Датчик өлшенетін не бақыланатын шаманы ыңғайлы түрде жіберіп, ары қарай түрлендіріп, өңдеп, тіркеу, сақтау үшін ыңғайлы сигналға түрлендіргіш құрал. Басқаша айтқанда датчик



бет7/8
Дата26.05.2020
өлшемі18,2 Kb.
#71250
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Датчиктер
Исследование полупроводникового стабилитрона, Булану және конденсация
Датчиктердің қолданылуы

Микорэлектронды құралдардың медицинада қолданылуы құралдар мен аппараттардың өлшемдерін тек кішірейтіп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі мүшелердің ішкі қуысына қатерсіз енетіндей, тіпті ағза тіндеріне орнатуға болатындай кіші өлшемді құралдар мен датчиктер жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты эндометриядеп аталатын жаңа диагностикалық әдіс табылған.

Мысалы, жүрек қуыстарындағы қан қысымын анықтау үшін жүрек катетерының ұшына бекітілген кішкентай ғана электроманометр қолданылады. Мұнда датчик ретінде сыртқы қысымды сезгіш мембранамен жалғанған силиконды кедергі алынады.

Эндорадиометрияның жаңа әдісі асқазан- ішек жолын зерттеуде қолданылады. Асқазан-ішек жолындағы ортаның температурасын, қысымын, қышқылдығын анықтау эндорадиозонд көмегімен орындалады. Ол пилюля пішінді болады және оны пациент жұтады. Капсулада микрогенератор орналасады, ал микрогенератордың өзінде ток көзі, транзистор, контур бөліктері, ал ашық ұшында пайда болған электромагниттік толқындар түрінде сәулеленетін тербелістер жиілігіне әсер ететін датчик орналасады.

Эндорадиозондта температуралық датчик ретінде термистор, ал қысым датчигі ретінде мембранамен байланысқан генератордың тербелмелі контурының индуктивтілік катушкасы, ортаның қышқылдығын анықтайтын датчик ретінде платинадан жасалған екі электрод қолданылады. Ток көзі ретінде сілтілі аккумулятор қолданылады.

Алынған және күшейтілген электрлік сигналды тіркегіш құралға жіберу міндетті. Көп жағдайда электродтар мен датчиктер, күшейткіш және тіркегіш құрал біртұтас қондырғы болып жинақталған. Осы кезде мәліметті жіберу қиын емес. Бірақ өлшеуіш бөлік биологиялық жүйеден қашық болуы мүмкін. Осындай өлшеулер 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет