1.Қарым- қатынастың
ерекшеліктері
Эмоционалдық және тілдік қарым-
қатынас.
Мектепке дейінгі кезеңде
бала тіл арқылы өзіне маңызды
деген уақиғаларды баяндайды.,
өзінің алған әсерлерімен бөліседі,
адамдармен тең дәрежеде қары-
қатынас жасауды үйренеді. Тіл-
қарым- қатынас құралы.
Ата-анасына, жақын туыстарына
елітеу арқылы баланың табиғи
қарым- қатынас жасау процесі
өзгереді.
Идентификация және даралану
механикасының дамуы
. Мектепке
дейінгі кезеңде бала «Мен»
концепциасын жүзеге асыру үшін,
адамдармен қарым- қатынас
жасауда идентификацияны және
даралануды пайдаланады.
Күнделікті үзбей идентификация
мен даралану механизмдерін
пайдалану балаларда бейсаналы
түрде қарым- қатынас техникасына
айналады. Бұл механизмдер
негізінен ашық әлеуметтік өзара іс-
әрекетке қызмет етеді.
Баланың құрдастарының тобында эмоционалдық өзін- өзі сезінуі.
Баланың құрдастарымен қарым- қатынасы оның тұлға ретіндегі дамуына
қатты әсер етеді. Баланың қаншалықты өзін сабырлы, байсалды ұстауы
құрдастарының ортасындағы жағдайға, қарым- қатынас стиліне
байланысты. Құрдастарымен қарым- қатынас- әлеуметтік қарым-
қатынастың қатаң мектебі. Осы құрдастарымен қарым- қатынас жоғары
эмоционалдық күшті талап етеді.
Баланың құрдастарымен өзара іс- әрекеті- бұл тек қоршаған ортаны
бірлесіп танудағы мүмкіндік емес, сонымен бірге өзімен қатарлас ұл,
қыздармен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі. Мектепке дейінгі кезеңдегі
балаларда құрдастарымен қарым- қатынас жасауға қажеттілік туады.
Мектепалды арнайы тәрбие жағдайларында, яғни бала үнемі басқа
балаларымен қатар тәрбиеленетін болса, бала қоғамы пайда болады.
Қарым- қатынас және баланың мектепке дайындығы
.
Бала мектепке дейінгі кезеңнің соңында құрдастарымен және
ересектермен өнімді қарым – қатынас орнатуға көмектеседі. Мектепке
дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым – қатынас
негізі қалыптасады. Алты жеті жаста бала жауапкершіліктің өнегелі
мәселелерінтүсінуге қабілетті ойында және қарапайым өмірде
таныстармен құрдастармен қарым – қатынавста жауапкершілік іс -
әркетте тәжіребе жинақтайды.
Алты – жеті жастағы бала жақсы
таныс құрдастарымен қарым – қатынаста
дұрыс қарым – қатына тәсілін таңдайды,
өзіндік позициясын жауапкершілік
сезінеді.
Бала ересектің бақылауына және дұрыс
бағалауына мұқтаж.Дамудың бірінші
этапы баланың моральдық мінез -
құлқының дамуы. Ересек адам баламен
сенімді, жағымды тонда оның өзін дұрыс
ұстай алатынын айту керек.
Ересектермен және құрдастармен қарым – қатынасқа түскенде бала
мінез – құлқының әлеуметтік эталонын меңгеруге мүмкіндік
алады.Бала өмірдегі белгілі бір ситуацияларда өзінің мінез –
құлқының моральдық нормаларымен талапқа бағыну қажеттілігі
туады . Сондықтан баланың өнегелік дамуындағы маңызды сәттер -
қарым – қатынас нормасын, олардың құндылығын түсіну білімі болып
табылады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала адамдардың ересектермен және
балалармен қарым – қатынастағы мінез – құлық жүйелерінің
әлеуметтік кеңістікті меңгеруде үлкен жолдан өтеді.
|