Индукциялық датчиктің жұмыс істеу принципі қозғалмайтын екі катушканың (немесе керісінше) арасындағы тұрақты магнит механикалық қозғалысқа келгенде, тізбекте индукциялық токтың пайда болуына негізделген. Индукциялық ток магнит қозғалмай катушка қозғалысқа келгенде де пайда болады. Катушка магнитке салыстырмалы қозғалған кездегі индукциялық ток күшейткішке және тіркегіш қондырғыға беріледі. Осы датчиктер баллистокардиографияда қолданылады. Тұрақты магнит қозғалғанда индуктивтік катушкада индукциялық электр қозғаушы күші пайда болады. Оның жиілігі- пульстың жиілігіне, ал амплитудасы- қан тамырындағы қан қысымына сәйкес келеді.