіген бір кісі тәубесіне келіп, былай деді: «Мына құл қожайынының астығына сеніп, аш қалам-ау деп қорқып тұрған жоқ. Ал біз өзімізді әлемдердің патшасы – ризық беруші Алланың құлымыз дейміз. Бірақ Оған тәуекел етуді, арқа сүйеуді ұмыттық. Пешенеңе жазылған ризықты сенен басқа ешкім ала алмайды және оны тауыспай, өмірден өтпейсің. Сұрамағаныңды берген Алла сұрағаныңды бермейді деп ойлайсың ба?» Бұл тәмсілді рухани интеллектің неғұрлым жоғары болса, соғұрлым терең түсінесің. 187 Ақша және рухани интеллект «Рухани интеллект» деген не өзі? Соны нақтылап алайықшы. Кейбір нәрсені қолыңмен ұстап көре аласың. Мысалы, алдыңда тұрған алманы алып, жейсің. Ал қолың жетпейтін нәрсеге көзің жетеді. Мысалы, бір ғимараттың төбесіндегі туды ұстай алмасаң да, көре аласың. Ал көзің жетпейтін нәрсеге ойың жетеді. Мысалы, қаржылық тәуелсіздікке жетіп, ай сайын $3000 пассив түсіп тұратын кезіңді ойлай аласың. Ал енді кейбір нәрселер бар, оларға қолыңмен де, көзіңмен де, ойыңмен де жете алмайсың. Оларға тек рухани интеллектің жеткізеді. Мысалы, «садақа берсең, байлығың артады» дегенді логикалық түрде дәлелдеп бере аласың ба? Рухани интеллекті төмен адам «жылда байлығыңның 1/40 бөлігін зекет ретінде бер» дегенді түсінбейді. Логикаға салсаң, бір бөлігін басқа біреуге берсең, байлығың кемуі керек қой. Бірақ өмірде әсте олай емес. Зекет, садақа беретін адамдардың керісінше байлығы еселеніп жатыр. Мұны рухани интеллекті бар адам ғана түсінеді. Миллионер, миллиардерлерді тыңдасаң, олар өз жетістік құпиясы жайлы айтқанда, «бәленше шешімім, түгенше әрекетім маған миллион әкелді, миллиард әкелді» деп жата- 188 Қаржы қағидалары ды. Бірақ олар әдетте қайырымдылыққа қыруар қаржы жұмсайтынын айтпайды, жасырады. Рухани интеллект дүрбісімен қарасаң, оның байлығын оның шешімі мен әрекетінен гөрі садақа мен зекеті көбірек еселеді деу дұрысырақ шығар. Бай адамдарға тән жақсы бір әдет бар. Ол – ерте тұрып, жұмысқа кірісу. Рухани интеллект тұрғысынан қарасаң, «таңғы уақытта береке бар», яғни, таңертең бастаған аз ісің көп нәтиже әкеледі. Бұл заңдылықты рухани интеллекті төмен, бірақ табысты адамдар да байқайды. Бірақ олар мұны береке емес, таңғы уақыттағы өнімділік, фокустың жоғары болуымен байланыстырады немесе ол жайлы мүлдем ойланбайды, тек таңда жұмысың өнімдірек болатынын факт ретінде қабылдайды, болды. Ал рухани интеллекті жоғары адам осындай байлық лайфхактарын сәтті пайдаланып, байлығын көбейте алады. Таңғы уақыттың берекесін көрсететін ит пен қой жайлы бір тәмсіл есіме түсіп тұр. Ит бір балалағанда, 5-6 күшік табады. Ал қой жылда бір рет төлдейді, оның өзінде бір қозы табады. Бір қызығы, иттің саны қойдың санынан әлдеқайда аз. Көшеде қаңғып жүрген бірен-саран итті көресің. Ал қораларда отар- -отар қой тұрады. Осыған қарап, қойдың 189 Ақша және рухани интеллект берекелі жануар екенін байқауға болады. Сөйтсе, ит түні бойы қаңғырып, таңға жуық ұйықтайды екен. Ал қой түні бойы ұйықтап, таң атқанда оянады екен. Жануардың өзі таңғы уақыттың берекесіне бөленсе, саналы адамның жағдайын ойлай бер. Мен бұрын ойлаушы едім «адамдар неге бай-кедей боп бөлінеді? Әлемнің бүкіл байлығын бәріне бірдей үлестіріп берсе, қайтеді?» деп. Тағы бір ойым: «неге біреу көп жұмыс істейді, бірақ аз табады? Тағы біреу аз жұмыс істейді, бірақ көп ақша табады. Неге олай?» Өзімше әділеттілік іздеген түрім ғой. Бұның жауабын рухани интеллектімнің көмегімен Ислам дінінен таптым. Жоғарыда тәуекел жайлы айтым едім ғой. Тәуекел – байлықтың кілті. Көп жұмыс істейтіндер емес, көп тәуекел ететіндер, дәлірек айтсам, Аллаға көп тәуекел ететіндер жеңіске, жетістікке жетіп отырады, мысалы, көп ақша табады. Құранда «Алла тәуекел етушілерді жақсы көреді» деген сөздің көп кездесуі де бекер емес шығар. «Ризықтың оннан тоғызы саудада» деген де сөз бар. Сауда – тәуекелің нағыз сыналатын жер. Алған затың өтпей қалуы, тауарың ұрланып, бүлініп қалуы, т.б. мүмкін. Аллаға көп тәуекел ететіндердің табыстырақ болуы әділетті деп ойлаймын. Ал 190 Қаржы қағидалары адамдардың бәрі, тіпті өзін діндар санайтын адамдардың өзі Аллаға тәуекел ете бермейді. Демек, бәрі материалдық жағынан бірдей болуы мүмкін емес деген сөз. Бай-кедей боп бөлінеді бәрібір. «Ризық» мәселесін де атап өту керек. Ризық беруші – жалғыз Алла. Маңдайыма жазылған ризықты менен басқа ешкім иемдене алмайды және оны түгел тауыспағанымша, өмірден өтпеймін. Мәселе сол ризыққа қалай қол жеткізуімде: адал жолмен бе, арам жолмен бе. Сол үшін ғана қам жеймін. Исламның басқа жүйелерден айырмашылығы: байларды байлығының кішкентай бір бөлігін зекет түрінде мұқтаждарға беруге міндеттейді. Сонда қоғамда бай мен кедейдің арасы тым алшақ боп кетпейді. Байы кедейіне қарайласатын, кедейі байын жақсы көретін қоғам пайда болады. Бұл жерде кедейдің де бай болсам деген ынтасы оянады. «Байлық бәріне бірдей үлестірілуі керек» деген ұстаным дұрыс емес. Себебі, біріншіден, бұл – бай болуға қабілетті адамның қолын байлау, әлеуетін шектеу. Екіншіден, бұл – жалқау адамдарды масылдыққа баулу. Ал мұндай қоғам алысқа бармайды. Рухани интеллектті дұрыс діни білім мен тәрбие күшейтеді. «Дұрыс» дейтінім: қазіргі 191 Ақша және рухани интеллект таңда діни сауаты болмаса да, діннің атынан сөйлеп, табыс табуды үйрететін блогерлер көбейіп кетті. Мысалы, «үнемдеме, үнемдесең, Алланың саған келетін ризық жолын бөгейсің» дейтіндер бар. Сонда үнемдеу деген дінде мыңдаған дәлелі бар принципті жоққа шығарып тұрғаны ғой бұл. Негізі Құран аяттарында, пайғамбар صلى الله عليه وسلم хадистерінде байлық, ризық, ақша жайлы өте көп айтылған. Соны өзін мұсылман санайтын жамағат оқып, зерттеп, санасына сіңіріп, өміріне енгізсе, әлемнің бар байлығын уысында ұстайтын еді. Ақшамды қайда сақтағаным дұрыс? Теңге құнсызданып жатыр. Долларда сақтайын ба? Доллардың өзі де құнсызданып жатыр. Онда акцияда ма? Қор нарығының өзі қазір тұрақсыз. Кіретін уақыт емес. Биткоинде ме? Риск өте жоғары. Ойландым да, ақыры ең дұрысы, қазір ақшамды садақаға жұмсап, Алланың «есепшотында» сақтау керек екенін түсіндім. Себебі «Алла садақаны еселеп қайтарады» және «Садақа мал-мүлікті құнсызданудан сақтайды». 192 Қаржы қағидалары Байлық және шүкірлік Рауан Чингужанов ағамен жиі сұқбаттасып тұрамыз. Бірде шүкірлік тақырыбын қозғадық. Рауан аға сөмкесінен қалың дәптерін шығарды да, айтты «міне, менің шүкірлік күнделігім» деп. Майда жазулармен ана қалың дәптерді толтырып тастаған ғой. Әлі күнге дейін жүргізеді екен. Мен кезінде 6 ай шүкірлік күнделігін жүргізіп, ішіне 1800 шүкірлік жазып, «осы да жетер» деп тоқтатып қойғам. Сөйтсем, оны тоқтатпау керек екен. Себебі ол мұсылманға, Рауан ағаның сөзімен айтсам, «позитивный, энергичный, заряженный» боп жүруге көмектеседі екен. Ал бұл – дұрыс мұсылманның дұрыс күйі. Мұсылманның «не позитивный, не энергичный, не заряженный» боп жүруі дұрыс емес. Қарап отырсам, шүкірлік дәптерін күнделікті жүргізбегендіктен сондай күйге түскен күндерім аз болмапты. Сосын Рауан аға тағы бір шүкірлік лайфхагі жайлы айтып берді. Мәшінесін СТО-дан шығарып, жолда келе жатқан ғой. 1 ай жөндеуде жатқан көлігін сағынып қалған. Жүрісі әдемі. Өзін ең бақытты жүргізуші сезінді. Соған қатты қуанып, шүкірлігі ішіне сыймай, бірден әйеліне хабарласты «бәйбіше, студенттеріме каспи.кз арқылы садақа аудара 193 Ақша және рухани интеллект салшы» деп. «Қанша аударайын?» деп сұрады жеңгеміз. «Өзің біл дедім. Ол бір соманы айтты. Мен содан 3 есе көп етіп жібер дедім» деді Рауан аға. Ол осы шүкірлік күйін бірден садақамен ұстап, шегелеп тастағысы келгендей. Ол кісі «қазір үйге барайын, сосын садақа жасаймын» деген жоқ. Ол дәл қазір осы күйді ұстап алмаса, кейін кеш болатынын өте жақсы түсінді. «Шүкір – барды байлау, жоқты қармау». Жай «шүкір» деп айта салуға да болар еді. Бірақ ішіңе сыймай бара жатқан қуанышты садақамен білдіру мүлдем басқа сезім сыйлайды. «Шүкір етсеңдер, [міндетті түрде] арттырамын» (Құран, 14:7) деген аят еске түседі осындайда. Шүкірлік шыңы – іс-әрекетпен, мысалы, садақа берумен жасалған шүкірлік деп білемін. Қазір мен де көлігім сүрінбей келе жатқанда, парковкаға орын табыла қалғанда, үстімдегі киімім әдемі тұрғанда, шашымды әдемі етіп алғанда, интернет жылдам болғанда, т.б. кішкентай нәрселерге қатты қуанатын болыппын. Осы бір күйді ұзағырақ ұстап тұрғым келеді. Ол үшін садақа беруім керек деген ой келеді алдымен. Бір істі бастап, жарты жолда тастап кететін жандарға шүкірлік ету тұрақты болуға кө- 194 Қаржы қағидалары мектеседі. Мысалы, бір жігіт күнде таңертең жүгірем деп мақсат қойды дейік. Бір күн жүгіреді. Екі күн жүгіреді. Сторизге жүгіргенін салып қояды. «Тәні саудың – жаны сау» деп жазады өзінше. Бір апта, ары кетсе екі апта тұрақты жүгіреді де, болды, сонымен тоқтайды. Неге? Себебі ол өз-өзіне разы болып қойды. Өз-өзіне шүкір етті. Ал бұл оның қуанышын ұстап, шегелей алмады. Аллаға осы бір тұрақтылық қуанышы үшін шүкір етуі керек еді. Сонда Алла оның тұрақтылығын арттыратын еді. Осы жазбамды жазып бітіргеніме қатты қуанып, шүкірлік қуанышы кеудеме сыймай тұр. Кеттім, садақа беріп қайтайын. Инфобизнес, Қарун һәм байлық Қазір инфобизнес дәуірі жүріп тұр. Инфобизнес – инфо өніміңді сату арқылы ақша табу. Инфо өнімдерге кітап, курс, марафон, тренинг, вебинар т.б. кіреді. Білгеніңді бөлісіп, өзгелердің өмірін, жетістікке жету жолын жеңілдетесің. Инфобизнес – жалпы жақсы нәрсе. Екі тарап та ұтады: білімін бөліскен адам табысқа кенеледі, сол «білімді сатып алған» адам жетістікке жетеді. 90-жылдары кәсіп бастағандар қалай тез байып кетсе, қа- 195 Ақша және рухани интеллект зір инфобизнес арқылы солай тез байып кетуге болады. Байып жатқандар да бар. Кейде мынадай сезім болады: жан-жағыңда ақша шашылып жатыр, ал сені тек «соны қалай жинап алсам екен» деген ой ғана мазалайды. Бар уайымың сол ғана. Тақырыпқа қатысты Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын ) өмірінен бір кейс оқыңыздар. Бұл мәлімет жас имам Дастан Құрманбаевтің инстаграмынан алынды: «Сен соның арқасында ризық тауып жүргеніңді білесің бе? Әнәс ибн Мәлик: «Пайғамбардың уақытында ағайынды екі жігіт болды. Біреуі Пайғамбардың жанында жүреді, екіншісі жұмыс істейді. Бірде жұмыс істейтіні Пайғамбарға жұмыс істемейтін бауырын айтып арызданды. Сонда Пайғамбар оған: «Сен соның арқасында ризық тауып жүрген шығарсың?!» – деді. (Тирмизи) Бұл ағайынды екі жігіттің біреуі Пайғамбардан білім алып жүрсе, екіншісі еңбек етіп, тапқанын бауырымен бөлісетін болған. Сөйтіп бір күні ол Пайғамбарға барып «Бауырым кәсібіме көмектеспейді» деп шағымданған. Сонда Пайғамбар оған: «Сен оны асырап отырмын деп міндетсінбе. Керісінше, 196 Қаржы қағидалары сен соның білім алып жүргенінің берекетімен ризық тауып жүрсің», – деп айтқан. Имам Тайби хадистегі «Сен соның арқасында ризық тауып жатқан шығарсың» дегенді болжам емес, сөгіс деп түсіндірген. Яғни, «Сен соның арқасында ризық тауып жатқаныңды білесің бе?!» деген мағынада.» Біреу мұны пайғамбари краудфандинг кейсі деп түсінер. Краудфандинг жайлы келесі жазбаларымда айтам. Мен қазір басқа мәселені қозғағым келіп тұр. Кейбір инфобизнесмендерден байқаймын. «Әуелі Алла, сосын өз білімім мен еңбегімнің арқасында осындай дәрежеге жеттім» деп жатады. Меніңше, бұл жерде маңызды бір элемент ұмытылып жатқан сияқты. Ол – халық. Әуелі Алла, сосын халық, сосын білімің мен еңбегіңнің арқасы десең, орынды деп ойлаймын. Халықты еске алу арқылы өзімшілдіктен құтыла аласың. Сол инфобизнесмендер халықты кейде қуыршақ ретінде көретін сияқты. Адамды тапқан табысына қарай бөлетіндер де бар. Не үшін? Не үшін халық маңызды рөл атқаратынын айтайын. Саған ризық Алладан келетінін түсіндің дейік. Енді сол ризықты саған өз қолы- 197 Ақша және рухани интеллект мен әкеліп беретін халықты дәл солай әдемі қабылдап алуың керек емес пе? Сауда жасағанда клиентіне рақмет айтатын жандарды түсіндім. Бұл «рақметтің» мәні: Алланың маған деген ризығын алып келдің. Сол үшін саған алғыс айтам. Осы рақмет үздіксіз айтылып тұрса, қандай жақсы! Бірақ «біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» ғой. Енді «байлыққа өз біліміммен жеттім» деген сөз жайлы Құрандағы бір тәмсілді келтірейінші. Мұса пайғамбардың заманында Қарун деген бір жігіт өмір сүрді. Бұл оқиға жайлы толығырақ 28-сүре «Қасас» сүресінен оқи аласыздар. Мен қысқаша жазып көрейін. Бастысы бұл оқиғадан сабақ алу ғой. Жаратушымыз оған байлыққа толы қазыналар нәсіп еткен. Сол қазыналардың кілттерінің өзін тепсе темір үзетін бір топ адам әзер таситын болған. Елестете бер. Сөйтіп Қарун байлыққа мастана бастады... Жетістікке жеткенде «жұлдыз ауруына» шалдығып, қуып кетпеуің үшін жаныңда ескерту жасап отыратын достарың болуы керек дейді ғой. Қанша жерден мықты болсаң да, «семіздікті қой ғана көтереді». 198 Қаржы қағидалары Сөйтіп Қарунға қауымы былай деп ескерту жасады: «Байлығыңның буына мастанып есірме. Алла есіргендерді ұнатпайды. Алла саған қалай жақсылық жасаса, сен де өзгелерге солай жақсылық жаса» деп. Ал енді Қарун мырзаның жауабына қара: «Бұл байлық маған бойымдағы білімнің арқасында ғана берілді» деді. Басқа бір тәпсірде «ъала ъилмин» дегенді «Алла мені осы байлыққа лайық деп білгендіктен, маған оны нәсіп етті» деп түсіндіреді. Осылай асылық танытқан Қарунның ақыры қандай болғанын білесің бе? Алла оның өзін де, байлығын да жерге жұтқызып жіберді. Оған білімі де, байлығы да араша бола алмады. Маған осы оқиғада Қарунның өмірін бақылап жүрген адамдардың реакциясы қызық болды. Басында олар үлде мен бүлдеге оранып жүрген Қарунды көргенде, «шіркін-ай, бізге де осындай байлық бітсе ғой. Қарун неткен бақ-дәулеті асқан жан еді!» десті. Бағанағы адамды байлығына қарап бағалау, бөлу мәселесі ғой. Сосын Қарун бәрінен айырылап қалғанда, кеше ғана соның орнында болуды көксегендер тәубесіне келіп: «Ойбай-ау, демек, Алла ризық-несібе дегенді құлдарының арасынан 199 Ақша және рухани интеллект қалағанына үйіп-төгіп береді екен де, қалағанына аз әрі белгілі бір мөлшерде береді екенау» деп қалды. Мен өмірге анализ жасап, байлық пен біздің білім, әрекетіміздің арасында себеп-салдарлық байланыс бар ма, жоқ па, сол жайлы ойландым. Мен алғашқы миллионымды 22 жасымда таптым. Күшті естіледі иә?) Ол кездегі бағаммен 5400$ екен. Бірақ мен сонша табам деп мақсат қоймаған едім. Мен ақшаны емес, ақша мені тапты десем дұрысырақ шығар. Мен қанша жерден жоспарлау, мақсат қою тақырыбын білсем де, әлі күнге дейін ақша табуды жоспарлауға келгенде қателесіп жүрмін. Себебін ғылыми түрде түсіндіре алмаймын. Кейде өтпейді деген нәрсең өтіп кетеді, кейде өтеді деген нәрсең өтпей қалады. Мен өзімнің жақсы ақша тапқан сәттерімді еске алдым. Білімім мен әрекетім себеп болды дейін десем, маған байланысты емес факторлар көп болды ол жерде: алдымнан қажетті адам шыға келді, қажетті вакансияны дер кезінде көріп қалдым т.б. Сол сәтте білімі менен кем түспейтін адам менен аз тауып жатты. 200 Қаржы қағидалары Білімім мен әрекетімнің қатысы болмады дейін десем, оларсыз сол ақшаны табар ма едім? Бірақ, кім білсін, басқа жерде жүрсем де, сол ақша бәрібір нәсіп болар ма еді маған? Сосын байлық, атақ деген нәрселердің кешігіп келу қасиеті бар екенін байқадым. Мысалы, сен қазір тырмысып, ақша табам деп барыңды саласың. Бірақ күткен нәтижеңе жетпейсің. Егер алға жүруіңді тоқтатпасаң, ақша постэффект ретінде, мысалы, 6 ай немесе бір жылдан кейін келе бастауы мүмкін. Әңгімем ұзақ боп кетті-ау. Ешкімге ақыл айту ойымда жоқ еді. Тек ойларымды бөлісейін дедім. Керегін алып, керексізін елемейсің ғой. Енді ұзақ әңгіменің түйінін жазайын. Байлық – жалпы жақсы нәрсе. Құранда «хайр» (жақсы) деп келеді. Байлық адамды бұзбайды, тек оның ішіндегісін сыртқа шығарады. Қарунның табиғаты лас еді. Ал адамның табиғатын «бәріне өз біліміммен жеттім» деп ойлау ластайды. Ал «бәріне өз біліміммен жеттім» деген ойдан арылу үшін халыққа алғыс айтуды әдетке айналдыру керек. Сосын сен ақшаны емес, ақша сені тапса, өзіңді бақыттырақ сезінесің, әрі бұл сенің табиғатыңды ластамайды. 201 Ақша және рухани интеллект Ол үшін ақшаның кешігіп келу қасиетін есіңде ұстап, нәтиже емес, процеске ден қойып, қазіргі ісіңді сапалы жасауға күш салуың керек. Қайырымдылыққа ақша жұмсау Бай адамның әлеуметтік функцияларының бірі: мұқтаждарға ақшасымен көмектесу, олардың аяққа тұрып кетуіне жағдай жасау. Бірақ мұқтаж бен масылды ажырата білу маңызды. Бай адам – инвестор. Ақшасын қайда салса да, соны көбейтуді көздеуі керек. Ол – ақырет саудасында да инвестор. Мысалы, бірнеше садақа бағытының қайсы көбірек сауап әкеледі, қайсының сауабы үзілмей келіп тұрады, соны ескереді. Жалынып ақша сұрағанның бәріне ақшаңды бере берсең, сен жаман инвесторсың. Эмоциямен шешім қабылдау инвестордың ісі емес. Инвестор бәрін зерттеп, ақылға салып, сосын ғана ақшасын құяды. Эмоция дегеннен шығады. Интернетте отырсаң, жекеңе «көмектесіңіздерші, 5 балам бар, күйеуім инвалид, жұмыссыз, жер үйде тұрамыз, азық-түлікке ақша беріңіздерші, т.б. реквизиттерім мынадай» деген сарындағы хаттар келген шығар. Әуелі аяушылық 202 Қаржы қағидалары сезімі туады. Жауап бермей өтейін десең, «шынымен мұқтаж болса ше, ертең ақыретте неге көмектеспедің десе, не істеймін?» деген ойлар келеді. «Ал алаяқ боп шықса ше?» деген күмәнің де жоқ емес. Ақша жібермесең, өзіңді кінәлі сезініп жүресің. Ақыры қиналып бересің. Байқасаң, сен эмоцияңның жетегінде шешім қабылдадың. Өзіңді кінәлі сезінбеу үшін садақа бердің. Былайша айтқанда, өзіңді кінәлі сезінбеу үшін ақшаңнан тезірек құтылғың келді. Садақа өйтіп жасалмайды ғой. Кейін әлгі кісінің алаяқ екенін білсең, қандай күйде болар едің? Қиналып берген садақаңа өкінесің ғой «бекер беріппін» деп. Сол үшін «ойбай, өлейін деп жатырмын» деп алдыңа біреу жылап келсе де, эмоцияңды өшіріп, шешім қабылдауды үйрен. Қарыз сұрайтындар да, байқасаң, өлердегі сөзін айтып, сенен ақша сұрап алады да, кейін тайраңдап жүреді. Өкінетін, жүрегі ауыратын сенсің. Бірде мешіттен шығып келе жатсам, бір жігіт «брат, Талдықорғанға жолға ақшам жоқ, көмектесіп жіберші» деп жалынып сұрады. Мешіттегі атмосферадан тақуа, жомарт боп шыққан мен 3-4 мың тг-імді бере салуға шақ едім. Мүсәпірге (сапардағы адам) көмектесу дінімізде өте маңызды екенін білетінмін. 203 Ақша және рухани интеллект Бірақ сәл күмәндандым. Бермейін десем, кінә, міндет сезімдері араласып, басып барады. Берейін десем, алданып қалғым келмейді. Ақыры ниетім көмектесу ғой, көмектессем, дұрыстап көмектесейін деп, «жүр Сайранға апарып, өзім отырғызып жіберейін» дедім. Сөйтсем, әлгі жігіт айнып шыға келді «жоқ, брат, керек емес» деп. Сол кезде оның мұқтаж емес, масыл екенін түсіндім. Менің де мойнымнан бір міндет түсті. Өзімді кінәлі сезінбеймін және бастысы алданбадым. Бұл әдісті кейін бірнеше рет қолдандым. Көшеде біреу дәріге, біреу нанға ақша сұрағанда, «жүр, өзім әперейін» дейтін болдым. Білесің бе, барлығы дерлік бас тартып жатты. Яғни, олар мұқтаж емес. Интернетте көмек сұрайтындардың 99% шынайы мұқтаж емес деп ойлаймын. Айтпағым, көмектессең, көмектесем деген ниетпен көмектес, кінәлі сезінбеу үшін емес. Жағдайын зерттеп, көз жеткізуге ерінбе. Мойындашы, уақыт бөліп отырғанша саған ақшаңнан құтыла салу тиімдірек боп тұр ғой. Шынайы мұқтажды қалай танимыз? Олар әдетте қол жайып, ақша сұрай алмайды. Олар үнсіз. Көмектескің кеп бара жатса, туыс, көршілеріңнен баста. Сен олардың 204 Қаржы қағидалары жағдайын жақсырақ білесің. Шынайы мұқтаждарды үнсіздердің арасынан ізде. Оларды мешіттің алдында кездестіре алмайсың. Мешіттің алдында қайыр тілеп отырғандарға «жүр, мешіттің дәретханасын тазалашы, ақыңды берейін» десең, ат тонын ала қашады. Олар еңбек етпей, қайыр тілеп ақша тапқысы келеді. Олар – масылдар. Мен бірде бір қайырымдылық қордың еріктісі боп мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратттым. Әр отбасының жағдайын көріп, мынаны ұқтым: олардың көзінде от жоқ, сәулесі сөнген, өмірін өзгертсем деп талпынысы жоқ. Инвалид болса, бір сәрі, аяқ-қолы бүтін. Тіпті сол қайырымдылық қордың тізімінде 10 жылдан бері тұрғандар да бар екен. 10 жылда аяққа тұруға тырыспаған да ғой. Ай сайын көмек алып үйреніп қалған. Әлгі қор оларға бір кәсіп меңгертіп, балық бере бергенше, балық аулауды үйретейін деген ғой. Сөйтсе әлгілер оған да бармай қойған. Өмірін өзгерткісі, жауапкершілік алғысы келмейді. Мұқтаждық емес, масылдық бұл! Үйі-күйі жоқ жандарға үй әперіп жатқан қорлар бар. Азық-түлік үлестіретін қорлар да бар. Мұндай қорлар бізге керек. Бірақ мен инвестор ретінде дүниелік әрі ақыреттік пайда тұрғысынан олардан да аб- 205 Ақша және рухани интеллект залырақ іске ақшамды салғым келеді. Меніңше, садақа беруге ең лайық адамдар – білім жолында жүрген студенттер. Олардың тамағы, үйі, киімі, оқулықтары бар, жағдайын жасау керек. Білім – нұр. Олар білім алудан басқа ештеңені уайым қылмауы керек. Қосымша жұмыс істеп кетсе, білімнің нұрын бойына толық сіңіре алмайды. Тапқан тиынына мәз болып, білім алуға деген көңілі суып кетеді. Олар – елдің болашағы. Азық-түлікті бір отбасы бір айда жеп тауысар. Бір үйде бір отбасы өзін жайлы сезінер. Ал білімді жастар ертең миллион адамға қызмет етеді, тура жолға шақырады, елдің экономикасын көтереді, өздері мұқтаж болмайды, кедей һәм надан адамдардың санын көбейтпейді. Осыны ойладың ба? Біреу қайырымдылыққа ай сайын табысының 10%-ын, біреу одан да көп береді. Меніңше, ең мықты формула мынадай: өзіңе, отбасыңа ай сайын қанша жұмсасаң, дәл сондай соманы қайырымдылыққа жұмса. Мысалы, ресторан, киім-кешек, саяхат, көлік, т.б. – бәріне ай сайын 2-3 млн тг жұмсайсың дейік. Егер дәл солай 2-3 млн тг-ні садақаға жұмсай алсаң, сен осы заманның әулиесісің! Садақа 206 Қаржы қағидалары мен шығындарың теңессін десең, я табысыңды арттыр, я шығындарыңды азайт. Қауіпсіздік қорын да ұмытпа. «Қауіпсіздік қорын жинап жүріп, ертең қайтыс боп кетсем ше?» деген сұрақ туса, менің берер жауабым: «Біріншіден, сенің дәл ертең қайтыс боп кету ықтималдығың төмен. Екіншіден, «қайтыс болсам, байлығымды бәленше бағытқа садақа етіп жіберіңдер» деп өсиет жазып қойсаң болады. Садақа берген жақсы. Ал қарыз болсаң ше? Онда садақаға ең лайық жан өзіңсің. Өзіңді қарыз батпағынан шығарып ал. Қауіпсіздік қорының бір мақсаты: ертең өзгеден көмек сұрауға мұқтаж боп қалмау. Намазда «Алладан ғана жәрдем сұраймыз» дейсің ғой. Ертең, Құдай сақтасын, балаң ақ қан боп ауырып қалса, анаңа шұғыл ота жасату керек боп қалса, инстаграмда парақша ашып, көмек сұрамау үшін де қазірден қаржылық жағдайыңды ретте. Қазір қаржы сауатыңды арттыруың, «жегендей болдым» деп, нәпсіңді тыюың, жарты, үш, он жылдық қауіпсіздік қорын жинауға тырысуың «мені сондай сынақтан сақташы» деген Алла алдындағы ең қуатты дұғаң болмақ. Сен тілің емес, ісіңмен жәрдем сұрап жатырсың. «Беруші қол алу- 207 Ақша және рухани интеллект шы қолдан қайырлырақ» дейді, үнемі беруші болуды жазсын. Қолыңдағыңды бөліскен сайын байи түсесің Мектеп кезінде парталасыма көмектесіп, суретін салып беретін едім. Сол сурет өзімдікінен әдемірек шығатын. Сыныптастарыма түсінбегенін түсіндіріп, жәрдемдескенімде, өзім сол тақырыпты жақсырақ меңгере түсетінмін. Біреуге алтын уақытыңды бөлу – оған жасаған ең үлкен жақсылығың дер едім. Өзгелермен білім, тәжірибемді бөліскен сайын ерекше байи түскендей сезінетінмін. Жалпы біреуге пайдаңды тигізу ерекше бақыт сезімін сыйлайды екен. Өмірдің мәні өз қарныңды тойдырып, барынша ләззаттанып қалу емес, керісінше, басқалардың қамы үшін өмір сүру деп түсінем. Яғни, шынайы бақыт алуда емес, беруде. Студент кезімнен бастап ай сайын тапқан табысымның 10%-ын қайырымдылыққа жұмсап келемін. Стипендиям 18 000 тг (ол кездегі курспен $120) болғанда, соның 1800 тг-ін ($12) садақа қылатынмын. Кейін жұмысқа тұрдым. Табысым артты. Сонда да әдетімнен танбадым. Табысым жылдан-жылға арта берді. Құдай аспаннан ақша жаудырмайды. 208 Қаржы қағидалары Бірақ табыс көздерін алдыңа әкеп қояды. Ары қарай еңбектену, мал табу өзіңе байланысты. Қасиетті Құранда Жаратушымыз қайырымдылыққа мал-мүлкімізді жұмсасақ, табысымызды арттыра беретінін уәде еткен ғой. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) да «Алламен ант етемін, садақа бергеннен мал-мүлік азаймайды» деп айтқан еді. Яғни, қазір 100 000 тг-ні садақа етсең, келесі жылы есепшотыңда кемінде 100 000 тг тұрады деген сөз ғой бұл. «Садақа бәлені қайтарады» деген де хадис бар. Былайша айтқанда, өміріңді сақтандырудың құралы ғой. Қазір сараңдық танытып, 2000 тг садақа жасамай қойсаң, кім білсін, болашақта бір бәлеге тап болып, қалтаңнан 200 000 тг шығаруға мәжбүр боп қалар ма едің?!⠀ Қолыңдағыны бөлісуге тырыс. Бөліскен сайын байи түсесің. Өмірдің мәні беруде! Краудфандинг Краудфандинг – халықтың бір жобаны әркім шамасы жеткен сомасын ортаға тастап, қолдауы. Крауд (crowd) – халық. Фандинг (funding) – қаржыландыру. Кәсіпкер, меценат емес, сені ХАЛЫҚ қаржыландыра- 209 Ақша және рухани интеллект ды! Сонда сен бір пенденің алдында өзіңді борыштар сезінбейсің, оның көңіліне қарап, жалтақтамайсың. Бірақ халыққа қызмет етсем дейсің. Екі түрлі сезім. Бір мысал келтірейін. Бір интернет блогер бар. Контенті сапалы. Барын салып, тек пайдалы ақпаратты қана бөліссем дейді. Сіздер үшін. Уақытын, энергиясын сарп етіп. Қашанғы тегін жұмыс жасай береді. Отбасы, жүріс-тұрысы бар дегендей. Оның алдында екі таңдау пайда болады: 1. Инстаграмдағы белсенділікті азайтып, негізгі жұмысын жалғастыру. 2. Көбірек жарнама алып, инстаграмын базарға айналдыру. Оқырманын құрметтейтіні сондай, артық жарнама алғысы келмейді. Сіздер де жарнамадан шаршадыңыздар. Инстаграмды қояйын десе, сіздер білімге шөлдеп, ол бір нәрсе салды ма екен деп күтіп жүресіздер. Еске сала кетейін. Сіздер бұған дейін оның сапалы контентін тегін тұтынып келдіңіздер. Ол да сіздерден ештеңе сұраған жоқ. Сұрауға дәті бармайды. Себебі Нетфликске көршісінің подпискасымен кіретін, электронды кітаптарды флибустадан (тегін электронды кітаптар тарататын Телеграм-канал) ала са- 210 Қаржы қағидалары латын қоғам оның бұл әрекетін сынға алады деп ойлайды. Енді сұрақ. Егер сен сапалы контентін тұтынып жүрген блогерің жарнама салып, мазаңды алмауы үшін, инстадағы сапалы жұмысын жалғастыра беруі үшін оған тұрақты түрде ай сайын қанша теңге қияр едің? Жобаға қолдау ретінде (краудфандинг), садақа емес. Ойланып көрші. Мысалы, мен медиамаман, саяхатшы Өркен Кенжебек (@orkeni ) Инстаграмдағы жұмысын тоқтатпауы үшін, ары қарай да белсенді бола беруі үшін ай сайын 3000 теңге беруге дайынмын. Мен сияқты кемінде 1000 адам бар деп ойлаймын. Сонда біз ол кісіге жыл сайын кемінде 36 млн тг қолдау жасап отырамыз. Ол кісі де жарнама алып, сол үшін бір сторизді 45 рет қайта-қайта түсіріп, өңдеп, әуре болмайтын еді. Одан да фокусын саяхатқа, бізге қызық болады-ау деген нәрселерге салып, әлемнің 180 елін аралап шығатын еді. Одан бәріміз ұтамыз. Саяхатқа бірге барып келгендей боламыз. Бізде, қазақ тілді аудиторияда, краудфандинг идеясы әлі де кең етек ала қоймады. Бірде жас полиглот Мәди (@madee.fazl) 211 Ақша және рухани интеллект бауырым «Меломаннан» Барак Обаманың «Promised land» атты кітабын кішігірім краудфандинг ұйымдастырып, сатып алды. Бағасы қымбат екен: 24 000тг. Сондағы ойы: оқып, ағылшын тілінде видео-ренцензия жасау. Мәдидің парақшасы – тұнып тұрған білім. Тіл үйренем дегендерге кеңес берем. Қаншама тегін контент бар. Ол бұл кітапты алса, бәріміз ұтамыз. Біріншіден, бізге осы кітап жайлы айтып береді. Екіншіден, оны жапондар, испандар, британдықтар т.б. оқиды. Әлемдік бестселлер кітапқа қазақтың баласы ағылшын тілінде рецензия жасап тұрса, керемет емес пе? Ұлттық намыс осындай істерде оянуы керек, меніңше. Енді бір қызық айтайын. Мәдиге «ұят емес пе?» деп бірде-бір орыс тілді оқырман жазбапты. Керісінше қолдау сөздерін жазып жіберіпті. Бірақ қазақ тілді оқырмандар арасында осы сұрақты қойғандар болыпты. Негізі, краудфандинг қазақта бұрыннан бар нәрсе ғой. Асар ғой кәдімгі. Бірақ біз инфоөнімге келгенде, сараңдық танытамыз. Нақтырақ айтсам, біз білімді бағаламаймыз. Сол үшін шығар, бізге сапалы білімнің қонбай жатқаны. Ислам тарихына қарасақ, кәсіпкерлер әрдайым ғалымдардың жағдайын жасап отырған. Ғалымның фокусы тек білім- 212 Қаржы қағидалары ғылымда болсын деген оймен. Білімі жоғары ғалымдарымызды қолдамаймыз. Бірақ UFC батырларына мәшіне мінгіземіз. Қызық. Алдында бір жігіт тамаша кейсі жайлы айтып еді. Былай дейді: «Ойлап қарасам, біздің «Намысхандар» дейтін ортамызда краудфандинг қалыптасқан екен. Біздің ортамызда Мысырда білім алып жүрген Омар дейтін бауырымыз бар. Қазіргі уақытта демалыс болғандықтан, ол бауырым Алматыда. Алланың қалауымен, Омар бауырым алған білімін бөлісіп жүр. Бауырлар болып, шама жеткенше оның пәтерақысын төлеп отырамыз. Сәйкесінше ұстазымыздың фокусы тек сабақ беруге бағытталады». Краудфандинг тұрғысынан қарасақ, 1000 тг-нің өзі – өте үлкен ақша! Мысалы, Өркен Кенжебектің Инстаграмда 139 000 оқырманы әрқайсы 1000 тг-ден тастаса, ол кісі шамамен $323 000 табады (2021 жыл, мамырдағы бағаммен). Бұл ақшаны, мысалы, Канададағы бір бизнеске инвестиция ретінде салып, сол елдің азаматтығын ала алады) Бір оқырманым «Краудфандингке ай сайын 990 тг беріп тұруға дайынмын, бұл Apple music подпискасы сияқты ғой» деп еді. Краудфандингті подпискамен шатастырма- 213 Ақша және рухани интеллект йық. Подписка – мәжбүрлі шара. Подписка ақысын төлемесең, контенттен құр қаласың. Ал краудфандинг – ерікті шара. Ештеңе төлемесең де, контентті пайдалана бересің. Ары кетсе, блогердің бір рет Яндекс таксиге отырмай, автобуспен жүруіне себепкер боларсың. Краудфандингтің кереметі сол, көп адам аз-аздан тастайды. Мысалы, ай сайын 200 тг-ден тастау нәпсіңе ауыр тимейді. Сол 200 тг-ге қазір самса да келмейді-ау осы. Есесіне «көп түкірсе – көл» дегендей, сапалы блогерді қолдайсың. Өзің 200 000 тг-нің білімін алып жүре бересің. Қазір инфобизнестің дәуірі жүріп тұр. Не көп, марафон, курс көп. Бұл жаман демеймін. Мойындайықшы, біздің марафон, курс жасаудағы басты мақсатымыз: ақша табу ғой. Біреу марафон, курс жасаймын десе, артында мынадай ой жатады: «Маған ақша керек. Менің аудиториям бар. Енді қайтсем олар маған қалтасындағы ақшасын шығарып береді?» деген. Сосын марафонын бастайды. Оны сату үшін неше түрлі әдістерді ойлап кетеді. Сату техникаларын қолдануы мүмкін. Қайталап айтам, бұл жаман емес. Бұл марафонға бәрі жазылмайтыны анық. Себебі бағасы кейбір студенттің қалтасын қағуы мүмкін. 214 Қаржы қағидалары Ешқандай марафон, курспен жасырынбай-ақ, бірден аудиторияңнан ақша сұрасаң ше? Оған толық хақың бар. «Менің одан әрі белсенді болғанымды, пайдалы білім таратқанымды қаласаңыз, ақшалай қолдап жіберіңіздер» деп. Бұны «краудфандинг» дейді. Сенің краудфандингке деп салып жіберген 200 теңгең бұған дейін қолжетімсіз болған білімді баршаға қолжетімді етеді. Енді жұрт басқа жерден 20 000 тг төлеп сатып алатын білімді шалғай ауылдағы 15 жасар жеткіншек осы блогердің парақшасынан тегін алып, жолы ашылады деген сөз. Бұған себеп: сенің 200 теңгең. Маған бір 15 жасар оқырманым хат жазды: – Ағай, сізге көп рақмет! Бірақ менің әлі каспи голдым жоқ. Дәл қазір беретін ақшам да жоқ. Кейін міндетті түрде алғысымды білдіремін, – деп. Мен: – Ниетіңе рақмет, айналайын. Сенен ештеңе қажет емес. Бұл краудфандинг – сен үшін жасалып жатқан шара, – деп жауап бердім. 215 Ақша және рухани интеллект Краудфандинг идеясын қазақ тілді инфокеңістікте кеңінен жайғым келеді. Білім-ғылым жолындағы мықты қыз-жігіттер бар. Ең алдымен соларды қолдау керек. Солар ешкімге жалтақтамай, сапалы контентін жасай берсінші. Ал біз 200-500 тг-мізбен, қаласаң, одан да көп сомамен қолдап отырайық. Олар бір жақсы идеясы болса, бір жобаны бастауға ақшасы жетпей тұрса, халықтан ұялмай қолдау сұрасын. Бұл жоба жалпы халықтың ортақ игілігі болуы керек. Краудфандинг деген осы. Батыста, Ресейде блогерлер жобасына (youtube, приложение, Instagram, т. б.) қолдау ретінде аудиториясынан қысылмай ақша сұрай береді. Бұл – қайыр тілеу емес, ортақ игілік үшін жасалатын әрекет. Егер бір қазақ тілді сапалы блогер сені краудфандингке шақырып, ақша сұраса, оның бұлай істеуге толық хақы бар. Себебі ол саған қаншама тегін контентін берді. Сол кезде саған «қайыршы сияқты мынаған не болған?» деген ой келсе, біл, бұл жерде қайыршы сенсің. Себебі ала бергің келеді, бірақ ештеңе бергің келмейді. PS: Краудфандинг идеясын Инстаграмда оқырмандарыма таныстырдым. Сосын «Бұдан әрі де белсенді болып, марафон, курс түрінде сатайын 216 Қаржы қағидалары деп жүрген білімімді осында тегін бөлісуімді қаласаңыздар, мені ақшалай қолдаңыздар» деп краудфандингке шақырдым. Бұл алғашқы тәжірибеміз болатын. Маған жұрттың бұл идеяны қалай қабылдайтыны қызық болды. Нәтиже мен күткеннен де асып түсті. 2 айда жалпы 900-ден аса адам мен бастаған краудфандингке ақшалай қолдау білдірді. 100 тг-ден бастап 20 000 тг-ге дейін әркім шамасы жеткен сомасын жіберіп жатты. Жалпы жиналған сома: 639 975 тг. Әсерімді бөлісейін. Әрине, бұл менің әлеуметтік желіде белсенді болуыма, бар білгенімді бөлісуіме, халыққа барымды беруіме зор ықпал етті. Шабыт сыйлады. Жай қолдау сөздерден гөрі ақшалай қолдаудың орны бөлек екен. Краудфандингте халықтың сенің бұған дейін істегеніңе деген алғысы мен болашақта істейтініңе деген үміті жатыр. Сондай бір аралас сезім сыйлайды. PPS: Менен кейін қазақша блог жүргізетін бірнеше инфоблогердің оқырмандарын краудфадингке шақырып жатқанын көрдім. Қазір жұрт бұл идеяға үрке қарамайтын сияқты. Керісінше, қолдаушылар саны артып келеді. Халық өз ағартушыларын ақшалай қолдап отырса, ал олар өз кезегінде тұрмыс қамын уайымдамай, бар фокусы білім беруде болса, керемет емес пе? Одан бәріміз ұтамыз. 217 Ақша және рухани интеллект Ақша – энергия Өткенде бір кісі каспиіме «рақмет» деп 100 тг жіберіпті. Өзімді жақсы сезініп қалдым. Энергиям артқандай. Қызық. Үлкен ақша да емес. Алғыс сөздерін күнде естіп жүрмін ғой. Бірақ алғысыңды ақша түрінде білдіру басқаша әсер етеді екен. Мен ол кісінің ақша жіберіп, алғысын білдіріп жатқанда өзін ерекше бай сезінгенін, оның да энергиясы артқанын білемін. 100-ақ тг болса да. Ақша – алғыс айтып, энергия алмасу құралы. Мен мешітке кірген сайын 500 тг садақа жасаймын. Бұны «мешіт ақысы» деймін. Менің жылы және таза жерде намаз оқуыма жағдай жасаған қызметкерлердің еңбегі бар ғой. Соған алғыс ретінде 500 тг-імді тастаған сайын өзімді ерекше бай сезінемін. 500-ақ тг ғой, былай қарасаң. @narikbi_live -тің подкастарын тыңдап жүргеніме біраз болды. Көп пайда алдым. Өмірім жақсара түсті. Бірақ осы уақытқа дейін алғысымды репост, жылы пікір түрінде білдіріп жүрсем де, ақша түрінде білдірмеппін. Содан ішкі дауысымды тыңдадым. «Дәке, алғысыңның энергиясы қанша теңге?» деп. «10 000 тг? Аздау. 20 000 тг? Дәл-дәл!» дедім де, Нәкеңнің каспиіне «шаба бер!» 218 Қаржы қағидалары деп 20 000 тг салып жібердім. Өзімді іштей 200 000 тг-ге байып қалғандай сезіндім. Бұл ішкі сезім 10 күнде кэшке айналды: 10 күнде каспиіме негізгі табысымнан бөлек тура 200 000 тг түсті. Адамдарға ақшалай алғыс білдіріп, шүкір еткенде де Алла оны еселеп қайтарады екен. Ақша түрінде алғыс білдіргенде, соманың үлкен болуы да шарт емес. Жай ішіңе сыймай жатқан алғыс сезімін 100 тг түрінде білдіріп көрші. Энергияң тасып, өзіңді жақсы сезіне бастайсың. Иә, ол кісі 100 тг-ңнен байып кетпейтін шығар. Бірақ кемінде 100 000 тг табатын энергия алады. Сенің тамшыдай үлесің үлкен өзгерістің басы болуы мүмкін. Қазір (қараша, 2021) мен барып, 500 тг-імді тастап жүрген мешітте жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Имамның айтуынша жазда ақша болмай, енді жиналған көрінеді. Мен бұл мешітке қыркүйектен бері бас сұғып жүрмін. Шамамен 30 000 тг садақа қылған шығармын. Менің садақам үлкен мәселені шешпеуі мүмкін. Бірақ іште «бұл процестің алға жылжуына менің де тамшыдай үлесім тиді-ау» деген ой жатыр. Жөндеуден өткен мешітте өзгелер одан сайын шабыттанып, әдемі құлшылық қылады деп ойлаймын. 219 Ақша және рухани интеллект @narikbi_live сияқты подкаст жасап, YouTube жоба бастап немесе кітап жазып, құндылық жасап жүрген қыз-жігіттерге алғысыңды ақшалай білдіріп көрші. Тамшыдай болса да. Сен ақша жібермейсің, энергия жібересің. Сосын өзгелер сол құндылықты пайдаланып, одан сайын шабыттанып, әдемі тіршілік қылады деп ойлаймын. Бұл процестің алға жылжуына сенің де тамшыдай һәм таудай үлесің тиеді. 220 ҚОРЫТЫНДЫ Осымен кітабым тәмам. Байқаған шығарсың, бұл бір рет оқып, қоя салатын кітап емес. Қажет болса, бірнеше рет оқып, өзіңе қажет, өз табиғатыңа келетін қағидаларды өміріңе енгізе баста. Кітаптағы барлық қағидалар оқулықтардан емес, өмірден алынған. «Тірі» білім екенін сезінген шығарсың. Қарыздарыңнан құтылып, табысыңды арттырып, байып кетші! Шын тілегім осы. Әр қазақ бай болсыншы! Әр қазақ қаржылай тәуелсіз болсыншы! Кейін мені де есіңе алып қой. Кітабым қаржылық жағдайыңның жақсы жаққа қарай өзгеруіне септігін тигізсе, мына жерге жазып жіберші. Сенің жетістік хикаяңды оқуға асықпын: https://t.me/zhigitbek
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|