Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі



Дата08.09.2017
өлшемі95,81 Kb.
#30147
Тақырыбы: «Дарындылықты дамытудағы

мұғалімнің рөлі»

Дайындаған: Досмухамбетова Айнаш Маликайдаровна

2014 жыл.




Дарындылықты дамытудағы мұғалімнің рөлі.
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десекте болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы- қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан- жақты, ақыл- ой өрісін кемелденген оқушы тәрбилеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет.
Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді.

Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.


Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Зерттеудің мақсаты. «Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары мен дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшелігі нақтылау, әрі жүйелеу.

Зерттеу обьектісі: Мектептегі дарынды оқушы балалар.


Зерттеу болжамы: Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде әр мектептегі дарынды оқушының интеллектуалдық ой- өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер мектептегі дарынды оқушымен жекеленген жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі қабілетті балалардың жан- жақты ашылуына септігін тигізеді деген ойдамыз.
Зерттеу мідеттері:
- Балалар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары қарастыру, теориялық талдау жасау.
- Кеңес және шетел психологиясындағы дарындылықты зерттеу ерекшеліктеріне сараптама жасау.
- Дарындылықтың белгілері мен түрлеріне психологиялық талдау жасау.
- Дарындылық пен қабілеттің өзара сабақтастығы мен бірлесітігінің психологиялық негіздерін қарастыру.
- Қазақстан Республикасындағы дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің маңыздылығы мен артықшылықтарына талдау беру.
- Ақыл- ой дарындылығы: диагностикасы және оқу- тәрбие мәселелерін қарастыру.
- Балалар бойындағы дарындылық қабілетін анықтау әрекетінің маңызын ашып, жолдарын белгілеп, құралдарын таңдау.
- Балалар бойындағы дарындылық қабілетін эксперименттік зерттеу арқылы ашу.

Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Педагог ерекше оқу бағдарламаларын игеріп қана қоймау керек, өз оқушыларының дарындылығына жекеленген қатынас тауып, оның әрбіреуінен жекедаралықты көру керек. Бізде осындай педагогтар көп пе, бізде олар дайындала ма? Дарындылықтың арнайы түрлерімен қатар, олардан едәуір ауқымды, ақылдың абыройы қажет болатын, бар жерде көрінетін ақыл- ой дарындылығы бар екендігін өмір үнемі көрсетуде.


Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.
Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.
Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол оқушыларға түрлі тапсырмалар береді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу деген әдістемелік кітапшаны әр мұғалім басшылыққа алса, «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарын оқыса, бұл жұмыстарды әрине жандандыруға болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу – мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да болады деген. Туа бітті болатыны – тұқым қуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін» - деген.
Жаңа буын оқулықтарын оқытуда мұғалім сабақты тақырып мазмұнына сәйкес әртүрлі формада құрып, оқушының білімі мен іскерлік қабілетін шыңдай түсуді қажет етеді. Ана тілі сабақтарында белгілі бір тақырып аясын кеңейтіп, туған тіліміз бен әдебиетімізді, ата тарихымызбен этнография, көркем өнер түрлері мен байланыстыра отырып, сол арқылы оқушыға жан-жақты икемді тәрбие берудің мүмкіндігі мол. Мысалы, 3 сыныпта ана тілінен «Ақ құс туралы аңыз» әңгімесін өткізгенде бала санасына жететіндей түрлі проблемалық сұрақтар қоюға болады. Бұл сұрақтар оқушы ойын тереңнен қозғап, өз ойын ортаға салуға ұмтылдырады. А.Құнанбаевтың мына өлеңінен нені ұқтың?
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен қара жерге кірер денең, - деп неге айтқан? Оқушыларға осындай сұрақтар мен бірге деңгейлік тапсырмаларды да беруге болады.
1-деңгейде жоғары ойлайтын балаларға: 1. Ш.Қалдаяқов кім? 2. Ш.Қалдаяқовтың әндерін ата? 3. Ән секілді аспанда қалықтайтын қандай құстарды білесің? 4. Аңыз арқылы сазгер нені меңзеп отыр.
2-деңгей оқушыларына: 1. Ақ құс пен қара құс суретін салу. Қарсы пікір айту. Мысалы, қара құс жақсы. Неге? Қара құсты жақтау.
3-деңгейге: (Мына сөйлемдерді дұрыс құра) 1. Жылап отыр, қара құс, екен, егіл-тегіл болып. 2. Қолыма, түссең, ант, аямаймын, енді, деп, берді.
Тағы да басқа түрлі осындай тапсырмалар барысында баланың шығармашылық, дарындылық қабілеттерін ашуға болады. Мысалы,
1. ға буыны арқылы: Барды бала қора + ға, Шықты атам дала + ға
Осындай буындар арқылы өлең шығартуға, құрастыруға болады. Мысалы, алма сөзінің ұйқасын табу: 1. Алма, алма. 2. Қалтаңа салма. 3. Соңымнан қалма.
4. Бұзық болма.
Бұл оқушылар бойындағы ақындық, дарындылыққа жол ашатын бірден-бір жол. Дәл осындай сабақтың әр кезеңінде түрлі шығармашылық жұмыстар көптеп жүрсе, оқушы белсенділігін арттырып, белестерге жетелейді.
Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті көре білу – мұғалім үшін аса қажет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмыстарында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті ашуына жағдай жасауды қазіргі таңда мұғалімнен талап етіп отыр. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстармен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Мұндай баладағы белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының дамуына игі ықпалын тигізеді. Абай жетінші қара сөзінде былай деген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: Біріншісі: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі – көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп түсіндіріледі. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезеңде бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жоба жұмысына қатысып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудамыз. Бірақ бастауыш сынып оқушысы әрине, өз бетінше еш әрекет ізденіс жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы, баланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын білуге, ізденуге құштарлығын шыңдай түседі. Осы орайда «Өзіңді-өзің тани білмесең, өзгені тани алмайсың»,- дегендей өз сыныбымдағы Г.Сәруарованың «Мен туған өлкемді танимын» ғылыми жоба жұмысына тоқталғым келеді. Тақырыбы: «Аяулы да, ардақты асыл әжем» ( З.Жүсіпова туралы). Секциясы: «Қарты бар үйдің қазынасы бар». Бұл ғылыми жоба жұмысы аудандық жоба қорғауда І-орынды иеленді. Әрине, мұндай мұғалім мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мектеп оқушысы өмір тарихы, еткен еңбегі бір энциклопедияға тұрарлық қарт ана, аяулы әженің жүріп кеткен жерін, еткен еңбегін, елге, халыққа паш етіп, үлгі өнеге етті. Бұның өзі зерттеу арқылы жеке тұлғаның қаншалықты өзіне ақпарат жинағанын, білгенін, көргенін, көкейде ұстау арқылы ел ішіндегі асыл қазынаны іздеп табу мен пара-пар болды.
Қорыта айтқанда, зерттеу жұмыстары арқылы жеке тұлғаны дарынды, талантты оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасты күшейтіп, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты жоғары ұстау қажет екенін түсіндік. Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы, оның мынау аумалы, төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы-маңайындағы адамдардың алдындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білуі. Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болуы қажет. Сол кезде ғана мұғалім жан-жақты дамыған, дүниетанымы мол, еркін ойлы, өз пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Баланың қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының жеке тұлға болып дамуына үнемі қамқорлық жасаған. «Адамның ақыл-ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізуге болады», – деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби. Біздің ойымызша сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмаларға қызыға қарайды, табыспен меңгере алады. Осындай жұмыстарды меңгергенде ғана бастауыш сынып оқушылары, жоғары сыныптарда білімді 90% дәрежеде өз бетімен ізденетін, пайдалыны көздей алатын, ой қазанын қайната алатын, шын мәніндегі шығармашылық дәрежеге көтеріле алатын дарынды шәкірт бола алады.
Каталог: uploads -> doc -> 097c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
097c -> Сабақтың тақырыбы: Ағаш аттан секіру Сабақтың мақсаты Оқушыларға кіші ағаш аттан секіруді үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет